«
Ана тілі м- дана тілім » білімділер
сайысы.
9-10-11
– сыныптар арасында.
Мақсаты:
Оқушылардың қазақ тілі мен әдебиет
пәнінен өтілген материалдарды меңгеруін,
білім деңгейін тексеру.
Міндеттері:
а). Оқушылaрдың білім- білік дағдыларын
қалыптастыру, қазақ тілі мен әдебиет
пәніне деген қызығушылығын арттыру.
Ә).Ана
тілін сүюге, құрметтеуге тәрбиелеу,
ізденімпаздыққа баулу.
Б).Оқулық
пен қосымша материалдар деректерін
пайдаланып, ғылыми танымдық әрекеттерін
жетілдіру.
Ұйымдастыру
формасы: зияткерлік сайыс.
Көрнекілігі:
интерактивті тақта, компьютер, әртүсті
қима қағаздар.
Сайыстың
барысы:
Мұғалімнің
сөзі:
-Қымбатты
ұстаздар, оқушылар! Бүгінгі 9-10-11-сынып
оқушыларымен өткізілгелі отырған « АНА
ТІЛІМ – ДАНА ТІЛІМ » атты сайысына
қош келдіңіздер!
Тіл
– қастерлі де, қасиетті ұғым. Ол әр бір
адамға анасындай қымбат. Өмірдің алмастай
қырын, абзал сырын түсіне білуіне ең
басты себепкер – ана тілі.
Әдебиет
- сөз өнері. Сөз өнері - халық даналығының
жемісі. Әдебиет халқымыздың рухани
өмірінің айнасы, ана тіліміздің,
ұлттығымыздың, халықтығымыздың белгісі.
Олай
болса, бүгінгі сайыс барысында осы
әдебиет пәні мен қазақ тілі пәні бойынша
оқушыларымыздың ой өрісін, білімдерін,
ақылы мен ептілігін сарапқа салатын
боламыз.
Мұғалім:
Сайысымыз V кезеңнен тұрады
Біреу
озса сайыста, біреу артта қалады,
Ренжімей
тараса, озбағандар жарады.
Жарыс
заңы ежелден, жеңімпазды анықтау,
Озат
болу шарты сол, еңбектену жалықпау.
Ендеше,
ортамызға әдебиет пәні мен қазақ тілі
пәні бойынша ерінбей еңбектеніп, үнемі
ізденіс үстінде жүретін алғыр
оқушыларымызды шақырайық. ( 6 топ
қатысады.) 9 «а», 9 «ә», 10 «а»,10 «ә», 11 «а»,
11 «ә» сынытар.
-
Ендеше әділқазылармен танысайық.
Білім
деген биік шың,
Бақытқа
сені жеткізер.
Білім
деген ақылшың,
Қиындықтан
жеткізер,- дей келе сайысымыздың алғы
шарты
«
Бәйге » кезеңін бастаймыз. Әр кезеңдегі
дұрыс жауапқа 5 ұпайдан беріледі.
І
« Бәйге » кезеңінде 2 сұрақ беріледі.
1
топ
1.Сабақтас
құрмалас сөйлемнің түрлерін
ата.(шартты,қарсылықты, мезгіл,себеп-салдар,
мақсат,қимыл-сын)
2.Шоқанның
әжесінің аты кім?(Айғаным)
2
топ.
1.Есімдіктің
түрлерін ата. (жіктеу,сілтеу, белгісіздік,
сұрау,өздік,жалпылау,болымсыздық)
2.Қазақтың
тұңғыш ғарышкері (Тоқтар Әубәкіров)
3
топ.
1.ҚР
Республикасы өз тәуелсіздігін қашан
алды?(1991 16 желтоқсан)
2.Сөз
таптарын ата.
4
топ.
1.«
Қазақ хрестоматиясын » жазған кім?
2.Сан
есімнің түрлерін ата.
5
топ
1.Қазақтың
күш атасы кім?
2.Жалғау
мен буын түрлерін ата.
6
топ
1.Тудың
авторы кім? (Шәкен Ниязбеков)
2.Төл
сөз ,автор сөзі, төлеу сөзіне сөйлем
құра.
ІІ
«Жыр пырағы» кезеңінде әр топтаг 1 оқушы
бір өлеңді жатқа мәнерлеп айту керек.
ІІI
кезең. « Сөздің көркі-мақал» кезеңі .
Бұл кезеңде оқушылар мақалдың жалғасын
табу керек. Әр топқа екі мақалдан
беріледі.
Татулық
табылмас ...............( бақыт )
Ине
көзінен сынады, шешен (сөзінен
сынады)
Ауруын
жасырған ………….. ( өледі )
Піл
көтермегенді, (тіл көтереді)
Оқу
түбі- …………….( тоқу )
Бал
тамған тілден, (у тамған)
Өнер
алды- ............... (қызыл тіл )
Жыланның
уы тісінде, адамның (уы тілінде)
Ұлық
болсаң, ………….. (кішік бол)
Тауды,
тасты жел бұзар, (адамзатты сөз
бұзар)
Сабыр
түбі – ...............(сары алтын)
Жақсы
байқап сөйлер, (жаман шайқап сөйлер)
ІV
кезең. « Тіл - өнер » кезеңі деп аталады.
Шешуін тауып айту керек. Әр топқа бір
жұмбақтан беріледі.
Екі
бала қатар тұрса да,
Бірін
–бірі көрмейді. ( көз)
Көк
лағым көгенде жатып семіреді. ( қарбыз)
Бір
түкті кілем, бір түксіз кілем. ( аспан
жер)
Кішкене
ғана бойы бар, айналдырып киген тоны
бар. ( қой )
Асты
тас, үсті тас, ортасында шандыр бас.
(тасбақа )
Жағалай,
жағалай тас қойдым,
Жирен
атты бос қойдым. ( тіс пен тіл )
V
кезең. «Сөз ойла, тез ойла» Берілген
әріптер бойынша сөздер құрау.
Мұғалімнің
сөзі:
Міне,
« Мыңнан тұлпар, жүзден жүйрік » шыққан
озық ойлы оқушымызды анықтайтын кезге
де жеттік. Ендігі сөз кезегін әділқазылар
алқасына берейік.
«
Білекке сенер заманда ешкімге есе
бермедік,
Білекке
сенер заманда қапы қалып жүрмейік »,-деп
даналарымыз айтқандай,
«
Келешек- білімді ұрпақ қолында » екендігін
Елбасымыз халыққа Жолдауында айтқан
болатын. Алдағы уақытта да тек биіктерден
көріне беріңдер. Сонымен, ізгі ниетпен
сайысымызды тәмамдаймыз. Сендерге
сәттілік тілеймін.