Материалдар / Ашық сабақ " Музыкалық аспаптар"
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Ашық сабақ " Музыкалық аспаптар"

Материал туралы қысқаша түсінік
мектеп және мектепке дейінгі ұйымдардағы музыка пәні мамандарына керек.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
14 Мамыр 2019
3323
2 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Білім беру саласы: Шығармашылық.

Ұйымдастырылған оқу қызметтің түрі: Музыка

Мақсаты:

- Білімділік: балаларға қазақ халқының шығармашылығы жөнінде кеңінен білім беру, танымын ашу;
- Тәрбиелік: халық музыкасына деген суйіспеншілігін арттыру, ұлттық сезімін ояту;
- Дамытушылық: ұлттық музыкалық аспаптардың үнін ажырата білуге үйрету;

Сабақтың көрнекілігі: аспаптар, үнтаспа, аспаптардың суреттері. 

Интерактивті тақта.

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі: Балалар залға «До-ре-ми » әуенімен кіреді.

Жетекші: Сәлеметсіңдер ме, балалар! ( до-ре-ми-фа-соль-соль)

Балалар: Сәлеметсіз бе, апай! ( соль-фа-ми-ре-до)

Жетекші: (қолына білезік тағып)

Шаттық шеңбері:

Оң қолымда білезік,
Сол қолымда білезік.
Сәнді көйлек киелік,
Бәріміз бірге билейік.

Ұлттық музыкалық аспаптар жайлы түсінік беру..

Домбыра — қазақ халқының арасына өте ерте және кең тараған, ғасырлар сырын сақтаған қос ішекті шертіп ойнайтын музыкалық аспаптың бірі. Өзіне тән ерекшелігі бар, ішекті, шертпелі аспаптар тобына жатады. Домбыра әр түрлі үлгіде тұтас ағаштан ойылып немесе құрап жасалады. Мойнына он тоғыздан жиырма екі санына дейін пернелер байланады. Арнайы құлақ күйге келтіріледі.Домбыраның екі ішектісінен басқада үш ішекті, қос жақты, кең шанақты, қуыс мойын, шіңкілдек деп аталатын түрлері бар. Даусы майда, қоңыр, құлаққа жағымды. 

Қыл қобыз — ерте заманнан келе жатқан қазақ халқының екі ішекті, ысқышпен ойналатын аспабының бірі. Өзіндік жасырын сыры мол, адамның еркіне көне қоймайтын, күрделі аспап. Ішегі жылқының қылынан жасалады. Қобыз аспабының екі ішектісімен бірге – үш, төрт ішектілер және «нар қобыз», «жез қобыз» деп аталатын түрлері де бар. Қобызды ағаштан шауып немесе құрап жасайды. Беті жартылай терімен қапталады. Ол дыбыстың жаңғырып шығуы үшін керек. Ерте заманда қобызды тек бақсы – балгерлер ғана ұстаған. Халық аңызында қобыздың пайда болуы Қорқыт ата есімімен тығыз байланысты екені де айтылады.

Дауылпаз — ұрып ойналатын музыкалық көне аспаптың бірі. Халық тұрмысында кеңінен қолданылған. Әсіресе, бұрынғы кезде, жаугершілікте дабыл қағып, белгі беру үшін пайдаланған. Аспаптың жасалу құрылысы анағұрлым күрделі. Ол тұтас ағаштан ойылып жасалады. Бет шанағы терімен, қапталады. Иыққа асып алып алу үшін қайыстан арнайы аспалы бау бекітіледі. Дауылпаз ағаш тоқпақпен ұру арқылы дыбысталады.

Шертер – шертіп ойналатын, қазақтың ұлттық аспабы. Үш ішекті аспап. Дауысы өте жіңішке, құлаққа жағымды.

Аса таяқ — сілку арқылы үн шығаратын көне музыкалық аспап. Ұзындығы 110- 130 см. Тұтас ағаштан арнайы қалыпта жасалады. Басы күрек тектес. Бас жағына түрлі темір сақиналардан сылдырмақтар тағылып, өрнектермен әшекейленеді. Аса таяқ өзіндік үнімен ерекшеленеді. Аспапты ырғап, шайқап ойнайды. Аса таяқ аспабын ертеде көбінесе бақсылар қолданған. Қазіргі кезде көне үлгілері қайта жасалынып, ұрмалы музыкалық аспаптар тобына қосылады. 

Сазсырнай – қазақтың ұлттық аспабы. Саз балшықтан, күйдіріліп жасалады. Үрмелі аспаптар қатарына жатады.

Сыбызғы – үрлеп ойналатын аспап. Қурайдан, ағаштан және күмістен жасалады. 

Шаң қобыз — бітімі бөлек, ойналуы ерекше қазақ халқының көне музыкалық аспабы. Үні құлаққа жағымды, адам даусына жақын. Аспапта ойнау ерін мен тістің арасындағы қуысқа тікелей байланысты. Ойнау кезінде орындаушы оң қолымен тілшенің ұшын шалып отырып, шапшаңдата дыбыстайды. Дыбысы тілшені қозғалысқа келтіргенде шығады.Аспапта жеке ән- күй орындап қана қоймай, басқа да көне музыка аспаптарымен бірге халық әуендерін сүйемелдеуге болады. Шаң қобыз аспабының құрылысы қарапайым, жұқа тақтайшадан жасалады.

Сергіту сәті: 

Аспапта ойнау

Жұмбақ: Жеті ішектен жеті түрлі үн шығар,
Әуезінен жеті тарау мұң шығар.
Ойнап кетсең түрлі-түрлі жыр шығар,
Бұл аспап,қай аспап?

(Жетіген)

Балалар, бүгін бізге арнайы қонақ келгелі отыр.

Ауданымыздағы «Өнер» мектептің тәрбиеленушісі Исаева Жансая жетіген аспабын ала келген екен енді сол жетіген аспабымен таныстырып, бір шығарма орындап беруге ортаға шақырамыз.

Халық әні «Балапан қаз»

Музыкалық дидактикалық ойын: «Қай аспаптың үні?»

Ойын ережесі: Үнтаспа арқылы аспаптар үні беріледі (балалар естіген әуен қай аспап үні екенін ажыратып сол аспаптың суретін көтереді) 

Асатаяқ – Асатаяқ қалай ойнайды? (сілкіп)

Ендеше ұрмалы-сілкімелі аспаптар қатарына жатқызамыз.

Домбыра – Домбыра аспабын қалай ойнайды? (Шертіп)

Ендеше шертпелі аспаптар қатарына жатқызамыз.

Жетіген – Жетіген аспабын қалай ойнайды? (Шертіп)

Жетіген шертпелі аспаптар қатарына жатады.

Шаңқобыз  – Шаңқобыз аспабы қалай ойналады? (Үрлеп)

Үрмелі аспаптар қатарына жатады.

Жұмбақ:

Даусы бар, жаны жоқ,
Шертсең күйі, әні көп.
Құлағын оң бұра.

Бұл аспап (Домбыра)  


Ән: «Қасиетті домбыра»

Қорытынды: 

Балаларды шеңберге тұрғызу.

-  Қазақтың ұлттық музыкалық аспаптарын атап беріңдерші?
-  Домбыра, Сазсырнай, Қобыз, Жетіген, Шертер, Шаңқобыз, Дауылпаз т,б.
-  Міне, біз оларды бір сөзбен нелер деп айтамыз?
-  Музыкалық аспаптар.
-  Сендереге оқу қызметі ұнады ма?
-  Ия.
-  Ендеше бүгінгі оқу қызметке белсене қатысқандарың үшін барлығыңа кішкентай аспаптардың суреті бейнеленген стейкирлерді сыйға тартамын.
-  Осындай жақсы көңіл- күймен оқу қызметіміз аяқтаймыз.  
Сау болыңдар!
(Марш екпінімен залды айналып шығып кетеді)













Оқу іс-әрекетінің тақырыбы: Қазақ халқының ұлттықмузыкалық аспаптары.

Бағдарламалық мазмұны: бір әннің әртүрлі аспапта ойнаған сазын тыңдау, тану, салыстыру, ажыратуға үйрету. Ұлттықаспаптарда қарапайым пьесаларды орындауға талпындыру.Ұлттық аспаптарға деген қызығушылық, ұқыптылық сезімінқалыптастыру.

Пайдаланылатын құралдар: домбыра, қобыз, асатаяқ, сырнай, тайтұяқ, ұрмалы аспаптар; жетіген суреті; әр аспаптың тарихы, неден жасалатыны, құрылысы туралы әңгімелесу; аспаптар дыбысы жазылған үнтаспа.

Алдын ала ұйымдастырылатын жұмыс: түрлі ұлттық саз аспаптарымен таныстыру; музейге саяхат; құмда аспаптардыңсуретін салу, мүсіндеу.

Іс-әрекет кезеңі:

Ата-бабамыз өте ерте кездің өзінде-ақ музыкалық аспаптардың мынадай топтарын ойлап тапқан:

• Шертпе аспаптар - домбыра, шертер, шіңкілдек, жетіген, адырна.

• Қияқты аспаптар - қобыз, сазген, созаншы, егек, т.б.

• Үрлеп ойналатын аспаптар - сыбызғы, сазсырнай, уілдек, желбуаз.

• Ұрмалы аспаптар - дабыл, даңғыра, кепшік, шыңдауыл, дауылпаз, ұран, керней.

Жұмбақ:

Ұзын мойын, екі ішек,

Қатар-қатар тепкішек.

Басып көрсең бір-бірлеп,

Үн шығады күмбірлеп. Бұл не?

- Домбыра мен қобыздың айырмашылығы қандай?

- Қандай ұрмалы аспаптар түрін білесіңдер? Он тыңдау. «Қобыз». Б.Қыдырбек.

- Балалар, музыка тыңдағанда естеріңе не түсті?

- Қобыз туралы сөз болғанда кім еске түседі?

- Қорқыт атаның қандай күйлерін білесіңдер?

- Сендер басқа қандай ұлттық аспаптарды білесіңдер?

- Аспаптар қандай топқа бөлінеді?

Қобыз бен Қорқыт есімі әрқашан қатар жүреді. Көбінесе күй өте зарлы, мұңды, қайғылы дыбысталады. Композитор музыкаәуенімен қобыздың дыбысын берген.

Ән айтар алдында дауысты жаттықтырып алу, денені түзу ұстап, дыбысты еркін шығару. Демді үнемдеп, сөздің арасында тыныс алмау. Әнді иықты көтермей, ішпен айту.

Әуенді қимыл-қозғалыс. Сылдырмақпен би. Қазақ биі -«Қаз-қатар».

Сылдырмақтарды екі қолға ұстап, көңілді музыка әуенімен шеңбер бойымен жеңіл жүгіру. Тоқтап, белгілі музыка ырғағымен түрлі қимылдар жасау. Би қимылдары арқылы әсемдікке тәрбиелеу.

Музыкалық - дидактикалық ойын: «Қатты жөне ақырын музыка».

Музыканы дыбысқа қарай ажырата білуге, есту қабілетін дамытуға дағдыландыру.

Түрлі музыкалық шығармаларды ойнап, қай музыка қатты, қай музыка жай дыбысталуын ажырата білуге талпындыру.

Қатты сөзін музыкада - «форте», жай ойнағанды - «пиано» деп атайды. Фортепиано (қазақша — күйсандық) - «қатты» және «жай» деген екі сөздің қосындысынан шыққан.

Музыкалық аспапта ойнау: Ұрып ойнайтын аспаптардыңкөмегімен белгілі бір әуенді ойнау.

Әліппе - дәптермен жұмыс.

Қорытынды: Балалардан сұрақ-жауап арқылы аспаптардың атын пысықтау, топқа қысқаша қорытынды. Балаларды қолдау, мадақтау.



Қазақтың ұлттық музыкалық аспаптары

 

Ашық сабақтың тақырыбы: « Қазақтың ұлттық музыкалық аспаптары»(Домбыра, қобыз , жетіген)
Өткізген:Дайындаған:Есмакаева Айдана Балгабайевна
Павлодар облысы, Баянауыл ауданы. М
ҚКК «Айгөлек» бөбектер бақшасы.
Та
қырыбы: « Қазақтың ұлттық музыкалық аспаптары»(Домбыра, қобыз , жетіген)
Ма
қсаты: Балалардың қазатың ұлттық аспаптарына деген қызығушылығын арттыру. Ұлттық аспаптарды бір-бірінен ажырата білуге үйрету.
Әдіс – тәсілдері: таныстыру, сұрақ - жауап, қимыл жаттығуы, би қимылдары, аспаптарды таныстыру, дидактикалық ойын.
Саба
қтың көрнекілігі: аспаптар: домбыра, қобыз, сыбызғы(шын сахнада қолданылатын аспаптар), слайд, ойын тақташалары, мойынға тағатын эмблемалар( лентадан жасалған, басына аспаптар суреті тағылады).
Саба
қтың барысы:
Ұйымдастыру.
Балалар зал
ға музыка  әуенмен кіреді (күйсандықта ойнап қарсы алу).
Жетекші:
- С
әлеметсіздер ме балалар? (әндетіп амандасады)
Балалар:
- С
әлеметсіз бе! (әндетіп амандасады)
К
әнеки бәріміз шеңберге тұрайық.
К
өңіл күйімізді сурайық.
Ше
ңберде тұрып қимылды жаттығуларды әннің ырғағына келтіріп жасайық.
(
Ән: Айгерім Қалаубаева «Көңілді күн»)
- Екі
қолды алға созып, қолды ішке қарай бұрау, тізені бүгіп тұру;
- Екі
қолды жоғары көтеріп, қол буындарын ішке қарай бұрау, тізені бүгіп тұру;
-
Қолды екі жаққа созып, қол буындарын бұрап, бір орында айналу;
Балалар баяу музыкамен орындарына отырады.
Ж
ұмбақ жасыру
Ұзын мойын екі шек,
Қатар – қатар тепкі
Басып
қалсаң бір бірлеп
К
үй шығады күмбірлеп.
- Балала
р, бұл жұмбақтың шешімін білесіңдер деп ойлаймын, солай емес пе әлде қателесемін бе? 
Балалар: Домбыра
Әрине, дұрыс айтасындар. Жарайсыңдар.
- Біз домбырадан бас
қа да аспаптарды білеміз ғой?
Балалар: И
ә. Балалар білетін аспаптарын атайды, басқа ұлттың аспаптарында айтады.
Қазақтың Ұлттық аспаптар туралы жалпы түсінік беру.

(есік қағылады: 
балалар б
ұл кім?танғалады(музыка жетекшісі)
Топ
қа аспатар кіреді: домбыра, қобы, сыбызғы.
Міне кереметті
қарандаршы бізге қонаққа қазақтың ұлттық аспаптары келіпті ғой. Бәріміз амандасайық.
С
әлеметсіздер ме! (Әндетіп)
Аспаптар: С
әлеметсіндерме балалар! Біз Алматы қаласындағы Құрманғазы атындағы консерваториядан келіп отырмыз.
-Балалар
қарандар аспаптарға мен қышқаша айт

Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!