Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Ашық сабақ " Атмосфера" 7 сынып
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
География пәнінен сабақ жоспары
Күні: |
Мұғалімнің аты-жөні: Ахметова Динара Шакеновна |
||||||||||||||||||||
Сынып: 7 |
Қатысушылар саны: |
Қатыспаушылар саны: |
|||||||||||||||||||
Сабақ тарауы |
5.Экономикалық география 5.2 Әлеуметтік-экономикалық ресурстар |
||||||||||||||||||||
Сабақ тақырыбы: |
Әлеуметтік инфрақұрылым |
||||||||||||||||||||
Оқу мақсаты |
7.5.2.2 Қазақстандық компонентті қосымша қамти отырып әлеуметтік инфрақұрылымның элементтерін сипаттап, маңыздылығына баға береді |
||||||||||||||||||||
Сабақтың мақсаты |
Барлық оқушылар: Әлеуметтік инфрақұрылым элементтерін атап,топтастырады. Басым бөлігі: Әлеуметтік инфрақұрылым элементтеріне сипаттама бере алады Кейбір оқушылар: Әлеуметтік инфрақұрылымның элементтерінің маңыздылығына баға береді |
||||||||||||||||||||
Бағалау критерийі |
Білім алушы Әлеуметтік инфроқұрылым салаларын топтастырады. Әлеуметтік инфроқұрылымның маңыздылығына баға береді. |
||||||||||||||||||||
Тілдік мақсат |
«Инфрақұрылым», «Әлеуметтік инфрақұрылым», «рекреация» сөздеріне анықтама беріп,түсіндіру және айтып беру арқылы диалогқа түсіру. Диалог құруға /жазылымға қажетті сөздер топтамасы 1.Инфрақұрылым - (латынша Infra - төменгі, астыңғы, structura - құрылыс, орналасу) - экономиканың және адамдардың қызмет етуінің жалпы жағдайларын жасауды қамтамасыз ететін халық шаруашылығы салаларының жиынтығы 2.Әлеуметтік инфрақұрылым – материалдық игіліктерді ұдайы өндіру (қызметтер көрсету) үдерісін және халықтың қалыпты тұрмыс жағдайын қамтамасыз ететін салалар тобы. 3.Рекреация (лат. rесrеаtіо - қалпына келтіру) — адамның еңбек процесінде жұмсаған дене және рухани күштерін қалпына келтіру мен дамыту. |
||||||||||||||||||||
Пәнаралық байланыс |
Әлеуметтік инфрақұрылымның өмірмен байланысы (театр,сауда орталықтары,мекемелер т.б.) |
||||||||||||||||||||
Құндылықтарға баулу
|
«Мәңгілік ел» жалпыұлттық идеясы бойынша оқушылар топтық жұмыс жасау барысында бір-біріне құрметпен қарап,жауапкершілікті түсініп,ынтымақтастықта жұмыс жасайды. |
||||||||||||||||||||
Алдыңғы білім |
5.2 Әлеуметтік-экономикалық ресурстар.Көлік инфрақұрылымы Өткен сабақты жаңа сабақпен байланыстыру.Сұрақтар қою арқылы өткен сабақты пысықтау: 1.Инфрақұрылым қандай салаларды біріктіреді. 2.Коммуникациялық жүйенің түрі мен қызметі 3.Қазақстанның көлік жүйесі,оның түрлері мен маңызы |
||||||||||||||||||||
Жоспар: |
|||||||||||||||||||||
Сабақтыңжоспарланған кезеңдері |
Жоспарланған іс-шаралар
|
Ресурстар |
|||||||||||||||||||
1-2 минут
Сабақтың басы 3– 5 минут
6-10минут
Сабақтың ортасы 11-15минут Тапсырмалар 16-25мин
26-35 мин
|
Сабақ мақсатымен таныстыру: Еліміздегі инфрақұрылым түрлерімен танысып,оның маңыздылығына баға беру «Миға шабуыл» Мұғалім,аспаз,жүргізуші,дәрігер,өрт сөндіруші мамандықтары туралы жалпы сұрақтар қойылады: 1.Осы мамандықтарды не ортақтастырады (еске түсіреді) 2.Бұл мамандықтар немен айналысады ? (әңгімелейді,мысал келтіреді) 3.Сен қайсысын таңдар едім.? Осы сұрақтарға жауап бергеннен кейін,жаңа сабақ тақырыбын ашамын Әлеуметтік салада кімдер қызмет жасайды? «Әлеуметтік саладағы мамандықтар» туралы бейнеролик. Бейнероликті тамашалайды, көріп отырып тірек сөздерді дәптерлеріне жазып отырады. Тамашалап болған соң бейнефильм бойынша сөйлем құрастырады,өз ойларын білдіреді. Термин сөздермен жұмыс: «Инфрақұрылым», «Әлеуметтік инфрақұрылым», «рекреация» сөздеріне анықтама беріп,түсіндіру және айтып беру арқылы оқушыларды диалогқа түсіру.(Сөздердің мағынасын түсіну) Оқулықпен жұмыс.(түртіп алу әдісі) Тапсырмалардың орындалу нұсқаулығын беріп,1-2 оқушыдан түсінгендерін қайта сұрайды. Топтық жұмыс Оқушыларға тапсырмалар береді. Өз ойларымен жеке,жұпта,топта,бөліседі. 1. Әлеуметтік инфрақұрылымға (қызмет көрсету): білім беру, денсаулық сақтау, сауда, қоғамдық тамақтану, тұрмыстық қызмет көрсету, театрлар, кинотеатрлар т.б жатады. Осы қызмет көрсету түрлерін екі үлкен салаға топтастырыңыз:( тірек сызбаларды пайдалану арқылы өз пікірін білдіреді,орналасу схемасын құрастырады немесе макетін жасау)
Әлеуметтік инфрақұрылым сақтау дене шын-у
Әлеуметтік-мәдени Әлеуметтіктұрмыстық Үй -коммуналдық тұрмыстық сауда қызмет мәдениет білім көрсету және және өнер ғылым Осы сөздер мен сұрақтар бойынша оқушылар өздері жеке білгендерін дәптерлеріне жазады. «Ойлан-жұптас-бөліс» (жұппен жұмыс) Сосын топқа салады. Топта жиналған барлық ойларды бір оқушы сыныпқа ортаға салады. Бағдаршам мен бағалау Дескриптор -әлеуметтік инфроқұрылымды әлеуметтік-тұрмыстық және әлеуметтік-мәдени салаларына ажыратады. 2. Өзіңіз тұратын жерде әлеуметтік инфрақұрылымның қай элементтері жақсы дамыған? Мысалы :Мамыр ықшамауданында ойша саяхат жасау..Қызмет көрсету түрлерінің қажеттілігін анықтау.Жауабын кестеге жазу. (Топты аралап,мадақтау,ынталандыру сөздерін қолдану)
Бағдаршам мен бағалау Дескриптор - өзі тұратын жерде әлеуметтік инфроқұрылымның дамыған элементтерін анықтайды.
3. Әлеуметтік инфрақұрылымның маңыздылығына,(мысалы білім және ғылым,тұрмыстық қызмет, т.б.) соның ішінде сауданың ел экономикасының дамуындағы рөліне баға беріңіз, өз таңдауыңыз бойынша бір елді алыңыз. (Қазақстан мен Ресей арасындағы сауда-саттық байланысының маңыздылығын жан-жақты салыстырады.) «Қарама-қарсы»әдісі арқылы сауданың қажеттілігін айқындайды,өз пікірлерін дәлелдейді немесе қарсы шығады. Әр тапсырма соңында оқушылар өзін-өзі бағалайды) Бағдаршам мен бағалау
Дескриптор -ел экономикасының дамуындағы сауданың рөліне баға береді
|
Сұрақ-жауап
бейнеролик
слайд термин сөздер
оқулық
Флипчарттар Макет
Бағдаршам суреті,стикер.
Схема,кесте
Бағдаршам суреті,стикер
Бағдаршам суреті,стикер |
|||||||||||||||||||
Сабақтың соңы 36-42мин
43-45мин. |
Бүгінгі сабақты пайымдау арқылы,өз пікірлерін қорытындылап, жағдаятты шешеді. «ЭКСПО-2017» көрмесінің маңыздылығы,оның әлеуметтік инфрақұрылыммен байланысын анықтап,баға беру.
«Еркін микрофон» әдісі арқылы бүгінгі тақырып бойынша оқушылар бір - біріне сұрақ қойып, бір - біріне жауап беріп бірін - бірі бағалайды. 1.Бүгін Сіз не білдіңіз? 2.Бүгін Сіз үшін не ең керемет/таң қаларлық/қызықты/пайдалы не болды? 3.Бүгінгі сабақтағы сіз үшін қызықты болған ақпараттар мен мәліметтер қандай? Неге? Сіз үшін қиындық тудырған не нәрсе болды? Неге? Кері байланыс «Смайлик» әдісі
|
Жағдаят
микрофон |
|||||||||||||||||||
Саралау – Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырмалар бересіз? |
Бағалау –Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз?
|
Денсаулық және
қауіпсіздік
техникасын
сақтау. |
|
||||||||||||||||||
Саралау тапсырмаларды уақытты тиімді пайдалана отырып, сабақтың кез келген кезеңінде қолдануға болады. Тапсырмалар ойлауға негізделіп берілген. |
Оқушылардың тапсырмаларды қалай орындап жатқандығын мұғалім аралап жүріп анықтайды.Оқушылар кесте толтыру, картамен жұмыс жасайды. Берілген тапсырмаларды орындау нәтижесіне қарай өзін-өзі немесе жұп болып бағалайды. «Алма ағашына»
|
АКТ-ны пайдалануды межеден асырмау. Сергіту сәттерін ұйымдастыру. |
Сергіту видеолары
|