Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ . Анама бәрін арнаймын МАД сыныбы

Материал туралы қысқаша түсінік
Барлық тәрбиеленушілер: Дыбыстарды дұрыс дыбыстайды. Тыңдалған мәтіндегі ақпаратты сурет, сызба, белгілер қолданып жеткізеді.Тәрбиеленушілер: Сұрақтарға жауап береді, әңгіме құрап айтады. Сөздік қорын кеңейтеді. Көптілділік: ана – мама – mother. Негізгі терминдер мен сөз тіркестері: сөйлемді аяқта, сызбаға қарап әңгімеле, неге теңеп еркелетеді. Пікір алмасу сұрақтары: Cендер аналарыңды жақсы көресіңдер ме? Не үшін жақсы көресіңдер? Ол қандай адам?
Материалдың қысқаша нұсқасы

ТАҚЫРЫБЫ:

Анама бәрін арнаймын

Мектеп/МДҰ:

Күні:

Педагогтің аты-жөні:

Сынып/топ

Қатысқандар саны:


Қатыспағандар саны:

ҰОҚ оқытылу мақсаты


0.1.1.1 Сөздер мен фразалардағы дыбыстарды дұрыс дыбыстау

0.1.2.2 Ауыспалы мағынадағы сөздерді, бейнелі теңеулерді түсіну, оларды сөйлегенде қолдану

0.1.6.2 Өз тәжірибесі негізінде әңгіме құрастыру

0.2.1.1 Тыңдалған мәтіндегі ақпаратты сурет, сызба, белгілер қолданып жеткізу

Күтілетін нәтиже

Барлық тәрбиеленушілер: Дыбыстарды дұрыс дыбыстайды. Тыңдалған мәтіндегі ақпаратты сурет, сызба, белгілер қолданып жеткізеді.

Көпшілік тәрбиеленушілер: Өз тәжірибесі негізінде әңгіме құрастырады.

Кейбір тәрбиеленушілер: Ауыспалы мағынадағы сөздерді, бейнелі теңеулерді түсінеді, оларды сөйлегенде қолданады

Тілдік мақсат

Тәрбиеленушілер: Сұрақтарға жауап береді, әңгіме құрап айтады. Сөздік қорын кеңейтеді. Көптілділік: ана – мама – mother. Негізгі терминдер мен сөз тіркестері: сөйлемді аяқта, сызбаға қарап әңгімеле, неге теңеп еркелетеді. Пікір алмасу сұрақтары: Cендер аналарыңды жақсы көресіңдер ме? Не үшін жақсы көресіңдер? Ол қандай адам?

Өткен ҰОҚ алған білім Отбасы туралы білімі бар.

Отбасы туралы білімі бар.

Жоспар

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған іс-әрекет Ресурстар

Ресурстар

І. Дұрыс әсерлі көңіл күй орнату. 0-2 минут

ІІ. Мақсатты болжам. 3-5 минут


















ҰОҚ ортасы ІІІ. Тақырып бойынша жұмыс 6-27 минут

Біз бақытты баламыз, Үлкеннің тілін аламыз. Оларға көмектесеміз, Келгенінше шамамыз. Осы кезде педагогтің телефоны шырылдап, педагог балаларға анасы хабарласып жатқанын айтып, тұтқаны алады.

- Сәлеметсіз бе, анашым, халыңыз қалай?

- Мен сізді қатты сағындым, жақын күндерде барып қалармын.

- Бетіңізден сүйдім, сау болыңыз.

- Балалар, сендердің аналарың қазір қастарыңда, ал сендер үлкен болып өскенде, оқу, білім, өнер қуып жанжаққа кетесіңдер, сол кезде аналарыңмен жиі хабарласып тұруды ұмытпаңдар. Мен қазір анамды қатты сағынып жүрмін. Ол кісі ең мейірімді, ең сұлу, ең еңбекқор адам. Мен анамды қатты жақсы көремін.

-Ал сендер аналарыңды жақсы көресідер ме?

- Не үшін жақсы көресіңдер?

- Ол қандай адам?

- Сендердің қандай істеріңе қатты ренжиді?

- Ал қандай істеріңе керісінше қатты қуанады?

- Сен анаңды жиі қуантасың ба?

- Үй шаруасында аналарыңа қандай көмек бересіңдер?

(Балалар өз аналары туралы әңгімелеп айтып береді.)

Әліппе-дәптермен жұмыс.

1-тапсырма.

Үй шаруасында анаңа қандай көмек көрсетесің?

Суреттерден белгілеп көрсет және айтып бер.

Дидактикалық ойын: «Мен де!» Шарты: Педагог айтқан іске келіссе, балалар «Мен де!» – деп қосылып айтып отыру керек, ал келіспесе, «Жоқ» – деп наразылықтарын білдіруі қажет. Мақсаты: балалар дұрыс іс пен дұрыс емес іс- әрекетті ажырата білуге, мұқияттылыққа үйренеді.

П: Мен анамды жақсы көрем!

Б: Мен де!

П: Мен анама көмектесемін!

Б: Мен де!

П: Жұмыстан келгенде қарсы аламын.

Б: Мен де!

П: Ойыншығымды шашып тастаймын. Б: Жоқ!

П: Киімімді жинап қоямын.

Б: Мен де!

П: Ыдыстарды жуып қоямын.

Б: Мен де!

П: Ініме мен қарамаймын, оны жылатамын.

Б: Жоқ!

Педагог осы тектес сөздерді тез-тез айтып, балаларды шатастыруға тырысады, балалар барынша мұқият болып, анасын ренжітетін іске келіспейді.

Әліппе-дәптермен жұмыс:

2-тапсырма.

Анаң сені қалай еркелетеді? Еркелеткенде неге теңейді, суреттердің ішінен тауып белгіле және айтып бер. – Балалар, аналарың сендерді қатты жақсы көреді екен, оны мен сендерді еркелететін теңеулерден байқадым. Ал сендер аналарыңды қалай жақсы көресіңдер, оларды неге теңер едіңдер? 3-тапсырма. «Менің анам».

Сызба бойынша өзіңнің анаң туралы әңгіме құрастыр.

Көптілділік: ана – мама – mother. Дидактикалық ойын: «Сөйлемді аяқта».

Менің анам (қандай?) ...

Анамның сырғасы ...

Анамның сақинасы ...

Анамның ыдыстары ...

Әліппе-дәптермен жұмыс:

4-тапсырма. Анаңды қуантатын сыйлықтың суретін сал.

Жаңылтпашта жаңылмайық:

Шеше, шеше,

Неше кесе

Сынды кеше?


Сорпа іштік,

Сорпа ыстық.

Сондықтан қорқа іштік.

Сағат сыртылдады,

Сырға сыңғырлады.


































Әліппе-дәптер

ІV. Сабақтың қортындысы. Рефлексия 28-30 минут

Педагог қорытынды жасайды. Балаларды марапаттайды. (Ө) Рефлексиялық бағалау: өз жұмысыңды бағалап қорыту. Балалардан гүлдің суретін түсті қарындашпен бояуын сұраймын: Ештеңе түсінбедім – қызыл қарындашпен; Түсіндім, бірақ түсіндіре алмаймын – сары қарындашпен; Бәрін түсіндім, басқаға түсіндіріп бере аламын – жасыл қарындашпен.

Әліппе-дәптер, түрлі түсті қарындаштар



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
03.02.2019
1018
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12