Ашық сабақ " Ұзындық. Масса. Көлем" 1 "А" сынып

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ашық сабақ " Ұзындық. Масса. Көлем" 1 "А" сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
оқушыларға шамалар туралы түсінік беру. Ұзындық, масса , көлемге байланысты есептер шығарады, олардың өлшем бірліктерін есте сақтап, топтық ,жұптық жұмыстар жүргізеді
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақтың тақырыбы: Ұзындық. Масса. Көлем

Мұғалімнің аты-жөні: С. Орынбекова

Күні: 30.01.2019 ж

СЫНЫП: 1 «А»

Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспаған оқушылар саны:

Сабақ негізделген оқу мақсаттары

1.1.3.3 шамалар мәндерін: ұзындық (см, дм) \ масса (кг) \ көлем (л ) өлшем бірліктерін салыстыра алады және амалдарды орындай алады.

Сабақ нәтижесі:


Оқушылардың барлығы мынаны орындай алады: Оқулықта берілген және қосымша тапсырмаларды орындайды. Жазба жұмыс жасайды. Сұраққа жауап береді.

Оқушылардың көбісі мынаны орындай алады: Топтық жұмысты бірлесе орындайды.Өз бетінше жұмыс жасайды. Сұраққа жауап береді. Қосымша үлестірме ресурстармен жұмыс жасайды.

Оқушылардың кейбіреуі мынаны орындай алады:

Оқулықтан тыс берілген қосымша тапсырмалады орындайды, тақырып бойынша қосымша мәліметтер мен дәлелдер келтіре алады.

Бағалау критерийі

  1. Шамалар мәндерін : ұзындық (см, дм )\ масса (кг) \ көлем (л) өлшем бірліктерін салыстырады және амалдарды орындайды.

Дескриптор

1Ұзындық (см, дм) өлшем бірліктерін салыстырды

2 Масса (кг) өлшем бірлігін білді

3 Көлем (л) өлшем бірлігін қолданды

Ресурстар

Оқулық, суреттер және  әртүрлі  заттар, топтық тапсырмалар, АКТ

Әдіс-тәсілдер

«Сұрақ-жауап» әдісі, «Жигсо» әдісі, «Кубик-рубик» ойыны, «Ал кәне, жұмылайық» ойыны

Пәнаралық байланыс

Дүниетану, көркем еңбек

Сабақтың жоспары

Жоспарланғануақыт

Сабақ барысы :

Бағалау түрлері

Басталуы

5 минут

Ұйымдастыру кезеңі :

Психологиялық ахуал қалыптастыру:

Топтарға бөлу. «Сұрақ-жауап» әдісі арқылы топтарға бөлемін.



1-топ: Ұзындық

2-топ: Масса

3-топ:Көлем

Жаңа білім

12 минут



Білу және түсіну

Оқушылар оқулықтағы негізгі тақырыппен танысады.

«Жигсо» әдісі арқылы оқулықтағы тапсырмаларды бөліп алып орындайды. Тапсырмаларды бөлуде «Кубик-рубик» ойынын қолданамын.

1-топ: Заттардың ұзындықтары қандай? Өлшейді, анықтайды, салыстырады.

Өшіргіш -5см қайшы – 11см қарындаш – 14см

5см < 11см 11см < 14см

Қайшы өшіргіштен 6 см ұзын. Өшіргіш қайшыдан 6 см қысқа.


2-топ: Сурет бойынша қарбыздың, бір қап картоптың массасын анықтайды, салыстырады.

Қант- 1 кг болса, онда қарбыз – 4 кг болады. Тразының бір басында тұрған екі қалта қант пен қарбыздың салмағы 6 кг-ға тең. Ал екінші басында бір қап картоп пен бір қалта қант тұр.Картоптың салмағын табу керек.

Шешуі:

Қарбыз: 1 кг + 1кг+1кг +1кг = 4 кг

1 қарбыз 4кг +екі қалта қант 2кг = 1 қап картоп ? кг + қант 1кг

4 кг +2 кг = ? кг + 1 кг

6 кг – 1 кг = 5 кг

Жауабы: қарбыз- 4 кг, картоп – 5 кг


3-топ: Шелекке қанша литр су сыятынын анықтайды.

Шешуі: Бізде шелек, 1 литрлік үш құмыра, 2 литрлік екі кастөрөл бар.Сәйкесінше үш құмыра 3 литрге , ал екі кастөрөл 4 литрге тең.

Бұдан келіп шығады: 3 л + 4 л = 7 л

Жауабы: Шелекке 7 л су сыяды.




«Басбармақ» әдісімен бағалау

Ортасы

7 минут







Қолдану : Дәптермен жұмыс

  1. тапсырма. Заттардың ұзындығын анықта.

Қаламсауыт – 14 см-ге тең.

Кілттің ұзындығы – 6 см-ге тең.

Қаламның ұзындығы – 12 см-ге тең.

2 – тапсырма. Заттардың массасын анықта.

Кітаптың массасы – 1 кг-ға тең.

Сыйлықтың массасы – 2 кг-ға тең.

Қарбыздың массасы – 4 кг-ға тең.

3-тапсырма. Заттардың көлемін анықта.

Шелектің көлемі- 4 л.

Ыдыста қанша л су бар?

а) Ыдыста – 8 л су бар. Ә) Ыдыста – 3 л су бар.


«Өзін-өзі бағалау» әдісі

Сергіту сәті

2 минут

Әдемі әтеш орнынан тұрды,

Жан-жағына қарады.

Айдарын тарады

Кукареку, кукареку деп шақырды

Елдің бәрін оятты

Қанатын қомдап, орнына отырды.

Өлең шумағы

Аяқталуы

Сабақты бекіту

7 минут

Синтез . Ал кәне ,жұмылайық!

Аквариумға 20 л су сыяды. Көлемі 3 литрлік шелек пен 1 литрлік құмыраның көмегімен аквариумды қалай толтыруға болады.Есепті шығарып көрсет.


  1. тәсіл: 3 л +3 л + 3 л+ 3 л + 3 л+ + 3л +1 л +1 л = 20 л

  2. тәсіл: 1л+1л +1л+1л +1л +3л+3л+3л+3л+3л = 20 л

3 - тәсіл: 3 л +3 л + 3 л+ 3 л + 3 л+ + 1 л + 1 л + 1л +1 л +1 л = 20 л

. . . . .

Сыныптағы белсенді оқушы басқаларға бағыт беріп отырады,талқығасалады,ойланады..


Бағалау

8 минут








Кері байланыс

4 минут

Бағалау парақшасы


Критерийлер

Дескрипторлар

1

Ұзындық өлшем бірліктерін жаз.

См, дм, м

2

Масса өлшем бірліктерін жаз.


г, кг, ц, т

3

Көлем өлшем бірліктерін жаз.


л


Picture 1



Бағалау парақшасы









Рефлексия парағы.

Үйге тапсырма: өлшем бірліктерді жаттау, дәптермен жұмыс.

Саралау – Сіз қосымша

көмек көрсетуді қалай

жоспарлайсыз? Сіз

қабілеті жоғары

оқушыларға тапсырманы

күрделендіруді қалай

жоспарлайсыз?

Бағалау - Оқушылардың

үйренгенін тексеруді

қалай жоспарлайсыз?



Пəнаралық байланыс

АКТ-мен байланыс



Рефлексия

Сабақ / оқумақсаттары шынайы ма? Бүгін оқушылар не білді?

Сыныптағы ахуал қандай болды?

Мен жоспарлаған саралау шаралары тиімді болды ма?

Мен берілген уақыт ішінде

үлгердім бе?

Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім жəне

неліктен?


Төмендегі бос ұяшыққа сабақ туралы өз пікіріңізді жазыңыз.

Сол ұяшықтағы Сіздің сабағыңыздың тақырыбына сəйкес

келетін сұрақтарға жауап беріңіз.

Оқушылар бүгін ұзындық, масса, көлем шамаларымен танысты. олардың өлшем бірліктерімен білді. Өлшем бірліктерді анықтады, салыстырды. Жоспарлаған әдіс-тәсілдерім тиімді болды. Оқушылар сабаққа белсенді қатысты.

Бүгінгі сабақты жоспарыма сай берілген уақыт ішінде үлгердім.


Қорытынды бағамдау

Қандай екі нəрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?


1: «Жигсо» әдісі табысты болды. Себеп: біріншіден әр топ өз тапсырмаларын орындып, басқаларға түсіндіре білді. Екіншіден уақытты пайдалануда тиімді болды.

2: «Ал кәне, жұмылайық» ойыны арқылы 4-тапсырманы сынып болып орындау табысты болды.

Қандай екі нəрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?


1: «Сұрақ-жауап» әдісі оқушыларда өз білгендерін айтуға деген қызығушылығын оятты .

2: «Кубик – рубик» ойыны да сабақты жақсарты.


Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды

жетілдіруге көмектесетін не білдім?

Келесі сабақта тапсырмаларды оқушылардың деңгейіне қарай бөліп беруді, ал 5– тапсырманы «Көшбасшы және тыңдаушы» әдісі арқылы орындатуды жоспарлаймын.









Оқу – ісі меңгерушісі: Д. Әлібекова

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
05.02.2019
1824
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Жариялаған:
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі