15 890₸ үнемдейсіз
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Ашық сабақ " Ш.Уәлиханов - талантты ғалым" 10 сынып
|
Қазақ әдебиеті |
Уақыты: |
Сыныбы: 10 |
Мұғалімі: К.Қалдыбаева |
|||||||||||||||||||||||||||
|
Сабақтың атауы |
Ш.Уәлиханов – талантты ғалым |
|||||||||||||||||||||||||||||
|
Мақсаты |
Білімділік: Ш. Уәлихановтың
өмірі мен шығармашылығы туралы білімдерін кеңейту, көп қырлы ғалым
екенін дәлелдеу. |
|||||||||||||||||||||||||||||
|
Топқа бөлу |
Ұлттық дәстүрлер арқылы топтарға бөлу |
|||||||||||||||||||||||||||||
|
Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру |
«Менің көңіл - күйім» жаттығуы арқылы психологиялық ахуалды қалыптастыру |
|||||||||||||||||||||||||||||
|
Сабақтың барысы |
Мұғалімнің іс-әрекеті |
Оқушының іс-әрекеті |
||||||||||||||||||||||||||||
|
Үй тапсырмасын сұрау Қызығушылықты ояту |
Шын жүректен шыққан сөз (Шоқан
туралы пікірлер) |
|||||||||||||||||||||||||||||
|
Мағынаны тану |
|
|||||||||||||||||||||||||||||
|
Ой толғаныс |
Шоқан 1835 жылдың қараша айында Құсмұрын бекетінде қазіргі Қостанай облысы Сарыкөл ауданындағы Күнтимес ордасында (қыстауында) атақты аға сұлтан Шыңғыс Уәлиханов отбасында дүниеге келген. Әкесі Шыңғыс Уәлиханұлы сол кезде Аманқарағай дуанының (орталығы Қараоба мекені) аға сұлтаны болған. Округ орталығы 1844 жылы Құсмұрын қамалына ауысқаннан кейін дуан аты Құсмұрын болып өзгертілді. Шоқанның өз атасы Уәли Орта жүздің ханы болған. Арғы атасы Қазақ Ордасының Ұлық ханы Абылай, Шоқан оның шөбересі. Шоқанның балалық шағы қыс кезінде Обаған бойындағы Күнтимес ордасында, жазда Есілдің оң саласы Аққанбұрлық алабындағы ата жайлауда өткен. Әжесі Айғаным тұратын Сырымбеттегі хан ордасында да балдәурен күндерін өткізген.«Жеті жұрттың тілін білуге тиісті» хан тұқымы болғандықтан,Күнтимес ордасындағы әкесі ашқан ауыл мектебінде хат таныған Шоқан сол мектепте ортағасырлық қыпшақ-шағатай тілін меңгереді, парсыша, арабша сауатын ашады. Шоқан 12 жасына дейін Құсмұрындағы мектепте оқып, мұсылман діні ілімімен танысты. Шоқан ауылдық бастауыш мектепте оқып жүріп-ақ араб, парсы, шағатай тілдерінің негізін үйреніп алды. Шоқанның жақын туыстарының естеліктеріне қарағанда, ол бала кезінен білімге бейім әрі құмар болған. Шоқан тарихи аңыз-әңгімелерге ерте бастан-ақ қызыққан. Ол жастайынан данагөй билердің әңгімелерін, акындардың өлең- жырларын зор ықыласпен тыңдап өсті. Оған тәрбие беруде сұлтан әулетінен шыққан әжесі Айғанымның ықпалы күшті болды. Ол жас Шоқанға ежелгі қазақ аңыздарын, аңыз-әңгімелерін, мақал-мәтелдері мен даналық сөздерін жиі айтып отыратын. Шоқан 12 жасына дейін Құсмұрындағы мектепте оқып, мұсылман діні ілімімен танысты. Шоқан ауылдық бастауыш мектепте оқып жүріп-ақ араб, парсы, шағатай тілдерінің негізін үйреніп алды. Шоқанның ата-бабалары атақты сұлтандар әулетіне жатады.
I топқа: Шоқанның Қытай туралы пікірлері II топқа:Шоқанның Қашқарға сапары III топқа:Шоқанның суретшілік өнері Әр топ берілген тапсырманы «Фишбоун» әдісі арқылы орындау керек
|
|||||||||||||||||||||||||||||
|
Рефлексия |
Оқушылар кері байланыс арқылы өздерінің сабақтан алған әсерлерін стикерге жазады |
|||||||||||||||||||||||||||||
|
Үйге тапсырма |
«Жалындап өткен жас ғұмыр» тақырыбында эссе жазу |
|||||||||||||||||||||||||||||


Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген