|
Ұзак мерзімді жоспардың тарауы:
|
мектеп: Жамбыл атындағы гимназия |
|
|
Күні: |
Мұғалімнің ТАӘ: Қадыр Н.Ж |
|
|
Сыныбы: |
Қатысқандар саны: |
Қатыспағандар саны: |
|
Сабақ тақырыбы |
Қазақстанның ірі физикалық-географиялық аудандары |
|
|
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаты (оқу бағдарламасына сілтеме) |
9.3.5.1 Жоспар бойынша Қазақстанның ірі табиғи- аумақтық кешендеріне сипаттама береді |
|
|
Сабақ мақсаты |
Барлық оқушылар:
Оқушылардың көпшілігі:
Кейбір оқушылар:
|
|
|
Бағалау өлшемі |
Білу,түсіну: - Физикалық географиялық аудандастыру терминін анықтайды; Қолдану,талдау: - Оқулық материалдарын пайдаланып, физикалық география аудандарын жіктеп ,оларға түсінік бере отырып, талдай алады; - Қазақстанның физикалық географиялық аудандарын карта арқылы көрсете алады; Жинақтау, талдау: - Физикалық географиялық аудандардың ұқсастығы мен айырмашылығын анықта, түсіндіреді; -Қазақстанның физикалық географиялық аудандарын сипаттаған ғалымдарды анықтайды; Бағалау: - Қазақстанның ірі табиғи аумақтық кешендеріне сипаттама бере отырып, шаруашылыққа пайдасын бағалайды. |
|
|
Тілдік мақсаты |
Оқылым-айтылым: Мәтіндегі негізгі ойды бірлесе оқиды, тапсырмаларды орындау барысында оқушылар топтық талқылаулар арқылы бір бірімен пікір алмасады, пікірталас, диалогке қатысады. Тыңдалым-жазылым: Мәтіндегі терминдермен жұмыс жасайды, топ арасында тапсырмаларды орындап, жіктейді. Қазақстанның ірі табиғи аумақтық кешендерін талдайды, картаға түсіреді. Негізгі сөздер мен тіркестер: физикалық-географиялық аудандастыру, физикалық- географиялық аймақ, ландшафттар, хоронимдер, Қазақстанның ірі табиғи аймақтық кешені |
|
|
Құндылықтарға баулу |
Шығарашылық және сын тұрғысынан ойлау, өмір бойы оқуға дайын болу |
|
|
Сабақтың жосарлан-ған кезеңдері |
Сабақта жоспарланған жаттығу түрлері |
Дереккөздер, Ресурстар |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
Сабақтың басы 6 минут |
Амандасу түгелдеу, психологиялық жағымды ахуал қалыптастыру. Оқушылар, бүгінгі сабаққа жақсы көңіл-күймен
келсеңіздер оң қолдарыңызды
көтеріңіздер; «Суреттер» әдісі арқылы топқа бөлу, топ ережесімен таныстыру. Оқушылар бүгінгі тақырыпқа байланысты арқылы 3 топқа бөлінеді: 1 топ «Климатологтар», 2 топ «Геологтер мен Гидрологтер», 3 топ «Ботаниктер мен зоологтер» Әр топ көшбасшыны сайлайды. Топ басшысына бағалау парақшасы беріледі.
Үй тапсырмасы: Табиғатты қорғау «Асыл тасты сұрақтар» әдісі арқылы үй жұмысын сұрау. Оқушылар өздері сұрақ жазып, конвертке салады, топтар бір-бірімен алмасып, сұрақтарға жауап береді. 1. Биосфера ұғымы нені білдіреді 2. ерекше қорғалатын табиғи аумақтар дегеніміз не3. қорықтар дегеніміз не?4. қорықшалар құрудың мақсатын түсіндіру5. ұлттық саябақтар құрудың мақсатын түсіндіру6. «Қызыл кітап»7. Қазақстанның «Қызыл кітабындағы» жануарлар мен құстардың санаты 8. Қазақстандағы қорықтарды ата Қара жәшік әдісі Қазақстан картасын пайдалан отырып Қазақстанның қорықтарын орналасу аймақтарын анықта
Оқушылар өзін−өзі бағалауда стикерлерді қолдану арқылы бағалайды. |
Геологтар мен
гидрологтер Климатологтер
|
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
Сабақтың ортасы 30 минут |
Стоп кадр әдісі. Берілген видео арқылы әр топ сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтайды.
Инсерт әдісі арқылы терминдермен жұмыс Физикалық-географиялық аудандау — жер бетін аумақтық саралау жүйесі. Ф.г.а. табиғат аумақтарының бір-біріне тәуелділігіне негізделеді.. Физикалық - географиялық аудандастыру - ландшафтарды жүйелеудегі әдістердің бірі, ландшафтардан неғұрлым жоғары дәрежедегі ірілендірілген аумақтық жүйелерге өтуге саяды ( Географиялық ландшафт - геожүйе түрлерінің бірі. Барлық негізгі құрамбөліктері: бедер, климат, су, топырақ, өсімдіктер мен жануарлар дүниесі өзара күрделі әрекетте және өзара шарттылықта болып, біртұтас үздіксіз жүйе құрайтын табиғи географиялық кешен. Физикалық-географиялық аудандастыру – өзіне тән табиғат ерекшелігі, ішкі бірлестігі қалыптасқан жер беті аумақтарының жекелеген жүйесі. Физикалық-географиялық аудандастыру - табиғат кешендерін зерттеп анықтап бір-біріне ұқсас жер бетін жеке аумақтарға бөлудің жүйесі. Физикалық-географиялық аудандастыру: физикалық-географиялық аймақтарды, зонаны, облысты, провинцияны, ауданды зерттейді. Физикалық-географиялық аудандастырудың негізін XIX ғасырдың екінші жартысында алғашқылардың бірі болып В.В.Докучаев қалады. Өткен ғасырдың басында неміс, ағылшын, американдық ғалымдар кеңінен қолдана бастады. Көптеген географ ғалымдардың пайымдауынша физикалық-географиялық аудандардың нақты белгіленген шекарасы болуы тиіс деп есептейді. Олардың шекарасы көбінесе сол аймақтың қалыптасу тарихымен байланысты. Мысалға: Солтүстік Қазақ жазығы мен Сарыарқа. Екеуінің қалыптасу тарихы бір-біріне ұқсамайды. Солтүстік Қазақ жазығы эпигерциндік тақтаның үстінде қалыптасқан біршама тегіс жазық. Сарыарқа болса каледон және герцин қатпарлығының әсерінен пайда болған аласа таулы жазық аймақ. Сарыарқаның негізгі бөлігі жазық болғанымен ол бұрынғы биік таулардың сыртқы күштердің әсерінен үгіліп мүжілген тау жыныстарынан пайда болған. Сондықтан да Солтүстік Қазақ жазығының жер бедерінен айырмашылық жасайды. Сондықтан да бұндай екі үлкен физикалық географиялық аймақтың шекарасын шығу тегіне қарай отырып ажыратамыз. Алайда олардың түйіскен жеріндегі жер бедерінде үлкен айырмашылық болмауы мүмкін. Себебі жер бедерін қалыптастырушы процестер бірдей болғандықтан бір-біріне ұқсас болады. Аймақтардың жер бетіндегі өзгерістері атмосфера циркуляциясына, ылғал айналымына, химиялық элементтердің миграциясына, антропогендік іс әрекеттерге байланысты. Физикалық-географиялық аудандастырудың бірнеше әдістері бар. Мысалы: Зоналық; Азоналық; Азоналық-зоналық; Генетикалық; Кешенді. Бергтің айтуынша аудандастыруда ландшафтты негізге ала отырып, аудандастыру қажет деп зоналық әдісі қолданды. Азоналық аудандастырылуда рельеф геологиялық құрылысы тау жыныстарының петрографиясы ескеріледі. Генетикалық әдіс. Бұл әдістің негізі бойынша сол жердің геологиялық тарихы, бұрынғы табиғаты мен қазіргі табиғатының айырмашылығы ескеріледі. Кешенді әдіс. Соңғы кездердегі аудандастырудың ең бір жетілген түрі. Бұл әдістің негізін салушылардың бірі академик А.Н.Григорьев. Бұл әдісте жоғарыдағы аталған әдістердің барлығы бірдей қолданылады. Григорьевтің ойынша бойлықтарда, ендіктерде, таулар мен жазықтарда жыл мезгілдеріне байланысты табиғи процестер өзгеріп отырады. Сондықтан да аудандастыру үшін табиғат құбылыстарының бір-екі заңдылығымен шектелуге болмайды. Ол үшін жан-жақты зерттеуді қажет деп тауып, кешенді әдіс ұсынды. Кейінгі кездегі ғалымдар осы әдістің негізінде Қазақстанды және жеке аймақтарын аудандастыра бастады. Аймақтар өз кезегінде жазық жерлерде зонаға, таулы жерлерде облыстарға бөлінген. Зона немесе облыстар өз кезегінде провинцияларға бөлініп кетеді. Қазақстанды физикалық-географиялық аудандарға бөлген көптеген ғалымдар бар. Аймақ, зона деңгейінде өзгерістер жоқ. Алайда провинцияларға бөлу барысында алшақтық жоғары Шығыс Еуропа жазығы; Тұран жазығы; Солтүстік Қазақ жазығы; Сарыарқа; Орал; Алтай; Сауыр-Тарбағатай; Жетісу Алатауы; Тянь-Шань. «Кубизм» әдісі және аялдама әдісі бойынша мәтінді оқып, өзара талдау, оны қағаз бетіне түсіріп, постер жасау арқылы өзара талдайды, 1-топ Қазақстан аумағындағы физикалық географиялық аудандары, Жазықтар және оның Қазақстандағы алып жатқан орны(Тұран жазығы, Солтүстік Қазақ жазығы,Шығыс еуропа жазығы) Дескриптор: - Жазықтар терминін ашып, жазық түрлерін атайды - Еуразияның физикалық картасынан берілген физикалық-географиялық ауданның географиялық орнын толық көрсетіп, сипаттама береді. -Физикалық географиялық ауданның жер бедерінің ерекшелігін геологиялық, тектоникалық, физикалық карталарды пайдаланып, анықтайды -Қазақстанның физикалық географиялық картасынан ірі жазықтарды анықтайды 2-топ. Қазақстан аумағындағы физикалық географиялық аудандары, Таулар және оның Қазақстандағы алып жатқан орны (Сарыарқа,Мұғалжар,Жетісу Алатауы) Дескриптор: - Таулар терминін ашып, таулардың биіктік бойынша түрлерін атайды - Еуразияның физикалық картасынан берілген физикалық-географиялық ауданның географиялық орнын толық көрсетіп, сипаттама береді. -Физикалық географиялық ауданның жер бедерінің ерекшелігін геологиялық, тектоникалық, физикалық карталарды пайдаланып, анықтайды - Қазақстанның физикалық географиялық картасынан тауларды анықтайды 3-топ. Қазақстан аумағындағы физикалық географиялық аудандары, Таулар және оның Қазақстандағы алып жатқан орны (Тянь шань тауы, Алтай, Сауыр Тарбағатай таулары) Дескриптор: - Таулар терминін ашып, таулардың биіктік бойынша түрлерін атайды - Еуразияның физикалық картасынан берілген физикалық-географиялық ауданның географиялық орнын толық көрсетіп, сипаттама береді.
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз Ұзак мерзімді жоспардың
тарауы:
мектеп: Жамбыл атындағы
гимназия Күні: Мұғалімнің ТАӘ: Қадыр Н.Ж Сыныбы: Қатысқандар саны: Қатыспағандар
саны: Сабақ тақырыбы Қазақстанның ірі физикалық-географиялық
аудандары
Осы сабақта қол
жеткізілетін оқу мақсаты (оқу бағдарламасына
сілтеме) 9.3.5.1 Жоспар бойынша Қазақстанның ірі
табиғи- аумақтық кешендеріне сипаттама
береді Сабақ мақсаты Барлық
оқушылар: Оқушылардың
көпшілігі: Физикалық-географиялық
аймақтардың бөліну белгілерін
анықтайды. Кейбір
оқушылар: Берілген сипаттамамен
Қазақстанның физикалық картасы бойынша физикалық-географиялық
аумақты айқындайды. Бағалау өлшемі
Білу,түсіну:
- Физикалық географиялық
аудандастыру терминін
анықтайды;
Қолдану,талдау:
- Оқулық материалдарын
пайдаланып, физикалық география аудандарын жіктеп ,оларға түсінік
бере отырып, талдай
алады;
- Қазақстанның физикалық
географиялық аудандарын карта арқылы көрсете
алады;
Жинақтау,
талдау:
- Физикалық географиялық
аудандардың ұқсастығы мен айырмашылығын анықта,
түсіндіреді;
-Қазақстанның физикалық
географиялық аудандарын сипаттаған ғалымдарды
анықтайды;
Бағалау: - Қазақстанның ірі табиғи аумақтық кешендеріне сипаттама бере
отырып, шаруашылыққа пайдасын
бағалайды. Тілдік мақсаты
Оқылым-айтылым:
Мәтіндегі негізгі ойды бірлесе
оқиды, тапсырмаларды орындау барысында оқушылар топтық талқылаулар
арқылы бір бірімен пікір алмасады, пікірталас, диалогке
қатысады. Тыңдалым-жазылым:
Мәтіндегі терминдермен жұмыс
жасайды, топ арасында тапсырмаларды орындап,
жіктейді. Қазақстанның ірі табиғи
аумақтық кешендерін талдайды, картаға
түсіреді.
Негізгі сөздер мен тіркестер:
физикалық-географиялық
аудандастыру, физикалық- географиялық аймақ, ландшафттар,
хоронимдер, Қазақстанның ірі табиғи аймақтық
кешені Құндылықтарға
баулу
Шығарашылық және сын
тұрғысынан ойлау, өмір бойы оқуға дайын
болу
Сабақтың жосарлан-ған
кезеңдері
Сабақта жоспарланған
жаттығу түрлері
Дереккөздер,
Ресурстар
Сабақтың
басы
6
минут Амандасу түгелдеу,
психологиялық жағымды ахуал
қалыптастыру. Оқушылар, бүгінгі сабаққа жақсы көңіл-күймен
келсеңіздер оң қолдарыңызды
көтеріңіздер; «Суреттер»
әдісі арқылы топқа бөлу, топ
ережесімен таныстыру. Оқушылар бүгінгі тақырыпқа байланысты арқылы
3 топқа бөлінеді: 1 топ «Климатологтар», 2 топ
«Геологтер мен Гидрологтер», 3 топ «Ботаниктер мен
зоологтер» Әр топ көшбасшыны сайлайды.
Топ басшысына бағалау парақшасы
беріледі.
Үй
тапсырмасы: Табиғатты
қорғау «Асыл тасты
сұрақтар» әдісі арқылы үй жұмысын сұрау.
Оқушылар өздері сұрақ жазып, конвертке салады, топтар бір-бірімен
алмасып, сұрақтарға жауап
береді. 1. Биосфера ұғымы нені
білдіреді 7. Қазақстанның «Қызыл
кітабындағы» жануарлар мен құстардың
санаты 8. Қазақстандағы қорықтарды
ата Қара жәшік
әдісі Қазақстан картасын пайдалан
отырып Қазақстанның қорықтарын орналасу аймақтарын
анықта Оқушылар өзін−өзі бағалауда
стикерлерді қолдану арқылы
бағалайды.
Геологтар мен
гидрологтер Климатологтер
Сабақтың
ортасы
30
минут Стоп кадр
әдісі. Берілген видео
арқылы әр топ сабақтың тақырыбы мен мақсатын
анықтайды. Инсерт әдісі
арқылы терминдермен жұмыс Физикалық-географиялық
аудандау — жер
бетін аумақтық саралау жүйесі.
Ф.г.а. табиғат аумақтарының бір-біріне тәуелділігіне
негізделеді.. Физикалық -
географиялық
аудандастыру - ландшафтарды жүйелеудегі әдістердің бірі, ландшафтардан неғұрлым
жоғары дәрежедегі ірілендірілген аумақтық жүйелерге өтуге саяды
( Географиялық
ландшафт - геожүйе түрлерінің бірі. Барлық негізгі
құрамбөліктері: бедер, климат, су, топырақ, өсімдіктер мен жануарлар дүниесі өзара күрделі әрекетте және
өзара шарттылықта болып, біртұтас үздіксіз жүйе құрайтын
табиғи географиялық
кешен. Физикалық-географиялық
аудандастыру – өзіне тән табиғат ерекшелігі, ішкі бірлестігі
қалыптасқан жер беті аумақтарының жекелеген жүйесі.
Физикалық-географиялық аудандастыру - табиғат кешендерін зерттеп
анықтап бір-біріне ұқсас жер бетін жеке аумақтарға бөлудің жүйесі.
Физикалық-географиялық аудандастыру: физикалық-географиялық
аймақтарды, зонаны, облысты, провинцияны, ауданды зерттейді.
Физикалық-географиялық аудандастырудың негізін XIX ғасырдың екінші
жартысында алғашқылардың бірі болып В.В.Докучаев қалады. Өткен
ғасырдың басында неміс, ағылшын, американдық ғалымдар кеңінен
қолдана бастады. Көптеген географ ғалымдардың пайымдауынша
физикалық-географиялық аудандардың нақты белгіленген шекарасы болуы
тиіс деп есептейді. Олардың шекарасы көбінесе сол аймақтың
қалыптасу тарихымен байланысты. Мысалға: Солтүстік Қазақ жазығы мен
Сарыарқа. Екеуінің қалыптасу тарихы бір-біріне ұқсамайды. Солтүстік
Қазақ жазығы эпигерциндік тақтаның үстінде қалыптасқан біршама
тегіс жазық. Сарыарқа болса каледон және герцин қатпарлығының
әсерінен пайда болған аласа таулы жазық аймақ. Сарыарқаның негізгі
бөлігі жазық болғанымен ол бұрынғы биік таулардың сыртқы күштердің
әсерінен үгіліп мүжілген тау жыныстарынан пайда болған. Сондықтан
да Солтүстік Қазақ жазығының жер бедерінен айырмашылық жасайды.
Сондықтан да бұндай екі үлкен физикалық географиялық аймақтың
шекарасын шығу тегіне қарай отырып ажыратамыз. Алайда олардың
түйіскен жеріндегі жер бедерінде үлкен айырмашылық болмауы мүмкін.
Себебі жер бедерін қалыптастырушы процестер бірдей болғандықтан
бір-біріне ұқсас болады. Аймақтардың жер бетіндегі өзгерістері
атмосфера циркуляциясына, ылғал айналымына, химиялық элементтердің
миграциясына, антропогендік іс әрекеттерге байланысты.
Физикалық-географиялық аудандастырудың бірнеше әдістері бар.
Мысалы: Зоналық; Азоналық; Азоналық-зоналық; Генетикалық; Кешенді. Бергтің айтуынша аудандастыруда ландшафтты негізге ала
отырып, аудандастыру қажет деп зоналық әдісі қолданды. Азоналық
аудандастырылуда рельеф геологиялық құрылысы тау жыныстарының
петрографиясы ескеріледі. Генетикалық әдіс. Бұл әдістің негізі
бойынша сол жердің геологиялық тарихы, бұрынғы табиғаты мен қазіргі
табиғатының айырмашылығы ескеріледі. Кешенді әдіс. Соңғы кездердегі
аудандастырудың ең бір жетілген түрі. Бұл әдістің негізін
салушылардың бірі академик А.Н.Григорьев. Бұл әдісте жоғарыдағы
аталған әдістердің барлығы бірдей қолданылады. Григорьевтің ойынша
бойлықтарда, ендіктерде, таулар мен жазықтарда жыл мезгілдеріне
байланысты табиғи процестер өзгеріп отырады. Сондықтан да
аудандастыру үшін табиғат құбылыстарының бір-екі заңдылығымен
шектелуге болмайды. Ол үшін жан-жақты зерттеуді қажет деп тауып,
кешенді әдіс ұсынды. Кейінгі кездегі ғалымдар осы әдістің негізінде
Қазақстанды және жеке аймақтарын аудандастыра бастады. Аймақтар өз
кезегінде жазық жерлерде зонаға, таулы жерлерде облыстарға
бөлінген. Зона немесе облыстар өз кезегінде провинцияларға бөлініп
кетеді. Қазақстанды физикалық-географиялық аудандарға бөлген
көптеген ғалымдар бар. Аймақ, зона деңгейінде өзгерістер жоқ.
Алайда провинцияларға бөлу барысында алшақтық
жоғары Шығыс Еуропа
жазығы; Тұран
жазығы; Солтүстік Қазақ
жазығы; Сарыарқа; Орал; Алтай; Сауыр-Тарбағатай; Жетісу
Алатауы; Тянь-Шань. «Кубизм» әдісі
және аялдама әдісі бойынша мәтінді оқып, өзара талдау, оны қағаз бетіне
түсіріп, постер жасау арқылы өзара
талдайды, 1-топ Қазақстан аумағындағы физикалық географиялық аудандары,
Жазықтар және оның
Қазақстандағы алып жатқан орны(Тұран жазығы, Солтүстік Қазақ
жазығы,Шығыс еуропа жазығы) Дескриптор:
- Жазықтар терминін ашып,
жазық түрлерін атайды -
Еуразияның физикалық картасынан берілген
физикалық-географиялық ауданның географиялық орнын толық көрсетіп,
сипаттама
береді. -Физикалық географиялық ауданның жер бедерінің
ерекшелігін геологиялық, тектоникалық, физикалық карталарды
пайдаланып,
анықтайды -Қазақстанның физикалық
географиялық картасынан ірі жазықтарды
анықтайды 2-топ. Қазақстан аумағындағы физикалық географиялық
аудандары, Таулар және оның
Қазақстандағы алып жатқан орны
(Сарыарқа,Мұғалжар,Жетісу
Алатауы) Дескриптор: - Таулар терминін ашып,
таулардың биіктік бойынша түрлерін
атайды
-
Еуразияның физикалық картасынан берілген
физикалық-географиялық ауданның географиялық орнын толық көрсетіп,
сипаттама
береді.
-Физикалық географиялық ауданның жер бедерінің
ерекшелігін геологиялық, тектоникалық, физикалық карталарды
пайдаланып,
анықтайды - Қазақстанның физикалық
географиялық картасынан тауларды
анықтайды 3-топ. Қазақстан
аумағындағы физикалық географиялық аудандары,
Таулар және оның
Қазақстандағы алып жатқан орны
(Тянь шань тауы,
Алтай, Сауыр Тарбағатай
таулары) Дескриптор: - Таулар терминін ашып,
таулардың биіктік бойынша түрлерін
атайды
-
Еуразияның физикалық картасынан берілген
физикалық-географиялық ауданның географиялық орнын толық көрсетіп,
сипаттама
береді.
| |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||










