Сабақтың тақырыбы: Қазақстан халықтарының
достығы. Есімшенің
жіктелуі
Сабақтың
мақсаты:
1.Білімділік: Оқушыларға сұрақ
беру арқылы жаңа сабақтың тақырыбын ашу, жаттығулар
орындау.
2.Дамытушылық: Оқушылардың
сөйлеу мәдениеті,шығармашылық қабілеттерін дамыту
, қазақ тілінде еркін , сауатты
сөйлей білуге үйрету.Қызығушылықтарын
арттыру.
3. Тәрбиелік:Өзге ұлт
өкілдерінің бірлігін, достығын оқушылардың бойына сіңіру.Бірлесіп
жұмыс жасау арқылы ұйымшылдыққа,достық қарым қатынаста болуына
тәрбиелеу
Көрнекілігі: Н.Назарбаевтың портреті, еліміздің
рәміздерінің суреттері.
Сабақтың барысы:
Сәлемдесу
Ал енді
балалар, қазір барлығымыз бірге халқымызды елдікке,тірлікке,
бірлікке шақыратын ҚР мемлекеттік әнұранын
орындайық
Психологиялық дайындық Шаттық
шеңбері
Әр
оқушы бір -біріне сәттілік
тіледі
Топқа
бөліну (шаңырақ, күн сәулесі, аспан)
Балалар,
қазір қандай сабақ болып жатыр?
Қазақ
тілінде сөйлеу үшін не істеу керек?
Үй
жұмысын тексеру Тест сұрақтары (Пликерс программасы
арқылы)
Тест сұрақтары
1.Есімше
тұлғалас жеміс атауын көрсет.
а) Аяған
b) Жаздырған
с) Сезген
d) Бүлдірген
2. Күрделі етістікті
тап.
а) Айтуды
b) Бастады
c) Барды
d) Ойланып қалды
3. Жіктік жалғауы жалғанған есімшені
тап.
а) тыңдарман
b) оқушы
c) көргелі
d) ақылдасатынсың
4. Есімше тұлғасында тұрған сөзді
тап.
а) жауындатқан
b) күтумен
c) сайраса
d) танысқалы
5. Есімшенің жіктелген түрін көрсет.
а) Аяқта, ұқ.
b) Бұзар, шабар.
c) Егер, ендеше.
d) Жазым, басылым.
6. Есімшенің
тәуелденген түрін табыңыз.
a) аяқта,
ұқ
b) бұзар,
шабар
c) егер,
ендеше
d) көргенің,
айтарым
7. Бастауыш
қызметін атқарып тұрған есімшені
табыңыз.
a) Көп күн өтіп
кетті ғой сен кеткелі.
b) Туған жердей
жер болмас.
c) Ел аралаған
сыншы болар..
d) Айыратын
жаман бар, қосатын жаран бар.
Критерии арқылы
бағалау
Видеоролик көрсету арқылы сабақтың тақырыбын
анықтау
«Миға
шабуыл»
Біздің
ел қалай аталады?
Қазақстан қандай мемлекет?
Сенің
ұлтың кім?
Туып
өскен жерің?
Қазақстанда неше ұлт өкілдері
тұрады?
Сендердің сыныптарыңда қандай ұлттар бар (сөзбен
бағалау)
Сонымен
балалар, бүгінгі сабағымыздың тақырыбы «Қазақстан халықтарының
достығы»
өздерің айтқандай сабақтың мақсаты сөйлеу дағдыларыңды
дамыту
Сергіту сәті:
«Табиғат мінезі» жаттығуы
Қане, барлығымыз тізбектеле тұрайық. Көзімізді жұмып, өзімізді
табиғат аясында тұрғандай сезінейік. Күн тамаша ашық, күн сәулесі
шуақ шашып тұр, айнала тамаша көрініске толы. Енді, көзімізді ашып,
өзімізді еркін сезінейік. Алғашқыда бәрі жақсы болып тұрды да
кенет, аяқ астынан жеңіл жел
соқты.
Алдыңызда тұрған адамның арқасынан жаймен ғана қолмен жеңіл желдің
самалындай етіп сипаймыз.
Жел
күшейді – енді алдыңыздағы адамның
арқасын қатты уқалай бастаймыз.
Кенет, боран басталды –
енді боран күшіндей екі қолмен айналдыра күштірек уқалаймыз.
Содан кейін, аяқ астынан жай ғана
жаңбыр сіркірей бастады – енді
қолымызбен жаңбырдың тамшысындай жаймен ұрамыз.
Бір кезде қатты жауын жауды
– біз қатты жауын сияқты арқамызды саусақтың
ұшымен жоғары төмен сипалаймыз.
Аяқ астынан бұршақ жауды
– арқамызды саусақ басымен бұршақ жауғандай
қаттырақ ұрамыз.
Бір кезде бәрі
басылды, күн жарқырап ашылып, адамға
бір күшті шуақ берді.
Топтық жұмыс
Достығымызды
сақтай білген елміз
Қазақстанның жері кең әрі бай.Оның табиғи байлығының қоры
мол. Қазақстанда 130 астам ұлт өкілдері тату, тәтті өмір сүріп
жатыр.
Қазақстанның халқы білімді. Жұмысшылар, мамандар,ғалымдар
жеткілікті. Қалаларының мәдениеті жоғары.Өндіріске керекті осы
заманғы жабдықтар да бар.Қазақстанның болашақта күшті ел боуына
мүмкіндік мол.
Қазақстанның болашағы онда тұратын барлық халықтардың
бірлігіне байланысты. Қазақстанның ең зор байлығы-оның халқы,
олардың өзара татулығы. «Бірлік болмай-тірлік болмайды» дейді қазақ
мақалы. Шынында да солай.Бізге бірлік керек.
Қазақстанда тұратын барлық халықтар татулық пен тыныштықты
тілейді.
Қазақстан- ынтымақтың мекені. Бірлігі
жарасқан елдің халықтары бақытты. Олардың
достығынан Отанға деген шексіз махаббат
сезіледі.
Мәтінді тыңдау, орысша баламасын айту ,әр топтан бір
оқушы өз түсінгенін айтады.
Бағалау: Бағдаршам
әдісі
Жекеше жұмыс
мәтіннен есімше сөздерді табады,
«білген» есімшені тәуелдейді
Өзара
дәптерлерімен алмасып тексеру
Бағалау: «бас бармақ
әдісі»
Сабақты бекіту: балалар қалай ойлайсындар біз топқа
бөлінгенде шаңырақ,аспан, күннің суреттерін алдық, ол суреттер нені
білдіреді
-Бір
шаңырақ астында сүріп жатқан елдердің рухани байлығын
білдіреді
-Ашық
аспан бейбітшілік өмірді білдіреді
-Күн
өсіп-өркендеу және өмірдің белгісі
Ия
балалар өте дұрыс айтасыңдар бәріміз бір ашық аспан астында бейбіт
өмір сүріп жатырмыз .Бәріміздің Отанымыз бір ол Қазақстан. Құрметті
ұстаздар қазір сіздердің алдарыңызда 8а сынып оқушыларының
орындауындағы Менің отаным атты өлеңді
тамашалаңыздар
Үй
жұмысы: Мәтінге
сұрақтар құрастыру
Бағалау
Кері байланыс: Бәйтерек
ағашы
Қазақстанның қай өлкесін
аралап жүрсең де өздеріңді бұлтсыз аспан, қалықтаған құс, жайқалған
гүл, жайнаған бақ, жарқыраған күн сияқты сезініңдер.Осындай
бақытты, бейбіт елде туып, өмір
сүріп отырғанымыз үшін
Отанымызға іштей рақмет айтайық. Осымен сабағымыз аяқталды
.
Сау
болыңыздар.