Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

ашық сабақ : "Үйшік"

Материал туралы қысқаша түсінік
Көмек беруге тәрбиелеу.Ойлау қабілеттерін дамыту. «Ұзын, қысқа» салыстыра алу дағдыларын дамыту. 3-ке дейін санды білу.Геометриялық пішіндерді атап,ажырату дағдыларын бекіту.
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Әулиекөл ауданы әкімдігінің білім бөлімі «Айгөлек»

бөбекжай – бақшасы» МКҚК

«Балапан» тобындағы ұйымдастырылған оқу-қызметінің конспектісі

Өткізу күні : 9 ақпан 2021 ж

Тәрбиеші : Дауренбекова К.М.

Білім беру саласы : Таным

Бөлімі: Математика негіздері

Тақырыбы: «Үйшік»

Мақсаттары:

Тәрбиелік: Көмек беруге тәрбиелеу.

Дамытушылық: Ойлау қабілеттерін дамыту. «Ұзын, қысқа» салыстыра алу дағдыларын дамыту.

Оқыту: 3-ке дейін санды білу.Геометриялық пішіндерді атап,ажырату дағдыларын бекіту.

Педагогикалық технологиялар: ойын,Воскобович,ақпараттық.

Ресурстармен қамтамасыз ету: геометриялық пішіндер,аңдар ойыншықтар,

бейне таспа, үлестірмелі құралдар.

Билингвалдық компонент: үйшік-теремок, ертегі-сказка.

Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы

1.Ұйымдастырушылық кезеңі:

-Күлімде,күн, күлімде!

Күлсін барлық бала шат!  

Берекелі  бүгіндей  

Бейбіт  болсын  болашақ! Осындай жақсы көңілмен сабағымызды бастайық .

-Балалар,сендер ертегілерді жақсы көресіңдер ме?

Қандай ертегілерді білесіңдер?Дәл,қазір ертегіге барғыларын келеді ма?

2.Негізгі бөлім:

-Мен сендерге қазір жұмбақ жасырамын,сендер оның жауабын тауып алыңдар,сонда біз немен баратыңымызды білесіңдер.

Жұмбақ

Бір біріне қарап үйлер тіркесіп,
Қара тұлпар жүр әрі - бері көшіп.
(Поезд)

-Дұрыс,бұл поезд,біз сиқырлы паровоз бен барамыз.Мен сендерге билеттер таратамын,өз билеттеріне мұқият қарап алындар.Билетте не көріп тұрсыңдар?

Геометриялық пішіндер.Енді,өз билеттерінде қандай пішін,сол пішінді орындықта тауып алып,орнымызға отырамыз.

-Дайынсыңдар ма,кеттік. Паровоздын дауысы шығады.

Тышқан тап болады(ұзын,қысқа жолдар)

-Ой,балалар,қараңдаршы бізді тышқан күтіп отыр екен,қолында бізге дайындап қойған тапсырмасы бар екен.

-Орманда үйшік тұр,ол төмен емес,биік емес.

Тышқан жүгіріп бара жатқанда сол үйшікті көреді.Үйшікке екі жол жатыр,біреу ұзын,біреу қысқа.Тышқан ойлап отыр екен,тез жету үшін қандай жолмен барсам екен,ұзын әлде қысқа жолмен.Көмектесейік па,балалар.


-Балалар,қалай ойлайсыңдар? Дұрыс,қысқа жолмен.Міне,тышқан үйшікке жетіп қалды. Сөйтіп,көңілді өмір сүріпті. Неше аң үйшікте тұрады? 1

Жұмбақ

Басы жалпақ

Көзі тостақ

Бұты талтақ. Бұл не? (бақа)

Бір кезде бақа тап болады

-Секіріп жүріп,сол үйшікті бақа көреді,олда үйшікте тұрғысы келеді.

Бірақ,секіріп жүргенде моншағын жоғалтып алыпты,көмек берейік бақаға.

Д/о: «Моншақ жинау»

-Бақа өте қуанышты,енді үйшікте неше аң тұрып жатыр? 2

Жұмбақ

Сылдырдан қорқады

Шошынып жортады (қоян)

Бір кезде қоян тап болады.Көңілсіз отыр,үйшікке асығып келе жатқанда байқамастан бұтаққа шалбарын іліп алыпты.Жаңадан шалбар тігем дейді,бірақ оның матасы тесіліп қалды,көмектесейік,балалар.

Д/о: «Жамауды тап»

-Балалар,білесіңдер ме,қоян ойнағаның жақсы көреді екен

Сергіту сәті (бейне таспа)

-Енді,үйшікте неше аң тұрып жатыр? 3

Жұмбақ

Өзі айлакер қу

Жүрген жері айқай -шу (түлкі)

-Тініш,тініш,бізге біреу келе жатқан сияқты.Әрине бұл түлкі ғой.Олда үйшікте тұрғысы келеді.Өз достарына ойын алып келіпті,бірақ геометриялық пішіндердің түстерін ұмытып қалыпты.Түлкіге де көмек берейік.

Д/о: «Сәйкес түсін тап»

-Аю келе жатып,үйшікті көреді қатты дауыс пен ақырады: -Мені де үйшікке кіргізіңдер.Аңдар қорқып кетеді.

-Қалай ойлайсыңдар,аю сияма екен үйшікке? Неге? (ұлкен,кішкентай )

Аю үлкен,үйшік кішкентай.

Сонымен аңдар үлкен үйшік салуға келіседі.

-Жарайсыңдар,балалар.Қандай ертегіге келдік,ұнады ма,сендерге?

Олай болса үйімізге қайтайық.

3.Қорытынды:

Жұлдызша беру.

Балаларды мадақтау.



Өз өзінді бағалау

Қатысқан бала саны: 11 бала.

Тәрбиеші: Дауренбекова К.М.

Математика негіздері туралы ашық оқу-қызметін өткіздім.

Сабақ методикасы дұрыс құрылған,тақырыбы және мақсаты жоспарға сай,бір бірімен байланысты.Өз мақсатыма жеттім деп ойлаймын,өйткені балалар сабаққа жақсы қатысты.Берілген тапсырмаларды орындай отырып әр бір аңға көмек берді.Ойын арқылы серігіп қалды.

Өз мақсатыма жеттім деп ойлаймын,өйткені балалар сабаққа жақсы қатысты.Берілген тапсырмаларды орындады,бір ден үшке дейін санады, геометриялық пішіндерді салыстырды,ұзын,қысқа,үлкен,кішкентай білімдерің бекітті. Менім мақсатым әрғарай балалардың ойлау қабілеттерің дамыту және білімге деген құштарлығын арттыру.

Қортындылай келгенде балалар білімдерін пайдалана білді, эмоционалды қабылдады. Болып жатқан жағдайда қызуғышылық танытты, зейінді, ұйымшыл болды. Мақсатқа жеттім деп шештім, балалар мені қызығушылықтарымен қуантты.









Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
25.07.2021
499
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12