Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ " Төрт түліктің пайдасы" 7 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазақ тілі мен әдебиеті пәндері мұғалімдеріне көмекке керек деп ойлаймын
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қысқа мерзімді сабақ жоспары

Төрт түлік мал мен егіншілік – елдің берекесі.

Мектеп: Б.Кенжетаев атындағы Новонежин орта мектебі

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:Молдахаликова К.З

Сабақтың тақырыбы

Төрт түліктің пайдасы

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары

7.1.2.1 Тыңдалған мәтіннің негізгі мазмұнын түсіну, ақпараттың өзектілігін анықтау.

7.571.3.Сан есімдерін жазбаша, ауызша жұмыстарда орынды қолдану.

Сабақтың мақсаттары

Барлық оқушылар: қазақша төрт түліктің пайдасы жайлы ақпарат береді, мәтіндегі жаңа сөздерді меңгереді, сөйлесім барысында қолданады;

Көптеген оқушылар: қазақ тілінде төрт түліктің пайдасын айтады, ойын дәлелдейді, қасиеті жайлы ақпарат береді;

Кейбір оқушылар: тақырып аясында өз бетімен қазақша мәтін құрайды.

Бағалау критерийлері

Оқылым мақсаты бойынша:

  • мәтін мазмұнын түсінеді;

  • нақты ақпараттарды анықтауға бағытталған сұрақтар құрастыра алады.

Сабақ түрі

Жаңа сабақ

Тілдік мақсаттар

Пәнге қатысты сөз тіркестері мен терминология:

Жамылғы көрпелер, балқаймақ, асыраушысы, иленген терісі, ұшқалақ, жалынан

Сабақта қамтылатын құндылықтар

Жауапкершілік

(жұптық, топтық жұмыста жауапкершілік қасиет танытады)

Құрмет

(жұмыс барысында өзіне және өзгеге құрмет көрсетеді)

Пәнаралық байланыс

тарих, әдебиет

АКТ қолдану дағдылары

Таныстырылым арқылы ақпарат қабылдайды.

Осыған дейін меңгерілген білім

Төрт түлік

Жоспар

Жоспарланатын уақыт

Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер

Дереккөздер

5 минут







3 минут



3 минут













6 минут

















6 минут







































1 минут

6 минут





























4 минут












Ұйымдастыру кезеңі

«Көңіл – күйді анықтау» тренингі.

Топқа бөлу: Жануарлардың төлдері бір топ, аналықтары екінші топ

Мұғалім сөзі:- Балалар, біздің өмірімізде жануарлар ерекше орын алады, өйткені біз ауылда тұрып, тіршілігіміз үй жануарлармен байланысты. Сол жануарлардың ішінде Төрт түлікке қандай жануарлар жатады? (Оқушылардың жауаптары)

-Дұрыс: жылқы, түйе, сиыр, қой, ешкі.

Үй жұмысы: Төрт түлік туралы мақал – мәтел жаттау

Бүгінгі жаңа сабақтың тақырыбы: Оқушылар QR код арқылы табады «Төрт түліктің пайдасы» (сабақ мақсатымен таныстыру)

Сөздікпен жұмыс:

Жамылғы көрпелер –покрывало, одеяло;

балқаймақ – сливки, сметана

иленген тері - шкура, кожа

жүн- шерсть

дайындайды- готовят

-Қазақта: Түйе- байлық,

Қой – мырзалық,

Жылқы- сәндік,

Ешкі – жеңілдік,

Сиыр- ақтық -дейді

Қызығушылығын ояту кезеңі (бейнеролик көрсету) «Төрт түлік/ Дом. Животные на казахском языке»- ютубе

1-тапсырма

Берілген сөздерді сәйкестіріңдер

Түйе бұзау маңырайды

Сиыр құлын боздайды

Жылқы қозы, лақ мөңірейді

Қой, ешкі бота кісінейді

Дескриптор: - Өз беттерімен төрт түліктің төлдерін табады

  • Жануарлар не істейді екенін анықтайды

Қ.Б. «Бас бармақ» әдісі

Сабақ ортасы:

2- тапсырма

Оқылым бойынша оқушылар мәтінмен жұмыс жасайды, мәтіннен сан есімдерді табады, қай түрі екеннін анықтайды, сұрақтар құрастырады. (Әр топқа әртүрлі мәтін беріледі)

Төрт түлік малдың ішіндегі ең қасиеттісі түйе болып есептелген. Ол қырық күн шөлге шыдамды, жүк артса – көлік, жесе – ет, ал жүні киімге жараған. Түйелер шөлге, қатты аязға төзімді. Олар қыста бір рет, жазда екі рет су ішеді.

Түйе  киелі  жануар, оның  пайдасы  мол. Оның еті мол, жүні биязды жұмсақ болады. Шұбаты  өте  қою  әрі  дәмді. Шұбат  ішкен адамның дені  сау  болады.

Сиыр- 8 мың бұрын қолға үйретілді. Ең ауыр сиырдың салмағы- 2 тоннадан асқан. Оның сүтіндегі ақуыз(белок)- адам ағзасындағы токсидерді шығаруға көиектеседі. Жүктілік мерзімі адамдармен бірдей – 9 ай. Мұрнының іздері, адамның саусақ іздері сияқты бірігей. Бір сиыр өмірінде 200 мың стакан сүт береді. Ең ұзақ өмір сүрген сиырдың жасы – 48 жыл.

Қазақ халқы жылқыны «киелі жануар» деп есептейді. Жылқы- кисе, киім, мінсе, көлік, жесе , тамақ, ішсе сусын болатын киелі түліктің бірі.Жылқы күніне кемінде 25 литр су ішеді. Ұйықтау үшін тәулігіне төрт сағаттай жетеді. |Аңыз- ертегілерде күшті тұлпарлар көмекке бірінші болып келетіні туралы көп айтылады.Жылқылар шамамен 25- 30 жас өмір сүреді.

Қой – төрт түлік малдың ішіндегі қазақтың ең сүйіктісі десе де болады. Өзі майда, өсімтал, момақан, тез ет алып, қонақ кәдеге жарап отыратын, сүті майлы әрі жұғымды қой малын ата-бабамыз ерекше қастерлеген. Бүкіл әлемде қойдың шамамен алты жүз түрлі тұқымы бар. Ересек қойды бір рет қырыққаннан 10 келі жүн шығуы мүмкін.
Ешкі де қазақтар үшін өсімтал малдың бірі болғандықтан, қадірлі. Ешкінің еті жеңіл әрі сіңімді, сүті аса құнарлы болады. Ешкінің сүттісін арнайы ұстап, ана сүтіне жарымаған баланы ешкі сүтімен асырайды.

Дескриптор: - мәтін не туралы екенін түсінеді

  • - мәтіннен сан есімдерді табады

  • - сан есімдердің түрлерін ажыратады

  • - сұрақтар құрастырады

  • Қ.Б «Шапалақ» үш шапалақ – өте жақсы, екі шапалақ –жақсы, бір шапалақ - қанағат

Сергіту сәті : Айя мен Әли «Үй жануарлары»ютуб

3-тапсырма Топтық жұмыс

Тақтада сабаққа байланысты сөздер жазылған: сүт, жылқы, пайдасы, сиыр, балқаймақ, жүн, түлік

1 топ – шағын эссе жазады

2 топ – сөздермен 4 тармақты өлең шығарып, қазіргі кездегі әнмен ұйқастырады.


Дескриптор: - шағын эссе жазады

  • Өлең шығарады

Қ.Б Мұғалім өзі «Тамаша», «Жақсы», «Керемет» т.б бағалайды


4 тапсырма QR код арқылы оқушылар 1 топ төрт түліктен алынатын тағамдарды жазады: түйе – шұбат, жүн; сиыр –май, сүт, ірімшік, ет, т.б; жылқы- ет, қымыз; қой , ешкі – ет, жүн, сүт

2 топ төрт түліктің шаруашылыққа тигізетін пайдасы туралы жазады

Түйе- шұбат, жүнінен көрпе; сиыр- тезегі отын, торсық, жылқы- қылынан арқан, қой- жүнінен текемет, киіз, ешкі- терісінен аяқ киім

Дескриптор: - төрт түліктен алынатын тағамдарды жазады

  • төрт түліктің шаруашылыққа тигізетін пайдасы туралы жазады

Қ.Б. « Екі жұлдыз бір тілек » әдісі.

9-10 балл – үш шапалақ

7-8 балл – екі шапалақ

5-6 балл – бір шапалақ

Слайд 1









QR код

Слайд2

Слайд 3









https://www.youtube.com/watch?v=lD6fpwKr4NQ&vl=ru

 Слайд 4

карточкалар, слайд 5













Слайд 6







































Ютуб «Үй жануарлары» слайд 7













Слайд 8






Сабақтың соңы

3 минут













Үйге тап.

Сабақ бойынша кері байланыс алынады.

63 бет, 10-тапсырма. Сұрақтарға жауап бер



63- бет 9- тапсырма Көп нүктенің орнына қажетті сөздерді жазып, сөйлемдерді толықтыр.







Слайд 9









Слайд 10


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
18.10.2020
1541
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12