ашық сабақ А. Кемелбаева «Шашты» әңгімесі

Тақырып бойынша 31 материал табылды

ашық сабақ А. Кемелбаева «Шашты» әңгімесі

Материал туралы қысқаша түсінік
Ашық сабақ 10 "А" сынып гуманитарлық бағыт бойынша пайдалануға жарияланып отыр.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақтың тақырыбы: А. Кемелбаева «Шашты» әңгімесі

Мұғалімнің аты-жөні: Әлімжан С.Ө.

Күні:

Сыныбы: 10А

Сабақ


Қатысқан оқушылар саны:


Қатыспаған оқушылар саны:

Сабақ негізделген оқу мақсаттары

10.1.3.1 көркем шығармадағы кейіпкерлер жүйесін жинақтау мен даралау.

10.3.2.1 көркем шығармадағы көтерілген мәселелердің жаңашылдығына баға беру

Сабақ мақсаттары


Оқушылардың барлығы мынаны орындай алады: көркем шығармадағы кейіпкерлер жүйесін жинақтайды мен даралайды. Көркем шығармадағы көтерілген мәселелердің жаңашылдығына баға береді.

Оқушылардың көбісі мынаны орындай алады: Кейіпкерлердің суреттелуі, сөз саптауы, іс-әрекетіне талдау жасайды; шығармадағы көтерілген мәселені таба алады;

Оқушылардың кейбіреуі мынаны орындай алады: Негізгі идеяны бүгінгі өмірмен байланыстыра алады; мәселеге өзіндік көзқарасымен баға береді.

Бағалау критерийі

- Кейіпкерлердің суреттелуі, сөз саптауы, іс-әрекетіне талдау жасайды; шығармадағы көтерілген мәселені таба алады;

- Негізгі идеяны бүгінгі өмірмен байланыстыра алады; мәселеге өзіндік көзқарасымен баға береді.

Құндылықтар

Мәңгілік ел құндылықтарын оқушылар бойына дарыту.

Пәнаралық байланыс

қазақстан тарихы

Алдыңғы оқу

А. Кемелбаева «Шашты» әңгімесіне композициялық талдау.

Сабақтың жоспары

Жоспарланғануақыт

Сабақ барысы :

Бағалау түрлері

Басталуы


Ұйымдастыру кезеңі: Оқушыларды топқа бөлу.

Ынтымақтастық ахуал тудыру

Бір-бірімізді тыңдаймыз десек 1 рет қол шапалақтаймыз!

Ұйымшыл боламыз десек 2 рет қол шапалақтаймыз!

Белсенділік танытамыз десек 3 рет қол шапалақтаймыз!

Үй тапсырмасын шын/жалған ақпараттар арқылы тексеру.

  • Бұл әңгіме кейіпкері шашы ұзын қыз бала. (жалған)

  • Мұнда қазақ халқының қиын-қыстау кезеңінің бір көрінісі суреттелген. (шын)

  • Әңгіменің авторы ХІХ ғасырда өмір сүрген. (жалған)

  • Әңгіменің оқиғасы Өзбек даласында болған. (жалған)

  • Басты кейіпкер жылқышы түрікпен шал. (жалған)

  • Түрікпендерден зардап шеккен екі тұтқын: бірі-қаңлы, бірі-қыпшақ (шын)

  • Кенжебек елге жете алмай жолда қалады.(жалған)

  • Кенжебекке қашуға үгіттіген тұтқын шал.(шын)

  • Тұтқын шал Кенжебекпен бірге қашты. (жалған)

ҚБ. «Мадақтау сөздер»

Сабақ тақырыбын, оқу мақсатын айта отырып, бағалау критерийлерін бірге жасаймыз.
















Мадақтау сөздер арқылы бағалау.

Ортасы






Есіңде сақта!

Жинақтау – әдеби тип жасау әрекеті. Көркем шығармадағы жинақтау-тип, даралау-мінез.

«Типтендіру» деген суреткердің іс жүзінде өмір шындығын өз дүниетанымы тұрғысынан белгілі бір уақыт пен кеңістікке, әлеуметтік орта мен дәуірге сай талғап-тануы, таңдап іріктеуі және жинақтауы, сол арқылы өзі жасап отырған көркем бейнені сомдауы, тұлғаландыруы, даралуы болып табылады». З.Қабдолов


ТЖ. І топ. «Концептуалдық кесте» стратегиясы

Кейіпкер

Іс- әрекеті мен мінезі

Автордың осы кейіпкерге көзқарасын шығармадағы тілдік қолданысы арқылы дәлелдеу

Кенжебек



Тасқұл



Атажан




ІІ топ.

«FILA толтыру» әдісі. (Тасқұл )

F /Дерек/ – шығармадан кейіпкер бейнесін ашатын деректер жинау;

I /Пікір/ – кейіпкер туралы өзінің ой- пікірі;

L /Сұрақ/ – кейіпкер тұлғасын ашатын сұрақтар;

A /Іс-әрекет/ – автордың кейіпкерді суреттеудегі қолданған тәсілі .


Дерек (Ғ)

Пікір (І)

Сұрақ(L)

Іс – әрекет(А)






ІІІ топ. «Үшжақты күнделік» әдісі

Кейіпкерлер

Кенжебек

Тасқұл

Атажан

Ерекшеліктері




Өмірлік мақсаттары




Шығармадағы көтерілген мәселе


Дескрипторлары:

І топ

- Кейіпкердің іс-әрекеті мінезін сипаттайды.

- Автордың кейіпкерге көзқарасын дәлелдейді.

ІІ топ

- Кейіпкер бейнесін ашады;

- Кейіпкер туралы пікірін білдіреді;

-Кейіпкер тұлғасын ашатын сұрақтар дайындайды.

-Автордың кейіпкерді суреттеудегі тәсілін анықтайды.

ІІІ топ

-Кейіпкердің өзіне тән ерекшелігін сипаттайды;

-Өмірлік мақсатын анықтайды;

-Шығармадағы көтерілген мәселені талдайды.


ҚБ. «Бір сөйлеммен түйіндеу»




2-тапсырма. ЖЖ. «Ойлан – жұптас – бөліс» әдісі

1-жұп.

  1. Қазақстан тарихымен байланыстыра отырып шығарманың қашан және неліктен жазылғаны туралы ойыңызды жазыңыз

2-жұп.

  1. Үзіндінің шығармадағы орны мен маңызына талдау жаса және жылқышы шалдың неге өкініп неге үміттенетініне өзіндік көзқарарсыңмен 3 -4 сөйлеммен баға бер.

Кетерінде бұл: «Жылқышы ата, туып-өскен жеріңді айт, туыстарыңды іздестірейік, қаңлы ішінде кім боласың? Кіші атаң кім?», – десе, шал басын шайқады. «Ежелден біздің қазақ нәсілін жалпақ тіл қаңлы, қыпшақ атайды. Руын мүсәпір құл жасырады. Тегімді білмей, теріс бағып тұрғамын жоқ, құлдықтан бетер бейдауа қорлықтың күйігі басқа түскенін білесің. Жеті атамды білемін, ел көзіне тура қарар бет болмаған соң тексізден нем артық?!» – деп ширыққан. Ол сүйекке масқара таңба түсті деп қорланған соң атасын жасыруға мәжбүр. «Бұрын періштелер мені ылғи өліге санап кететін. Расымен тірі өлік едім. Атаңа нәлет қу тірлік. Жыланды үш кессе кесірткедей әлі бар. Тірлігімнің ендігі мұраты бір сенің елге аман-есен жеткенің. Сонда мына мен өлінерде артымда басқан ізім, кіндігімнен жаралып, бел балам болмаса да азат рухым, мұрагерім, атұстарым қалды деп білемін».

3- жұп.

  1. Ұлым, ат арқасында тіп-тік түзу отырғаныңды талай мәрте байқадым. Шап айылын қатты тартып мін. Аттан түскенде босатып отыр. Түн баласы ақ маяның жолына қарап жүресің. Темірқазықтан жаңылма, ұзақ сапарда бағдарың сол» деген үзіндіден қазақтың қандай дүниетанымдық және тәрбиелік қасиетін байқайсың? Қазіргі өмірмен байланыстыра отырып, 2-3 сөйлем көлемінде талдау жаз.



4- жұп.

  1. Үзіндіні оқи отырып, жылқы малына деген ата-баба көзқарасына баға бер.

Қас жүйрік қыпшақ ұлдың тақымында кеткенде түрікпендер жер сабалап қалды. Ер қанаты аты өлсе, адамнан кем көрмей, көр қазып жерлейтін; ең асыл тұқымының жалын тірі жанға сипатпай, ерен құпия сақтайтын; қисапсыз қазынаға айырбастамас, антқа берік текежәуміт, ата мал айғырын өлсе сатпайтын; астындағы атын жанынан, қойнындағы қатынынан артық көретін; айтулы батырлары ұрыста өлген атының басын ардақтап биік тауға қоятын, тұлпардан айрылуды өлімнен кем көрмейтін қайсар қазақ, түбі ер түрік оғыз-қыпшақ нәсілі жылқы десе еліріп, шалық шалғаннан бетер есі кетеді.

Қазақ атқа мінбесін, қазақ атқа мінсе, бір дене, бір жанға айналып кетеді. Қашса құтылады, қуса жетеді.

5- жұп:


  1. Үзіндідегі көтерілген мәселелерге тоқталып, өзіндік көзқарасыңды білдір. Кейіпкерлердің ішкі жан дүниесін сипаттап жаз.


Есіңе мені бір жаман құл, Тасқұл деп алғайсың. Ертең қашпасаң, құлақ кесті қара құлдан бетер сорақы боласың. Мына сенің жасыңда тұтылдым. Уызымнан жарып, бал жалап өскенімді қайтейін. Ат тұяғы басқан жер шапқын, жылқы мінген елдер соғысып, жылқы өсірген халық шабындыға көп түседі екен. Аттанып шыққан түрікпен аламанда тұтты. Ойдағы ауылыма оқыстан жау тиді, қазанды қақ айырды. Қазақ пен текежәуміт, екі жағы барымтада бірдей ожар. Біздің рудың бас көтерер ерлері Жетісу, Теңіз* асып, бұғы қырғыздан* жылқы әкелуге кеткен кезіне килікті. Кілең қатын-бала, кәрі кемпір-шалдан бөлек найза ұстайтын ерлерден аз ғана топ қалған, жасанған дұшпан қырып салды. Жас қыз-келіншектер мен қорғансыз балаларды алғыншылар қоймен қоса айдап әкетті. Кебенек киген тірлік у татып, тұтқыннан қашып кетуге тағдыр еш қоспады. Талай әрекет қылғанмен, қолға түсе бердім. Арқамдағы дүренің іздері содан қалған белгі.

Жылқышы шал басы салбырап, ұзақ үнсіз отырып қалды. Іштегі шерін, асқан құпиясын ақтаруға батпайтын сияқты.

Он үште отау иесі деген. Ер жетуге аз қалғанда, құдай кешпес бір кепке ұшырап, өлгім келді. Кісіге айтуға арланатын қорқау сөз еді. Құлдық кепиеті ұрмасын деп мына саған айтпасқа еш амал жоқ. Тәңірінің бұйрығы айтқызып тұрғанын қара. Түрікпендер бір күні қатын-қыздарымызға қарап қояды деп мені ата мал сияқты, қошқардайын тарттырып жіберді. Содан бергіде Азбанқұлмын!

Жылқышы шалдың иегі кемсеңдеп кеткенін көрген сәтте, бала аһ ұрып, оны арқасынан құшақтай алды.


6- жұп: Ең асыл тұқымының жалын тірі жанға сипатпайтын, қисапсыз қазынаға айырбастамайтын, антқа берік текежәумітАтажан бай асыл тұқымды атынан айырылса да неліктен тұтқын шалға жаза қолданбайды?Үзінді бойынша өз пікірлеріңді білдіріңдер.

Атажан байдың үлкен ұлы үйіне келе, қазан төңкеріп тастады. Түбі шикі құл қазаққа сенген бейқам әкесіне дүлей наразылығын сөйтіп білдірді.

Біраз түрікпен суық қаруын асынып, жылқы қосына оралған қазақ шалдың соңынан жауар бұлттай түйіліп жетті. Атажан бай жирен атына жайдақ міне сап, ілес келген. Адам аласы ішінде, мал аласы сыртында. Момын, бейбіт жылқышы асау тарпаңдай мінез көрсетіп, міз бақпақ түгілі, оң иығына қасқыр терісін жамылып, анталаған құн сұраушыны именбей қарсы алғанын көзімен көрді. Өзін айыпты санап отырған ол жоқ. Алпыс жыл табыннан шашау шығармай, жылқысын ерен адал баққан егде қазақтың шегір көзіне көзі түскенде Атажан бай ыза-ашуы күрт басылып, табан астында өзгеріп шыға келді. Ол жалшысына ләм-мим демей, кері шегінген.

Дескрипторлар:

  • Мәтін үзінділеріне талдау жасай алады,

  • Өзіндік көзқарасы арқылы баға бере алады.

ҚБ. жұптар бір-біріне дескрипторларға сүйене отырып, «Мадақтау сэндвичі» арқылы ауызша комментарий береді.

«Мадақтау сэндвичі» әдісі бойынша бағалайды.

1-бөлік: Позитивті комментарий, не ұнады;

2-бөлік: Сындарлы сын, нені жақсарту керек;

3-бөлік: Келешекке арналған комментарий: маған ұнады, бірақ келесі жолы...


СЖ. «Керемет пікірталас»

Топ мүшелерімен қима қағазда жазылған:«адамзат бойындағы ізгілік пен зұлымдық», «жақсылық пен жамандық», «ақыл мен парасат»,«рух пен рухани күйреу» ұғымдарының маңызын анықтап, шығарманың жаңашылдығына сыни тұрғыдан баға беріп айтады. «Шығарманың жаңашылдығы неде?» деген сұраққа сыныппен жауап береді.

Дескрипторы:

Сұраққа сыни көзқараспен жауап береді;

Ой- пікірін дәлелдей алады;

Шығарманың жаңашылдығына баға береді.

ҚБ. «Мадақтау сөздер»



Айгүл Кемелбаева · Авторлар · Әдебиет порталы

adebiportal.kz/kz/authors/view/1032

копия


«Концептуал

дық кесте»













«FILA толтыру» әдісі.











«Үшжақты күнделік» әдісі















«Бір сөйлеммен түйіндеу»



















































































































«Мадақтау сэндвичі» әдісі

Соңы

Сабақты қорытындылау. «Бағдаршам» арқылы кері байланыс жасайды.

Жасыл – бәрі түсінікті;

Сары – әлі де қосымша ізденуім керек;

Қызыл – сұрағым бар, түсінбедім.

Үйге: Ой толғау. «Егер мен жазушы болсам...»



Қосымша ақпарат

Саралау – Сіз қосымша

көмек көрсетуді қалай

жоспарлайсыз? Сіз

қабілеті жоғары

оқушыларға тапсырманы

күрделендіруді қалай

жоспарлайсыз?

Бағалау - Оқушылардың

үйренгенін тексеруді

қалай жоспарлайсыз?

Пəнаралық байланыс

Қауіпсіздік жəне еңбекті

қорғау ережелері

АКТ-мен байланыс

Құндылықтардағы

байланыс









Рефлексия. Сабақ / оқу

мақсаттары шынайы ма?

Бүгін оқушылар не білді?

Сыныптағы ахуал қандай болды? Мен жоспарлаған саралау шаралары тиімді болды ма? Мен берілген уақыт ішінде үлгердім бе? Мен өз жоспарыма

қандай түзетулер енгіздім жəне неліктен?




Қорытынды бағамдау

Қандай екі нəрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1:

2:

Қандай екі нəрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1:

2:

Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды

жетілдіруге көмектесетін не білдім?



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
24.02.2026
0
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі