жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Ашық сабақ 9 сынып Жүгіру төзімділік дағдысын жақсарту
Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы |
Х.Абдуллин атындағы орта мектеп |
||||||
Мұғалімнің аты-жөні: Амраева Чолпан Ниязовна |
|
||||||
Сынып: 9г |
|
Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: |
|
||||
Сабақ тақырыбы |
Жүгіру төзімділік дағдысын жақсарту
|
||||||
Оқу мақсаттары |
9.3.3.1 түрлі дене жаттығуларын іс жүзінде орындау, олардың ағзаға тигізетін әсері мен энергетикалық жүйемен байланысын түсіндіру және сипаттау; |
||||||
Сабақ мақсаттары |
Барлығы: Білім алушылар түрлі дене жаттығуларын орындайды олардың ағзаға тигізетін әсерін айтады. Көбі: Білім алушылар түрлі дене жаттығуларын орындайды олардың ағзаға тигізетін әсерін айтады және энергетикалық жүйемен байланысын түсіндіреді Кейбірі: Білім алушылар түрлі дене жаттығуларын орындайды олардың ағзаға тигізетін әсерін айтады және энергетикалық жүйемен байланысын түсіндіреді сипаттайды және өз ара талқылайды. |
||||||
Жетістік критерийлері |
Түрлі жаттығу жұмыстарын орындау барысындағы болуы мүмкін қауіп-қатерлерді анықтайды. |
||||||
Тілдік мақсаттар
|
Екпін алу, итерілу, ұшу, қону көтерілу, жерге қону фитнес құрамдастары: күш, жылдамдық, төзімділік, икемділік қадамдар, аттау лақтырулар: итеріп шығару, итеру, көтеріп тастау, лақтыру қауіпсіздік, қауіп-қатер сөрелік екпін алу, қашықтық бойынша жүгіру, мәреге жету. |
||||||
Құндылықтарды дарыту |
Білім алушылар бір - бірімен келісіп және үйлесімді жұмыс жасауға тәрбиелеу. |
||||||
Пәнаралық байланыстар |
Биология пәнімен байланыс - дене мүшелерін анықтай біледі. |
||||||
АКТ қолдану дағдылары |
Планшет қолдану |
||||||
Бастапқы білім
|
Жылдамдық,төзімділік қасиеттерін дамытуға арналған жаттығулар кешенін біледі. |
||||||
Сабақ барысы
|
|||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері |
Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет
|
Ресурстар |
|||||
Сабақтың басы 10мин
|
Дайындық бөлімі. Сапқа тұру. Сабақтың тақырыбын хабарлау. Санау арқылы екі топқа бөлу. Техника қауіпсіздігі. Саптық жаттығулар.Орыннан оңға, солға бұрылу. Оқушылар жүгіру жаттығуларын орындайды. Аяқты артқа бүгіп жүгіру. Тізені жоғары қөтеріп жүгіру. Оң жақ иықпен адымдап секіру. Сол жақ иықпен адымдап секіру. Әрбір адымда секіріп жүгіру. Ж.Д.Ж.бір орында.
|
Әр жаттығуға кең, ашық кеңістік.
Кең алаң Ысқырық,секундомер
|
|||||
Сабақтың ортасы 25мин |
Тамыр соғысы туралы алдыңғы өтілген материалды қараңыз. МС – минутына соққы. Тынығу кезіндегі тамыр соғысы, жұмыс тамыр соғысы, қалпына келу. Білім алушыларды сапқа тұрғызып бүгінгі 400 - 800м орташа шапшандықпен жүгіру әдістерін айтып түсіндіремін.
Қашықтықтырға жүгіру үшін сөреден шыға білудің үлкен манызы бар.Әдетте жүгірушілер жоғары сөрелік қалыпты пайдаланады.Бұл ретте сөре сызығына күшті деп есептеген аяқты қою керек «Дайындал» пәрмені бойынша аяқты бүгіп,кеудені ілгері еңкейтеді «Баста» деген пәрмен бойынша орташа жылдамдықпен жүгіреді. Қолмен кеуденің қалыпы,қозғалысы тепе-теңдікті сақтауға мүмкіндік береді. Дененің бұлшық еттерін қатты ұстауға болмайды 5-6 қадам жасағаннан кейін тыныс алған жөн (ауызбен) Шапшандық артқанда тыныс алу жиілігі артады. Демді қалыпқа келтіру жаттығулары. елу тамыр соғысы. «Қуып жет». Ойынның қатысушылары олардың арасында бірдей арақашықтық болатындай етіп (10-15 м) жүгіру жолына тұрады. Белгі бойынша барлық ойыншылар жүгіре бастайды. Әрбірінің міндеті – өзін қуып жетуге жол бермеу және ойыннан шығарып тастау үшін алдында жүгіріп бара жатқан оқушыға қол тигізуге тырысу. Ойын жолында ең төзімді үш оқушы қалған кезде, ойын аяқталады. |
||||||
Сабақтың соңы 5 мин |
Сабақ соңында оқушылар рефлексия жүргізеді: -Бүгінгі сабақ несімен ұнады?Қандай нәрсе сіздерге қиын болды? Екі жұлдыз, бір ұсыныс – бұл өз-өзіне немесе сыныптасына құрылымдастырылған кері байланыс ұсынуды қамтамасыз ететін тəсіл. Өзін-өзі бағалау үшін қолданылған кезде бұл тəсіл оқушылардың қажеттіліктерін анықтауға да мүмкіндік береді, соның негізінде мұғалім оқушылардың қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін өзінің жоспарларын өзгертіп бейімдей алады. Барлық оқушыларды өздерінің оқу үдерісіне қатыстыру үшін бұл тəсілді бүкіл сыныпқа қолдануға болады. |
||||||
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлау? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлау? |
Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? |
Денсаулық
және қауіпсіздік
техникасының сақталуы |
|||||
Саралау барысында оқушылардың деңгейін анықтап. Деңгейлері бойынша тапсырмалар бердім. Сабаққа белсенді қатысып тапсырманы дұрыс орындаған оқушыларды ауызша мадақтау арқылы бағаладым.Деңгейі жоғары оқушылармен аралстырып білім деңгейлерін көтердім. |
«Екі жұлдыз-бір тілек» әдісі арқылы рефлексия жасалады.Оқушы бірін –бірі Кері байланыс. Әңгімелесу тәсілдерін қолдандым. |
Тапсырмаларды орындау кезінде спорттық құралдардың дұрыс орналасуына көңіл бөлу. Дене қыздыру жаттығуларының орындалуына аса көңіл бөлу, икемділікті дамытуға септігін тигізеді. Дене қуатын үнемдеу шарттары. Дұрыс тыныс алу. Сабақ барысында техника қауіпсіздік ережелерін сақтау |
|||||
Жaлпы бaғa Caбaқтың жaқcы өткeн eкi acпeктici (oқыту туpaлы дa, oқу туpaлы дa oйлaныңыз)? 1:
2: Caбaқты жaқcapтуғa нe ықпaл eтe aлaды (oқыту туpaлы дa, oқу туpaлы дa oйлaныңыз)? 1:
2: Caбaқ бapыcындa cынып туpaлы нeмece жeкeлeгeн oқушылapдың жeтicтiк/қиындықтapы туpaлы нeнi бiлдiм, кeлeci caбaқтapдa нeгe көңiл бөлу қaжeт? 1:
2: |
|||||||

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген