жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Ашық сабақ . Ауа райы. Метеорологиялық элементтер.7 сынып
Қысқа мерзімді жоспар
|
Мерзімі: 15.11.2018ж. |
Мұғалімнің аты-жөні: Карбозова Г.Т. |
||
|
Мектеп: |
№39 мектеп -гимназия |
||
|
Сабақтың тақырыбы: |
Ауа райы. Метеорологиялық элементтер. |
||
|
Сынып: 7 |
Қатысты: |
Қатыспады: |
|
|
Оқу мақсаты: |
7.3.2.3 - “Ауа райы” ұғымын түсіндіреді; 7.3.2.4 – метеорологиялық элементтерді зерттеу маңызыдылығын түсіндіреді (қысым, бұлттылық, температура, жел, жауын-шашын, ылғалдылық) ; 7.3.2.5 - метеорологиялық элементтерді өлшеу (қысым, бұлттылық, температура, жел, жауын-шашын, ылғалдылық) ; 7.3.2.6 - метеорологиялық элементтерді өлшеу негізінде синоптикалық материал дайындайды (қысым, бұлттылық, температура, жел, жауын-шашын, ылғалдылық)(жергілікті жер компоненті негізінде) . |
||
|
Сабақтың мақсаты: |
Жекелеген метеорологиялық элементтерді сипаттап, зерттеу маңыздылығын түсіндіру (қысым, бұлттылық, температура, жел, жауын- шашын, ылғалдылық). Жекелеген метеорологиялық элементтердің көрсеткіштер бойынша синоптикалық графикалық материалдар жасау |
||
|
Пәнаралық байланыс |
Физика, информатика |
||
|
Сабақ формасы |
Саяхат сабағы |
||
|
Тілдік мақсаттар |
Мәтінді оқи отырып метеорологиялық элементтерді (қысым, бұлттылық, температура, жел, жауын- шашын, ылғалдылық) сипаттайды және маңыздылығын түсіндіреді, қолдану аясын атайды. Суреттерді қоладана отырып, метеорологиялық құрал-жабдықтарды атайды, ажырата алады. Синоптикалық картаны сипаттай алады Лексика және терминология Ауа-райы, атмосфералық қысым, бұлттылық, температура, жел, жауын-шашын, ылғалдылық, құрал жабдықтар: термометр, гигрометр, барометр, анемометр, флюгер |
||
|
Қалыптастыратын құндылықтар |
Тұлғаның руханилық санасы - өмірдің мәнін, өз тағдырын халықтың тағдырымен ортақ деп түсіну қабілетін дамыту, жақын адамдарының алдындағы жауапкершілігін сезіну, өзінің жеке басына тән азаматтық және адамгершілік парызын орындау. Табиғатты аялауға, құрметтеуге үйрету. Жоғары рухани құндылықтар: махаббат, жақсылық, өмір мәні, ақиқат, еркіндік, сұлулық, адамның өзіндік құндылығы, лайықты өмір сүру, жалпы адамгершілік және т.б. . |
||
|
Жетістік критерийлері |
“Ауа райы” ұғымын түсінеді; Метеорологиялық элементтер зерттеудің маңызыдылығын түсіндіреді ; Температура, қысым, жауын-шашын және желге байланысты өзгерістерді өлшей алады ; Метеорологиялық элементтерді өлшеу негізінде синоптикалық материал дайындайды (жергілікті жер компоненті негізінде) Синоптикалық картаны оқиды. |
||
|
Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер |
Ауа райының ерекшеліктері........ ауа-райы дегеніміз - …. термометр, гигорометр, барометр, анероид, анемометр, флюгер ... өлшейді |
||
|
Алдыңғы білім |
Оқушылар осыған дейін ауа райы туралы білетін ойларын айта алады. Ауа райының элементтерін айта алады. 5-6 сыныптағы білімдері |
||
|
Қолданылатын ресурстар |
Синоптикалық карталар, Жұмбақтар Атлас , 6-7 сынып/2015-2016 ж/, Оқулық, 7 сынып |
||
|
Жоспар |
|||
|
Сабақ кезеңдері |
Жоспарланатын шаралар |
Ресурстар |
|
|
0-3мин |
І. «Ұйымдастыру аялдамасы».( сабаққа қажет болған жағдайда «Талап қою/Сұраныс бойынша аялдамасын»ұйымдастыруға болады) Оқушылармен амандасу, сыныпты түгендеу.Оқушыларды топқа бөлу.Сыныпта ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру . Балалар, біздің асыраушымыз да, панамыз да Табиғат – анамыз. Олай болса сабақты Табиғат – анаға тілек айтудан бастайықшы. Жер шары – ұлы әлем, Қоршаған біздерді. Ауадан тыныс ап Өседі ырыс – бақ. Денсаулық дауада, Демге күш ауада. Табиғатқа тілек айту және тақырыпқа шығу мақсатында «Нөсер» жаттығуы арқылы тақырыпқа шығу. (немесе жұмбақ жасыру: 1.Көзге ілінбеді, Жұтсаң білінбейді (Ауа) 2.Қолы жоқ, сурет салады Тісі жоқ, тістеп алады (Аяз) 3.Әуеден күбі түсті, Күбінің түбі түсті(Күн күркіреуі) -Бұл жаттығу/ жұмбақтар сіздерге тақырып туралы қандай ой шақырады? -Бүгін біздің қаламызда қандай ауа райы? -Бүгінгі сабақтың тақырыбы қандай болады деп ойлайсыздар? |
PowerPoint бағдарламасында жасалған презентация/ Активити«Нөсер» Жұмбақтар/ мүмкін 3 тілде айтылады, немесе алдын ала 3-4 оқушыға осындай тапсырма беріледі/ |
|
|
3-5 мин |
ІІ. «Жоспар аялдамасы» Сабақтың тақырыбы және жетістік критерийлермен таныстыру. Лексика мен терминологиямен таныстыру. |
PowerPoint бағдарламасында жасалған презентация. |
|
|
5-10мин 10-15мин 15-25мин 25-40 |
ІІІ. «Ауа райы элементтері аялдамасы» Оқушыларға сұрақ. Ауа-райын қалай зерттейміз? Оқушылардың жауаптарын тыңдау. Жаңа сабақты игеру. Топпен жұмыс. Ауа-райы элементтеріне талдау жасау. «Достық аялдамасы» Жұптық жұмыс. Оқушылар оқулықтарын пайдалана отырып, қысым, бұлт, жауын-шашын, ылғалдылық, жел ұғымдарын өздері оқып бір-біріне түсіндіреді. Бірін-бірі бағдаршам түстері арқылы бағалайды. «Маған ұнады... », «түсінбеген жерлер болды.....» «түсініксіз болды.....» Мұғалім қорытынды жасайды. Тапсырма №1 Сұрақ –жауап. Конверт тарату арқылы. ІV. «Тапсырмалар аялдамасы» Бекіту кезеңі Тапсырма №2 Атмосфералық қысым, температураның биіктікке байланысты өзгерісі және жел өрнегін салуға арналған есептерді шығарады. Температура, қысымға байланысты есептер шығару.
2 . Бір тәулік ішінде ауа температурасы 4 рет өлшенді. Онда мынадай көрсеткіштер көрсетілді: -3, +8,+14, +4. Осы көрсеткіштерді ескере отырып тәуліктің орташа температурасын анықта? 3. Күндізгі температура +34°С, ал түнгі температура +12°С.Тәуліктік температуралық амплитуданы анықта? 4. Тянь-Шаннь тауының жаз мезгілінде 1565 метр биіктігіндегі температура +14°С болса, сол уакытта Хан-Тәңірі шыңындағы температура нешеге тең? 5. Алматы қаласында жел оңтүстіктен 2 күн, солтүстіктен 5 күн, батыстан – 7 күн, шығыстан 3 күн, солтүстік батыстан 6 күн соқты. Жел өрнегін салыңыз.
Тапсырма №3 Рухани жаңғыру таяу жылдардағы міндеттерінің «Туған Жер» бағдарламасы бойынша өлкетану, экологияны жақсартуға , елді мекендерді абаттандыруға баса мән беруде .Өз өлкеміздің климотограммасымен танысып ауаны ластамау жолдарын атайық. Климатограмма бойынша жауап беріңіз: Тараз қаласының:
Қорытынды жазыңыз (суық және ыстық айлары туралы, жауын-шашын көп түсетін мерзімі және т.с.с) Тапсырмаларды орындап болғаннан кейін топтар бір-бірін бағалайды. «Бармақтар», смайликтер әдісі бойынша. |
PowerPoint бағдарламасында жасалған презентация 7 сыныптың оқулығы постер құру Кері байланыс Формативті бағалау жүргізу
Жауабы: 9°С Жауабы: 23/ 4=5,7 Жауабы: 22°С Жауабы: -18°С
С
Б О |
|
|
Соңы |
VI. «Бағалау аялдамасы» Қорытынды жасау. Оқушыларға жетістік критерийлерін қайтадан көрсету, сабақ мақсатына қайтадан оралу. Үй тапсырмасы: Бір айлық ауа-райын бақылау күнделігін жүргізуді бастап, 1 апта күнделігін толтырып әкелу. Бағалау. РЕФЛЕКСИЯ |
PowerPoint бағдарламасында жасалған презентация |
|
|
Қосымша ақпарат |
|||
|
Дифференциация – Сіз көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Сіз дарынды оқушыларға қандай тапсырмалар беруді жоспарлайсыз? Төмен қабілетті Орташа қабілетті оқушылар Жоғары қабілетті оқушылар. |
Бағалау – оқушылардың оқуын тексеруді қалай ұйымдастырасыз? |
Пәнаралық байланыс |
|
|
Кеңейту: |
|
АКТ |
|
|
Рефлексия Сабақтың мақсаттары/оқу мақсаттары қолжетімді болды ма? Оқушылар нені білді? Қандай оқу жағдайы қалыптасты? Оқу дифференциациясы тиімді дайындалған ба? Уақытты ұтымды пайдана алдым ба? Мен жоспарыма неліктен және қандай өзгерістер енгіздім? |
Төменде берілген бос орынды өз сабағыңызға рефлексия жүргізу үшін пайдаланыңыз. Сабағыңызға қатысты сол жақ бағанда келтірілген сұрақтарға жауап беріңіз. |
||
|
|
|||
|
Қорытынды бағалау Сабақтың қандай екі сәті сәтті өтті (оқуды да, оқытуды да қарастырғанда)? Сабақтың тиімділігін қандай екі жағдай жақсартар еді (оқуды да, оқытуды да қарастырғанда)? |
|||
|
Сабақты жүргізгенімде сынып туралы және сол сыныптың оқушылары туралы қандай ақпарат алдым, бұл ақпараттың келесі сабақты жоспарлауымда қандай көмегі тиеді? |
|||
шағым қалдыра аласыз




Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген