Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ 9-сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл ашық сабақ 9-сыныпқа сабақ беретін информатика пәнінің мұғалімдеріне арналған. Бұл материал оқу мақсатынан сараланған, оқушылардың қажеттіліктерін ескере отырып, нақты, қолжетімді, шынайы, өлшенген сабақ мақсаты құрастырылды.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақ жоспары


Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы: Мектеп: №32 ЖББОМ КММ

Компьютер таңдаймыз


Күні: Мұғалімнің аты-жөні: Төрегелдина Ж.С.

Сынып: 9-сынып Қатысқандар: Қатыспағандар:


Сабақтың тақырыбы

"Компьютер есебі"


Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу

бағдарламасына сəйкес)

9.1.1.1 компьютердің міндетіне қарай конфигурациясын таңдау;

9.1.2.1 қолданушының қажеттілігіне байланысты программалық қамтамасыз етуді таңдау;

Сабақтың мақсаты

Барлығы: компьютердің міндетіне қарай конфигурациясын таңдай білу және программалық қамтамасыз етуді ажырату


Көпшілігі: заманауи бағдарламалық жасақтаманың сапа критерийлерін талқылау


Кейбіреуі: қолданушыға қажетті программалық қамтамасыз етуді таңдай білу

Бағалау критерийі

Компьютердің міндетіне қарай конфигурациясын таңдай алады

Қолданушының қажеттілігіне байланысты бағдарламалық қамтамасыз етуді талдайды

Тілдік мақсаттар

Оқушылар: компьютердің міндетіне қарай конфигурациясы мен бағдарламалық қамтамасыз ету түрлерін талдағанда қажетті терминологияны қолданады.

Пəнге тəн арнайы лексика жəне терминология:

конфигурация, программалық қамтамасыз ету, инструменталдық программалар, экономикалық модель, биоритмдер, ақпараттық модель

Диалог/жазылым үшін қажетті сөз тіркестері:

Практикалық мәселелерді шешу үшін модельдерді құру және пайдалану процесі…..

Модельдер өте күрделі …… мен …… бейнелеуге мүмкіндік береді.

Құндылықтарға баулу

Сабақ барысында оқушылардың жауапкершілігі мен ынтымақтастығын қалыптастыру арқылы кәсіби мамандарды даярлаудың жолын қарастыру

Есептеу жүйесі арқылы экономикалық өсу, бәсекеге қабілеттілігін арттыру

Пəнаралық байланыс

Математика-компьютер құрылғыларының бағасын есептеуде, қолданушы есеп шығару кезінде бағдарламалар көмегіне жүгінеді.

Ағылшын тілі- компьютерлік бағдарламалар, тақырыпта кездесетін ағылшын сөздерін біледі.(термин сөздер)

Алдыңғы білім

Оқушылар компьютердің конфигурациясына кіретін

компоненттерді анықтауды және дербес компьютердің конфигурациясы қалай жіктелетінін біледі.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері

Ресурстар

Сабақтың басы

5 мин




Ұйымдастыру. Сәлемдесу.

Оқушыларды түгендеу

Оқушылардың көңіл күйін көтеру үшін сергіту сәтін ұйымдастыру

«Төрттік» әдіс (әке, ана, бала, дос)

Мaқcaты: Оқушыларды сабаққа қатыстыру арқылы барлығын теңестіру, бір-біріне жақындастыру.

Сергіту сәті, психологиялық ахуал орнату

Сыныптағы оқушыларға «әке», «ана», «бала», «дос» деген жазулары бар парақшалар таратылады, сол аттары бойынша топқа бірігіп, әке, ана, бала, дос туралы мақал-мәтел айту арқылы сергіту жаттығуын жасайды.

Алдыңғы білім

«Екі дұрыс, бір бұрыс» тәсілі

Мaқcaты: Оқушының білімін тексеру, еске түсіру

Өткен тақырып немесе үй тапсырмасы бойынша екі дұрыс, бір бұрыс жауабы бар тест құрайды.

ҚБ «Шапалақ» әдісі арқылы жұптар бір-бірін бағалайды

Жaңa білімді мeңгeрту.

Сабақтың тақырыбын хабарлау.

Сабақ мақсаттарын талқылау.

Қазіргі кезде сатуға арналған түрлі компьютерлер (ноутбук, нетбук, т.б.) бар.

Сондықтан компьютер сатып алу кезінде, алдымен қандай мақсатта қолданатынымызды білуіміз қажет.

Әрбір құрылғыны жеке таңдап, оның сапасы мен бағасын есептей білуіміз керек.


үйлестірме парақшалар


















Сабақтың ортасы

30 мин

Оқушылар тақырыпты меңгеру үшін берілген тапсырманы https://learningapps.org/ қосымшасы арқылы онлайн форматында орындайды немесе берілген QR код арқылы ұялы телефонмен орындауға да болады.

Тапсырма:(ЖЖ)

«Қазына іздеу жолында» әдіcі

Мaқcaты: Оқушылардың жасырылған ақпаратты табу арқылы ойлау деңгейін арттыру


Саралау тәсілі: қарқын, диалог пен қолдау, қорытынды


Бaғaлaу критeрийі: Компьютердің конфигурациясын таңдайды, бағдарламалық қамтамасыз етуді анықтайды.


Ойлау дағдыларының деңгейі: білу, бағалау


Тапсырма

Компьютердің негізгі конфигурациясына жататын құрылғылар, жүйелік блоктың ішкі құрылғылары және программалық қамтамасыз етуді анықтаңыз.

Берілген тапсырма көрінісі Тапсырманың орындалу көрінісі

дұрыс орындалуы көрінісі қате орындалуы көрінісі

Дескриптор

- компьютердің конфигурасын таңдай алады;

- қажетті программалық қамтаманы біледі;

ҚБ “Күлегештер” әдісі

Мақсаты: Оқушылар өзара бір-бірін бағалап, қолдау көрсетеді.

Тапсырма:(ТЖ)

«Джигсо» әдісі

Мақсаты: Берілген тапсырманы топпен талқылау арқылы, ынтымақта, бірлікте жұмыс жасауға және түйінді ойды саралауға жетелеу.

Caрaлaу тәcілі: дереккөздер, қaрқын, жіктеу

Бaғaлaу критeрийі:

Компьютердің құнын есептейді, өздеріне қажет компьютерге қанша қаражат керектігін анықтайды.

Ойлау дағдыларының деңгейі: білу, жинақтау, бағалау

Тапсырма

Оқулықта 4-кестеде компьютердің құнын есептеуге арналған кесте берілген.

Бұл кестеде тауар атауы, бағасы, кепілдік уақыты көрсетілген.

Берілетін тапсырма мынадай: топ болып, қазіргі нарықтағы тауардың бағасын анықтап, өздеріңізге қажет компьютердің құнын есептеңіз.

Дескриптор:

Оқушылар компьютерді таңдап, бағасын жобалап, есептеп, ой бөліседі;

Нақты таңдауды бірігіп жасайды;


ҚБ: «Екі жұлдыз, бір тілек» әдісі

Мақсаты: топтық жұмыстарын бағалау, жылы лебізбен мадақтау.

https://learningapps.org/display?v=psit3mwkn20


Тапсырманың

QR коды











Компьютер, интер.тақта, смартфондар, интернет




















Оқулық Арман-ПВ баспасы, 47бет









Сабақтың соңы

5 мин

Рефлексия

«Таңдау» әдісі

Мақсаты: Оқушылардың сабақта меңгерген білімін, жазу арқылы көрсету








Ү й тапсырмасы: 3 –тапсырма 53 бет


Таратпа кеспе қағаздары

Саралау – Сіз қандай тəсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырмалар бересіз?


Бағалау – Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз?

Денсаулық жəне қауіпсіздік техникасын сақтау

Сабақтың мақсатына жету үшін оқушылардың білімі мен деңгейлеріне қарай тапсырмалар беріп, саралаймын. Берілген бірінші тапсырмада жасырылған ақпаратты дұрыс тауып, жылдам ойлау жүйесі қалыптастырылды.

Саралау тәсілінде оқушылардың ойлау дағдысы, жылдам жұмыс жасау дағдысы шыңдалды.

Кейбір оқушылар тапсырманы жылдам, дұрыс орындау арқылы анықталады. Бұндай оқушыларды

қaрқын, қолдау жұмысы арқылы бағалаймын. Кейбір оқушылармен ойын жетілдіріп, жылдам ойлануға талпындыру арқылы диалог және қолдау көрсетіп, қорытынды жасаймын.

Екінші тапсырмада топ болып,

Қазіргі нарықтағы тауардың

бағасын анықтап, өздеріне қажет компьютердің құнын есептеу тапсырылды.

Саралау тәсілі бойынша дереккөздер, қaрқын, жіктеу тәсілдері қолданылады.


ҚБ «Шапалақ» әдісі арқылы жұптар бір бірін бағалайды

Мaқcaты: Оқушының ойлау қабілетін дамыту


ҚБ “Күлегештер” әдісі

Мақсаты: Оқушылар өзара бір-бірін бағалап, қолдау көрсетеді.


ҚБ: «Екі жұлдыз, бір тілек» әдісі

Мақсаты: топтық жұмыстарын бағалау, жылы лебізбен мадақтау


Техника қауіпсіздігі бойынша журналға қол қояды.


Техника қауіпсіздік ережелерін практикалық жұмыс жасау барысында қолданады


Сабақ ортасында «Көзге арналған

жаттығулар»жасайды.



Бұл тапсырма топтық жұмыс болғанымен, жетістіктері әр түрлі болады. Кейбір оқушылар басқа сыныптастарына қарағанда анағұрлым күрделі дереккөздермен жұмыс жасай алады, осы тапсырмада бұл тәсіл маңызды рөл атқарады. Сонымен қатар кейбір оқушылар басқаларына қарағанда жылдам жұмыс істейді және талаптары әр түрлі оқушылар болады. Сондықтан қарқын, жіктеу тәсілін алдым.

Caбaқ coңындa бағалау жұмысы жүргізіледі.


































Сабақ бойынша рефлексия

Бұл тарауды сабақ туралы рефлексия жасау үшін пайдаланыңыз. Сол бағандағы өзіңіз маңызды деп санайтын сұрақтарға жауап беріңіз.

Сабақ мақсаттары немесе оқу мақсаттары шынайы, қолжетімді болды ма? Барлық оқушылар оқу мақсатына қол жеткізді ме? Егер оқушылар оқу мақсатына жетпеген болса, неліктен деп ойлайсыз? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақ кезеңдерінде уақытты тиімді пайдаландыңыз ба? Сабақ жоспарынан ауытқулар болды ма жəне неліктен?


Жалпы бағалау



Сабақта ең жақсы өткен екі нəрсе (оқыту мен оқуға қатысты)? 1:

2:


Сабақтың бұдан да жақсы өтуіне не оң ықпал етер еді (оқыту мен оқуға қатысты)? 1:

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
22.10.2020
476
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12