Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ : Абай Құнанбаев "Күз"

Материал туралы қысқаша түсінік
Даярлық топ мұғалімдеріне арналған көркем әдебиет пәні бойынша ашық сабақ:А.Құнанбаев "Күз".Балалардың күз мезгілі жайында ұғымдарын кеңейту "Күз" өлеңін оқып беру, түсіндіру, жаттау.
Материалдың қысқаша нұсқасы


Бекітемін :

Ш.Құтыбаева

Педагогтің аты-жөні

Сөкенбаева Г

Күні:

Күз.

Сынып:

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:0

Сабақтың

тақырыбы


Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары

4.2.5.1* - Балалардың күз мезгілі жайында ұғымдарын кеңейту "Күз" өлеңін оқып беру, түсіндіру, жаттау.

Сабақтың барысы.


Сабақтың кезең

уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының

әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Басы

Психологиялық ахуал қалыптастыру. Психологиялық сәт.
Күндей жылы бол!
Алмадай тәтті бол!
Доптай көңілді бол!
Айнадай жарық бол!
Жүзік сияқты әдемі бол!
II . Ой қозғау. —        

Сонымен бізде қазір қандай сабақ? —      

   Көркем әдебиет сабағында нені оқып үйренеміз? —        

Оқуды, жазуды оқып үйрену үшін біз не білуіміз керек? —         

Әріп дегеніміз не? —        

Дыбыс дегеніміз не?
III Сұрақ жауап.
- Балалар қазір қай мезгіл?
- Күз.
- Күз мезгілінің қай айы?
- бірінші.
- Жалпы күз мезгілінде неше ай болады?
- Үш.
- Күз мезгілінде қандай өзгерістер болады?
- Жапырақ сарғаяды, күн суытады, жаңбыр жауып, адамдар қыс мезгіліне дайындық жасайды.
- Құстар не істейді?
- Жылы жаққа ұшып кетеді. Ондай құстарды «Жыл құсы дейміз». Олар өз еліне көктем мезгілінде келеді. Өйткені суық күндерде оларға тамақ тауып жеу қиынға соғады.
- Адамдар қысқа қалай дайындалады?
- Егіндерін жинап, қыс мезгіліне дайындық жасайды. Отын, көмір түсіріп алады.
- Жан – жануарлар күзде не істейді?
- Олар да қысқы азығын өздерінің іні мен апанына жинап ап, ұзақ ұйқыға кетеді екен. Мысалы аю – бал, жапырақ жинап алса, тиін – жаңғақ, саңырауқұлақ, жапырақ жинап алады екен. Ал қоян өзінің түсін екі рет ауыстырады. Ол күзде, көктемде, жазда - қоңыр, ал қыста - ақ болып өзгереді. Себебі ол өте қорқақ жануар. Сондықтан ол жылы кездерде ағаш бұтағы сияқты, суықта қар сияқты бұғып жата қалады екен.


Психологиялық ахуалға берілген тақпақтарды дауыстап айтып, тілді жаттықтыру және жаңа сабаққа назар аудару.


Оқушылар сұраққа жауап береді, жұмысты берілген түріне қарай орындайды.

ҚБ:

Басбармақ арқылы бір-бірін бағалау.

Психологиялық ахуал.


Алдыңғы білімді еске түсірутапсырмалары.

Ортасы

Білу және түсіну

Әңгіме
Жеміс.
Ернұр әкесімен ауыл маңындағы алма бағын аралады. Біреулер піскен жемісті жинап жатыр екен.
Ернұр әкесіне:
- Әке, ағаштар адамға тегін жеміс береді ғой. Ал адамдар неге оны ақшаға сатады? – деді.
Тосын сұраққа әкесі үндемей қалады.
Сұрақ – жауап
- Әңгіме не туралы айтылған?
- Сен алманы не істер едің?
- Неге алманы тегін бере салмаймыз?
- Өте жақсы, алманы өсіру үшін де адам еңбектенеді емес пе? Сондықтан маңдай теріңмен тапқан ақшаның еш ұяты жоқ.

Дәптермен жұмыс.

. Күз. Абай Құнанбаев.
Сұр бұлт түсі суық қаптайды аспан,
Күз болып дымқыл тұман жерді басқан.
Білмеймін тойғаны ма, тоңғаны ма,
Жылқы ойнап, бие қашқан, тай жарысқан.
- Бұл өлеңде жылдың қай мезгілі туралы айтылған?
- Күз.
- Абай Құнанбаев кім?
- Ақын, жазушы, драматург.
- Абай атамыздың басқа қыс, жаз, көктем мезгілдеріне арналған өлеңдерін білеміз бе?
Күз мезгіліне байланысты өлеңдер оқу.

Дескрипторы:

Тыңдалған материал бойынша өз пікірін білдіру, мәтіндерге салыстырмалы талдау жасау, оқыған, тыңдаған және аудиовизуалды материалдар бойынша жазба жұмыстары жүргізу арқылы оқушылардың тыңдалым, айтылым, оқылым, жазылым дағдылары жетілдіріледі.


Берілген сұраққа жауап беріп, тапсырмаларды талапқа сай орындайды

Жұмыс дәптеріндегі жазылым тапсырмаларын орындау


ҚБ: үш шапалақ арқылы


Оқылым, жазылым тапсырмалары.





Соңы

Қолдану

Оқулықта берілген тапсырмаларды орындау.

Түсіндіру. Дәптермен жұмыс.

Жаңа білім мен тәжірибені қолдану.

«Сөз ойла, тез ойла» ойыны.


Оқулықтағы қосымша тапсырмалар.


Топтық тапсырмалар.

Кері байланыс



Сабақ қызықты өтті,барлығын түсіндім!

Сабақ сәтсіз өтті,шаршадым!

Сабақтан еш нарсе түсінбедім,қоңырауды асыға күттім!





Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады


Смайликтер













Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
10.07.2021
1407
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12