400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ашық сабақ. 8-сынып. Билер сөзі –нақылдың көзі

Материал туралы қысқаша түсінік
Барлық оқушылар: Қазақтың үш биі жайында алған білімдерін қорытындылап, ұлы билердің өмірі мен шығармашылығы туралы мәліметтерін тексере отыра, өз бетінше шығармашылық ізденіс жасауға дағдыланады; Көптеген оқушылар: даналық сөздердің мағынасын түсіне білуге, ақын- ойының дамуын,терең білім дағдарысына жетелдіреді Кейбір оқушылар: Эссенің кіріспе, негізгі, қорытынды бөлімдерін сақтай отырып, жануарлар мен өсімдіктерді қорғау туралы эссе жазады, орфографиялық норманы сақтап жазады.
Материалдың қысқаша нұсқасы


Мектеп: №3

Күні:

Сынып 8


Мұғалімнің аты-жөні: А.Дуйсекова

Сабақтың тақырыбы

Билер сөзі –нақылдың көзі

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары

Т/А. 8.1.2.1 - әлеуметтік-қоғамдық, мәдени-тарихи тақырыптарға байланысты диалог, монолог, полилогтердегі (интервью, пікірталас үзінді) автор көзқарасы мен экспресивті-эмоционалды сөздердің рөлін талдау;

О.8.2.4.1 - тақырыбы ұқсас ғылыми және публицистикалық стильдегі мәтіндердің тақырыбын, түрлерін (әңгімелеу, сипаттау, талқылау), құрылымын салыстыра талдау;

Сабақтың мақсаттары

Барлық оқушылар:

Қазақтың үш биі жайында алған білімдерін қорытындылап, ұлы билердің өмірі мен шығармашылығы туралы мәліметтерін тексере отыра, өз бетінше шығармашылық ізденіс жасауға дағдыланады;

Көптеген оқушылар:

даналық  сөздердің  мағынасын  түсіне  білуге, ақын-

ойының  дамуын,терең  білім  дағдарысына  жетелдіреді

Кейбір оқушылар:

Эссенің кіріспе, негізгі, қорытынды бөлімдерін сақтай отырып, жануарлар мен өсімдіктерді қорғау туралы эссе жазады, орфографиялық норманы сақтап жазады.

Бағалау критерийлері

Жазылым мақсаты бойынша:

Оқушының төменгі жетістігі (ОТЖ): тақырыпқа қатысты ақпараттар береді, ауызша сұрақтарға жау- ап береді;

тақырыптан ауытқымайды;

эссе жазады.

Әдеби тілдік норма бойынша:

орфографиялық норманы сақтайды;

Емлелік қателер жібермейді.

Сабақтың түрі

өткен материалды жүйелеу

Тілдік мақсаттар

Пәнге қатысты сөз тіркестері мен терминология:

Тарихи тұлғалар, үш би туралы талдауу

«ПОПС» формуласы

Бірінші сөйлем «Менің ойымша, ... »

Екінші сөйлем «Себебі, мен оны былай түсіндіремін … »

Үшінші сөйлем «Оны мен мына фактілермен, мысалдармен дәлелдей аламын … »

Соңғы сөйлем «Осыған байланысты мен мынадай қорытынды шешімге келдім ... »

Сабақта қамтылатын құндылықтар

Жауапкершілік

(жұптық, топтық жұмыста жауапкершілік қасиет танытады)

Құрмет

(жұмыс барысында өзіне және өзгеге құрмет көрсетеді)

Пәнаралық байланыс

Тарих, әдебиет, география

АКТ қолдану дағдылары

таныстырылым арқылы ақпарат қабылдайды.

Осыған дейін меңгерілген білім


Табиғатта күштілер мен әлсіздердің достығы

Жоспар


Жоспарланатын уақыт

Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер

Дереккөздер

5 минут

























5 минут



























































25 минут











Қызығушылығын ояту кезеңі

«Кросеанс» әдісі арқылы берілген суреттерді байланыстырып, сабақтың тақырыбын анықтайды.



Үйлестірмелер  бойынша  сұрақ-жауап  әдісі

                1.Шешендік  сөздер  дегеніміз  не?

                2.Шешендік  сөздердің  түрлерін  атаңыз?

                3.Шешендік  сөзге  тән  қандай  ерекшелікті  білесіз?

                4.Би  дегеніміз  кім? Оның  тарихтағы  орны?

                5.Атақты  би-шешендерден  кімдерді  атай  аласыз?



Сауалдар қою арқылы сабақтың тақырыбы анықталады:

  • Берілген суреттер не туралы деп ойлайсыз?

  • Суреттерді өзара байланыстырсақ қандай тақырып шығады?

  • Берілген суреттің астарында қандай мағына жатыр?


«Ойлан-жұптас-бірік» әдісі арқылы төмендегі тапсырмаларды орындайды:

оқушылар төмендегі сауалдарды жұпта талқылайды:

                 Шешендік сөздер – ел құралып, халық қалыптасқаннан бері өсер ұрпақтың өнеге тұтып, өмір тәжірибесіне пайдаланып келе жатқан дуалы сөздер. Мұндай өнегелі, қисынды, қасиетті сөздерді хандар мен билер, ақындар мен ойшылдар шығарған.

Шешендік арнау, толғау, дау.

Қазақ шешендік сөздерінің бастауы- мақалдар мен мәтелдер.

«Мағынаны ажырату» сатысы.


Қазір енді әрбір топ өздеріне бөлінген билер жайында толық мағлұмат береді. Сонымен бірге топпен ақылдаса отырып, билердің өмірлеріне кластер құрап, топпен қорғауларын тиіс.

1 тапсырма. Яғни, 1 топ Төле би, 2 топ Қазыбек би, 3 топ Әйтеке би туралы


Shape3 Shape1

Қазыбек би

Shape2

Әйтеке би

Төле би









2 тапсырма.Енді оқушылар осы үш бидің ұқсастықтарын, айырмашылықтарын вендиаграмма арқылы көрейікші.



Shape6 Shape5 Shape4








3 тапсырма. Билердің шешен сөздерін оқи отыра, оқушылардың сол шешен сөздерді қалай түсінеді, мағынсаын ашып берулері қажет.

Төле би

Бір үйдің баласы болма,

Көп үйдің санасы бол!

Бір елдің атасы болма,

Бар елдің данасы бол.

Қазыбек би

Алтын ұяң- әйелің қымбат,

Құт – береке – атаң қымбат.

Аймалайтын – анаң қымбат,

Мейірімді – апаң қымбат.

Әйтеке би

Арадан шыққан жау қиын,

Таусылмайтын дау қиын.

Шанышқыласа сөз қиын,

Жазылмаса дерт қиын,

Іске аспаса серт қиын.

Әр топ өздерінің үй тапсырмасы ретінде ізденіп келген шешен сөздерін оқып, талдап, мағынасын ашады. Тақтаға назар аударып, мына шешен сөздерді қай би жазғанын, сонымен бірге қалай мағынасын түсінесіңдер, соны топ болып талқылаңдар.


4 тапсырма. Қазір енді үш топ берілген кезең бойынша грамматикалық тапсырималарды орындайды. Яғни жеңілден ауырға көшу.

Әр топқа сөздер беріледі, сол сөздерді бірінші сөз құрамына талдайсыңдар, содан соң сөз тіркесін құрастырып, морфологиялық талдау жасайсыңдар , одан кейінгі кезең сөйлемдер құрастырып, сол сөйлемдерге синтаксистік талдау жасайсыңдар.

1 топ: халқымыздың

2 топ: тұлғалары

3 топ: өнерлері

«Ойтолғаныс» сатысы.

Сабағымызды бастамас бұрын біз сендермен шешендік сөздердің бастауы мақал -мәтелдер дедік. Сондықтан да қазақ халқының мақал- мәтелдері қандай тақырыптарда жазылған. 5 тапсырма.

Әр топ Отан, туған жер, ел туралы мақал-мәтелдер айтып, сол мақал-мәтелдердің мәнін ашулары қажет.

6 тапсырма.Әр топ алдарындағы он сұрақтан тұратын тест жұмысын орындап, бірін -бірі бағалайды.



«Карусель» әдісі бойынша оқушылар жұбының жұмысын бағалау критерийлеріне сай тексереді.

Бағалау критерийлері:

Жазылым мақсаты бойынша:

  • эссе құрылымын сақтайды;

  • тақырыптан ауытқымайды;

  • эссе жазады.

Әдеби тілдік норма бойынша:

  • орфографиялық норманы сақтайды;

емлелік қателер жібермейді.



Сабақтың соңы

5 минут

Сабақ бойынша кері байланыс алынады.

- Сабаққа қандай мақсат қойылды?

- Біз сабақ мақсатына жеттік пе?

- Сабақ мақсатына жетуде қандай қиындықтар туындады?



Қосымша ақпарат

Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз?

Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз?

Пәнаралық байланыс

Қауіпсіздік ережелері

АКТ-мен байланыс
Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент)











Ойлану

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма?

Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды? Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме? Мен жоспарланғануақытымды ұстандым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?

Төменде берілген бөлімді осы сабақ туралы ойларыңызды жазу үшін пайдаланыңыз. Сол жақ бағанда берілген сабағыңызға қатысты ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз.


Жалпы баға

Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1:

2:

Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1:

2:

Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым?









Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
29 ұстаз жүктеп алған
04.04.2019
6117
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі