Материалдар / Ашық сабақ 9сынып Қазақстанның ішкі сулары
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Ашық сабақ 9сынып Қазақстанның ішкі сулары

Материал туралы қысқаша түсінік
Ашық сабақ 9 сынып Қазақстанның ішкі сулары. сабақ жоспары қмж. курс оқу барысында жасалған сабақ жоспары. .
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
19 Шілде 2021
744
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Қысқа мерзімдік жоспар


Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы: 3.Физикалық география

3.3 Гидросфера



Күні:21.08.2020ж

СЫНЫП: 9


Мектеп: М.Жұмабаев атындағы орта мектеп



Мұғалімнің аты-жөні: Медерова Жансая Русланқызы




Қатысқандар саны: 21 Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

Қазақстанның ішкі суларының түрлері

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сәйкес)

9.3.3.1 Қазақстанның ішкі суларын топтастырады, көрсеткіштерін талдайды және сипаттайды: өзендер мен көлдер, мұздықтар мен мәңгі тоң, жерасты сулары

Сабақтың мақсаты




1.Барлық оқушылар орындай алады:

Картадан Қазақстанның ірі өзендерін, көлдерін, сонымен қатар көпжылдық мұздықтардың орналасқан жерлерін көрсете алады.

2.Оқушылардың басым бөлігі орындай алады:Қазақстанның ішкі суларының таралу ерекшеліктерін анықтай алады.

3.Кейбір оқушылар орындай алады: Қазақстан аумағында ішкі сулардың біркелкі таралмау себептерін анықтайды.

Бағалау критерийі



Қолдану:Қазақстанның ішкі суларының өзгешелігіне сипаттама береді және олардың біркелкі таралмау себебін айқындайды

Талдау: Қазақстанныі ішкі сулары туралы мәліметтерді шығармашылық және академиялық түрде талдап ұсынады.

Жинақтау:Қазақстанның ірі өзен көлдерін картаға түсіріп баға бере алады.


Тілдік мақсаттар

Оқылым-жазылым, айтылым, тыңдалым тілдік дағдыларын дамыту үшін:

Қазақ гидронимдерін жіктеп үш тілде жазады, айтады.

Су ресурстарына экономикалық баға бере алады.

Су ресурстарының экологиялық проблемаларын талдайды.


Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер: Өзен жүйесі, өзен алабы, мұз сөгілу, мұз қату, су басу, су тасқыны, өзеннің тартылуы, өзен еңістігі, өзендер тәртібі, көлдер, мұздықтар.

Құндылықтарға баулу


Шығармашылық және сын тұрғысынан ойлау,қарым-қатынас жасау қабілеті.

Пәнаралық байланыс


Физика,биология.

Алдыңғы білім:

Оқушының тірек білімі

8-сыныптың география «. Гидросфера» бөліміндегі «Құрлық суларының түрлері және қалыптасуы», «Өзен аңғарының құрылымы»,

«Өзендердің гидрологиялық режимі», Көлдер мент мұздықтар»

Жоспар

Сабақтың жоспарланған

кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері


Дереккөздер,

ресурстар



Сабақтың басы






Ұйымдастыру кезеңі

Сәлемдесу,түгендеу


Жаңа тақырыптың оқу мақсатын ашу барысында бүгінгі сабаққа байланысты бейнематериал көрсетемін.

Қазақстанның өзендерімен танысу.

Бүгінгі сабақ не туралы болмақ?

Сабақтың тақырыбы анықталады

Сабақтың мақсаты, бағалау критерийлерімен таныстырылады


«Мазайка»әдісімен Топқа бөлемін

Топтық жұмыс

Тапсырма №1. Оқулықтағы мәтінмен жұмыс Мақсаты: Қазақстанның ішкі суларының түрлерімен,ерекшеліктерімен, өзен суының шығыны мен жылдық ағыны және қоректенуімен танысу.

1-топ: Өзен жүйелері мен өзен алаптары

2-топ: Көл жүйесінің ерекшелігі

3-топ: Өзен суының шығыны мен жылдық ағыны

4-топ: Өзендердің қоректенуі мен режимі

Бағалау критерийі: Білу және түсіну, Қолдану

Бағалау дескрипторы:

Қазақстанның ішкі суларына түсінік береді.

Көл жүйесінің ерекшелігін сипаттайды.

Өзен суының шығыны мен жылдық ағынын есептейді

Өзендердің қоректенуі мен режимін анықтайды


Бағалау. Топтар бірін- бірі бас бармақ әдісі бойынша бағалайды




http://bilimland.kz/upload/content/lesson/14642/media/c77a0582ba5ce318224e0970d1d56567/content/script_00017/media/geo_kaz_04_17_01v.mp4








8 сынып. Ә.Бейсенова, Қ.Карпеков «Қазақстанның физикалық географиясы» оқулығы










Сабақтың ортасы


«Ойлан,бірік,бөліс» әдісімен жұмыс жасайды

Тапсырма №2. Кестемен жұмыс

(Жұптық жұмыс)

Қазақстанның көлдері Ғаламтор желісіндегі ақпарат көздерін пайдалана отырып Қазақстанның ірі бес көліне кесте арқылы сипаттап, талдау жасау.(Каспий,Арал,Балқаш,Зайсан,Алакөл)


Көл атауы

Географиялық орны мен ерекшелігі, көлемі

Пайда болу жолы

Халық шаруашылығындағы маңызы



1





2





3





4





5





Бағалау дескрипторы:

Көлдердің географиялық орны мен ерекшелігін анықтайды

Көл жүйесінің пайда болу жолдарын сипаттайды.

Шаруашылығындағы маңызын атайды

Бағалау. Жұптар бірін- бірі бағалайды.

«Дайындал...Назар сал....оқыңдар!»әдісімен

Тапсырма №3

(Т/Ж) Қазақстанның ішкі суларын төмендегі көрсеткіштері бойынша талдайды.

Көлдердің морфометриясы мен гидрологиялық көрсеткіштері;

Өзендердің гидрологиялық көрсеткіштері;

Мұздықтардың гидрологиялық көрсеткіштері;

Жер асты суларының гидрологиялық көрсеткіштері:


.ҚБ: Бағдаршам бағалау

Тапсырма №4. Топтық жұмыс.

«Кубик» тәсілі бойынша

Қазақстанның ірі көлдеріне сипаттама беріңіздер.

- сипаттаңдар

- салыстырыңдар

- байланыстырыңдар

- талдау жасаңдар

- қалай пайдалануға болатынын ұсыныңдар

- қарсымын және дұрыс, жақсы немесе жаман деген

нұсқалар бойынша дәлелдеңіздер.

1-топ. Каспий теңізі

2-топ. Арал теңізі

3-топ. Балқаш


ҚБ: Бағдаршам бағалау



Презентация


Атлас


Кескін карта

Сабақтың соңы

Сабақты қорытындалаймыз!


Кері байланыс

БББ кестесі

білемін

білдім

білгім келеді




Үйге жұмыс:

Кескін картамен жұмыс:

Республикасының аумағында сегіз: Арал-Сырдария, Балқаш-Алакөл, Ертіс, Есіл, Жайық-Каспий, Нұра-Сарысу, Тобыл-Торғай және Шу-Талас өзен су шаруашылығы бассейндерін кескін картаға түсіру




Саралау - Сіз оқушыларға қандай тәсілмен көмектесесіз? Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға

қандай тапсырмалар бересіз?

Бағалау – Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз?


Пәнаралық байланыстар. Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтауАқпараттық коммуникациялық технологияларды қолдану.

Тапсырмалар жеңілден күрделіге қарай ұйымдастырылған. Оқушыларға берілген тапсырмалар жұптық, топтық, сыныптық, жеке жұмыс жасауға негізделген. Себебі толықтыру қажет пе, немесе қосымша көмек қажет пе, қолдау қажет па деген мақсатта қарастырылған.Сабақ үдерісінде ұйымдастырылған әдістер оқушылардың тапсырманы қабылдауына, сыни ойлау мен оқу мен жазу, шығармашылық қабілеттерін қалыптастыруға бағытталған тапсырманы құрастыруда оқушылардың жас ерекшеліктері ескерілді.

Қабілетті оқушыларға басқаларына қарағанда жылдам жұмыс істеу үшін қарқынды сұрақтар беріледі.

- Қазақстанның ішкі суларын төмендегі көрсеткіштері бойынша талдау жасай алады

Шығармашылық қабілеті жоғары оқушылар сабақ барысында

Көлдердің морфометриясы мен гидрологиялық көрсеткіштері;

Өзендердің гидрологиялық көрсеткіштері;

Мұздықтардың гидрологиялық көрсеткіштері;

Жер асты суларының гидрологиялық көрсеткіштері туралы ақпаратты толығымен меңгереді.

Сондықтанда қолдау көрсету мақсатында қосымша тапсырмаға көп күш жұмсауда, түсіндіруде көмек қажет ететін оқушыларға біршама уақыт қарастырамын.

Сабақ барысында саралаудың бірнеше тәсілдерін қарастыра білдім.

Бағалау әдістері: Қалыптастырушы бағалау барысында сабақтың әр кезеңінде оқушылардың оқу мақсатына жетуде материалды меңгеруі қандай деңгейде екенін анықтау үшін бағалау критерийін негізге ала отырып және тапсырма дескрипторларға сүйене отырып, қалыптастырушы бағалау түрлерін қолданамын:бас бармақ, топтар бірін-бірі бағалайды,

БББ кестесімен кері байланыс алынып, ауызша мадақтау арқылы бағалау сабақ барысында жүргізілді.











Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары немесе оқу мақсаттары шынайы және қолжетімді болды ма?

Барлық оқушылар оқу мақсатына қол жеткізді ме? Егер оқушылар оқу мақсатына жетпеген болса, неліктен деп ойлайсыз? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақ кезеңдерінде уақытты тиімді пайдаландыңыз ба? Сабақ жоспарынан ауытқулар болды ма және неліктен?


Бұл тарауды сабақ туралы рефлексия жасау үшін пайдаланыңыз.Сол бағандағы өзңіз маңызды деп санайтын сұрақтарға жауап беріңіз.

Сабақ мақсаттары, оқу мақсаттарына сай құрылды.Сабақ мақсаттары қолжетімді болды. Сабақта саралаудың тапсырма, дереккөздер, қарқын,диалог және қолдау,жіктеу, бағалау, қорытынды түрлерін тиімді қолдандым.Сабақ жоспарында ауытқулар болмады. Уақытты тиімді пайдаландым.


Қорытынды бағалау


Сабақта ең жақсы өткен екі нәрсе (оқыту мен оқуға қатысты)



Сабақтың бұдан да жақсы өтуіне не оң ықпал етер еді (оқыту мен оқуға қатысты )?




Осы сабақтың барысында мен сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/ қиындықтары туралы нені анықтадым, келесі сабақтарда не нәрсеге назар аудару қажет?








Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!