400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ Абай аудармалары 10сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Абайдың аударма өлеңдерін түпнұсқаға барабар аударма және еркін, төл шығармаға айналған аударма деп екі топқа бөліп жіктеудің өз қисыны бар. Ал Абай болса, ол қазіргі аудармашылардай тек түпнұсқаны бар қалпында жеткізуді мақсат етпеген. Қай шығарманы болсын өз көңіл күйіне үйлестіре, қысылмай, қымтырылмай еркін тәржімалайды. Сонда да кейбір аударма өлеңдері түпнұсқамен өте жақын келіп, мейлінше үндес шығып жатса, ол – оның ақындық шеберлігінің бір қырынан көрінуі, қызықтап, қазақшалап отырған түпнұсқаның сарыны мен ой-сезімінің арасындағы үйлестіктің нәтижесі. Абайдың ең бір ұмытылмас еңбегі орыстың ұлы жазушыларынан өзі үлгі-өнеге алумен бірге, оларды қазақ халқына таныстырып, олардың еңбегін аударып өз еліне үлгі етуінде.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Күні 8.02.2019ж.

сыныбы 10ә Пән мұғалімі Л.Жұмалова


Сабақтың  тақырыбы

А.Құнанбаев аудармалары «Онегиннің хаты»

Оқу мақсаты

 Оқушыларға  қазақтың  ұлы  ақыны  Абай  Құнанбаевтың

Аудармалары туралы    мәлімет  беру, ақынды әр қырынан  аша  білу, бұрынғы  Абай  туралы білімдерін  тереңдету


Оқыту нәтижесі

Барлық оқушылар-жұппен жұмыс жасауға үйренеді.

Көпшілігі- аудармалар туралы мәлімет алады

Кейбіреуі- Өзін-өзі бағалауға немесе өзара бағалауға үйренеді


Сабақта қолданылатын

әдіс-тәсілдер

Ой қозғау, іздену, талдау, сұрақ-жауап, түсіндіру, «Бір минуттық жаттығу»әдісі, «Ойлан – жұптас – бөліс» әдісі, «Менің ойым»әдісі арқылы бағалау, «Өзін-өзі бағалау ағашы» әдісі арқылы бағалау, АКТ құралдары


Керекті жабдықтар

Оқулық, жұмыс дәптері

Сабақ барысы:

Сабақ кезеңдері

жоспары

ресурстар

Ұйымдастыру бөлімі

А.Құнанбаевтың «Көзімнің қарасы» әнін үн таспадан қою

арқылы сабақты бастаймын.

Аудио тыңдалым

Басталуы

Үй тапсырмасын сұрау












Бағалау

«Бір минуттық жаттығу» (қалпақтың ішіне сұрақтар жазылып қойған қағаз қиындылары қолданылады. Оқушы сұраққа бір минуттың ішінде жауап беру керек болады)

  1. Абайдың табиғат тақырыбындағы қандай өлеңін білесіз?

  2. Қай өлеңнен?
    Сен де-бір кірпіш,дүниеге,

Кетігін тап та,бар қалан!-

  1. Білімдіден шыққан сөз өлеңін жатқа айтып бер

  2. Өлсем орным қара жер, сыз болмай ма? Өлеңін жатқа айтып бер

  3. Бес дос,бес дұшпан туралы айтылған Абайдың қай өлеңі?

  4. Лермонтовтың қандай өлеңдерін аударды?

  5. Қыс өлеңін жатқа айт?

  6. Қараңғы түнде тау қалқып атты өлеңін жатқа айт


«Менің ойым»әдісі арқылы бағалау

суреттер

Ортасы

А.Құнанбаев аудармалары «Онегиннің хаты» слайд арқылы тақырыпты түсіндіру

Абайдың аударма саласына арналған 15 жыл уақытында 50-ден
астам шығармаларды қазақ тіліне аударған.
А.С.Пушкиннің «Евгений Онегин»атты әйгілі романынан 7 үзінді
аударған.

Абайдың аударма өлеңдерін түпнұсқаға барабар аударма және еркін, төл шығармаға айналған аударма деп екі топқа бөліп жіктеудің өз қисыны бар. Ал Абай болса, ол қазіргі аудармашылардай тек түпнұсқаны бар қалпында жеткізуді мақсат етпеген. Қай шығарманы болсын өз көңіл күйіне үйлестіре, қысылмай, қымтырылмай еркін тәржімалайды. Сонда да кейбір аударма өлеңдері түпнұсқамен өте жақын келіп, мейлінше үндес шығып жатса, ол – оның ақындық шеберлігінің бір қырынан көрінуі, қызықтап, қазақшалап отырған түпнұсқаның сарыны мен ой-сезімінің арасындағы үйлестіктің нәтижесі.

Абайдың ең бір ұмытылмас еңбегі орыстың ұлы жазушыларынан өзі үлгі-өнеге алумен бірге, оларды қазақ халқына таныстырып, олардың еңбегін аударып өз еліне үлгі етуінде.

Абай және Пушкин:

Орыс әдебиетіне зер салғанда, Абайдың назары алдымен Пушкинге ауғаны тегін емес. Пушкин орыс әдебиетіндегі жаңа дәуірдің, қоғамдық мазмұны, тақырып-идеялары мен көркемдік сапасы мүлде жаңа классикалық әдебиеттің басы болды. 1886 жылдан бастап Абай Пушкин шығармаларын қазақ тіліне аударады . Сол Пушкин арқылы Батыс Еуропаның басқа да классиктерін танып білді. Орысша аудармалар арқылы ол ежелгі әдебиетпен де танысты. Абай Пушкиннің ең таңдаулы туындысы «Евгений Онегинді» аса жоғары бағалады, оның жеке үзінділерін бұдан бір ғасырға таяу уақыт бұрын асқан көркемдік шеберлікпен қазақшалап берді. Абай қазақ тіліне аударып, арнайы ән шығарған «Татьяна хаты» халық арасында өткен ғасырдың аяқ кезінде өте кең тарап, ең сүйікті өлеңдердің біріне айналуы орыс ақынының ерте кезден-ақ қазақ халқына етене жақын болып кеткенінің айқын дәлелі. Татьянаның тағдырын қыр елі қазақ қызының, әйелінің тағдырына орайлас сезінді. Татьянаның еркіндік сүйгіштігі мен парасаттылығы, сабырлылығы қазақ жастарын да тебірентті. Пушкиннің ұлылығын сол заманда, сол ортада отырып тани, бағалай білгендігі – Абайдың ұлылығының бір жарқын көрінісі. А.С. Пушкиннің аса кесек көркем туындыларының бірі «Евгений Онегин» – шын мағынасында халықтық шығарма болды. Онегинге Татьянаның махаббат сезімін білдіріп хат жазатыны – романның сюжетіндегі ең бір түйінді жері. Абай «Татьянаның Онегинге жазған хаты» (Амал жоқ – қайттым білдірмей) деп сол «Я к вам пишу – чего же более» деп басталатын Татьяна хатын кейбір жерде сөз қалдырып кетіп еркін аударғанмен, Пушкин тексінің жалпы мағынасын дұрыс береді. Аудармада Татьяна бейнесі, орысша түпнсұқасының басты ерекшеліктері сақталып, шебер суреттелген.

«Татянаның хаты», «Онегиннің хаты» рөлге бөліп өлеңдерін жатқа айтқызу



 Интернет желісі



Аякталуы



Синтез «Ойлан – жұптас – бөліс» әдісі

1.Абайдың үлгі-өнеге алған ең үлкен мектебі туралы не білесің?

2.Өлді деуге бол ма,ойлаңдаршы

Өлмейтұғын артына сөз қалдырған.

деген өлең жолдарын Абай өмірмен байланысы туралы әңгімелеп беріңдер

3.Адам бойындағы қандай қасиеттерді ерекше бағалайсыңдар, бізге қандай қасиет жетіспейді деп ойлайсыңдар

4Ақын халқын қандай ізгі, жақсы істерге шақырады?

5Адам бойындағы жағымсыз мінездерді мінейді, одан арылудың жолын қалай көрсетеді?

6Білім мен ғылымның адамзат өміріндегі маңызы жайлы не айтар едіңдер?

7Бала тәрбиесі туралы ақынның ойы.













«Өзін-өзі бағалау ағашы» әдісі арқылы бағалау


Өлеңдер жинағы

Үйге тапсырма

Абай шығармалары қандай тілдерге аударылды?

Эссе жазу



Саралау - Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз

Бағалау - оқушылардың үйренгенін тексеруді қалай жоспарлайыз?


Пәнаралық байланыс

Қауіпсіздік және еңбекті қорғау ережелері

АКТ-мен құзіреттілігі




Рефлексия


Сабақтың оқу мақсаты шынайы ма?

Бүгін оқушылар не білді?

Сыныптағы ахуал қандай болды?

Мен орындаған саралау шаралары тиімді болды ма?

Мен бүкіл уақыт ішінде үлгердім бе?

Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен?

Төмендегі ұяшыққа сабақ туралы өз пікірлеріңізді жазыңыз. Сл ұяшықтағы Сіздің сабақтың тақырыбына сәйкес келетін сұрақтарға жауап беріңіз.

Қорытынды бағамдау

Қандай екі нәрсе табысты болды? (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)

1.

Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алды? (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)

1.

Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім?

1.
















Еңбекші орта мектебі












Ашық сабақ тақырыбы:


А.Құнанбаев аудармалары «Онегиннің хаты»

/10ә сыныбы қазақ әдебиеті/





Қазақ тілі мен әдебиеті пәні

мұғалімі Л.Т.Жұмалова

















Жаркент қаласы

2018-2019 оқу жылы








1.Абайдың үлгі-өнеге алған ең үлкен мектебі туралы не білесің?



2.Өлді деуге бол ма,ойлаңдаршы

Өлмейтұғын артына сөз қалдырған.

деген өлең жолдарын Абай өмірмен байланысы туралы әңгімелеп беріңдер



3.Адам бойындағы қандай қасиеттерді ерекше бағалайсыңдар, бізге қандай қасиет жетіспейді деп ойлайсыңдар



4.Ақын халқын қандай ізгі, жақсы істерге шақырады?



5.Адам бойындағы жағымсыз мінездерді мінейді, одан арылудың жолын қалай көрсетеді?



6.Білім мен ғылымның адамзат өміріндегі маңызы жайлы не айтар едіңдер?



7.Бала тәрбиесі туралы ақынның ойы.











       Абай – қазақтың классик әдебиетінің атасы, қазақ поэзиясының күн шуақты асқар биігі.

                      М.Әуезов

 

      Мына тұрған Абайдың суреті ме?

      Өлең сөздің ұқсаған келбетіне,

      Ақыл, қайрат, білімді тең ұстаған

      Өр Абайдың төтеген кім бетіне?

                                                                                                      Ж.Жабаев

 

      Абай өз заманынан анағұрлым биік тұрған ақын еді.

Ғ.Мүсірепов

 

      Абайды таныту арқылы біз Қазақстанды әлемге танытамыз, қазақ халқын танытамыз. Абай әрқашан біздің ұлттық ұранымыз болуы тиіс.

                                                                                                      Н.Назарбаев


Shape1

Абайдың табиғат тақырыбындағы қандай өлеңін білесіз?










Shape2


Қай өлеңнен?


Сен де-бір кірпіш,дүниеге,

Кетігін тап та,бар қалан!-












Shape3

Білімдіден шыққан сөз өлеңін жатқа айтып бер











Shape4

Өлсем орным қара жер, сыз болмай ма?

өлеңін жатқа айтып бер

















Shape5

Бес дос,бес дұшпан туралы айтылған Абайдың қай өлеңі?








Shape6

Лермонтовтың қандай өлеңдерін аударды?











Shape7

Қыс өлеңін жатқа айт?











Shape8

«Қараңғы түнде тау қалқып»

атты өлеңін жатқа айт


























































Пәннің аты қазақ әдебиеті

Уақыты:6.02

Кабинет:9ә

Мұғалім Жұмалова Л.

Сабақтың атауы


Мұхтар Әуезов «Абай жолы» романы

Мақсаты

Күтілетін нәтиже

М.Әуезовтің әлемдік мәдениетке қосқан үлесі туралы оқушы білімін тереңдету. Романдағы Абай бейнесін мәтін арқылы талдап жан-жақты ашу.

Басталуы

Психологиялық ахуал

Психологиялық дайындық

«Жүректен - жүрекке» шеңбері

– Әрбір еркелетіп айтатын есім гүлге ұқсайды. Гүлдердің бәрі әдемі: раушан да, қызғалдақ та, бәйшешек те – бәрі де өзінше керемет, бәрі де адамға қуаныш сыйлайды. Біздің есіміміз де осындай керемет!

Топқа бөлу

Геометриялық фигуралар үлестіріледі


Қызығушылықты ояту

І-кезең Ұйымдастыру жұмыстарын жүргізу
ІІ-кезең Үй тапсырмасы
1. Ұлылық үлгісі. Компьютерден эпопея туралы деректер алу. Оқушы пікірі мен ғылыми деректерді салыстыру.

Ортасы

ІІІ-кезең Жаңа сабақ
М.Әуезовтің «Абай жолы» эпопеясындағы Абай бейнесі.
1.Кіріспе сөз
а) «Абай жолы» эпопеясы туралы түсінік
ә) Оқушыларға сабақ барысында «Абай жолы» эпопеясындағы басты кейіпкерлерге салыстырмалы талдау картасын толтыру тапсырылады.
М.Әуезов «Абай жолы» эпопеясының «Қайтқанда» тарауынан оқушы, ата-ана, мұғалімдердің қатысуымен Республикалық «Абай оқулары» поэзия күнінде Бөріліде түсірілген видеофильм бойынша кейіпкерлерге талдау жасау.
1. Бала Абай
2. Аналар бейнесі
3. Құнанбай
Абай, Ұлжан, Зере, Құнанбай
Туған жер. Ана. Әке.
Сағыныш. Мейірім. Қаталдық.
3.Кейіпкерлер галереясында жұмыс жасау.
М.Әуезов «Абай жолы»
1. Абай –Құлыншақ
Абайдың ел ісіне араласудағы алғашқы қадамы.
2. Абай - Сүйіндік
Борсаққа тиісті «Бөжей құдық жайын сұрау сапарында Абай жаңа қырынан танылды.
А) Шыңғыс, Орда, Қарауыл атаулары жайында сұрауы
ә) Бесқасқа атану себебін сұрауы
б)Тоғжанды алғаш көруі.
3. Тоғжан бейнесін осы сыныптың оқушысы Назарбаева Гауһардың мәнерлеп оқуында тыңдап түсіну арқылы көркемдегіш сөзге талдау.

4. Абай - Бөжей
Оқулық және электронды оқулық арқылы Бөжей асының суреттелуіндегі Абай.
5.
«Абай - дана» эссе жазу.
ІҮ. Бекіту
1. Проблемалық сұрақтар
2. Салыстырмалы талдау картасы.
Характер портретін сомдаудағы автордың сөз байлығына, тіл шеберлігіне барлау.
Кейіпкер Оқушы пікірі.


Аяқталуы

Ой толғаныс

Ү. Қорытынды
Жинақтау, коррекциялық жұмыстар жүргізу.


Үйге тапсырма

ҮІ. Үйге тапсырма беру.
«Абай жолы» эпопеясынан үзінді жаттау.
(103 бет. Камшат тағдыры)

Бағалау

Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау























































Picture 1 Picture 3



Picture 4 Picture 5



Picture 8 Picture 9

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
10 ұстаз жүктеп алған
23 ақпан
1402
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі