жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Ашық сабақ : "Тігін машинасымен жұмыс істеуге қажет техникалық талаптар"
Оқу ісінің меңгерушісі:
|
Пәннің аты: технология |
Сынып: |
Кабинет: 110 |
Мұғалім: Таскожина М.Б |
||||||||||||
|
Сабақтың атауы |
Тігін машинасымен жұмыс істеуге қажет техникалық талаптар
Тақырыптың маңыздылығымен танысады, түсініп оқуға, ойын жеткізе білуге үйренеді, тпсырмаларды дұрыс құруға, ойын тиянақтай білуге дағдыланады |
||||||||||||||
|
Мақсаты Күтілетін нәтиже |
|||||||||||||||
|
Психологиялық ахуал |
– Балалар, айналамызда көңіл-күйі көтеріңкі, жақсы адамдардың болғанын бәріміз ұнатамыз. Ендеше қол ұстасып, бір-бірімізге жақсы көңіл-күй мен саулық тілейік. Кел, балалар, күлейік! Күлкіменен түлейік! Күлкі- көңіл ажары ! Күліп өмір сүрейік! |
Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді. |
|||||||||||||
|
Топқа бөлу |
|
Шарлар арқылы топтарға бөлу. |
|||||||||||||
|
Қызығушылықты ояту |
Сабақ бастамас бұрын оқушыларға жұмбақ жасырамын. « Өзгеге киін деймін,өзім киінбеймін» (Жауабы: Тігін машинасы) Тігін бұйымдарын дайындауға арналған жабдықтардың ең негізгісі-тігін машинасы. Осы тігін машинасының шығу тарихына,жалпы құрылымына, құрлысына тоқтала өтейік. ХV-ғасырда Леонардо до Винчи –тігін машинасының жобасын ұсынды. 1755 жылы Карл Вайзенталь – бір жіпті қол тігісін жүргізетін инесі бар машина ойлап тапты. 1834 жылы Уолтер Хант-шөрнекті машина жасады. Бұл машинаның кемшілігі:астыңғы жіптің реттеуіші жоқ еді. 1844-1845 жылы Элуос Хоу бір қалыпты жұмыс істейтін тігін машинасын ұсынды. 1850-1851 жылы Исакк Зингедің күшімен 10 күн ішінде қазіргі замандағы машина түрлерінің негізі дүниеге келді.Зингер қол жетектеп бастап, аяқпен жүргізетін қондырғыны ойлап тапты. 1870 жылдан бастап АҚШ- та «Зингер» фирмасы кеңінен етек жайды. 1900 жылы Ресейдегі Подольск қаласында «Зингер»зауытын ашты.Онда шетелден әкелінген машина бөліктерінен тігін машинасын құрастырды. 1917 жылдан кейін бұрынғы Кеңес елінде Подольск қаласында тұңғыш механикалық зауыты іске қосылды .Машиналардың сыртқы дизайны да ерекше әшекейленіп,фирманың белгісін жазатын болды. Тұрмыстық тігін машинасы өзінің құрылымы, техникалық мүмкіндігі және сыртқы көрінісі бойынша түрліше болып келеді.машинамен тіккен тігіс қол тігіске қарағанда ,жылдам орындалады әрі сапалы, біркелкі түзу, мықты болады. |
||||||||||||||
|
Сергіту сәті |
«Қаражорға» биі |
||||||||||||||
|
Жаңа сабақ |
Оқулықтағы тапсырмаларды орындау Оқушыларға қолмен және машинамен тігілген тігістерді көрсетіп,артықшылығын айтып өтемін. Қолмен және машинамен тігілген тігістерді салыстыру.
Тігін машиналары Қол жетекті Аяқ жетекті Электр жетекті Тұрмыстық тігін машиналары Қол машинасы Механикалық машинасы Жұмыс істеуге ең ыңғайлысы электр жетектісі: ол тез жүреді және басқарылуы оңай.Мұндай машина түрлері түзу тігістен басқа ,ирек тігісті де орындайды. Сонымен қатар арнайы қондырғыларды қою арқылы түрлі операциялар жасайды. Қазіргі кезде тігін фабрикалары жылдамдығы жоғары өндірістік машиналармен жабдықталған.
Өндірістік тігін машиналары Әмбебеп Жартылай автоматты Арнайы
Мысалы: әмбебап түзу тігіс қана жүргізеді, жартылай автоматты машиналар түйме, түймелік теспесін тігеді, арнайы машиналар ашық қиықтарды ілмектеп торлап тігеді. ХХІ—ғасыр тігін машиналарына үлкен талаптар қоя бастады. Бұл талаптарға қазіргі заманғы бағдарламамен басқарылатын жаңа машиналар сәйкес келеді.Жаңа машиналар жәй ғана тігін машиналары болып қана қоймай, тігу білетін машина- компьютерлер болып табылады. Соңғы кезде әсемдік және арнайы тігістер орындай алатын машиналар пайда болды.Мысалы,ине механизмдері мен мата жылжытқышы бағдарламалық құрастырмалы басқарылатын машинаны алайық.Автоматты басқару күрделі суреттер мен қажетті тігістер жасауға көмектеседі.Дисплейде тігістер мен өрнектердің бейнесі көрініп тұрады. Саусағыңды тигізіп,қалаған өрнекті таңдауға болады. Егерде қате кететін болса, машина оны да көрсетеді. Машина кестеге арналған суретті үлкейтеді немесе кішірейтеді, түрлі түске кестелейді, композициясын құрайды. Сарамандық жұмыс. Тігін машинасын жұмысқа дайындау. Сарамандық жұмысты қауіпсіздік ережелерін еске түсіруді бастаймыз. Жұмыстың орындалу реті: -бөлшектердің атауын білу - олардың қолдануы -жіпсіз тігіп үйрену - жоғары және төменгі жіптерді ауыстыру(жіп ауыстырып жаттығу) - тігіп көру(жіптартқыш, жіп бағыттағыш,жоғарғы жіптің керілуін және инешаншым ұзындығын реттегіш сияқты бөлшектерге оқушылардың назарын аудару) Әр оқушыға жеке нұсқау беріліп, қателіктері түзетіліп отырылады. Жұмыс уақытындағы техника қауіпсіздігінің
|
||||||||||||||
|
Рефлексия |
Тігіп болған оқушыларға сабақты бекіту мақсатында карточкалар таратылады.
Кесте толтырылады, өз ойын жазып мұғаліммен бірге талқылайды. Екі жақты күнделік стратегиясы
|
||||||||||||||
|
Үйге тапсырма |
Мазмұндау |
Күнделіктеріне жазып беремін |
|||||||||||||
|
Бағалау |
Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау
|
Бағалау парақшасын толтырады. |
|||||||||||||
|
Кері байланыс |
Бағалау парақшаларын толтыру. Смайликтер арқылы кері байланыс орнату
|
Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады |
|||||||||||||
шағым қалдыра аласыз




Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген