Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ 9-сынып "Математика -ғылымдар патшасы"

Материал туралы қысқаша түсінік
әдістемелік құрал
Материалдың қысқаша нұсқасы

 Алгебра 8-сынып. Пән мұғалімі: Фазилова Зада Бахытжановна Сабақтың тақырыбы: «Математика-ғылымдар патшасы» сыныптан тыс сабақ.

Сабақтың мақсаты:
1) Оқушылардың ой-өрісін кеңейтіп есте сақтау қабілетін шыңдау, оқушылардың білімге қызығушылығын арттыру.
2) Оқушыларды шапшаңдыққа, ізденімпаздыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Түрі: Топтық сайыс сабақ.
Типі: Ойын түрінде
Жоспары:
1. Топтың өзін таныстыруы, амандасу рәсімі
2. «Білімің-тірегің» (қызықты сұрақ-жауап)
3. Логикалық тапсырмалар.
4. Викториналық сұрақтар
5. Білім арқаны (есептер шығару)
6. «Ой сергіту» жұмбақтар шешу.
Қолданылған нақыл сөздер:
1. Арифметика математиканың, ал математика ғылымдардың патшасы.
(К. Гаусс)
2. Ақыл-ойды тәртіпке келтіретін математика.
(М. В. Ломоносов)
3. Математика – барлық ғылымдардың тұңғышы және оларға пайдалы да, қажет те. (Р. Бэкон)
Жүргізуші: Қайырлы күн қадірменді көрермендер!
«Математика-ғылымдар патшасы» ойынына қош келдіңіздер.

Бүгінгі ойын топтық сайыс түрінде өтеді.
Математика сырлары,
Қызықтырды біздерді.
Ойынға бірге қатысуға,
Шақырамыз сіздерді
Ортаға І топ —тікбұрышты үшбұрыш , ІІ топ- теңбүйірлі үшбұрыш ,ІІІ-топ тең қабырғалы үшбұрыш топтарын шақырамыз.
Шеберлікті, білімді
Сараптап сіздер көріңіздер
Әділқазы алқасы
Әділ баға беріңіздер! - дей отырып сайыскерлеріміздің біліміне баға беретін әділ қазылар алқасын ортаға шақырамыз. Бүгінгі кештің жоспары таныстырылады.

Көңілді тапқырлар, білгіштер
Бар өнерін алдарына салады.
Кім білімді көп оқыған болса егер,
Бүгінгі күн жеңімпазы болады.
Есептен сайысады үш тобымыз
Алға озар ең мықтысы осы жолда
Көпшілік білімдерін сараламақ
Сұрамақ шығуларын жұрт алдына.
І тур. Таныстыру. (Әр команда өздерін таныстырады)
ІІ тур «Білімің тірегің» Тапсырма тақтада берілген.
ІІІ тур Логикалық тапсырмалар . І топқа:
1. 5 жер қазушы 5 сағатта 5 метр шұңқыр қазды. 100 сағатта 100 метр шұңқырды қазу үшін неше жер қазушы керек ?
2. Сыйымдылығы 5л және 7л екі ыдыстың көмегімен краннан қалай 6 л су алуға болады.
3. Жыл он екі айдың ішінде 30 және 31 сандары ауысып отырады. Ал 28 саны қай айда кездеседі?
4. 1кг мақта ауыр ма, әлде 1 кг темір ауыр ма?
5. Бөлмеде 2 ит, 3 құс, 1 шыбын бар. Осы жануарлардың аяқтарын қосып есептегенде қанша болады? (20) 
6. Төрт таяқтың 8 ұшы бар. Алты жарым таяқтың неше ұшы бар? (14)

 7. Адамның 10 қолында неше саусақ бар? 
8. Үстелдің 4 бұрышы бар. Егер бір бұрышын кесіп тастаса, неше бұрыш қалады? 

IV тур. «Викториналық сұрақтар.»
І-топқа:

  1. Өздеріңіз оқып отырған «Алгебра» кітабының авторы? (Шыныбеков)
    2. 7 майшам жанып тұр, 4-уін сөндірсек неше майшам қалады?(4)
    3. Алманың жартысы неге ұқсайды? (өзінің жартысына)
    4. Үш сызықтан пайда болған фигура?(үшбұрыш)
    5.
    1/10 санының кері саны? (10)
    6. Бес жарым таяқтың неше ұшы бар?(12)
    7. у=х3 функциясының графигі. (кубтық парабола)
    8. Жарты түзу. (сәуле)
    9. Ақиқаттығы дәлелдеусіз қабылданатын сөйлем (аксиома)
    10. Қай ыдыстан тамақ ішуге болмайды. (бос ыдыстан)
    11. Тік бұрыштан кіші бұрыш (сүйір)
    12. 225 нешенің квадраты (15)
    13. Бір шоколадты 100 теңгеге сатып аламыз. 1, 5 шоколадты неше теңгеге сатып алуға болады. (200)
    ІІ топқа:


1. Шаманың 1/100 бөлігі (процент)
2. у=х2 функциясының графигі. ( парабола)
3. Шеңбер сызуға арналған құрал (циркуль)
4. Үстелде 3 стақан сүт бар. Алмаз бір стақан сүтті ішіп қойды. Үстелде неше стақан бар? (3)
5. Нанды үш бөлікке бөлу үшін, нанды неше рет кесу керек? (2)
6. Геометрияның жазықтықтағы денені зерттейтін бөлімі (планиметрия)
7. Торда 4 қоян бар. 4 бала 4 қоянды әкетті, ал бір қоян торда қалды. Неге?
8. Көпмүшенің барлық қабырғаларының қосындысы (периметр)
9. Анықтамасыз қабылданатын ұғымдар. ( негізгі ұғымдар)
10. Қабырғалары толықтауыш сәулелер болатын бұрыш (жазыңқы)
11. 86 санын еш амал қолданбай 12-ге арттыр. (98)
12. Ең үлкен хорда. (диаметр)
13. 35-тің квадраты (1225)
ІІІ-топқа:

-Ақыл ойды тәртіпке  келтіретін «математика»  деген  сөзді  қай  ғалым  айтқан?  Ломоносов

  • Жанұяда 4 ұл және  әр  баланың  бір  әпексі  бар.  Жанұяда  неше  бала  бар? 5

  • 2 оқушы тоғызқұмалақты  4  сағат  ойнайды. Оның  әрқайсысы  неше  сағат  ойнайды? 4 сағат

  • Пифогор теоремасы с2=a2+b2

  • Қандай сан барлық  санға  қалдықсыз  бөлінеді? 0

  • Сыбайлас бұрыштардың қосындысы 1800

  • tg450=1

  • Тік бұрышты үшбұрыштың  бір  бұрышы  300 болса…қарсы  жатқан  катет  гипотенузаның  жартысына  тең

  • Сағаттың ¼ -і неге тең? 15 минут

  • 1 % дегеніміз не? 1/100 бөлік

  • Нүктенің бірінші координатасы қалай аталады? Абсцисса

  • 1 кг судың көлемі неге тең? 1 литр

  • Үш алманы екі әкесі мен екі баласы қалай бөліп алады? (егер ата, әке, бала болса)

  • 2-нің 6 дәрежесі. 64

  • Екі қатынастың теңдігі пропорция

  • Кері сандардың көбейтіндісі нешеге тең? 1

  • Ең кіші жай санды атаңыз 2


Геометриялық фигуралардың аттарын табу.
1. апрцетяи -трапеция
2. еңшбре - шеңбер
3. шұбршүы - үшбұрыш
4. трұбышрөт-төртбұрыш
5. рвадкат – квадрат 

Математикалық сөз жұмбақтар

Тем+2 = С+2+ру=

М+3+е = 7+ген =

5 + ік = 7+ су=

40 + аяқ = К + 2 +л =

6+бақан = Т + 10 =

Қ + 10 + ақ = Лим+10 =

3 + кір = 7 + к =

М+10+шақ = 6 + н =

С + 10 +а = «-»+ан =

100 + дік = М+10+ша =

1+қазан = 8 + көз =

40+қабат = К+2+лік = Зең+1+ек= Б+50+ар = 100+ік =

V «Ой сергіту» (жұмбақтар шешу)
1 топ:
Бұлбұлдың 2 құлақ, 1 басы бар
Салдыраған 8 жерден таңбасы бар.
Бұлбұлды жолға салып айдағанда,
Салатын неше түрлі жорғасы бар.
(Домбыра)
Тоғыз белбеу, қос жібек,
Екі мұрын бір шүмек.
(домбыра)
Өзі 4 қанатты және 6 аяқты,
Сөйтсе де тікұшақтың көшірмесі сияқты.
(Инелік)
Аяғы біреу, қолы жоқ,
Шиыр - шиыр жолы көп.
(Қалам)
Екі ағайынды екеуі де бір үйде,
Бірін - бірі көрмейді.
(Көз) . 
1. Жоқ өзінде бас та, қас та, мойын да, 
Ұзындығы жазулы тұр бойында. (сызғыш) 
2. Алды – артымыз шексіз де, 
Жете алмайсың біздерге. 
Сәуле менең кесінді, 
Шыққан тегім білсе де. (түзу) 
3. Күнде есебін жаттайды, 
Ешбір тыным таппайды. 
Алмайды бір тағат, 
Оның аты....... /сағат/ 
4. Жапанда бір бәйтерек бес бұтақты, 
демейді ешкімге ешкім кес бұтақты. 
Ешкім кеп кеспесе де бұтақтарын, 
Бұтағы бестен артық өспей қапты. /қол, бес саусақ/ 
Қарнында бір көлдің балығы бар,
Немесе жандының алыбы бар.
(Кит)

5. Нәрселерді санағанда, Керек ол бізге ауадай, Айтыңдаршы, бұл қандай сан, Жан-жағыңа қарамай? (натурал сан)

6. Өмірің сенің қызық, Жолында жоқ түзу сызық, Басы да жоқ аяғы. Бір айналым баяғы. (дөңгелек)

7. Дүкеннен мен сабын алдым, Оның және қабын алдым, Екі дәптер, бір қарындаш, Тіс ысқышты тағы да алдым. Есептеші сонда бәрі Қанша болды, қолда бары? ( 6 )

8. Ұшып барады бір топ қаз оңтүстікке Мықты болсаң,қанша екен тез есепте Алдында екеу,екеу келеді артында Екі-екіден келеді қос бүйірде. (4)

9. Түйе, бота маң басқан, Төрт аяғын тең басқан. Шұнақ құлақ бес ешкі, Қос лақты қос ешкі, Төрт қозылы екі қой, Бәрін бірге санап қой. (17)

10. Бес бұтақты ағашта Бұтақ сайын бес алма. Біреуін бер Алматқа Қалады сонда қанша алма? (24)

11. Сапырып-сапырып сарманға бер, Құйып-құйып Құрманға бер. Есіктегі екеуге бер, Төрдегі төртеуге бер. Өзің іште маған бер деген екен. Мұны естіген ұрылар «Қой мұнымыз болмас. Бұл үй толы кісі болды, әрі бізден екі есе артық екен, кетейік»- деп кетіп қалыпты. Кемпір тапқырлығымен ұрылардан осылай аман қалыпты. Сонда үйдегі адам нешеу, ұры қанша? ( 10 адам, 5 ұры)
ҮІ. «Білім арқаны» есептер шығару.
Үш топқа есептер беріледі.

ҮІІ.Қорытынды. 
Бүгінгі кеш талай шабыт шыңдады. 
Кеш қызығын талай адам тыңдады. 
Тәрбиелер тәлімі мол әсерді. 
Болса егер көңіл жақын таңдады. 
Көңіл бөліп бұл кешке 
Келгендерге көп рахмет, 
Шын сезінген көрерменге, 
Қорытынды шығару үшін сөз кезегін әділ-қазыларға береміз.
Жеңімпаздар марапатталады















































Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
04.02.2019
1282
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12