400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ. Абай Құнанбайұлы. Ғылым таппай мақтанба.

Материал туралы қысқаша түсінік
ұстаздарға әдістемелік көмек
Материалдың қысқаша нұсқасы


Пән: Қазақ тілі мен әдебиеті

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

« Әлемдегі ірі кітапханалар»

Күні: 21.01.2020ж Сынып: 5

Мектеп:

Мұғалімнің аты-жөні:

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Абай. Ғылым таппай мақтанба.

Сабақта қол жететін оқу мақсаттары

Ж5 Жазба жұмыстарында жалғаулардың ерекшелігін ескеріп, үндестік заңына сәйкес орфаграфиялық нормаға сай дұрыс жазу, сөйлем соңында қойылатын тыныс белгілерді орынды қолдану.

5.ТБ1.5 Болымды, болымсыз етістіктерді ауызша және жазба жұмыстарда орынды қолдану.

Сабақтың мақсаттары


Оқушының төменгі жетістігі (ОТЖ): қазақ тілінде Абай Құнанбайұлы туралы ақпарат бере алады.

Оқушының орташа жетістігі (ООЖ): қазақ тілінде қарапайым сөйлеу үлгілері арқылы Абай шығармашылығы жайында айтады.

Оқушының жоғарғы жетістігі(ОЖЖ): тақырып аясында өз бетімен қазақша мәтін құрайды, қарапайым үлгілер арқылы Сөйлесімге келеді.


Тілдік мақсаттар

Жаңа сөздер:

Мақтанба, қашық бол,асық бол,адам болу,өсек, өтірік, мақтаншақ,бекер мал шашпақ, бес дұшпан, талап, терең ой, қанағат, рақым,асыл іс.

Сабақта қолданы- латын материалдар:

Интерактивті тақта, слайдтар, А4 парағы, маркерлер, плакат, «Абай Құнанбайұлы» туралы деректі фильм, Абай Құнанбайұлының суреті, тақырыпқа қатысты диаграмма, смайликтер.

Оқыту әдістері:

Сипаттау, түсіндіру, сұрақ-жауап, «Көңіл күйді анықтау» тренингі, диаграмма, топтық жұмыс, жұптық жұмыс, «Ыстық орындық» тәсілі.

І. Қызығушылықты ояту

Оқушылардың жаңа сабаққа деген қызығушылығын ояту мақсатында тақтаға Абай Құнанбайұлының суреті ілінеді.

Биыл, 2019 жылы ұлы ақын, композитор, философ, саясаткер, ағартушы Абай Құнанбайұлының 175 жылдығын тойлаймыз Интерактивті тақтадан сабақтың тақырыбын анықтау үшін «Абай Құнанбайұлы» туралы деректі фильмді көрсетемін. Ой қозғау сұрақтарын қоямын:

— Балалар, біз қандай деректі фильмді тамашаладық?

Бүгінгі сабағымызда қандай мақсатқа жетуіміз керек?

Абай Құнанбайұлы кім?

2. Мәтіналды жұмыс.

А) Тілдесім. Сұхбат құру мәдениетін қалыптастыру үшін 1-тапсырманы орындатамын.

Деректі видеофильмді көреді, Сұрақтарға жауап береді.

Тақырып пен мақсатты анықтайды.

Абай туралы көп ақпарат біледі. Болымды, болымсыз етістіктерді ауызша және жазба жұмыстарда орынды қолданады.


Зат есім /бағалау/

Жұппен жұмыс.

Ереже бойынша зат есімдерді тыңдап теріп жазады. /ақын, жазушы, адам, тұлға/

ҚБ «Бағдаршам»

Тілдесім. Сұрақтарға жауап береді. /толық жауаптар береді/

Тапсырма

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Оқушыларға пси- хологиялық ахуал туғызу

Мұғалім «Көңіл-күйді анықтау» тренингінің негізінде сабақ басында оқушылар бірін-біріне сабаққа жылы тілектер айтады.

Оқушылар бірін-біріне сабаққа жылы тілектер айтады./ сәттілік, табыс, жақсы баға, денсаулық, т.б./

Өткен сабақты тексеру

Өткен сабақтың тапсырмасын тексереді. Кемшіліктерді анықтайды, түзетеді, бағалайды.

«Ыстық орындық» тәсілі бойынша «Мектеп кітапханасы»тақырыбына эссені

тексеремін.

ҚБ. «Бас бармақ» әдісі.

ІІ. Мағынаны тану

Оқушыларды екі топқа бөлемін. /топтағы ережесін қайталатады/

1. Сөздікпен жұмыс. А) Интерактивті тақтадан тақырыпқа қатысты жаңа сөздермен таныстырамын, аудармасын айтамын. Оларды оқиды, оқушыларға қайталатады. Мақтанба. қашық бол, асық бол,адам болу, өсек, өтірік, мақтаншақ, бекер мал шашпақ, бес дұшпан, талап, терең ой, қанағат, рақым, асыл іс

Тыңдалым. Оқылым.

Жаңа сөздерді тыңдайды, қайталайды.

Айтылым. Дұрыс айтылуымен ауызша жаттығу жүргізеді.

Оқылым. Жазылым.

Жаңа сөздерді сөздіктеріне көшіреді.

Ә) Оқылым. Сөйлесім. Жазылым. Оқулықтағы 2-тапсырманы орындатамын.

Оқылым. Сөйлесім. Жазылым. Мәтінді оқиды, диаграмманы толтырады. Сын есімдерді теріп жазады. /ұлы, кішкентай,зерек, ақылды/

ҚБ «Бағдаршам»

3. Мәтінмен жұмыс. А) Тыңдалым. Оқылым. Мәтінді мәнерлеп, дұрыс оқуға машықтандыру үшін 4-тапсырманы орындатамын. /Рустем жатқа/

Тыңдалым.

Оқылым. /Етістік ережесі/ ҚБ

Өлеңді мәнерлеп оқиды,/ Ызылдаған оқу бойынша дауыстап оқийды./ болымсыз етістіктерді табады, өзі қалаған екі шумағын жаттайды.

Оқылым. Айтылым. Оқулықтағы

7-тапсырманы орындатады.

Оқылым. Айтылым. Өлеңді тағы бір рет оқиды, берілген сөздерден жақсы адам болу үшін қажет сөздерді тауып, жауап береді.

ІІІ. Ой толғаныс

«Әлемге танылған — Абай» тақырыбы бойынша постер жасатамын.

Тілдесім. Топтық жұмыс. Постер жасайды

IV. Бекіту

Бүгінгі сабақта қандай мақсатқа жеттік?


Жауп береді.

V. Бағалау

Қалыптастырушы бағалау. Оқушылардың бағалауы бойынша өз ойларын айтып, қорытынды «Аяқталмаған сөйлем» әдісін қолданып,бағалаймын.

«Жеке әңгіме» техникасы бойынша бағаланады.

VI. Үйге тапсырма


Оқулықтағы 10-тапсырма, жаңа сөздер,



VII. Рефлексия

«Жетістік баспалдағы»

Оқушылар сабақтан алған әсерлерін смайликтерді табыс баспалдағына жапсыру арқылы білдіреді.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
29 қаңтар
398
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі