400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ , Шоқан Уәлиханов 9- сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Агшық сабақ жоспары ,мұғңалімдерге көмек ретінде
Материалдың қысқаша нұсқасы

Күні:

Сынып: 9

Бөлім тақырыбы

Ш.Уәлиханов «Ыстықкөл күнделігі».

Сабақтың түрі

Жаңа сабақ

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары

9.1.2.1 әдеби шығармадағы психологизмді анықтау

Сабақтың мақсаттары

Барлық оқушылар
Шығарма әсерін талдай отырып, автордың рухани дүниесіне үңіледі
Көптеген оқушылар
Адам мен қоғам тұтастығының көрінісін зерделеп, шығарманың эстетикалық құндылығын анықтайды

Бағалау критерийлері

Үзінді оқып, әңгіменің ой ағысына шолу жасайды;
шығарма әсерін талдай отырып, автордың рухани дүниесіне үңіледі;
мәтін бойынша адам мен қоғам тұтастығының көрінісін зерттейді; шығарманың эстетикалық құндылығын зерделейді;
мифологиялық тарихи шегініске талдау жасайды

Тілдік мақсаттар

Пән лексикасы және терминология: күнделік

Пәнаралық байланыс:

Тарих, география

Ұлттық құндылықтар

Өзіңе және қоршаған ортаға деген сыйластық: әлеуметтік бейімделу және өз мәдениеті мен тіліне деген құрмет сезімін білдіреді.

Мектеп құндылықтары

Өзіңе және қоршаған ортаға деген сыйластық; оқушылардың өз бетімен білім алуына қажетті дағдыларды қалыптастыру, Отансүйгіштікке тәрбиелеу

Осыған дейін меңгерілген білім

Өткенді қайталау

Жоспар

Жоспарланатын уақыт

Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер

Дереккөз
дер

Сабақтың басы
3 минут













Үй тапсырмасын сұрау

5 минут






Қызығушылықты ояту.


3 минут




Ұйымдастыру.
1.Ынтымақтастық атмосферасын құру.

Сәлем түзелмей, әлем түзелмейді

Сәлемдесу- кездескен таныс және бейтаныс адамдардың дәстүрлі сөзі, не дене қимыл арқылы бір –біріне жақындық ниеті, ілтипат білдіреді.

Тегінде, әдеп, адамшылық қасиет-амандасудан басталады.

Біз де бүгін ең алдымен бір-бірімізбен амандасып, сабаққа кірісеміз.

(қолмен амандасу, иықпен, бастарын изеп, ілтипат білдіру арқылы сәлем беру, қонақтарға сәлем беру, және мұғалімге сәлем беру.)

2.Сабақ мақсатын таныстыру


Гүлдер солып, жұлдыздар сөніп, адамдар өліп жатады.
Бірақ, адамзаттың бір ерекшелігі сол – одан із қалады, іс қалады, сөз қалады. (Ы. Жақаев)

Артына өшпес із, мол ғылыми мұра қалдырған ұлы тұлғалардың бірі – қазақтың көрнекті ғалымы Шоқан Уалиханов

Оқушылар с ұрақтарға дайындалып стикерге жазып мәліметтер береді. Шоқан кім? Кімнің ұрпағы? Қашан білім алды? т.с.с

С урет ұсынылады, оқушылар ойы тыңдалады (Шоқанның Ыстықкөл күнделігін жазу сәті бейнеленген сурет)

  1. Сурет туралы не ойлайсыңдар?

  2. Суреттің сабаққа қандай қатысы болуы мүмкін?

  3. Сурет бойынша пікір білдіріңдер.

Кері байланыс
-
сурет туралы ойларын айтады;
- сурет бойынша сабаққа болжам жасайды;
- өз ойларын білдіреді;
- сабақтың тақырыбы мен мақсаты айқындалады.


Сабақтың ортасы

Мағынаны тану

15 минут
































































Шығармашылық жұмыс

10 минут


Топтарға төмендегідей тапсырмалар беріледі.

Бірінші топ «Ыстықкөл күнделігіндегі» табиғаттың бейнеленуі туралы айтады.

Ресурс

Іле бойы өсімдікке өте жұтаң, төңіректің бәрі құм. Ебелек, жусан, қызылша, ши, қурай, ошаған өседі. Іленің суы лай, жағымсыз. Қытайлықтардың нанымы бойынша Іленің суы зиянды, одан адам жүдейді-мыс. Есесіне Доржы өзенінің (қазақтар Шошқалы деп атайды) суы емдік қасиетке ие саналып, Құлжа қаласының шенеунік қытайлары сол судан ішеді.

Мен алғаш Алтын Емелден Ілеге жүріп өткенде, даланың бәрін қызғалдақ жауып тұрған. Қазір бұл түс солғындап, есесіне бетеге, ебелек, шытыр жетіле өсіпті. Іле бекінісінен Шеңгелдіге қарай жол өзен жағалауымен жүреді.

Іленің орта ағысында жағалауы түгел дерлік құм төбелер, оларға жұтаң дала өсімдіктері тән. Жалаңаш жағалауға қарап оның негізін дала шпатынан тұратын гранит құрайтынын байқауға болады. Қаскелең өзені құятын тұстан төмен жағалау өзгереді: үлкен гранит тастар батпақты сормен араласады.

Іленің оң жағалауы негізін гранит тастар құрайтын құмды белес. Жағалауда жиде, тал, балғын (казактар оны құдай ағашы деп атайды), сарыағаш, ұшқат, тобылғы, қызылшы бұталары өседі. Іле алқабында зиянды жәндіктер өте көп: бүйі, сарышаян, жыландар бар. Жануарлардан далада үйірімен қарақұйрық, ақбөкен, құландар жүреді. Қасқырлар көп. Құстардан көктемде қаз, үйрек кездеседі, жартаста кептер, қаратаған, шіл болады. Орманда қырғауыл мол.

2-топ «Ыстықкөл күнделігіндегі қырғыз әйелдерінің сипатталуы .

Ресурс

Қырғыздарда, біздегі сияқты әйел күйеуінің қазасын бір жыл бойы дауыстап жоқтауы керек. Мұсылмандар, яғни өз адамдары өткен кезде, ол жоқтау айтуы қажет. Сұрастыра келіп біздің білгеніміз, әйел сарыбағаш оқиғасында күйеуінен айырылыпты, киіз үйге ілінген қара ту соны білдіріп, марқұмның жасын да көрсетеді екен. Егер киіз үйге қандай да бір ту ілінсе, сол үй бір мүшесінен айырылды деген сөз. Егер ту қызыл болса, жас адам дүние салған, қара болса, орта жастағы, ақ болса, кәрі кісі деген сөз. Біздің аяшымыздың (қырғыз әйелі) отағасы орта жастағы болып шықты. Біз тоқтап тұрып қырғыз әйелдің элегиясын (жоқтау) тыңдадық. Жоқтаудың жалпы сипаты - «маған енді не болады», деп, марқұмнан «енді менің күнделікті қажетімді кім өтейді» деп сұрау, «етікті кім тігеді, тары ботқаны кіммен бөлісіп жеймін» дегендей құдайға зар қылу...

Әйел киімінің толық топтамасы көз алдымда болған соң, мен оларды зерттей бастадым. Қырғыз әйелдері, тұрмысқа шыққаны бар, шықпағаны бар, жағасы жоқ ақ көйлек киеді, оның кеудесіндегі ойығын қызыл жібекпен әдіптейді. Олардың үстіне киетін шапандары еркектердікі сияқты. Олар ала шапан киеді, тек көк түсті кимейді (қазаның белгісі). Тұрмысқа шыққан әйелдің киіміндегі қыздан айырмашылығы - бас киімі мен шаштарын өруде ғана. Әйелдер біреуін бетіне келтіріп, екіншісін төбесіне айналдырып екі ақ орамал байлайды. Қыздар кішкене үкісі бар ақ тақия киеді. Әйелдер шаштарын екі бұрым ғып өріп, ұштарын біріктіріп, тиын, кілт, түрлі әшекей бұйымдар тағып қояды. Қыздар шаштарын ұсақ өрім ғып өріп, құлағының маңына асыл тастармен, моншақтармен, әркім шамасына қарай әдемілеп қояды. Шаштың ұзындығы сұлулықтың бірінші белгісі, сондықтан барлық әйелдер жалған шаш жалғап алады. Бетке опа жағу сияқты косметикалық бояулар да үлкен қолданысқа ие екен. Сонымен қоса інжу, маржан, тиынмен безендірілген кеудешелер киіпті. Оларды алатамақ деп атайды. Мұның бәрі көне заманда болған. Жас әйелдер салтанатты жағдайларда ақ бас киім - сәукеле киеді.


«Ыстықкөл сапарының күнделігі» негізін де Шоқан саяхатының картасын жасаңдар.


«Ыстықкөл сапарының күнделігінде» қандай географиялық атаулар кездеседі? Олар туралы не білесіңдер? Ұсынылған кестені толтырыңдар:

Географиялық атаулар


Сипаттамасы












Сабақты бекіту

Шоқанның Ыстықкөл сапары неліктен есте қалды, құндылығын қалай дәлелдейсіңдер ?


Сабақтың соңы Рефлексия
2 минут



Сабақтың соңында оқушылар:

Үйренгендері туралы ойланады

1. Қызық?

2. Қажет?

3. Қиын?


Бағалау

1 минут

Формативті бағалау


Үй тапсырмасы

1 минут

Шоқан Уәлиханов туралы пікірлеріңді

«ПОПС формуласы» арқылы білдіріңдер:

«Менің ойымша, ...»

«Себебі, мен оны былай түсінемін ...»

«Оны мен мына деректермен, фактілермен дәлелдей аламын...»

«Осыған байланысты мынадай шешімге келдім...»









Ақмола облысы

Жарқайың ауданы

Тасөткел негізгі мектебі











«Шоқан Уәлиханов – қазақтың тұңғыш ғалымы»

«Ыстықкөл сапарлары»









Өткізген: қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі Жумабекова Б.Т




2020-2021 оқу жылы


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
5 ұстаз жүктеп алған
2 қаңтар
3735
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі