400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ "А. Иассауи" 9 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
А. Иассауидің өмірі мен шығармашылығына арналған сабақ жоспары
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Бекітемін»

Мектеп директоры

_______ А.С. Ахметшаихов


Пән: қазақ әдебиеті

Сабақ: Қожа Ахмет Йассауи «Диуани хикмет»

Мектеп: Мүткенов атындағы орта мектеп


Күні: 17.11.2015 ж.

Мұғалімнің есімі: К.А.Жусупбекова


Сынып: 9 «а» Сабақ саны: 3

Қатысқандар саны: 16

Қатыспағандар саны:


Сабаққа негізделген оқу мақсаттары

Ахмет Йасауидің өмірі мен шығармашылығын таныту. «Диуани хикмет» кітабындағы негізгі ойды анықтау.


Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар: Ақын шығармаларын терең меңгереді, сыни тұрғыдан ойлауға дағдыланады, өз бетімен ізденеді.



Оқушылардың басым бөлігі: «Даналық кітабындағы» хикметтерінің мазмұны мен мағынасын аша отырып, болашақ ұрпаққа айтар насихатын анықтай алады.



Кейбір оқушылар:

«Диуани хикмет» кітабынан алынған хикметтерден үзінді жаттайды, орнымен қолдана алады, талдау жасайды (дарынды және талантты оқушылар үшін);

Ақын туралы мәлімет алады, шығармаларын талдайды (көмекті қажет ететін оқушылар үшін).


Тілдік мақсат

Оқушылар: Ақын шығармалары арқылы оқушылар ой - өрістерін кеңейтеді, сөздік қорын байытады. Блум таксономиясы арқылы кез келген тапсырманың мәселесін анықтап, оның шешу жолдарын табуға және топтық жұмыстар арқылы сын тұрғысынан ойлауға дағдыланады.


Негізгі сөздер мен тіркестер: Ахмет Йассауи, хикметтер, негізгі ой, теңеу, эпитет т.б.


Сыныптағы диалог/жазылым үшін пайдалы тілдік бірліктер:

Талқылауға арналған тармақтар:

  1. Әл-Фарабидің өміріне шолу жасаңыз.

  2. Ол ғылымның қай салаларымен айналысқан?

  3. Қандай еңбектерін білесіз?

  4. Трактат дегеніміз не?

Өлеңдерінде қандай ой айтылған?


Жазылым бойынша ұсыныстар: Талдау - Хикметтеріне поэтикалық талдау жасайды.

Қолдану - оқушылар белгілі бір сурет арқылы түрлі тапсырмалар орындайды.

1-топ. Сол сурет бойынша өлең шығарса,

2-топ. Сол сурет арқылы әңгіме құрастырады.

3-топ. Сол сурет бойынша айтылған деректерді талдайды.


Алдыңғы оқу

Қожа Ахмет Йассауи өмірі мен шығармашылығын оқу

Хикметтерінен үзінді жаттау


Жоспарланған

уақыт

Жоспарланған жаттығулар (төменде жоспарланған жаттығулармен қатар, ескертпелерді жазыңыз

Ресурстар



Басталуы

2 мин

ОмОЖТ

СТОү






Ұйымдастыру кезеңі

Сабақты бастамастан бұрын оқушыларға жақсы көңіл-күй сыйлау үшін тренинг өткіземін.

Ризамын оңға,

Ризамын солға,

Ризамын күнге

Ризамын өзіме.

  1. Білу:

  1. Оқушылардың үй тапсырмасына дайындығын анықтау үшін «Ыстық орындық» стратегиясын қолданамын. Бір оқушы ортаға шығып, орындыққа отырады да сол оқушыға оқушылар сұрақ қояды.

  2. Әл-Фарабидің өміріне шолу жасаңыз.

  3. Ол ғылымның қай салаларымен айналысқан?

  4. Қандай еңбектерін білесіз?

  5. Трактат дегеніміз не?

  6. Өлеңдерінде қандай ой айтылған?









Орындық



Ортасы

5 мин

СТОү








15 мин

ОмОЖТ

СТОү






















3 мин









5 мин











4 мин






3 мин











4 мин











































2 мин



2 мин


Мұғалім сөзі: Оқушылар бүгінгі жаңа сабағымызды бастамастан бұрын тақтадағы суретке назар аударайық. (Тақтада кесененің суреті көрсетілген)

Бұл кесене қайда орналасқан? Түркістан қаласында демек, қасиетті қаладакімнің кесенесі бар деп ойлайсыздар? (Қожа Ахмет Йассауи кесенесі) Олай болса бүгінгі біздің сабағымыз Қожа Ахмет Йассауидің өмірі және «Диуани хикмет» кітабы.

Сабақты мынандай дәйексөзді негізге ала отырып бастаймыз: «Ең алдымен,өзіңді өзің таны!»-дейді грек ғалымы. «Өзіңді танығаның-хақты танығаның»-дейді ұлы бабамыз Қожа Ахмет Йасауи. Хақ деп отырғаны-ақиқат, дүниенің мәні. Демек, әрбір адам, ең алдымен, өз елінің өткенін, тарихын, ата-бабаларын білуі керек. Ендеше, біз баба жайлы не білеміз?

Қожа Ахмет Йассауи кім? деген сауалға оқушылар постер қорғау арқылы жауап береді.

Постер қорғау

  1. Түсіну: «Джигсо» әдісі

Оқушылар жаңа тақырыпты бір-біріне түсіндіреді.

1-топ. Қожа Ахмет Йассауидің өмірі мен шығармашылығы

2-топ. «Диуани хикмет» кітабына жалпы сипаттама

3-топ. Қожа Ахмет Йассауи кесенесінің тарихы туралы

Міне, осындай тақырыптарға оқушылар жұпта, топта дайындалып, келесі топқа барып түсіндіреді.

Талдау:

4. Тапсырмалармен жұмыс.

1-тапсырма. Қожа Ахмет Йассауи хикметтеріне поэтикалық талдау жасау

Хикметтеріндегі негізгі ой

Поэтикалық талдау

(теңеу, эпитет) табу


Сөздікпен жұмыс


Қолдану:

2-тапсырма «Сәйкестендіру кестесі»

Қожа Ахмет Йассауи сақтандырған 5 нәрсемен оқуыларды таныстыра отырып, кімнің даналық ойымен сәйкес келетіндігін анықтау мақсатында, кестені толтыру.

Йасауи: Абай:

1.Алланың ақ жолын мойында

1.Өсек

2.Менмен,тәкәппар болма

2.өтірік

3.Арыңды сатпа

3.мақтаншақ

4.Арамдықтан аулақ бол.

4.еріншек.

5.Еріншек болма.

5.бекер мал шашпақ


3-тапсырма «Суретпен жұмыс» стратегиясы

Бұл тапсырмада оқушылар белгілі бір сурет арқылы түрлі тапсырмалар орындайды.

1-топ. Сол сурет бойынша өлең шығарса,

2-топ. Сол сурет арқылы әңгіме құрастырады.

3-топ. Сол сурет бойынша айтылған деректерді талдайды.

Жинақтау: 4 -тапсырма «Ой толғау»

«Диуани хикмет» кітабы туралы оқушылар өз көзқарастарын, пікірлерін жинақтап төмендегі кестеге толтырады.


Оқушылардың пікірі

«Диуани хикмет» кітабы





Оқушылардың пікірлері алынған соң, түрлі ғалымдардың пікірлерімен салыстырып қараймыз.

Рефлексия.

5. Қорытындылау «Тест сұрақтары»

1.Қожа Ахмет Йассауидің туған жерін көрсетіңіз.

А) Сыр бойында

Ә) Отырар қаласында

Б) Йасы қаласында


2. Қожа Ахмет Йассауидің ата-анасын белгілеңіз.

А) Құнанбай мен Ұлжан

Ә) Ибраһим мен Қарашаш

Б) Ибраһим мен Қарлығаш


3.Алғаш ұстаздық еткен қала

А) Түркістан

Ә) Испиджаб

Б) Мерке


4.Қожа Ахмет Йассауидің рухани ұстазы кім?

А) Арыстан баб

Ә) Әл-Фараби

Б) Баласағұни


5.27 жасында Бұхараға барып кімнен білім алады?

А) Арыстан баб

Ә) Юсуф Хамадани

Б) Әл-Фараби


6.Не себептен өмірін қылуетте өткізеді?

А) Мұхаммед пайғамбардың жасынан артық өмір сүру

Ә) Әкесінің жасынан артық өмір сүру

Б) Дүниеден безінеді


7. Бүгінгі заманға жеткен көлемді шығармасы қалай аталады?

А) «Пақырнама»

Ә) «Құтты білік» дастаны

Б) «Диуани хикмет» кітабы


8. Бұл кітап қай тілде жазылған.

А) түрік

Ә) араб

Б) латын


9. Кітаптың негізгі идеясы

А) Алланың ақ жолын мойындамаудан сақтанға үндеу

Ә) Кішіпейілдікке, адалдыққа, имандылыққа, даналыққа шақыру

Б) Дүние-мүлік үшін арыңды сатпауға негіздеу

10. Қожа Ахмет Йассауидің кесенесі қай жылдары тұрғызылған?

А) 1396-1399 жылдары

Ә) 1396-1400 жылдары

Б) 1399-1405 жылдары

6. Үйге тапсырма

1.Қожа Ахмет Йассауи өмірі мен шығармашылығын оқу

2. Хикметтерінен үзінді жаттау

7. Бағалау

Кері байланыс - «БББ» стратегиясы арқылы сабақтан алған әсерлерімен бөліседі. Бүгін сабақ саған ұнады ма? Бұл сабақ қаншалықты қиын болды? Бүгінгі сабақтың соңында қандай сезімде болдыңыз? Әр топ қысқаша айтып шығады.



























А3 парағы, қаламсап, түрлі-түсті маркерлер, стикерлер, қарындаш, оқулық т.б.










Поэтикалық кесте








Сәйкестендіру кестесі










Суреттер, маркер





Кесте, қалам














Тест сұрақтары




































«БББ» парақшасы, қалам



Қосымша ақпарат

Саралау – Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Сіз қабілеті жоғары оқушыларға тапсырманы күрделендіруді қалай жоспарлайсыз?

Бағалау – Оқушылардың үйренгенін тексеруді қалай жоспарлайсыз?

Пәнаралық байланыс Қауіпсіздік және еңбекті қорғау ережелері АКТ-мен байланыс. Құндылықтардағы байланыс

  • Жұптар бірі-біріне қолдау көрсетеді. Нәтижені саралау.

  • Қосымша көмек қажет ететін оқушыларға ой толғау жазуда тірек сөздер ұсынамын; жұппен, топпен жұмыс барысында бағыттап отырамын.

  • Қошеметтеу, бас бармақ –уәж.

  • Оқушылардың жұмысын арнайы құрастырылған смайликтермен және кері байланыс арқылы бағалаймын.

1. Тарих пәнімен тығыз байланысты.

2. Сыныпты 4 топқа бөлемін.

3. Топпен жұмыс істеу дағдылары.

(бір-бірін тыңдау, құрметтеу).

Рефлексия

Сабақ / оқу мақсаттары шынайы ма? Бүгін оқушылар не білді? Сыныптағы ахуал қандай болды? Мен жоспарланған саралау шаралары тиімді болды ма? Мен берілген уақыт ішінде үлгердім бе? Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен?

Төмендегі бос ұяшыққа сабақ туралы өз пікіріңізді жазыңыз. Сол ұяшықтағы Сіздің сабағыңыздың тақырыбына сәйкес келетін сұрақтарға жауап беріңіз.


Қорытынды бағамдау:

Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1.

2.

Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1.

2.

Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім?




Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
25 желтоқсан
635
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі