400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ "Абай Құнанбайұлы "Желсіз түнде жарық ай" өлеңі"

Материал туралы қысқаша түсінік
ұзтаздарға әдебиет пен бейнелеу сабағының бірігуі
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қысқа мерзімді жоспар

Күні: сынып: 5

Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі: Қалиханова Айгерім Серікқызы

Мектеп: Теміртау қаласы «№9 мектеп-лицейі»

Абай Құнанбайұлы «Желсіз түнде жарық ай»

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

5Т/Ж2 Өлеңнің тақырыбы мен идеясын анықтау

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушы орындай алады: өлеңнің тақырыбын түсінеді, негізгі ойды жеткізеді.

Оқушылардың көпшілігі: өлеңнің негізгі тақырыбы мен идеясын түсініп, өмірден мысалдар келтіреді;

Кейбір оқушылар : өлеңдегі қозғалған тақырып пен образға өзіндік пікір білдіреді.

Бағалау критерийі

Өлеңнің сюжеттік желісі бойынша сурет салады.

Өлеңнің тақырыбы мен идеясын табады.

Тілдік мақсаты

Оқушылар орындай алады: өлеңнің мазмұнын, тақырыбын, идеясын анықтайды;

Пәнге қатысты сөздік қор мен термин: күрілдеп тасыған, сыбырласып

Пәнаралық байланыс

Жаратылыстану, ән, бейнелеу

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақта жоспарланған жаттығу түрлері

Ресурстар

Сабақтың басы


2минут











3-4 минут









5-15минут
























16-20 минут









Ұйымдастыру кезеңі

Сәлемдесу

«Сәттілік қадамы» тренигі

«Жел, қатты жел »- бірігеді

«бұлт шықты»-қолдарын жоғары көтереді

«Жаңбыр жауды»- қол шатыр ұқсап отырады


Оқушылар сырттан топ бойынша бөлініп келеді.

Жел

Тау

Ай

Бағалау критерийісі «Блоб ағашы» таратылады.

(Сабағымызды бастамас бұрын, ең алдымен өзіміздің білім деңгейіміз қай сатыда тұрғанын белгілеу мақсатында «Блоб ағашын » сіздерге ұсынамын. Сабақтың аяғында қайта ораламыз)



Тыңдалым дағдысы бойынша телеграммнан әуен тыңдатылады.


- Не тыңдадыңыздар?

- Не көз алдымызға елестеді?

- Қандай сезімді болдық?

3 топқа берілген параққа тыңдаған өлең шумағын көз алдымызға елестетіп қағаз бетіне түсіреміз.

Бұл жұмысты түрлі –түсті бояумен боямыз.

Жұмыс төмендегідей жоспармен жүреді:

1. Ең алдымен ауыл көрінісін қағаз бетіне дұрыс орналастырыңыз.

2. Сызықтарды боямын басып шығыңыз, кейбір жазықтарды боямыз.

3. Қағаз бетін тұтастай қылқалам арқылы бояп шығыңыз.

Бояумен жұмыс істегенде өте ұқыпты болу керек. Бояу әдісінде,сызық жүргізгенде, қайталап үстінен баса жүргізу қажет.









-Демек, бүгінгі сабағымыздың тақырыбы қандай?

-Абай Құнанбайұлы кім?

«Класстер» әдісі

Сабақтың мақсаты айтылады


Оқушылар ортаға шығып, шеңбер құрады.









«Блоб ағашы»

түрлі түсті қаламдар




құлақ аспабы, ұялы телефон, әуен





А3 форматты қағаз, қылқалам, түрлі түсті қаламдар


Сабақтың ортасы

21-23 минут(2)


24-28 минут (4)








29-30минут(1)






31-34 минут(3)













35-37 минут(2)

Оқылым.

Өлеңді мәнерлеп оқиды

Талдау (шумақ, тармақ)


«Конверт» әдісі арқылы топтарға тапсырма беріледі

(оқушылар конвертте қиылған қағаздарды орналастырып, берілген парақшаға жабыстырады)

1-топ. Абай Құнанбайұлының балалық шағы

2-топ. Абай Құнанбайұлының шығармашылығы.

(Шығармаларын сурет арқылы да көрсетуге болады)

3-топ. «Желсіз түнде жарық ай» өлеңінің мазмұны, шығу тарихы

«Бағдаршам» әдісі арқылы бағаланады

Жасыл – «Өте жақсы»

Сары – «Жақсы»

Қызыл – «Орташа »


«ПОПС формуласы» әдісі

(«Желсіз түнде жарық ай» өлеңінің мазмұны сұралады, тақырыбы мен идеясын 4 сөйлеммен жауап береді)

• Бірінші сөйлем «Менің ойымша, ... »

• Екінші сөйлем «Себебі, мен оны былай түсіндіремін … »

• Үшінші сөйлем «Оны мен мына фактілермен, мысалдармен дәлелдей аламын … »

• Соңғы сөйлем «Осыған байланысты мен мынадай қорытынды шешімге келдім .


«Басбармақ» әдісі арқылы бағаланады


Енді, Абайдың осы «Желсіз түнде жарық  ай» әнін айтып үйренеміз.

Желсіз түнде жарық-ай,

Сәулесі суда дірілдеп

Ауылдың жаны терең сай

Тасыған өзен күрілдеп.

Қалың ағаш жапырағы

Сыбдырласып өзді-өзі.

Көрінбей жердің топырағы

Құлпырған жасыл жер жүзі.

Тау жаңғырып ән қосып,

Үрген итпен айтаққа

Келмеп пе едің жол тосып,

Жолығуға аулаққа.


ӘН: «Желсіз түнде жарық ай»



Оқулық




«Конверт» әдісі

Конверт, қиылған қағаздар, А3 Форматы, желім, постер қорғайды




«Бағдаршам» әдісі

Әр топқа үш түрлі фигуралар таратылады




«ПОПС формуласы» әдісі

А3 форматты парақ, маркерлер







«Басбармақ» әдісі

АКТ , әуен

Сабақтың соңы


38-40минут (2)

Рефлекция

«Қорытындылаушы» әдісі арқылы топ бойынша бүгінгі сабақтан алған мәліметтері туралы бір сөйлемнен айтып шығады)

Кері байланыс

« Блоб ағашы»










«Кір жайғыш» әдісі

«Қорытындылаушы» әдісі



Кері байланыс

Түрлі түсті қаламдар










Жіп, қыстырғыш















Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
3 ұстаз жүктеп алған
7 қаңтар
1513
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі