Материалдар / Ашық сабақ ,, Денсаулық құпиялары,,
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ашық сабақ ,, Денсаулық құпиялары,,

Материал туралы қысқаша түсінік
Ашық тәрбие сағаты денсаулық жайлы балдарға жалпы түсінік беру Тақырыпты ашу қойған мақсаттқа жету
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
01 Сәуір 2022
278
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Бағыты: Дене тәрбиесі және салауатты өмір салтын қалыптастыру тәрбиесі.

Тақырыбы: «Денсаулық құпиялары»

Мақсаты: «Денсаулық» ұғымының адамгершілік құндылығы ретінде мәнін ашу. Жас ұрпаққа адам денсаулығының қымбаттылығын, өмір сүру үшін қажеттілігін, бағалы байлық екенін түсіндіру. Оқушыларға дені сау, білімді, тәрбиелі, мейрімді, салауатты, әдемі қазақ азаматы болуға тәрбиелеу.

Міндеттері:

  • Денсаулықты сақтау, нығайту қажеттілігі туралы түсініктерін кеңейту.

  • Денсаулығын нығайтуға қызығушылығын арттыру.

  • Салауатты өмір салтына қатысты негіздеулерді тұжырымдау.

Көрнекіліктер: Нақыл сөздер, суреттер. слаид. мақал – мәтелдер.

Шаттық шеңбері:

Қунанамын мен де (өзін көтереді)

Қуанасың сен де (жанындағы досын көтереді)

Қуанайық, достарым, (бір – бірін қолдарын ұстайды)

Арайлап атқан күнге. (қолдарын жоғары көтереді)


Ұйымдастыру кезеңі.

  • Сәлемдесу.

  • Құлақ қабылдағышты қосу, есту мөлшерін анықтау.

  • Сен қалай естейсің?


Тіл бұрышымен жұмыс.

«Т» - Дыбысы.

Буынды оқы: Та - тә, то – та, ат – от.

Сөзді оқы: Табақ, табиғат, тағам.

Сөйлемді оқы: Талғат таудың табиғатын тамашалады.


Күнделікті сөздер.

- Бір жылда неше мезгіл бар? Бір жылда төрт мезгіл бар.

  • Күз айларын ата! Қыркүйек, казан, қараша.

  • Күз ерекшеліктерін ата! Күн суытады, жапырақтар сарғайады, құстар жылы жаққа ұшып кетеді, жер қараияды, жауын жиі жауады.

  • Күз айларындағы мерекелерді ата!

Балалар бүгін біз сендермен денсаулық құпияларымен танысамыз. Біздің алғашқы аялдамамыз – « Таза ауа» деп аталады. Таза ауа адамның тыныс алуына қажетті оттегі жеткізеді, дұрыс өсуіне көмектеседі. Таза ауа денсаулықты сақтаудың 1 – ші құпиясы. Табиғат таза болса, ауа таза болады. Сондықтан да табиғатты сүю жанға сқлулық береді. Канеки барлығымыз бірге қосылып мыны өлең жолдарын оқиық.

Басты байлық – денсаулық

Бабаң айтқан даналық,

Ол үшін қозғалып,

Таза ауа жұт көбірек.


Тыныштық сәті.

Балалар, денелердің түзу ұстап, бастарыңды жоғары көтеріп, ыңғайланып отырыңдар. Көзімізді жұмып, ауаны терең жұтып, еркін тыныс алыңдар. Өздеріңнің тыныс алуларыңды бақылып, махаббат пен тыныштыққа толы таза, шипалы ауаның тұла бойларыңа толғанып сезінесіңдер. Ал енді көздеріңді ашыңдар.

Енді балалар келесі аялдама «Табиғи су» деп аталады.

Су біздің тәнімізге тәнімізге азық, жанымызға тыныс сұлулық береді. Су болмаса

Өсімдіктер өспейді, ал өсімдіктер болмаса таза ауа болмайды. Табиғи суға шомылсаң денең шынығады. Енді мына өлең жолдарын бірге оқиық.

Су – табиғат байлығы,

Өзен- көлге барғайсың.

Кемі екі рет әр күні,

Суға түсіп алғайсың.

Балалар судың жағасында судың сылдырлай аққан дыбысын тыңдап, көздерін жұмып отырады. (музыка жәй қойылады)

Міне, сылдырлай ағып жатқан таза су әуенмен су кереметіне малынып отырмыз. Бір – бірімізге су шашып, малынып, қуанышымыз қойнымызға сыймай барады. Тап таза салқын су шаршағанымызды басып, денемізді лезде сергітті. Бойымызға ерекше күй, күш-қуат береді. Судың біз үшін қаншалықты пайдалы екенін түсіндік.


Балалар біздің келесі аялдамамыз «Спорт – біздің досымыз» деп аталады. Денсаулықты сақтау мен нығайтудың үлкен бір құпиясы – спорт. Ойткені ол денеңді шынықтырады, сергітеді, жаныңа күш-қуат береді. (үнтаспадан көңілді әуен қойылады) барлығымыз бірге өлең жолдарын оқимыз.


Жазда суда жүземіз,

Құмда күнге күйеміз.

Жалаң аяқ жүреміз,

Қыста қызып денеміз.

Коньки шаңғы тебеміз,

Жалқаулықты тастаймыз,

Жаттығуды бастаймыз.


Сергіту сәті.


Келесі аялдама «Жан сұлулығы» деп аталады. Өйткені жанның сұлулығы денеңе сұлулық, тәніңе сымбаттылық береді. Өлең жолдарын бірге оқимыз.


Жақсылық айтып басқаға,

Ортаға ойды салғайсың.

Тек мақтанба, жасқанба,

Сұлу жанды болғайсың.


Ойын – жаттығу: «Пайдалы –зиянды»

Шарты: (Сурет беріледі) Балалар мыналардың денсаулық үшін пайдалы не зиянды екенін ажыратасыңдар.


Shape1 Жаттығу жасау Күн тәртібін сақтау.

Shape2

Shape5 Shape4 Shape3

Пайдалы

Пайдалы

Shape6 Жемістерді жуып жеу Дұрыс тамақтану

Таза ауада ойнау










Shape8 Shape7 Темекі шегу Ағаштарды сындыру



Shape9 Shape11 Shape10

Зиянды

Зиянды:

ҚShape12 оқыс тастау Көп ұйықтау

Shape13 Жемістерді жумай жеу. Тб

Ойын: Бір сөзден бірнеше сөз табу.

Shape15 Shape14

Денсаулық

Сау

Shape16 Саулық

Shape17 Сан

Shape18 Shape19 Сен

Ақ



Мақал – мәтелдерді жалғастыру.

1. Денсаулық - ...

2. Дені саудың. ...

3. Шынықсаң - ...

4. Ауру жолмен кіріп, ...


Тақпақтар.
Басты байлық – денсаулық.

Құру үшін сан саулық.

Бабам айтқан даналық,

Керек жақсы денсаулық.


Салауатты өмір салтын қолдайық,

Ата –ана ел үмітін сақтайық.

Өмірдегі басты байлық дейтұғын.

Бірінші байлық – денсаулықты сақтайық.


Суретпен жұмыс.


Соңғы аялдама «Жақсылық кені» деп аталады. Жақсылық жақсы істерден, жақсы әрекеттерден, жақсы сөздерден құралады. Жақсы сөз – денсаулықтың құпиясы. Бұгін сендерге айтып өткендей, жаныңның жақсы болғаны , осы аялдамада тоқтаған адамдар

бір-біріне үнемі жақсылық жасайды, жақсы сөздер айтады. «Жүректен жүрекке»


Тәрбиеші бастап, оқушылар қоштап бір – біріне жақсы тілектер білдіреді.

  • Денің сау болсын!

  • Спорт сенің досың болсын!

  • Ешқашан ауырма!

  • Денсаулығың мықты болсын! – деген жақыс тілек тілеп, шарды сыйға таратады.


Қорытындылау.

Балалар сендер бүгін қандай денсаулық құпйяларымен таныстыңдар?

Олар; жан сұлулығы, жақсылық кені. Осылардың бәрін орындасық жанымыз сау болады, тәніміз сау болады. Жанымыз бен тәніміз сау болса өмірде бақытты боламыз.

Бүгінгі ашық тәрбие сағаты сендерге ұнады ма?

  • Бүгін біз сабақта не істедік? Денсаулық құпиядарын білдік,

  • Пайдалы зиянды заттарды білдік,

  • Бір сөзден бірнеше сөз құрадық.

  • Мақал –иәтел жалғасын таптық.

  • Тақпақтар айттық.

  • Суретпен жұмыс жасадық.

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!