Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ : Көңілді саусақтар

Материал туралы қысқаша түсінік
мектепке дейінгі білім беретін мекеме ән-саз мамандарына
Материалдың қысқаша нұсқасы

Білім беру саласы: Шығармашылық

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті: Музыка

Тақырыбы: «Көңілді саусақтар»

Сабақтың түрі: Топтық

Мақсаты:

Білімділік: Дене мүшелерін игеріп, қолды, аяқты қимылдата отырып әуенмен бірге қимылдап жасауға үйрету.

Дамытушылығы: Ырғақпен ілесе қимыл жасауға дағдыландыру.

Түзетушілік: Баланың таным қабілетін жетілдіру

Методикалық әдіс-тәсілдер: Сұрақ-жауап, үйрету, көрсету, қимылды ойын

«Көңілді тышқан»

Көрнекіліктер: Алақан, қол суреттері, аяқ суреттері, ойыншық тышқан


Әрекет кезеңі

Маманның іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық

қозғаушылық


Ұйымдастыру кезеңі:

Балаламен амандасу

Шаттық шеңбері:

Балаларды шеңбер жасап тұрғызып алып, әуенге сай қимыл-қозғалыс жасату.


Жарқырайды күніміз

Жайнай түсті даламыз

Біз ерекше баламыз

Айтқан тілді аламыз

Достарымызды көргенде

Қуана қарсы аламыз

Қолдарын жоғары көтеріп

Құшақтарын ашады.




Балалар сәлемдеседі.


Әуенге сай қимыл қозғалыс жасауға талпынады.


Балалар қолдарын жоғары көтереді.


Қолдарын алға жаяды.


Қолдарын құшақтарына алады.

Іздену- ұйымдастырушы


- Жарайсыңдар балалар!

Енді орнымызға отырайық.

- Балалар күн қандай әдемі?

- Сендер қандай әдемісіңдер!

Балаларға суреттер көрсету.

- Мынау не?

- Қол

Кәне балалар қолымызды көтерейік.

- Қолдың саусақтарымен ойнайық.

Саусақты жұмамыз.

Саусақтар ұйықтап жатыр.

Саусақтар оянады. Саусақтарды ашамыз, былай-былай қозғалады.

- Ал мына суретте не бар?

- Аяқ

Кәне бәріміз аяғымызға қарайық. Аяқпен не жасауға болады?

- Еденге топылдатып ұруға болады

- Қазір мен сендерге әдемі ән айтып берейін.

Әнді синтезаторда айтып беру.

«Көңілді саусақтар» - әні: Н.Нүсіпбаев, сөзі: Ж.Смақов.

Бала, бала балапан,

Кәне қайсы алақан

Саусақтарың әйбат

Былай-былай ойнат.

Топ-топ, топ-топ басайық

Жалаудан күн жасайық

Жаса, жаса жарқын күн

Жаса, жаса алтын күн


Әнді орындау барысында алдымен алақанды, содан соң саусақтарды әуенмен көрсетеді.

Екінші шумағында аяқты әуенмен топылдатады, қолды жоғары көтеріп аяқтайды.

Әнді қайталауда таспаны пайдалану. Балаларды ортаға шақыру. Ән бірнеше рет қайталанғанда балалардың қимылдары бір-біріне үндесіп, бірге жасауға үйренеді.










































Балалар жауап беруге тырысады.


Қолдарын, саусақтарын көрсетуге тырысады.


Қолдың, саусақтарын көрсетуге тырысады.



Аяқтарына қарап еденге топылдатады секіреді».






Балалар әнді тыңдап, ілесе қимылдауға тырысады.







Әуенге ілесе қолды жоғары көтеруге, аяқты топылдатып қимыл жасауға талпынады.

Балалар ортаға шығады.

Музыкамен ілесіп, әуенге қосылып, қимыл жасауға тырысады.

Рефлексті коррекциялаушы

- Жарайсыңдар балалар!

«Көңілді тышқан» ойыны

- Балалар, қараңдаршы тышқан біреуден қашып қолғапқа тығылып қалыпты.

Тышқаннан сұрайықшы

Сәлеметсіңбе тышқан!

Саған не болды?

Дірілдеп тұрсыңғой?

(Тышқанды құлаққа тақап тыңдау)

Таспадан мысық дабысы естіледі.

- Ой, ой, ой

Бұл мысық дыбысы ғой.

Балалар тышқан мысықтан қашып тығылып жатыр екен.

Тышқанның көңілін көтеріу үшін онымен бірге ойын ойнайық.

«Көңілді тышқан» қиымлды ойын.

Балалардың басына тышқанның атрибуттары киіледі.

Таспадан қолғап әуені орындалады.

1 2 3 4 5

Көңілді тышқанға табылды қолғап

Балаларын шақырды қолын бұлғап

Әр біріне жеке үзіп нан берді

Құйрығанан бір соғып ұйықтаңдар деді.


- Жарайсың тышқан

Біздің тышқан әнді, биді жақсы көреді екен.

Біз тышқанға «Көңілді саусақтар» әнін айтып берейік.

Ән орындалады. «Көңілді саусақтар»

Түш-ш балалар сендердің әніңізді тыңдап тышқан ұйықтап қалды. Оның шаршағаны көрініп тұр. Мен тышқанды жайлап қолғапқа жатқызайын.

Балалар бүгінгі сабағымыз аяқталды.

Қорытынды:

Сендерге ұнады ма?

Енді балалар тышқанды оятып жібермейік.

Сау болыңдар!








Балалар таңырқайды.

Сәлем тышқан











Балалар қол шапалақтайды.






Балалар қолдарын бұлғап шақыруға талпынады.

Әуенге сай қимыл-қозғалыс жасауға икемденеді.



Жарайды

Балалар әнді айтып беруге талпынады.



Жатқызайық




Балалар жауап беруге талпынады.




Күтілетін нәтиже:


Нені білуі керек: - Әуенді тыңдауды есте сақтауды білу керек.


Нені игерді:- «Көңілді саусақтар» әнін, «Көңілді тышқан» қ/ойынды ойнап игерді


Нені біледі: - Музыкаға ілесіп, қимыл-қозғалысты жасап, саусақтарын қозғап меңгерді



















































Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
20.10.2020
1600
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12