Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ : "Блузканы модельдеу"

Материал туралы қысқаша түсінік
технология пәнінен ашық сабақ
Материалдың қысқаша нұсқасы


Ақтөбе қаласы

8 орта мектебінің технология пәні мұғалімі

Таскожина Мирамгүл Балмырзақызы


Сыныбы: 8 А

Тақырыбы: Блузканы модельдеу

Мақсаты: Блузка конструкциясымен танысу, модельдеуді үйрену.

Міндеттері:

Білімділік: үлгіні модельдеп, нұсқаулық карта бойынша жұмыс жасай білу;

Дамытушылық: теориялық білімдерін шығармашылықта пайдалана білуге, пәнге деген қызығушылығын тапсырмалар беру арқылы дамыту;

Тәрбиелілік: әсемділікке, ұқыптылыққа, бірізділікке, техника қауіпсіздік ережелерін сақтауға, тазалыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: дәстүрлі

Сабақтың типі: өзіндік жұмыс сабағы

Сабақтың әдісі: түсіндірмелі, сұрақ-жауап,демонстрациялық

Техникалық құралдар:компьютер,интерактивті тақта

Көрнекіліктер мен құрал-жабдықтар: : суреттер, лекало, желім, қайшы, қ ж және 2 ж қалам(лекало), қайшы, қалам, сызғыш, желім, мата.

Пәнаралық байланыс:сызу, геометрия, математика


Сабақ жоспары: 1. Ұйымдастыру кезеңі

2.Өткен сабақты қайталау

3.Жаңа сабақты түсіндіру

4. Кіріспе инструктажы

5. Сарамандық жұмыс

6.Бекіту инструктажы

7. Жұмыс орнын жинастыру


І.Ұйымдастыру кезеңі

  1. Кабинетті, тақтаны сабаққа дайындау;

  2. Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру;

  3. Арнаулы киімін тексеру;

  4. Құрал-жабдықтар мен материалдарды тарату;

  5. Өткен сабақта жүргізілген жұмыстарға талдау жасау;

  6. Сабақтың мақсаты мен тақырыбын айту;

  7. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру;

ІІ. Өткен сабақты қайталау

1. Өлшем, тәсіл, іс-қимыл бейнесі, әлеуметтік экономикалық құбылысы, бір талғамның уақытша үстем болуы - бұл...( сән.)

2. Қазіргі сәнде неше бағыт бар?(2)

3. Ұзындығы мен ені бойынша адам мүсінінің пропорциясына жақындау келетін геометриялық фигуралардың сыртқы кескіні - бұл...( силуэт)

4. Бұйымның ойластырылған үлгісін жасауға мүмкіндік беретін пішім сызыктары - бұл...( пішім)

5. Манер, сипат, ерекшелік - бұл... (стиль)

6. Силуэттің неше түрі бар?(4)

7. Стильдің неше түрі бар? (4)

8. Сән киімдерін шығаратын кім?( сәнгерлер)

9. Барлық өлшемдері неше топқа бөлінеді? (4)

10. Қай өлшемдер жартылай жазылады? (орамдары)

11 . Киімнің берілген үлгісін алу үшін адамның тұлға өлшемін үлкейтугекеректі шама - бұл... (қосымшалар)

12. Бұйымды әшекейлеу және киім киген кезде қолайлы болу үшін қолданылатын көмекші материалдар (фурнитура)

13. Модельдеу дегеніміз не?

14. Конструкциялық сызық дегеніміз не?

15.Модельдеудің қандай түрлері бар?


Білемін

Білгім келеді

Үйрендім

Модельдеуді

Жаңа модельдің конструкциясын жасауды

Жаңа сызық түсіру арқылы жаңа конструкция алуды


ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру

Блузканы, белдемшені немесе көйлекті кез келген фасонда тігу үшін негізгі сызбадан пішім бөлшектеріндегі сызық бағыттарының өзгеру қағидасын біліп алу керек.

Блузканы негізге ала отырып, әдемі, әсем киімдердің әртүрлі нұсқауларын табуға және оларды белдемшемен, шалбармен үйлестіріп киюге болады.

Блузканың жаңа фасонын жасау үшін иніш сызықтарын, мойындық пішімдерін, кеуде бүкпесін өзгертуге болады. Негізгі сызба пішімдері үшін кеуде бүкпесі кеуде тұсының шығыңқы тұруын қамтамасыз ету үшін керек.

Мұндай бүкпесіндерді тек қана иық сызығынан түсіру міндетті емес. Негізгі жоғарғы кеуде бүкпесінін бөлшектің кез келген жерінен түсіруге болады. Пішім негізіне жаңа бүкпесін бағытын көрсетіп белгілеп, сол сызық бойымен қияды, содан

соң алыңғы бүкпесінді жауып, жаңасының арасын ашу керек.



































































Кеуде бүкпесін бел сызығына ауыстыру

Модель фасоны Кеуде бүкпесін ауыстыру Дайын пішім



Кеуде бүкпесінен бел сызығына дейін тік сызық түсіреді. Кеуде бүкпесін жабыстырған кезде бел бүкпесі пайда болады

























ІV. Кіріспе инструктажы.

  1. Техника қауіпсіздік ережелерін еске түсіру;

  2. Санитарлық гигиеналық ережелерді еске түсіру;

  3. Нұсқау карталарын тарату;

V.Сарамандық жұмыс.

10 – зертханалық жұмыс 32 бет

Кеуде бүкпесін алдыңғы бой ортасына ауыстыру

Құрал – жабдықтар мен материалдар: жұмыс қорабы, сызғыш, ҚЖ және 2Ж қалам, лекало, ластик (шіргіш), желім, қайшы, жоғарға бүкпесінімен алдыңғы бой пішімі.

Тапсырма: Кеуде бүкпесін алдыңғы бой ортасына ауыстыру.

Жұмыс барысы:

  1. Модель эскизімен мұқият танысу

  2. V тәрізді етіп мойындық сызығын белгілеу.

  3. Кеуде бүкпесінің ортасынан алдыңғы бой ортасына перпендикуляр сызық түсіру. Пішімді белгі бойынша қию.

  4. Алдыңғы бүкпе орнын жабу, солңғы бүкпе арасын ашу.

А) ә) б) в)

VI.Бекіту инструктажы.

  1. Сабақты қорытындылау



блузка көйлек

DrawObject2 DrawObject1











  1. Бағалау:бағаларын хабарлап,күнделіктеріне қойып беру.

  2. Үйге тапсырма беру: жаңадан 1 модель ойластырып, сол модельдің конструкциясын сызып келу

Жұмыс орнын жинастыру

















Кеуде бүкпесін алдыңғы бой ортасына ауыстырудың нұсқау картасы

Өңдеу тәсілдері

Пайдаланатын құралдар

Технологиялық сұлба

1



Модельмен мұқият танысу



2

V тәрізді етіп мойындық сызығын белгілеу



Қара қалам


3

Кеуде бүкпесінің ортасынан алдыңғы бой ортасына перпендикуляр сызық түсіру. Пішімдегі белгі бойынша қию.

Қалам, сызғыш, қайшы


4

Алдыңғы бүкпе орнын жабу, соңғы бүкпе арасын ашу





Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
04.02.2019
630
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12