Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ашық сабақ : "Асан қайғының жерге айтқан сыны"

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл жаңартылған білім беру бағдарламасы бойынша жасалған. Жаңа технологиялар қолданылды. Көмегі тиер деген ойдамын.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы: Таза, мінсіз асыл сөз

Мектеп: «Қ.Аухадиев атындағы орта мектебі» КММ

Күні: 25.04. 2017ж.

Мұғалімнің аты-жөні: Сейтқазы Жадыра Мүбаракқызы

Сынып: 5

Қатысқандар:15 Қатыспағандар:0

Сабақтың тақырыбы:

«Асан қайғының жерге айтқан сыны» аңызының заманауилығы мен жаңашылдығы. Әдеби сын

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

5.Б/С2 Кейіпкерлерді шынайы өмірмен салыстырып бағалау.

5.Б/С4 Оқырманның рухани дүниесіне шығарма әсерін талдай отырып сыни хабарлама жазу.

Сабақ мақсаттары



Барлық оқушылар орындай алады: Кейіпкерлерді шынайы өмірмен салыстырып бағалай алады, оқыр-манның рухани дүниесіне шығарма әсерін талдай отырып сыни хабарлама жаза алады.


Оқушылардың көпшілігі орындай алады: Кейіпкерлерді шынайы өмірмен дәлелді түрде салыстырып бағалай алады, сыни хабарлама жаза алады.


Кейбір оқушылар орындай алады: Кейіпкерге арнап шағын хат немесе өлең жаза алады, мақсатын анықтай алады.

Бағалау критерийі

  • Шығарма кейіпкерін шынайы өмірмен салыстыра бағалайды.

  • Шығармадан алған әсері туралы сипаттайтын пікірін жазбаша жеткізеді.

Тілдік мақсаттар

Оқушылар орындай алады: шығармадағы жерлерге қатысты пікірді айта алады.

Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер: Аңыз, әпсана, миф, кейіпкер, образ

Диалог құруға/шығарма жазуға арналған пайдалы тіркестер:

Талқылауға арналған сұрақтар:Асан қайғының айтып өткен жерлердің қазақ елі үшін маңызы қандай?

Не себепті ..... деп ойлайсыз?

«Мәңгілік Ел» құндылығының аңызбен байланысы қандай?

Жазылым бойынша ұсыныстар, ишара: «ХХІ ғасыр. Асан қайғының жерге айтқан сындары» тақырыбында аңыз әңгіме жазады.

Тілдік мақсаттар

Оқушылар орындай алады: шығармадағы жерлерге қатысты пікірді айта алады.

Құндылықтарға баулу

Тарихтың, мәдениет пен тілдің біртұтастығы сияқты ұлттық немесе жалпыадамзаттық құндылықтарға баулу.

Пәнаралық байланыс

Тарих, қазақ тілі

Алдыңғы оқу

«Асан қайғының жерге айтқан сыны» аңызының тарихи және көркемдік құндылығы

Жоспар



Жоспарланған

уақыт

Жоспарланған жаттығу түрлері

Ресурстар

Сабақтың

басы 2 мин





5 мин













2 мин

Ұйымдастыру. Шеңберге тұрып сыныпта психологиялық ахуал туғызу. Оқушылар бір-бірлеріне тілек, жылы сөздер айтады. Мысалы: Жақсы көңіл-күй тілеймін.

Сөзжұмбақ шешу. Тірек сөздер: Асан қайғы, экология, табиғат. Осы сөздермен топқа бөлу.

Сөзжұмбақ сұрақтары:

1.Асан қайғы нені желдіртіп мініп, жер аралады?

2.Бір нәрсені ердің артына қанжығамен байлау не деп аталады?

3.Көркем шығарманы қорытындылайтын компонентті ата.

4.Асан атына қандай сөз қосылып, аты аңызға айналған?5.Асанқайғының әкесінің аты кім?6.Асан қайғы қай ханның ақылшысы болған?7.«Сарыарқаның маусымы» деп қай жерге сын айтты?

Ширату жаттығуы. Ұ. Сөйлемді аяқтау арқылы сабақ мақсатын ашады.

1.Адамның ойы мен пікірі сан қилы. Адам өз ойын үнемі ауызша айтатын мүмкіндік туа бермейді, сол кезде адам өзінің пікірін, мақсатын, шартын, себебін жеткізу үшін ... .

2.Басқа адамның сөзін тыңдай білу де өнер, сондықтан оның айтпақ ойын түсіну үшін ... .












А3 бет, маркер, таратпа материалдар

Сабақтың ортасы

4 мин





10 мин










10 мин





7 мин







2 мин

1-тапсырма. Т. Бейнематериал көрсету. Сұрақ: Асан қайғы шынайы өмірдегі осы ақпаратқа қандай пікір айтар еді деп ойлайсыз? Өз сөзіңізбен салыстыра бағалаңыз.

Топтарға тапсырма:

1-топ: Асан қайғының Арал теңізіне заманауи сыны

2-топ: Асан қайғының Семей полигонына заманауи сыны

3-топ: Каспий теңізіне заманауи сыны

Дискрипторлар:

  • ХХІ ғасырдағы Асан қайғының рөліне енеді.

  • Жасалған болжам негізінде өзіндік баға береді.

  • Таңдалған жерге қазіргі өмірмен байланысты сын жазады.

2-тапсырма. Ж.Ж.

«Табиғат – тал бесігім» тақырыбында дескрипторлар:

1 деңгей сурет салады

2 деңгей өлең жазады

3 деңгей сыни хабарлама жазады

3-тапсырма. Т.

«ХХІ ғасыр. Асан қайғының жерге айтқан сындары» тақырыбында аңыз әңгіме жазыңыз.

Дескрипторлар:

  1. Алған әсерін сипаттайтын пікірін жазбаша жеткізе алады

  2. Тақырыпқа сай оқиғаны сипаттап жазады.

  3. Мәтін құрауда сөз, сөз тіркестерін дұрыс қолданады.

Сергіту сәті. Ұ.

Асан қайғы аралады қазақ жерін,

Мінген көлігі Желмая түйе дермін.

Аралап,  шырайлы жер өлкесін,

Бірсыпыра жерге баға бердің.

Асанқайғы аралап таңғалыпты,

Ақындар жырға қосып, ән салыпты.

Жеріне қойған бағасының

Болжамына халықтар таңғалыпты.

Бабамыздың жері құтты мекен,

Бағасын Асанқайғы берген екен.

Баянауыл тауын көргенде,

Баянауылды өзіне жайлау еткен.


www.mediakurs.kz/kz/video/329-aral_tengizi.











Сабақтың соңы

3 мин

4-тапсырма. Ж.Ж.

Ой толғау. «Мен болашаққа нулы, сулы, табиғаты көркем Қазақстанды мұра етемін»

Тіл көркемдігі арқылы:

1. Стильдік қолданысы

  1. Шығармашылығы, өзіндік пікірі

  2. Аргументтер мен дәлелдер келтіре алуы бағаланады.

Үйге тапсырма: Ғалымдардың зерттеулерімен танысу.

Кері байланыс. Шығу билеті.

ШЫҒУ БИЛЕТІ

Сіз бүгін не үйрендіңіз?


Сіз тағы не білгіңіз келеді?


Қосымша мәлімет



Қосымша мәлімет

Саралау – оқушыға мейлінше қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз?

Қабілетті оқушыға тапсырманы қалай түрлендіресіз?

Бағалау – оқушы білімін тексеруді қалай жоспарлайсыз?

Пәнаралық байланыс – денсаулық және қауіпсіздік, АКТ-мен байланыс. Құндылықтармен байланыс (тәрбие элементі)

Сабақ құрастыру барысында өткен сабақты қайталау мақсатында сөзжұмбақ тапсырмасын, сыныптағы оқушылардың деңгейіне қарай 2-тапсырмадағы жаттығуды бағыттадым.

Смайликтер, от шашу.

Жарайсың! Дұрыс! Керемет!

Тарих, қазақ тілі.

АКТ: бейнематериал көрсету. Тарихтың, мәдениет пен тілдің біртұтастығы сияқты ұлттық немесе жалпыадамзаттық құндылықтарға баулу.

Сабақ бойынша рефлексия

  • Сабақ мақсаты мен оқу міндеттері орындалды ма, қолжетімді болды ма?

  • Барлық оқушылар оқу мақсатына қол жеткізді ме? Егер оқу мақсатына қол жеткізбеген болса неліктен деп ойлайсыз?

  • Сабақ қалай және қандай деңгейде өтті?

  • Жоспарланған саралау дұрыс іске асты ма? (тапсырмалар сәйкес болды ма?)

  • Сабақ кезеңдерінде уақытты тиімді пайдаландыңыз ба?

  • Сабақ жоспарынан ауытқулар болды ма, неліктен?

  • Осы жоспарға қандай өзгеріс енгіземін және неге?



Жалпы бағалау

Сабақта ең жақсы өткен екі нәрсе (оқыту мен оқуға қатысты):

1.

2.

Сабақтың бұдан да жақсы өтуіне не оң ықпал етер еді (оқыту мен оқуға қатысты)?

1.

2.

Осы сабақтың барысында мен сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/қиыншылықтары туралы нені анықтадым, келесі сабақтарда не нәрсеге назар аудару қажет?







Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
22.12.2017
2307
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі