Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

ашық сабақ " Көктем базарлығы"

Материал туралы қысқаша түсінік
мектепке дейінгі мекемелерге , тәрбиешілерге ашық сабақ
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ересек тобы үшін ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің

Білім беру саласы: Коммуникация

Бөлімдер: Сөйлеуді дамыту

Тақырыбы: Көктемнің базарлығы

Мақсаты: Өткенді қайталап, қорытындылау барысында алған білімдерін бекіту, тілдерін дамытып, дүниетану мен ойлау қабілеттерін арттыру, сөйлемді дұрыс құрай білуге, ойларын еркін жеткізе алуға мүмкіндіктер туғызу, сөздік қорларын байытып, тез дәне дұрыс шешім қабылдауға баулу.

Көрнекі құралдар: үлестірмелі карточкалар, түрлі тақырып төңірегіндегі суреттер, доп, пазлдар.

Әдіс-тәсілдер: сұрақ-жауап, көрсету, әңгімелеу, суреттеу, қимылды іс-әрекеттер.

Пәнаралық байланыс: Қоршаған ортамен таныстыру, музыка, математика, құрастыру.

Билингвальды компонент:көктем - весна

Оқу

іс-әрекет кезеңдері

Тәрбиеші әрекеті

Балалар әрекеті

Мотивациялық-

қозғаушылық

*Жылулық шеңбер

Арайланып таң атты,

Алтын сәуле таратты. Жарқырайды күніміз,

Жарқырайды даламыз,

Қайырлы күн, қонақтар!

* Көктем мезгілі туралы сұрақтар қойылады.


Балалар келген қонақтармен сәлемде-

сіп, орындарына жайғасады.

Сұрақтарға жауап беріп, көктемнің алғашқы белгілерін бір-бірлеріне доп бере отырып айтады.




Ұйымдастырушылық

ізденушілік

*Көктем, көктем, көктемде,

Құстар келіп жеткенде.

Қуанып бір қаламыз,

Әсем әнге саламыз.

*Ішке Көктем ханшайымы кіріп келеді. Өзі көңілсіз.

- Сәлемет пе, Көктем ханшайымы! Көңіл-күйіңіз неге болмай тұр?

- Айналайындар-ау, сендерге алыстан арқаланып базарлық алып келе жатыр едім. Айтпақшы, менің көбелектерім сендерге жеткізді ме?

- Иә, мынау тұрған сол-ау. (Үстіндегі жабуы ашылады. Екі көбелек жеткізген сандық шығады).

- Алайда аузында құлпы бар ғой.

- Менің де көңілсіз болуымның себебі – сол. Асу-асу таулардан, қанша өзен көлдерден келе жатып, осы құлыпты ашатын мына бір сиқырлы гүл-кілтімнің күлтешелерін жоғалтып алыппын.

- Гүл-кілтіңіздің күлтешесі қанша еді?

- Жетеу. Маған оларды табуға көмектесесіңдер ме? Базарлығымды беріп көңілім жайлансын.

- Әрине, Көктем ханшайымы біз сізге көмектесеміз. Сіз мұнда жайғасыңыз. Қазір менің ақылды балаларым күлтешелерді тауып гүл-кілтіңізді құрап береді, солай емес пе, балалар?

1-слайд: гүлдің қызыл күлтешесін және хат алып бара жатқан қарлығаштар суреті. Олардың хатындағы тапсырмасы: Жыл мезгілдерін анықта және сипатта.

2-слайд: бәйшешектердің арасында гүлдің көк күлтешесі және хат түсіп жатқан суреті. Ол хаттағы тапсырма: Үй жануарларын және олардың төлдерін ата.

Осы тапсырмаға қосымша: үй жануарлары туралы жұмбақтар жасырылады.

  • Кездесті бір жануар,

Үстінде екі тауы бар.

  • Кішкентай ғана бойы бар,

Айналдырып киген тоны бар.


  • Жарға шығып ойнайды,

Ойынға бір тоймайды.

Болса-дағы сақалы,

Секеңдеуді қоймайды.

- Қамыс құлақ, тостаған тұяқ, мінсең қанат, сүті дәрі, еті тамақ.

3-слайд: Гүлдің жасыл күлтешесін ұстап, енді бірі хат ұстап тұрған көбелектер суреті. Хатта жазылған тапсырма: «Не артық?» Артық суретті тап, себебін түсіндір.

* Сергіту сәті

Жел уледі: у-у-у.

Құйын келіп биледі: зу-зу-зу.

Қатты-қатты жел соқты: гу-гу.

Жапырақтар қол соқты: ду-ду.

Шыдай алмай жапырақтар: ах-ах.

Билеп кетті қалтырап: пах-пах.

4-слайд: Жауқазындардың арасында жаңбыр астында жатқан гүлдің сары күлтешесі мен хат суреті. Хаттағы тапсырма: «Жануарлар не жейді?»

5-слайд: Су бетінде түсіп жатқан гүлдің тоқсары күлтешесі мен хат ұстап тұрған аққулар суреті. Хаттағы тапсырма: Отбасы туралы мақалдар айтыңдар.

Тапсырма ойын түрінде орындалады.

6-слайд: хат пен гүлдің күлгін күлтешесін алып кетіп бара жатқан тырналар суреті.

Хаттағы тапсырма: «Кім жылдам?». Сұрақтарға тез жауап беріңдер.

+Бір сөзбен ата:

  • Ата, әже, әке, шеше, аға, іні, әпке, қарындас, сіңлі – олар:

  • қызғалдақ, бәйшешек, жауқазын, раушан – олар:

  • картоп, қияр, қызанақ, сәбіз – олар:

  • алма, алмұрт, банан, өрік, алша – олар:

  • стақан, тәрелке, табақ, кесе, қазан – олар:

  • кітап, қалам, дәптер, сызғыш, өшіргіш – олар:

  • дәрігер, мұғалім, әнші, аспаз, суретші – олар:

  • түйе, қой, сиыр, ешкі, жылқы, күшік – олар:

+Ол не? Ол кім?

  • Ол – жеміс, дәмді, түсі қызыл, сары болады, оны жейміз, домалақ пішінді, ағашта өседі.

  • Оның іші суық, оған балмұздақ саламыз, сүт, ет, май саламыз.

  • Онымен жаңалықтарды, мультфильмдерді көреміз. Жарық болмаса, ол жұмыс істемейді, ол барлық үйде болады, одан дауыс шығады.

  • Оны қонақтар келгенде пісіреді. Ол үшін анамыз қамыр жаяды, бетіне көп ет салады. Ыдысқа салып, қонақтарға береді.

  • Ол қыран құс. Біздің Қазақстанның туында суреті бар.

  • Ол бізді тәрбиелейді, балабақшада жұмыс істейді, бізге қарайды, тамақ береді, далаға шығарады.

7-слайд: Хат пен гүлдің көгілдір күлтешесін ұстап тұрған қоңыздардың суреті. Хаттағы тапсырма: «Кім бірінші?» Суреттердің көлеңкесін табыңдар және пазлдарды құрастырыңдар.


*Әр тапсырма орындалған сайын күлтешелер гүл-кілтке жапыстырылып отырады. Барлық күлтешелері табылған Көктем ханшайымы балаларға ризашылығын білдіріп, сандықты ашпақ болады. Ашу үшін сиқырлы сөз айту керектігін ескертіп, балалармен бірге айтады:

  • Алтын сандығым, ашыл,

Ішінен шашу шашыл.

Сандық ашылып, балаларға сыйлықтар ұсынылады.


Тақпақты барлығы бірігіп айтады.





Балалар Көктем ханшайымымыен сәлемдеседі.























Балалар слайдтан гүл-кілттің күлтешелерін санап, түстерін анықтап айтып береді.




- Ия. Көмектесеміз.



Ортаға төрт бала шығып стол бетінде жатқан жыл мезгілдерінің суреттерінің ішінен өзіне тапсырылған мезгіл суретін жинайды және суреттеп береді.


Қандай үй жануарлары бар екенін атап шығып, оларды төлдерінің суреттерін слайдтан тауып көрсетеді.


  • Түйе


  • Қой




  • Ешкі



  • Жылқы.



Балалар көрсетілгін суреттер бойынша артық затты табады, әрі себебін түсіндіреді.




Балалар бірге қимыл-қозғалыспен келтіре отырып айтады.







Тақтада ілініп тұрған жануарлардың суреттерінің астына жейтін заттарының суреттерін кезекпен қойып шығады.



Лақтырылған допты тосып алған бала отбасы туралы мақалдар айтады.











  • отбасы



  • гүлдер


  • көкөністер


  • жемістер


  • ыдыстар


  • оқу құралдары


  • мамандықтар


  • үй жануарлары





  • алма



  • тоңазытқыш






  • теледидар





  • бесбармақ



  • бүркіт





  • тәрбиеші





+Бес-алты бала тақтадағы жануарлардың көлеңкесін табады.

+Келесі бес балаға пазл құрастырады. Қандай жануардың суретін құрастырғанын айтады.





Балалар сиқырлы сөздерді айтады.


Балалар да Көктем ханшайымына және келген қонақтарға өз сыйлықтарын ұсынады.


Рефлекциялық -

түзетуші

*Бүгінгі сабақтан алған әсерлері сұралады. Көктем ханшайымын ортаға алып, жылулық шеңбер жасалады.

*Күн, сәуле шашқаның үшін рахмет!

Аспан, таза ауаң үшін рахмет!

Бұлт, жаңбыр сепкенің үшін рахмет!

Ағаш, көлеңкең үшін рахмет!

Табиғат, сұлулығың үшін рахмет!


Өз әсерлерімен бөліседі.


Жылулық шеңбер құрап, табиғатқа алғыстарын білдіреді.


Күтілетін нәтиже:

Орындайды: Өткен тақырыптардан алған білімдерін бекітеді. Сөздік қорларын байытып, ойлау қабілеттерін арттырады. Көктемнің алғашқы белгілері туралы білімдерін тереңдетеді. Табиғатқа деген жанашырлық сезімдері оянады.

Түсінеді: Базарлық сөзімен танысып, мән-мағынасын түсінеді.

Қолданады: Тез ойланып, жылдам жауап беруге дағдыланады. Күнделікті қолданыстағы сөздерді дұрыс айта білуге үйренеді.

















Білім беру саласы: «Қатынас»

Оқу іс-әрекеті: «Сөйлеуді дамыту»

Тақырыбы: «Көктемнің базарлығы»





Өткізген: тәрбиеші

Искакова Гульзамира Сермаханқызы



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
16.10.2020
447
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12