Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ашық сабақ : "Бағдаршам " ересек топ

Материал туралы қысқаша түсінік
Балаларға бағдаршам туралы түсінік беру , жол ережесін сақтауға үйрету
Материалдың қысқаша нұсқасы

Білім саласы: Коммуникация
Ұйымдастырылған оқу қызметі : Көркем әдебиет
Тақырыбы: "Бағдаршам" Ә. Табылдиев
Мақсаты: балаларды көлік түрлерімен таныстыруды жалғастыру. Бағдаршам туралы түсініктерін жетілдіру.
Білімділік: балаларды жолда жүру ережесімен және бағдаршам қызметімен таныстыру.
Дамытушылық: Зейінін, есте сақтау, түсті айыра білу қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: көшеде жүру ережесін білу арқылы жолда жүру мәдениетін үйретіп, сақтыққа тәрбиелеу .
Әдіс-тәсілдер: түсіндіру, сұрақ-жауап, саяхат, технологиялар арқылы өлеңді жаттау.
Көрнекіліктер: бағдаршам суреті, жол белгілері, сызбалар. т.б.
Іс- әрекет кезеңдері Тәрбиешінің іс-әрекеттері Балалар іс-әрекеті
I. Шаттық шеңбері
"Балауса" атты бақшаның
Тәрбиелі балауса
Алдыменен қонақпен
Амандасып алады
Сәлеметсіздер ме қонақтар!
Сәлеметсіздер ме балалар!
̶ Балалар бізде бүгін жай сабақ емес, ерекше сабақ. Өйткені, біз сендермен өз қаламыз Екібастұзды аралап, саяхаттап қайтайық. Ал кеттік ендеше.
̶ Балалар, біз бір аялдамаға келдік. Ол қандай аялдама екен.

̶ Дұрыс, мұнда кімдер жұмыс істейді?
̶ Оларды атқаратын міндеттері қандай?

Ал енді ары қарай кеттік
̶ Балалар қарандаршы тағы да бір аялдамаға келдік. Бұл қандай аялдама екен?
̶ Ия дұрыс. Мұнда кімдер жұмыс істейді?
̶ Дұрыс. Олар балаларға сабақ үйретеді.
̶ Жаяу жүргіншілер жолына жақындағанда жол сақшысы ( полиция) тоқтатады.
̶ Сәлеметсіңдер ме, балалар!
̶ Сендер қайда бара жатсыңдар
̶ Сендер неге тоқтап тұрсыңдар
̶ Бағдаршамның "жасыл"көзі жанғанын тосып тұрмыз
̶ Дұрыс,"қызыл"көзі жанғанда "тоқтаймыз"
̶ Сары жанғанда "дайындаламыз"
̶ Ой, сендер бәрін біледі екенсіңдер.
̶ Бағдаршамға нелер бағынады?
̶ Қандай көлік түрлерін білесіңдер?
̶ Сендер ақылды екенсіңдер.
̶ Жолдарың болсын! абайлап жүріңдер.
̶ Ал балалар ары қарай кеттік.
̶ Біз балабақша аялдамасына келдік. Өзіміздің балабақшамызға жеттік "Балауса" балабақшасына келдік.
̶ Жаңа балалар біз сендермен не көрдік?
̶ Ия бағдаршам көрдік.

Қазір біз сендермен Ә. Табылдиевтің
"Бағдаршам" өлеңін жаттаймыз.
̶ Бұл өлеңнің авторы ̶ Ә. Табылдиев портретін көрсету
Бағдаршам ( traffic light)
Менің атым̶ бағдаршам
Кеудем толы жанған шам
Қызыл көзім жанғанда
Сақ болыңдар тоқтаңдар!
Сары көзім жанғанда
Сабырлылық сақтаңдар!
Жасыл шамды көрсеңіз
Бола береді өтсеңіз!
Дидактикалық ойын:
̶Үнтаспадан көлік түрлерінің ( пойыздың гудогі, ұшақ дауысы, т.б. көліктердің) дыбыстарын естіп қандай көлік екенін айтады.
Дидактикалық ойын:
̶ Кімге не керек? Сызықпен қос.
мақсаты: балаларға мамандық түрлерін атап, олардың керекті құралдарын көрсету.
Сабақты сұрақ-жауап арқылы қорытындылау.
̶ Біз сендермен саяхаттағанда жолда нелерді кездестірдік ?
̶ Біз бүгін сендермен қандай өлеңді жаттадық , ол не жайлы?
Қортындылау
̶ Жолда ойнауға болмайды.
̶ Көліктерге тас лақтыруға болмайды.
̶ Жолда бір-біріңді итеруге болмайды.
̶ Көліктерге жармасуға болмайды.
Балалармен бірге:
Жол жүрудің тәртібін ережесін білеміз. Сақтанғанда қатерден сау-саламат жүреміз.


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
21.12.2017
1482
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12