400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ 9сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Көркем еңбек мұғалімдеріне көмекші материал
Материалдың қысқаша нұсқасы

Пәні: Сызу

Сыныбы: ІХА,Ә

Сағаты: 2

Сабақтың тақырыбы: Қарапайым тіліктер.

Сабақтың мақсаты: Оқушыларға бүгінгі өтілетін тақырыптар бойынша

түсінік беру. Сызу пәніне деген қызығушылықтарын

арттыру.


Сабаққа қажетті жабдықтар: Қарындаш, өшіргіш, сызғыш, циркуль, сызба

қағазы т.б.

Сабақтың жүрісі:

І.Ұйымдастыру: Оқушыларды түгендеу, үй тапсырмасын тексеру, жаңа сабақ.

ІІ.Негізгі бөлім: Қиюшы жазықтықтың санына қарай, тілік қарапайым және күрделі болып екі топқа бөлінеді. Күрделі тілікті келесі параграфта қарастырамыз. Тек бір қиюшы жазықтықтың көмегімен алынған тілікті қарапайым тілік деп атайды. Қарапайым тіліктер қиюшы жазықтықтың горизонталь проекция жазықтығымен салыстырғанда орнына қарай горизонталь, вертикаль және көлбеу болып үш түрге бөлінеді. 121,а-суретте үш көрінісі берілген нәрсенің ішкі беттерін анық көрсету үшін тілік беруге болады. Нәрсені горизонталь проекция жазықтығына перпендикуляр жазықтықпен қиғанда вертикаль тілік шығады. Вертикаль тіліктің өзі фронталь тілік болып екі түрге бөлінеді.

Егер қиюшы жазықтық фронталь проекция жазықтығына параллель болса, онда вертикалық тілік фронталь тілік деп, ал қиюшы жазықтық профиль проекция жазықтығына параллель болса, онда вертикаль тілік профиль тілік деп аталады.

Егер қиюшы жазықтық горизонталь проекция жазықтығына қандай да болмасын (тік емес) бұрыш жасай орналасса, ондай тілік көлбеу тілік деп аталады.

Өз бетімен жұмыс. 121– суретті сызу.

ІІІ.Қорытындылау: Оқушыларға бүгінгі өткен тақырып бойынша сұрақтар қойып, жауап алу, бағалау.

Үйге тапсырма: 121– суреттегі сызбаны аяқтау.





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
01.04.2019
442
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі