400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 30 материал табылды

Ашық сабақ : "Ел болашағы жастардың қолында "

Материал туралы қысқаша түсінік
Ел болашағы жастардың қолында сабағы
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ел болашағы жастардың қолында

Бөлім:

11- тақырып. «Мәңгілік елдің нұрлы жолы» Н. Ә. Назарбаев «Қазақстан жолы» (үзінді)

Педагогтің аты-жөні:


Күні:


Сыныбы: 8

Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

1-2-сабақ. Ел болашағы жастардың қолында

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты

8.1.4.1-орта көлемді прозалық, драмалық және поэзиялық шығармалардан үзінді тыңдау, тақырыбы мен идеясын талдау.

8.4.1.1-мәтіндердің жанрлық және стильдік ерекшелігін сақтап, шағын мақала жазу;
8.5.2.1-жазба жұмыстарында талғаулы салалас құрмалас сөйлемдерді құрастыру

Сабақтың мақсаты:

Мәтіндердің тақырыбы мен идеясын талдайды, шағын мақала жазады, талғаулы салалас құрмалас сөйлемдерді құрастырады

Сабақтың барысы:

Сабақ кезеңі

Педагогтің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

Қызығушылықты ояту.


Оқушылармен амандасу, түгендеу. Сынып реттілігін қадағалау.

Психологиялық ахуал қалыптастыру. Мұғалім ынтымақтастық атмосферасын орнату үшін «Шаттық шеңберін» құрады. Оқушылар бір-біріне жақсы тілектер тілейді.

Қызығушылықты ояту. Оқушылардың жаңа сабаққа қызығушылығын арттыру мақсатында интерактивті тақтадан тақырыпқа қатысты ой шақыру сұрақтарын қояды:

«Жолдау» деген не? • Жолдаудың негізгі мақсаты қандай? (1-тапсырма)

Мақсаты:

Оқушылардың айтылым дағдысы қалыптасады

Тиімділігі: Оқушылар жақсы сөздер айту арқылы жақындасады, көңіл-күйлерін көтереді.

Интерактивті тақта

Жаңа сабаққа кіріспе




Айтылым. Жазылым. Қанатты сөздерді жазу.

Сөздердің біреуін тақырып ретінде алып, ой бөлісу.

Ойбөліске қойылатын талаптар:

тақырыптан ауытқымау;

регламент сақтау;

сөз әдебін сақтау;

тіл сауаттылығы;

өзіндік ойы мен көзқарастарын жүйелі жеткізу (2-тапсырма).

Өз ойын дұрыс мағынада білдіріп, талқылауға белсенділікпен қатысқан оқушыға «Жарайсың!» деген мадақтау сөзімен ынталандыру.

Интерактивті тақта

Сабақтың ортасы

Мағынаны ашу.















c

С өздікпен жұмыс. Мұғалім интерактивті тақтадан тақырыпқа қатысты жаңа сөздерді «Сандық ашу» әдісі арқылы таныстырады. Оларды оқиды, оқушыларға қайталатады. Аудармасын жаздыртады.

Тыңдалым. Жаңа сөздерді тыңдайды, қайталайды. Айтылым. Дұрыс айту үшін ауызша жаттығу жүргізеді.

Бас бармақ







Мәтінмен жұмыс.

Оқылым.

Оқулықтағы 3-тапсырманы орындатады

Мәтінді оқиды.

Мәтіннің идеясын анықтайды.

Өзара бағалау

Оқулық, жұмыс дәптерлері.

Сызба

Тілдік бағдар. Мұғалім оқушыларға талғаулы салалас құрмалас сөйлемдерді меңгертеді. Грамматикалық тақырып туралы мағлұмат береді, мысалдар келтіреді.


Оқулық

Жазылым.

Оқулықтағы 4 - тапсырманы орындатады.

Көп нүктенің орнына тиісті қосымшаларды қойып, сөйлемді жазады. Не себепті қосымшаларды қойғандарын түсіндіреді.

Өзара бағалау


Тыңдалым. Айтылым.

5 - тапсырманы орындатады.

Мәтінді тыңдайды. Мәтіндегі жастарға арналған сөзді монолог түрінде баяндайды.

Дескриптор:

- мәтінді түсінеді;

- мәтінді баяндайды

Оқулық, жұмыс дәптерлері.


Оқылым. Оқулықтағы 8 - тапсырманы орындатады

Мәтіндегі ақпараттың дұрыстығын көрсетіп, ойларын айтады.

Бас бармақ

Оқулық

Жазылым.

Оқулықтағы 6, 9-тапсырманы орындатады.

Шылауларды пайдаланып және берілген сөйлемдерді жалғастырып, талғаулы салалас сөйлем құра

Бас бармақ


Сергіту сәті.

«Қар кесектері» ойынын ұйымдастырады.

Әр оқушы ақ қағазға тақырыпқа қатысты бір сөзден жазып, умаждап бір-біріне лақтырады, кім қандай сөзді қағып алады, сол сөзді қатыстырып, 2 не 3 сөйлем құрайды.

Мадақтау

Ақ парақтар

Мәтінсоңы жұмыс. Жазылым.

Оқулықтағы 7-тапсырманы орындатады.

Түсінгендерін айтқызады.

Мәтін бойынша «Қос жазба» күнделігін толтырады. Түсіндіреді.

Өзара бағалау

Оқулық

Мұғалім жаңа тақырыпты бекіту үшін «Елдің болашағы жастардың қолында» деген тақырыпта мақала жаздырады.

 (10-тапсырма).


Өзара бағалау


Сабақтың соңы

Ой толғаныс.

Рефлексия


Рефлексия:

«Еркін микрофон» әдісі.

Мұғалім оқушылардың сабаққа деген көзқарасын, рефлексиясын тыңдайды.

Оқушылар бүгінгі сабақтың мақсаты, тақырыбы бойынша өз ойын айту арқылы сабаққа қорытынды жасайды.

Формативті бағалау. Мұғалім оқушыларды «Жапондық бағалау» әдісі арқылы бағалайды. Яғни, «Дұрыс келісемін», «Толықтырамын, басқа көзқарасым бар», «Менің сұрағым бар».




Үйге тапсырма

8-тапсырма





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
06.04.2026
14
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі