Материалдар / Ашық сабақ " Қазақстан -достық пен татулық мекені"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ашық сабақ " Қазақстан -достық пен татулық мекені"

Материал туралы қысқаша түсінік
мұғалімдер үшін
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
12 Қараша 2018
2300
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады


Пән: Қазақ тілі мен әдебиеті

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 8

Қатысқаны: Қатыспағаны:

Бөлім: 4

Достық пен татулық-таптырмас бақыт.Т.Айбергенов «Бір тойым бар»

Сабақ тақырыбы

Қазақстан – достық пен татулық мекені

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

8.1.1.1 мәтін тақырыбы, тірек сөздер, иллюстрациялар арқылы көтерілетін мәселені болжау

8.5.1.1болжалдық және реттік сан есімдердіжазба, ауызша жұмыстарда орынды қолдану

Сабақ мақсаттары

Барлығы көтерілген мәселені болжайды

Көбі еліктеу сөздерді, шартты рай етістіктерді,синоним сөздер мен сан есімдерді жазба, ауызша жұмыстарда орынды қолданады..

Кейбірі мәтіндерді талдайды,

Бағалау критерийлері

Қазақстандағы достық пен татулықтың артықшылықтарын түсінеді, көтерілетін мәселені болжайды, мәтіндерді талдайды.

Тілдік мақсаттар

Пәнге тән лексика мен терминология:жолдас,замандас,сөйтіп,,берік, ұйымшылдық, жақындық.


Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер: «Қазақстан халқы ассамблеясының» филиалдары, диаспоралар, Ассамблеяның мақсаты.

Бастапқы білім

Халықтар достастығы туралы айтады, сипаттайды. Мұғалім жетекші сұрақтар қою арқылы оқушының бастапқы білімін анықтай алады.

САБАҚ БАРЫСЫ

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

Психологиялың ахуал қалыптастыру. Мұғалім ынтымақтастық атмосферасын орнату үшін «шаттық шеңберін»құрады. Оқушылар бір-біріне жақсы тілек айтады.

Қызығушылықты ояту. Тақтаға Қазақстанның географиялық картасын іледі, әртүрлі қайнаркөздерді пайдаланып, «Қазақстан халқы ассамблеясының» филиалдары туралы мәлімет береді, ой шақыру сұрақтарын қояды:

1.«Қазақстан халқы ассамблеясы» дегенді қалай түсінесің?

2. «Диаспора» деген не?

3. «Бірлік бар жерде тірлік бар» деген мәтелдің мағынасы қандай? (1,2-тапсырма-лар). Оқушылар картадан, «Қазақстан халқы ассамблеясы» филиялдары орналасқан жерлерін көрсетеді, сұрақтарға жауап береді.

Мәтіналды жұмыс. Мұғалім интерактивті тақтадан тақырыпқа қатысты жаңа сөздермен таныстырады, аудармасын айтады, оқиды, оқушыларға қайталатады.

Дескриптор:

-жаңа сөздерді үйренеді;

-сөздік жұмысын жүргізеді.

«Қызық суреттер» тәсілі бойынша берілген суретте не бейнеленгенін айтады, еліктеу сөздерді, шартты рай етістіктерін пайдаланып, сипаттайды.(3-тапсырма)

Дескриптор:

-оқушылар сұраққа толық жауап береді;

-суреттерді сипаттайды;

-еліктеу сөздерді,шартты райлы етістіктерді орынды пайдаланады;

«Бас бармақ» тәсілі арқылы бағаланады

Кері байланыс. «Сұрақ ілмегі»әдісі арқылы бір-біріне сұрақ қойып, білімін толықтырады.

Тренинг жазылған парақшалар, А4 парағы, маркер-лер, оқулық, суреттер, ғаламтор ресурстары





















































Сабақ ортасы










Мәтінмен жұмыс. Мәтінмен жұмыс істеу негіздерін қалыптастыру үшін оқушыларға аудиотаспадан мәтінді тыңдатады. Оқушылар Ассамблеяның мақсаты туралы айтады, көп нүктенің орнына жақша ішінен қажет сөзді таңдап жазады, мәтінді оқиды, сұрақтар қояды, диалог құрады, сөздердің синонимдерін тауып жазады, сөйлем құрайды, ақпаратты ажыратады,ойын дәлелдейді, сан есімдерді тауып, олардың түрі мен жасалу жолын түсіндіреді(оқулықтағы мәтінді талдауға қатысты тапсырмалар)

Дескриптор:

-мәтінге қатысты талдау жұмыстарын жүргізеді;

-мәтінде көтерілетін мәселені болжайды;

-мәтінді өмірмен байланыстырып,өзара сөйлеседі;

Қалыптастырушы бағалау. Бағалау парақтары негізінде қорытындыланады.

Мәтін соңы жұмыс.Топтық жұмыс. Сыныпты бес адамнан тұратын шағын топтарға бөледі, «Көңілді тапқырлар» тәсілін қолданып, оқылым мәтіні бойынша жұмыс істетеді. Тақырыпқа қатысты берілген мәтінді оқытады, негізгі ұғымдарды тапқызып, жаңа ақпаратты дәптерлеріне жазғызады, талдатады (11-тапсырма)

«Жарнама құрастыру» ойынының негізінде оқулықтағы 12-тапсырманы орындатады. Оқушылар «Ұлы Жібек жолының жаңғыруы» аймақтық мәдени-туристік агенттігіне үш тілді меңгерген еріктілерді тарту үшін жарнама жасайды, шартты райлы етістіктерді қолданып, мәтін құрап жазады.

Жарнама мәтінінде

1. аймақтық мәдени-туристік агенттігінің толық сипаттамасы;

3. агенттіктің жетістігі (қол жеткізген табыстары, марапаттары, халықаралық байланыстары, т.б) қамтылуы керек.

Дескриптор:

-мәтіннен түсінгенін айтады;

- мәтіннен қажет ақпарат алады

- жарнама мәтінін құрастырады.

Қалыптастырушы бағалау. Топтар «Екі жұлдыз, бір тілек» әдісі арқылы бір-бірін бағалайды.

Кері байланыс. «Аяқталмаған ой» әдісі арқылы оқушылар сұрақтарға жауап бере отырып, жұпта туындаған жағдаятты тізбектейді

Рефлексия

Сабақ барысында оқу мақсатына қол жеткізілді ме? Оқу мақсатына қол жетпеудің себебі неде? Бүгін оқушылар не біліп, не үйренді? Сыныптағы психология-лық ахуал қандай болды? Жоспардан ауытқу болды ма? Себебі неде?Жоспарлан-ған саралау шаралары тиімді болды ма? Уақыт дұрыс пайдаланылды ма? Жоспарыма қандай түзетулер енгіздім. Не себепті?__


Төмендегі бос ұяшыққа сабақ туралы өз пікіріңізді жазыңыз, сұрақтарға жауап беріңіз.





Қорытынды бағалау:

Қандай екі нәрсе (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз) табысты болды? Сабақтың өзіне ұнаған 2 тұсын анықтап жазыңыз.

1,

2:

Қандай екі нәрсе (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз) сабақтың тиімділігін арттырды?

1:

2:

Сабақ барысында өзіңіздің көңіліңіз толмаған 2 әрекетті (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз) атаңыз.



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!