Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ " Өзін-өзі тану- өмірді тану" 4 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Пән бойынша сабақ жоспары
Материалдың қысқаша нұсқасы

Мұғалім: Жорабек Бақыткүл

4-сынып «Өзін-өзі тану»

Сабақ тақырыбы: 1-сабақ. Өзін-өзі тану- өмірді тану

Мақсаты: Оқушылардың «өзін-өзі тану», «өмір» құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту.

Міндеттері:

4-сыныпқа арналған «Өзін-өзі тану» пәнінің мазмұнымен таныстыру;

-адамгершілік құндылықтарын білуге, өзін және өмірді тануға қызығушылықтарын арттыру;

-сыйластыққа, кішіпейілділікке, ізгілікке тәрбиелеу;

Көрнекі құралдар: оқулық, дәптер, «алтын сақа» (асық).

Шаттық шеңбері

Оқушылар мұғаліммен бірге шеңбер құрып тұрады. Мұғалім «Өзін-өзі тану» пәнінің 4-сыныптағы алғашқы сабағын кіріспе сқзбен бастауын болады:

Сәлеметсіздер ме, менің сүйікті оқушыларым! Мен сендерді көргеніме өте

Қуаныштымын! Қызығы мол жазғы демалыстарың да аяқталды. Енді сендер 4-сынып оқушысысыңдар. Сендерді ойларыңның тереңдеп, ақылдарыңның өскеніне мен сенемін. Ал бүгін сол ойларың мен ақылдарыңды өмірде қолдануға көмектесетін өздеріңнің сүйікті пәндеріңнің бірі өзін – өзі танудың осы сыныптағы алғашқы сабағын бастаймыз. Өйткені өзіңді, өмірді, айналаңды, танып білуде көмекші болатын өзін-өзі тану сабақтары сендерді асыға күтіп отыр

Мұғалім дәстүрлішаттық шеңберін оқушылардың есіне салып, бәрі бірге қол ұстасып көңілді бір ән шырқауды немесе өлең айтуды ұсынады.

А. Асылбековтың «Шұғылалы әле м» атты өлеңін мұғалім айтып, оқушылар қайталауы мүмкін.

Шұғылалы әлем

А. Асылбеков

Осындай әлем бар, Қуатты.

Қызықты, Ондағы балалар

Шуақты. Жайдары,

Әлемде әр ел бар, Көңілді.

Бақытты, Бәрі де керемет!

Мұғалім оқушыларды жаңа оқу жылымен құттықтап, оларға тілек айтады. Оқушыларға да осы шеңбер аясында бір – біріне тілек айтып шығуы ұсыныларды. Олар кезектесіп айтып өтеді: «Райымбек, осы оқу жылында мен саған үлкен табыс тілеймін», «Сымбат, оқуда озат болып ата – анаңа қуаныш сыйлауыңа тілектеспін» және т.б.

Әңгімелесу

Мұғалім оқушыларды сабақ тақырыбына тарту мақсатында төмендегідей сұрақтар арқылы әңгімелесу өткізеді:

-жазғы демалыстарыңды қалай өткіздіңдер?

-3 сыныпта «Өзін-өзі тану» пәнін үйренгендеріңді естеріңе түсіріп айтып беріңдер.

-Сыныптастарыңның бойынан қандай өзгерістер байқадыңдар?

Мәтінмен жұмыс

«Өзін-өзі тану» пәні бойынша меңгерілген кейбір адамгершілік құндылықтар мен адами қасиеттерді оқушылардың есіне түсіру мақсатында мәтінмен жұмыс ұйымдастырылады.

Мұғалім төменде ұсынылған өлеңде атаалған жақсы қасиеттерді диафильм жасап көрсетіп отырады. Оқушылар аталған қасиеттерді бірлесе оқиды.


Мақтай неге мақталар?

Е. Өтетілеуов

Мақтайды жұрт мақтайды, Дарындылықты

Өйткені ол жақтайды: даналықты

Әдептілік, қарымдылық

Адамдықты, тазалықты;

Әділеттілік, Табандылықты,

Адалдықты; қайсарлықты

Білімділік, талаптылық,

Батырлықты, жайсаңдылықты;

Бейімділік, намыстылық,

Алғырлықты; даралықты,

Жарқындылық, сергектікті;

Дарқандықты; тәртіптілікті,

Сыпайлылық ісмерлікті,

Сыйластықты, тұрақтылық,

Сапалылық, іскерлікті;

Қимастықты; Өжеттілік

Елгезектік, кішілікті,

Ептілікті, өнерлілік,

Ізеттілік, кісілікті.

Еркіндікті; Міне, осындай Мақтайды

Зейінділік, Үлкен кіші жақтайды,

Зеректікті, Мадақтайды, мақтайды!

Мейірімділік


*Өз бойларыңда мақтауға лайықты қандай жақсы қасиеттер бар деп ойлайсыңдар?

*Жазғы демалыс кезінде осы қасиеттеріңді қай әрекеттеріңнен байқадыңдар?


Ойын

Оқушылар бір – бірінің жақсы қасиеттерін айтып шығу үшін ойын ұйымдастырылады. Мұғалім оқушылардың 1 – ші сыныпта сыйлыққа алған «алтын сақасын» (асық) естеріне түсіреді:

Балалар, адамгершілік құндылықтар бойынша тапсырмаларды орындап, «Адамгершілік шыңынан» «алтын сақаны» алғандарың естеріңде ме? Қазір біз онымен ойын ойнаймыз.

Балалар дөңгелене отырады. Мұғалім «алтын сақаны» балалардың біріне ұсынады. Ол жанындағы отырған баланың жақсы қасиетін айтып мақтайды да, алтын сақаны оның қолына ұстатады. Ол сақаны осы тәртіппен келесі балаға ұсынады. Ойын осылай жалғаса береді. Мысалы: Әсел, маған сенің ақкөңілдігің ұнайды. Ербақыт, сен мейірімді ұлсың.

Әрі жылдам, әрі құрбысының жақсы қасиетін дәл айтқан оқушы жеңімпаз атанады.

Мәтінмен жұмыс

Достық, қайырымдылық құндылықтарының мәнін еске түсіру мақсатында әңгімелеу жүргізіледі.

Екі дос және қария


Тыныштық сәті

Балалардың денесі, ойы сергітіледі.

Балалар денесін түзу ұстап, бастарын жоғары көтеріп, ыңғайланып отырады. Көздерін жұмуына да болады. Ауаны терең жұтып, еркін тыныстайды, денелерін бос ұстап, айналадағы барлық тіршілік иесі оларды аялап, қоршап, қамқор болып жатқанын сезінеді. Тұла бойлары жақсылыққа, махаббатқа толғанын сезінуге ұмтылады. Сіз табиғаттың ең көркем жерінде екенін елестетіңіз. Сіз, жұмсақ, жасыл шалшықта жалаң аяқ жүрсіз. Жасыл шөп сіздің аяғыңызды сипап жатқан сезімде боласыз. Күннің көзі жер бетін қыздыруда. Сіз гүлдің, шөптің және балдың исін сезінесіз. Өзеннің сыңғырлағанын, көңілді құстар ән салып жатқанын естисіз(тыныштық).

Тыныштықта тұрып, өзімізді тыңдайық, табиғат – анамызды тындайық. Алақандарыңызды күннің көзіне жайыныз. (тыныштық) көк аспаннан және көктемгі жылы күннің сәулелерін сезіңіз(тыныштық). 1,2,3 көзімізді ашайық. Қолымызды жайып, бізге өмір, денсаулық, қуаныш және жақсы көңіл күй сыйлаған Ана – табиғатқа «рахмет» деп айтайық.

Дәйексөз

«Адам өміріндегі ең қажетті білім – өзін-өзі тану»

Дәптермен жұмыс

Дәйексөзде айтылған ойдың пысықталуы үшін мынадай тапсырма беріледі. Дәптерде берілген сұрақтардың тұсына жауап жазыңдар!

Қорытындылау

Мұғалім оқулықта берілген сөздерді пайдаланып, сабақты қорытындылайды.

Жүректен жүрекке

Оқушылар шеңбер құрып тұрып, қол ұстасып бәрі бірге «Өзін-өзі тану арқылы өмірді танимыз» деп екі рет қайталайды. Өлең оқиды.(Керек)










Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
20.05.2021
388
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12