400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ Абай Құнанбайұлы 10-сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Жүктелген материал - Абай Құнанбайұлының ақындық ізденісі туралы ашық сабақ жоспары. Бұл жоспар қазақ әдебиеті пәні мұғаліміне 10-сынып оқушыларына ашық сабақ өткізу кезінде көмекші құрал бола алады. Ашық сабақтың жоспары бірнеше әдіс-тәсілдермен түрлендіріліп, оқушылардың сабаққа белсенді атсалысуына ықпалдастырылып құрылды.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақтың тақырыбы: А.Құнанбаевтың ақындық ізденісі

Сабақтың мақсаты: А.Құнанбаевтың өлең, поэмаларымен тереңірек танысу, поэзияның табиғатын, өлеңнің құдіретін ұғыну.

Сабақтың ғылымилығы:

1. А.Құнанбаевтың әдебиеттегі орны.

2. Абай өлеңдерінің тақырыбы заман шындығын бейнелеу екенін білу.

Дамытушылық мақсаты:

1. А.Құнанбаев шығармаларын талдай отырып, оқушы білімін жинақтау, қорытындылау.

2. Оқушылардың өз бетінше ізденушілік қабілетін ұштау, тұжырымды пікір айтуға үйрету.

Тәрбиелік мәні: Абай өлеңдерін оқыту арқылы оқушы бойына адамгершілік, эстетикалық, азаматтық, ізгілік қасиеттерді қалыптастыру, жалғандық пен шындықты айыра білуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ.

Сабақтың әдісі: әңгімелеу, сұрақ–жауап, пікір алысу, сайыс, миға шабуыл.

Пәнаралық байланыс: тарих, музыка, әдебиет теориясы.

Сабақтың көрнекілігі: Абай портреті, кітаптар, шығармалары, тірек сызбалар, қанатты сөздер, фотослайдтар, презентация, суреттер, бейнежазба, аудиожазба.

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі.

  • а) Сәлемдесу

  • ә) Оқушыларды түгендеу

  • б) Сабаққа назарын аудару


2. Кіріспе сөз: Абай ата-қазағымның тірегі,

                           Халқымыздың соғып тұрған жүрегі.

                           Төгетұғын сәулесі мен шуағын,

                           Маңдайдағы жарқыраған күн еді.

                           Өтіп кеттің өмірден,қалды үнің,

                           Сен өлгенмен, мәңгі өлмес бар өлеңің,

                           Ұғындырған осынау жас қадірін,

                           Ұрпағыңа қалдырған өсиетің,

                           Танытқандай қазақтың қасиетін.

                           «Поэзия мен өнердің патшасы» деп

                           Ұрпағың тұр алдында бас иетін. –

демекші қазақтың бас ақыны, асқан  поэтикалық  қуаттың  иесі, халықтың мақтанышы Абай Құнанбайұлы туралы әңгіме болмақ. Абай – туған елін, жерін, тілін,  дінін жанындай жақсы көрген нағыз  ұлтжанды  дана  ақын. Абай  қолына қалам алып, ғылым мен білімнің ауыр азабын арқалап, өз халқын өркениетті елдердің қатарына қосуға тырысқан, қазақтың рухын жоғары көтерген дана қолбасшымыз болғандығы баршамызға мәлім. Сондықтан, Абайды  ұлттық  жазба әдебиетіміздің  атасы  деп танып білуіміз керек.


3. Оқушылардың Абай туралы танымдарын тексеру.

Презентация бойынша Абайдың өмірбаянын, шығармашылығын сұрау.  


4.  «Білім керуені»      

Сұрақтар Абай шығармашылығына  байланысты:

1.Абай қай жылы, қашан, қай жерде туды? Ескіше туған жылы қалай аталады?

/Қазақтың  ұлы  ақыны Абай Құнанбаев 1845 жылы Семей  облысы, қазіргі  Абай ауданы, Шыңғыс тауында  дүниеге келген. Туған жылы – жылан/

2. Абайдың шын аты кім?

/Абайдың шын  аты – Ибрагим. Шешесі Ұлжан–Ибрагим деген  атты  бұзып Абай деп қойған./

3. Абайдың әкесінің, шешесінің, әжесінің аттарын атап беріңіз.

/Әкесі Құнанбай, шешесі Ұлжан, әжесі Зере. Руы тобықты./

4. Абай қайда оқып, білім алды?                

/Абай он жасынан қырда мұсылманша оқыған, он үш жасында Семей қаласыдағы мұсылман медресесінде оқыған. Медреседе жүргізілетін дін сабағын оңай меңгеріп, көп кітап оқып, өз бетінше ізденген. Орыс тілін

жақсы меңгерген. Жастайынан ел бастауға араласқан Абай қазақтың білгілері, шешендері, ақындары, жыршылармен жиі кездесіп, өз халқының рухани мәдениетінен ерте сусындайды. Өзі де билер секілді шешен сөйлеуге үйренді./

5. Абайдың қанша қара сөздері бар?

/Абайдың  45 қара сөзі  бар./

6.Абай алғашқы өлеңдерін қай ақынның атынан жарияланып отырды?

( Көкбай ).

7. Абай туралы ең алғаш мақала жазған кім?( Әлихан Бөкейханов, 1903жылы Петербургта  жазған).

8. Абайдың шын аты кім?(Ибраһим).

9.Абайдың қанша күйі бар? Аттарын ата.( Үшкүйі бар: «Тоқжанға», «Май түні», Абайдың желдірмесі»).

10.Абайдың аяқталмаған поэмасы.(«Әзім әңгімесі».)

11.Абай Леермонтовтан қанша шығарма аударған?(Жиырма жеті шығарма аударған).

12.Абайдың әжесінің және шешесінің аттарын ата.( Зере, Ұлжан.)

13. Ділдәдән туған балалары.(Ақылбай, Әбдірахман, Мағауия).

14. «Қазақтың бас ақыны  -Абай Құнанбаев» деп атаған кім?( Ахмет  Байтұрсынов).

15.Әйгерім кім? Әйгерімнің шын атын ата.(Абайдың екінші әйелі, шын аты Шүкман.)

16.Абай өлеңдер жинағы қайжылы басылып шықты және қай қалада?( 1909 жылы Петербургта).

17. « Абай жолы» романын кім жазды?( Мұхтар Әуезов).

18. Абай ескерткіші алғаш қай қалада қоыйлды?(Алматы қаласында мүсінші-Х. Наурызбай.)

19.Абай кімге ғашық болды? (Тоқжанға)

20. Шәкәрімнің Абайға қандай  туыстық жақындындығы болды?(Абайдың ағасының баласы.)


5. Сандар сөйлейді:


1845

4

  45

10

13

3

 

1904

   


1845- Абай Құнанбаев Семей  облысы, қазіргі  Абай ауданы, Шыңғыс

тауында  дүниеге келген.

4- Абайдың жылдың төрт мезгіліне жазылған өлеңдері бар.

45- Абайдың  45 қара сөзі бар. Ол сөздері философиялық ой мен терең тәлім-тәрбиеге толы.

10-Әкесі Абайды Семей Ахмет Риза медресесіне береді.

13- 0н үш жасында еліне оралады. Ел ішідегі әкімшілік-билік жұмыстарына араласады.

3- Абайдың 3 поэмасы бар. / «Ескендір», «Масғұт», «Әзім»/.

1904 – Абай дүниеден өткен.


6.Жаңа сабақ:

Өнер-білім жолындағы ізденісін Абай өз бетімен үйрену арқылы дамытады,орысша кітаптарды көп оқиды.

80-жылдардың орта кезінен бастап,Абай ақындық жолға біржола бет бұрды.Бұл кездегі оның өлеңдерінің қай-қайсысы болсын-толысқан ой-сананың жемісі.Бұған дейін арагідік жазған өлеңін өз замандасы Көкпай атынан таратып жүрген Абай 1886 жылдан бастап өз атына көшірген.Осы жылдардан бастап Абай өлеңді үзбей жазуға тырысқан.Бірақ ел арасындағы шиленіскен тартыстар оның әдебиетпен бірыңғай шұғылдануына мүмкіндік бере бермеген.

«Дүние де өзі,мал да өзі».

Абайдың ақындық жолға бет бұрғандығы алғашқы сөзі мәдениет пен білімнің маңызын насихаттауға арналады.Оның 1885 жылы жазған «Жасымда ғылым бар деп ескермедім» өлеңі бұл тақырыптағы тұңғыш шығармасы болумен қатар,ақынның сөз өнері жолындағы жаңа ізденісін де танытады.Абай мұнда,ең алдымен,жаңа үлгідегі ақынға керек ғылым жайын сөз етеді.Ғылым-білімді кезінде зерттей алмағанына өкініш білдіреді.Өз қателігін балаларын оқытумен түзеуге бет алғанын айтады.

Сонымен қатар ол «Қызмет қылсын,шен алсын» деген халық мүддесіне жат тәрбие жайын мінеп,сынайды.

Жасымда ғылым бар деп ескермедім,

Пайдасын көре тұра тексермедім.

Ер жеткен соң түспеді уысыма,

Қолымды мезгілінен кеш сермедім.

Баламды медресеге біл деп бердім,

Қызмет қылсын, шен алсын деп бермедім.

Бұл-өткенге құр өкіну емес, келешекте жастардың өзі тәрізді опық жеп қалмай,білім мен өнер қуатын шағын бос өткізбей еңбектенуіне жөн сілтеу. Шығарма Абай ақындығының халықтық,ағартушылық мақсатқа қарай бет алғандығының белгісі тәрізді.Кейінгі туындыларында ақын бұл идеяны тереңдете түседі.

1886 жылы Абай «Ғылым таппай мақтанба», «Интернатта оқып жүр» деген өлеңдер жазды.Мұның алғашқысы ұстаз ақынның кейінгі ұрпаққа айтар өсиеті түрінде жазылған.Бүкіл өлең бойына Абай «ғылым» деген сөзді қайталап айта отырып,адам бойындағы қазынаның үлкені және әрбір жігерлі жастың талпынатын арманы-ғалым болуы керектігін түсіндіреді.

Ғылым таппай мақтанба!

Орын таппай баптанба!

Құмарланып шаттанба!

Ойнап босқа күлуге,-

дейді ол. Сөйтіп,ғылымға берілудің,ғалым болудың жолдарын әңгімелейді.

Ғылым жолы-әділдік жолы. Оны ұстаған адам ескі жолмен жүре алмайды.

Надандарға бой берме,

Шын сөзбенен өлсеңіз,-

дегенде, ол ғылым үйренетін жастың қараңғы,надан қауымнан өзгеше болуын қалайды.


7.Екі топ арасындағы сайыс:

  • Абай өлеңдерін оқу

  • Қара сөз бен Абай өлеңінің үндестігі

  • Ситуациялық сұрақ

  • Абай әндері


8. Шағын көрініс «Абай ескерткіші және ақынсымақ»


9.Көрініс сізге қандай ой салды?Әр оқушы өз ой- пікірін ортаға салады.


Қорытынды сөз:

Қазақ халқының мақтанышы Абай Құнанбаевтың ақындығы түпсіз терең мұхитпен тең десек,қателеспеген болар едік.Ғажайып суреткер,нәзік лирик,көркемсөз шебері,ең алдымен-ойшыл ақын.Бұл пікір ақынның өмір құбылыстарын терең толғап айту жағы басым келетін өлеңдеріне, философиялық дүниетанымына және оның қара сөдеріне,әсіресе дінге, Алланың болмысы,имандылық туралы толғаныстарына қатысты.Ақын шығармашылығында өзі өмір сүрген тарихи дәуірдің тұтас бейнесі көрініс тапты. «Абай поэзиясы қоғам дамуындағы бір елеулі кезеңді бейнелеу арқылы халықтың тағдырын,ұлттың мінез-құлқын тарихи тұрғыдан кең арнада алып,қоғам көшінің жеткен жерін ғана емес,өткен жолын да танытарлықтай етіп көрсете білді»,-деген академик З.Ахметовтың пікірі Абай поэзиясына берілген әділ баға.Абай шығармашылығы уақыт озған сайын дәуір талабына сай әр қырынан өсіп өркендеп отыратын асыл мұра болып ұрпақтар санасына орын алады.

Адамды сүйіп,адамды құрметтеуге үндеген кемеңгер ақын поэзиясының түпкі негізі-адам,толық адам.Абай армандаған толық адам өнерлі,білімді,еңбекқор,адал,әділ,жылы жүректі,ыстық қайратты ғылым жолына түскен іздемпаз болуы керек.Ал махаббат пен сүю,адамды сүю, Алланы сүю,әділетті сүю-Абай шығармаларының биік мұраты.


Оқушы білімін бағалау: ізденістері мен сөз саптауларына, ой ұшқырларына қарай бағалау.


Үйге тапсырма беру: А.Байтұрсынұлының «Қазақтың бас ақыны» мақаласын тауып оқу, соған байланысты өз ой-пікірі бойынша баяндама жазу.



                                                                   


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
44 ұстаз жүктеп алған
5 маусым
7358
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі