Ашық сабақ: " Ұ дыбысы мен әріпі"

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ашық сабақ: " Ұ дыбысы мен әріпі"

Материал туралы қысқаша түсінік
оқушыларға әріпті үйрету
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақтың тақырыбы: «Ұшты-ұшты!» ойнаймыз. Ұ дыбысы мен әріпі.

Сабақтың мақсаты: Ұ дыбысымен таныстыру.Сөз,сөйлем сызбасын құру.Жазу жолын,жоларалық кеңістікті,жолдың жоғарғы және төменгі сызығын сақтап,әріп элементтерін жазу.

Әдіс-тәсілдері:әңгәмелеу,көрнекілік,ойын,сұрақ-жауап.

Көрнекіліктері:Ұ дыбысының баспа түрі,текшелер,кеспе әріптер

Сабақтың барысы

Ұйымдастыру кезеңі.

1.Психологиялық дайындық.

Мына сұлу әлемде

Адам өмір сүреді

Үлкен менен кішіге,

Күн сәулесін төгеді.

«Ұр токпақ» ертегісінің желісімен сабағымызды бастаймыз

Өткен сабақты қайталау

-Ал енді балалар, біз өткен сауат ашу пәнінен қай әріпті өткен едік?Естеріңде бар ма?

-Дұрыс,Ққ әріпі мен дыбысын өткенбіз.

-Ққ дыбысы қандай дыбыс?

-Дұрыс,дауыссыз дыбыс

-Дыбыс пен әріптің айырмашылығы қандай?

Әріпті біз көреміз, жазамыз.Ал,дыбысты естиміз және айтамыз.

-Қаз дегенде қандай дыбыс естіліп тұр?

-Иә,Ққ дыбысы естіліп тұр

-Тамаша,балалар жарайсыңдар!

1-Тапсырма.Сурет желісімен балаларға сұрақ қойылады.Сұраққа жауап беріп,әңгімелейді.Балалар өз ойларын айтады « Ұшты-ұшты» ойыны ойнатылады.

2-Тапсырма. «Айналаңда не ұшады,не ұшпайды?» деген сұраққа сурет бойынша жауап береді.Ұ дыбысы естілген жануардың атын қайталап ,сөздерді буынға бөледі.

Ұ дыбысын айтқанда ерінді кішкене дөңгелектеу,тілдің ұшы астыңғы тіске жақындайды ерінді көбірек дөңгелектеу,тілдің ұшы кейін қарай тартылады.Ұ-жуан,дауысты дыбыс.

Сергіту сәті.

Балалар орындарынан тұрып,өлең жолдарын қимылмен 2-3 рет айтады.

Тербеледі ағаштар,
Алдымнан жел еседі.
Кіп-кішкентай ағаштар
Үп-улкен боп өседі.

3-тапсырма.Әр топқа бұлт,қарға, құрт сөздері беріледі.Сол создерді оқып,сол сөздерге дыбыстық талдау жасалынады.

4-тапсырма.Ұ-ұқсайды ұяға
ұшты құстар қияға
өлең жолдары оқылып,Ұ әрпінің бейнесі түсті қағаздармен құрастырылады.

5-тапсырма.Сурет бойынша балалар сойлем құрайды.
Көрдім,ұстадым,алдым.
Көрдім,алмадым,ұстамадым.

- Балалардың сөзінен не байқадыңдар? Әр бала оз ойын айтады.

6-Тапсырма.Жұмбақ шешеміз
Айналада ақ отау,
аузы,мұрны жок отау
Жұмбақтың шешуі:(Жұмыртқа) Ұ әрпінің нешінші буында тұрғанын айтады

Ұ әріпінің баспа түрін жазады

Қорытындылау.

-Сонымен біз бүгін қандай дыбыспен таныстық?
-Ұұ дыбысы
-Ол қандай дыбыс?
-Дауысты дыбыс
-Дауысты дыбысты қандай текшемен белгілейміз?
-Қызыл текшемен белгілейміз
-Ұұ дыбысы сөздің қай жерінде кездеседі?
-Басында,ортасында
Жарайсыңдар балалар!
Мадақтау,бағалау,



















Shape2 Shape1

А.Өтепбергенов атындағы орта мектеп
















Ашық сабақ



Shape3

тАҚЫРЫБЫ:









«Ұұ дыбысы мен әрпі»





Өткізген:Жарылғасова.Ж

2018-2019 оқу жылы

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
02.02.2019
641
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі