400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ Абай Құнанбайұлы "Ғылым таппай мақтанба"

Материал туралы қысқаша түсінік
Өлең мазмұнын меңгерту, идеясын ашу. Абайдың жас ұрпаққа өмір сүруді үйрету туралы нақыл сөздерін өлеңдерімен салыстыра отырып, оқушы бойына дарытады. Түйінді ой айта білуге, өзіндік пікір қалыптастыруға жетелеу, шығармашылық ізденісін арттырады.
Материалдың қысқаша нұсқасы



Бөлім: Абайды оқы, таңырқа!

Мектеп: «Сейфуллин атындағы орта мектеп-бақша»КММ


Күні: 21.11.2019ж

Мұғалімнің аты-жөні: Наймтаева Айнур Куралбекқызы


Сынып: 6 «Ә»

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Абай Құнанбайұлы «Ғылым таппай мақтанба»

Сабақта іске асатын оқу мақсаты (оқу бағдараламасынан сілтеме)

6.1.1.1 - әдеби шығарманың жанрын, фабуласын, сюжетін анықтау;

6.1.2.1 - әдеби шығармада көтерілген әлеуметтік-қоғамдық мәселені идеясы арқылы түсіндіру

Сабақтың мақсаты

Өлең мазмұнын меңгерту, идеясын ашу. Абайдың жас ұрпаққа өмір сүруді үйрету туралы нақыл сөздерін өлеңдерімен салыстыра отырып, оқушы бойына дарытады.
Түйінді ой айта білуге, өзіндік пікір қалыптастыруға жетелеу, шығармашылық ізденісін арттырады.

Жетістік критерийі

  • Шығармадағы тілдік бейнелеу, суреттеу құралдарының мағынасын анықтайды;

  • Авторға хат, өлең жазады;

Тілдік мақсаттар

Бұл бөлімде тақырып контекстімен байланыста тілдік дағдылар дамиды. Мен осы көзқараспен келісемін\келіспеймін.

Құндылықтар

  • Өмір бойы білім алу

  • Ынтымақтастық

  • Азаматтық жауапкершілік

АКТ дағдысын қолдану

Интербелсенді тақта аудиовизуалды материалдар

Өмірмен байланысы

Шығарма идеясының өмірмен сабақтастығын ұғыну

Пәнаралық байланыс

Тарих, қазақ тілі

Алдыңғы білім

Абай Құнанбайұлы «Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін» өлеңі

Сабақ барысы

Жоспарланған кезеңдері

Жоспарланған іс-әрекеттер


Дереккөздер

Сабақтың басы

3 мин




Ой шақыру

6 мин



Ұйымдастыру:

Шаттық шеңбері сынып оқушылары шеңбер жасай тұрып бір-біріне жақсы сөздермен тілек білдіреді.

Сыныпты топқа бөлу.

Сыныпты түстерге қарай үш топқа бөлеміз.

І топ.

ІІ топ.

ІІІ топ

Өткенді қайталау

«Миға шабуыл» әдісі арқылы

Үй жұмысын тексеру

  1. Абайдың шын аты кім? (Ибраһим)

  2. Абайдың ақындық жолына алғаш есік ашқан кімдер? (әжесі – Зере, анасы – Ұлжан)

  3. Лирика деген сөзді қалай түсінесіңдер? Табиғат лирикасы деген не? (Лирика - Лирика - адамның көңіл - күйін, қуаныш - реніш сезімін білдіретін поэзия. Табиғат лирикасы – қоршаған орта, табиғат жайындағы поэзия).

  4. Абайдың табиғат лирикасына қандай өлеңдерін жатқызамыз? («Қыс», «Күз», «Жаз», «Жазғытұры»)

  5. Абайдың қанша өлеңі,неше қарасөздері бар? (300-ден астам өлеңі, 45 қара сөзі бар)

  6. Абай атамыздың – жансыз табиғат құбылысын кәдімгі тірі адамға, жан иесіне ұқсатып, жандандыра, құлпырта суреттеуі қай өлеңінде жақсы бейнеленген.Мысалы: Абайдың «Қыс» өлеңі).

  7. Абай қашан, қай жерде дүниеге келді? (10 тамыз 1845 ж. қазіргі Семей облысының Шыңғыс тауларында Қарқаралыда дүниеге келген).

  8. Әкесі Абайдың зеректігін байқағаннан кейін оны қандай оқуға берді? ( 10 жасқа толған соң Семейдегі Ахмет Риза медресесіне береді.)

Дескриптор:

1.Сұрақтарға жауап бере алады

2.Абай туралы біледі

3.Абайдың өмірі мен шығармашылығына қатысты өз пікірін айта алады

  • Балалар, адам бойында қандай қасиеттер болады?

  • Ендеше, адам бойынан табылатын 5 жақсы, 5 жаман қасиеттерді атай қойыңдаршы.

  • Абай атамыз да: «Бес нәрседен қашық бол, бес нәрсеге асық бол», - деп бекер айтпаған. Бүгін біз сіздермен Абай атамыздың «Ғылым таппай мақтанба» өлеңімен танысамыз.

  • Дәптерлеріңді ашып, бүгінгі күнді жазып қойыңыздар.

Тыңдалым


Ал балалар,бүгінге тақырыбымызда Абай атамыз не жайлы айтып өткен айтып көрейік.



















































слайд



аудио тыңдалым


Сабақтың ортасы


2 минут


7 минут








10 минут















13 минут




































































10 минут

1.Жеке тапсырма.

«Сиқырлы сандыша әдісі» бойынша

2.Ғибратлі-(арабша)- үлгілі,өнегелі

3.Нәфрәтлі- жиркенішті

4.Баптанба- жайланба,жайбарақаттанба

5.Мақтанба-масаттанба,кеуде керме

6.Шаттанба- болмашыға қуанба

7.Құмарлану-әуестену,құштар болу

8.Өсек-біреудің сыртынан даттап ғайбаттап айтылған жалған сөз

9.Дұшпан-қас жау залал келтіруші

10.Талап-ынта,ықылас,ұмтылушылық

11.Қанағат –тойымдылық,барға ризалық,нысап

12.Рақым-адамгершілік,қайырым,мейірім,шапағат.

13.Ысырапшылдық –тірнектеп тапқан нәрсеніаяусыз шашып төгу

14.Дұрыс жауабын белгілеңіз.

Өнерге

Ғылымға +

Оқуға

15. Бірнеше дұрыс жауапты белгілеңіз

«Ғылым таппай мақтанба » өлеңінде айтылған бес дұшпанға жататындар.

Өсек +

Қызғаншақ

Мақтаншақ +

Өтірік +

Қанағат

16.Қажетті сөзді жазыңыз.

Болмасаң да, ұқсап бақ,

Бір ғалымды көрсеңіз.

Ондай болмақ қайда деп,

Айтпа ___________________сүйсеңіз.

Дескриптор:

1.Сұрақтарды оқиды

2.Сұраққа жауап береді

Қажетті сөздер: өнер,ғылым,жырды

Жұптық тапсырма.Тест

1. «Бекер мал шашпақ» тіркесінің мағынасын көрсетіңіз.

А) рақымшылық

B) ысырапшылық

C) мақтаншақтық

D) даңғойлық

2. Өлеңде келтірілген адам бойында болуы тиіс жақсы қасиеттердің бірін табыңыз.

А) мақтан

B) тілеу

C) қайғы жеу

D) рақымшылық

3. Автордың берілген өлең жолдарында айтпақ болған ойын көрсетіңіз.
 
Жамандық көрсең нәфрәтлі,
        Суытып көңіл тыйсаңыз.

А) тоқталу, бас тарту, өз ойы мен бойын жию

B) көңілі қалу, ойы суу

C) шошыну, үрку

D) көңіліне келу, көңілі қалу

4. Өлең мәтінінде көп қайталанатын сөздерді белгілеңіз.

А) ғылым, ғалым

B) бес нәрсе

C) бол

D) болма

5. Мәтіндегі ауыспалы мағынадағы сөз қолданысын көрсетіңіз.

А) ғылым сүю, ойға жию, ғылым беру

B) бір ғалымды көрсеңіз

C) ғалым болмай немене

D) бес дұшпан

Топтастыру «постер» .

І топ

1. Адам бойынан табылатын бес жақсы қасиетті тап

Дескриптор:

1. Қасиетті табады 1

2. Жақсы қасиеттерді таба алмады -

ІІ топ.

1. Адам бойынан табылатын бес жақсы қасиетті тап

Дескриптор:

1.Жақсы қасиетті тапты 1

2. Жақсы қасиетті таба алмады 0

ІІІ топ

  1. Білім-ғылымға шақыратын басқа ақынның өлеңімен салыстыру («Венн диаграммасы»: А.Құнанбайұлының «Ғылым таппай мақтанба» өлеңі мен Ы.Алтынсариннің «Кел, балалар, оқылық» өлеңін салыстыру)

Дескриптор:

1.Салыстыра білді 1

2.Салыстыра алмады 0


Әр топ өздерінің орындаған тапсырмаларын қорғайды /10 мин/

Сергіту сәті.   «Желсіз түнде жарық ай» әнін шырқайық


Кері байланыс.

Балалар бүгінгі сабағымыз бойынша алған білімімізді қорытындылай келе тақырыпты түсінгенімізді ашық есікке,түсінбегендерімізді жабық есікке жабыстырайық

«Бағалау. Мұғалімнің пікірі.


Үй жұмысы

«Ғылым таппай мақтанба» өлеңін жаттау


Сабақта саралау тапсырмалары болды ма? Қалайша қолдау көрсете аламын? Қабілетті оқушыларды оқытуда алдыма қандай міндеттер қоямын?

Оқушылардың материалды қаншалықты игергенін қалай бағалаймын?

Денсаулық пен қауіпсіздік техникасын сақтау
















Сабақ бойынша рефлексия


Сабақ/ оқыту мақсаттары шыншыл ма?

Барлық оқушылар ОМ жетті ме?

Егер жоқ болса, неге?

Сабақтағы саралау дұрыс өтті ме?

Сабақтағы кезеңдер сақталды ма? Жоспардан тыс не жасалды? Неге?








Жалпы бағалау

Қандай екі аспект жақсы өтті? (оқыту мен білім беру туралы ойланыңыз)

1:

2:

Сабақты жақсартуға не себеп болатын еді? (оқыту мен білім беру туралы ойланыңыз)

1:

2:

Сабақ барысында сыныптың жетістігі туралы не ойладым/ жеке оқушылардың қиындығы, келесі сабақтарда неге назар аудару қажет?



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
9 мамыр
573
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі