400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ашық сабақ . 6- сынып. Тақырыбы: " Зергерлік бұйым нобайын орындау"

Материал туралы қысқаша түсінік
Ашық сабақ ер балаларға арналған көркем еңбек пәнінен ашық сабақ жоспары беріліп отыр. 6- сыныпқа арналған.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Көркем еңбек

Мектеп: «А.Тихоненко атындагы ЖОББМ» КММ

Күні:

Оқытушының аты-жөні: Уметияров М.Я.

Сынып: 6 сабақ 2

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар:

Бөлім:

Сәндік-қолданбалы өнер

Сабақтың тақырыбы:

Зергерлік бұйым нобайын орындау.

Сабақта меңгерілетін оқу мақсаттары

6.1.5.2-Шығармашылық идеяларын іске асыру үшін нобайлар, техникалық суреттер мен сызбалар орындау

Сабақтың мақсаты:

  • Шығармашылық идеяларын іске асыру үшін нобай орындау;

Бағалау

критерийлері

  • Бұйымның нобайы мен сызбаларын сызады.

  • Заманауи қолда бар материалдардың ерекшеліктерімен таныс.

Көркемдік материалдармен экперимент жүргізеді.

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі/уақыт

Педагогтың әрекеті

Оқушылардың әрекеті

Бағалау


Ресурстар

Сабақ тың басы




Ұйымдастыру бөлімі: Оқушыларды орналастыру, амандасу.

Бейнематериал тамашалау.

Зергер жұмысы туралы видео көрсету.

Сұрақтарға жауап беру:

  • Зергер қалай жұмыс істейді?

  • Зергер үшін не маңызды?

  • Зергер бұйым жасау барысында неге назар аударады?

  • Қалай ойлайсыңдар, зергер болу үшін қандай болу керек?

Зергерлер идеяны қайдан алады?

Оқушылар амандасып ,бір-біріне сәттілік тілейді.

Қалыптастырушы бағалау: Бірін –бірі бағалау.

Қажетті материалдар:

Альбом, қарындаш, түрлі бояулар.

https://www.youtube.com/watch?v=GFLJcap3VKw


Сабақ тың ортасы





Бұйымды жасаудың кезеңдерін талқылау.

  1. Нобай құрастыру;

  2. Материалдарды таңдау;

  3. Бұйым жасау;

  4. Бұйымды әсемдеу.


Ой қозғау сұрағы:

  • Қандай ою-өрнек түрлерін білесіңдер?

  • Композицияның қандай заңдылықтары бар?

  • Зергерлер әшекей бұйым жасауда қандай заңдылықтарды ескерген?

  • Зергерлік бұйым жасауда қандай металл түрлері қолданылады, неліктен?

  • Қандай асыл тастарды пайдалануға болады және адам ағзасына қандай пайдасы бар?

  • Сен өзің қандай қолайлы материалдарды қолданып зергерлік бұйым жасар едің?


Практикалық тапсырма.

Оқушылар сұрақтарға жауап бергеннен кейін нобай орындауға кіріседі. Нобай альбомда орындалады.

Қойылған сұрақтардың жауаптарын сараптап, оқушылар зергерлік бұйымдарға қолайлы материалдар таңдайды және бірнеше нобай үлгілерін жасайды. Нобай жасау барысында, таңдалған материалдарын ескеру қажет. Мысалы; фольга, сым түрлері, картон,түрлі түсті тастар, бисер, жіп түрлері т.б. Жұмыс барысында ұлттық нақыштар көрініс табуы қажет.Әр оқушы жасаған нобайларын іске асыру жоспарын құрастырады.

Жасаған нобайлары мен жоспарын жұпта талқылайды.

Оқушылар топтасып ақылдасып пікір шығарып пікірлерімен бөліседі







Жауабын зерттеу дәптеріңе жазып, суретке түсіреді.

Оқушылар бұл тапсырманы жұпта бағалайды.

Дискриптор

Бұйымның нобайы мен сызбаларын сызады.

Заманауи қолда бар материалдардың ерекшеліктерімен таныс.

Көркемдік материалдармен экперимент жүргізеді.

Голландтық өнертапқыш ластанған ауадан зергерлік бұйымдар жасап шығармақ https://www.youtube.com/watch?v=PSouWmG20XA



Сабақ тың соңы



Оқушылар жеке және топта орындаған жұмыстарының нәтижелерін, түрлі әдістер арқылы (жазбаша немесе ауызша түрде, көрнекі бейне құралдары арқылы) көрсетеді. Жұмыстар критерийлербойынша бағаланады.

Рефлексия

«Үш минуттық пауза»

  • Мен өз ойымды ..... өзгерттім

  • Мен көптеген мәлімет білдім....

  • Мені таңқалдырғаны....

  • Мен сезіндім.....



Оқушылардың айтқан жауаптарына пікір қалдыру.










Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
7 наурыз
111
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі