400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 17 материал табылды

Ашық сабақ "Абай Құнанбайұлы «Шоқпардай кекілі қамыс құлақ» 6 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
«Абай Құнанбайұлы «Шоқпардай кекілі қамыс құлақ» тақырыбына арналған сабақ жоспары 6 сыныпта сабақ беретін ұстаздарға арналады. Сабақ жоспарын тақырыпты өткенде сабақтың өту барысын жоспарлағанда көмекші құрал ретінде қолдануға болады деп ойлаймын. Еңбек жолын енды бастаған ұстаздар үшін қажет деп ойлаймын. Осы сабақ жоспарын пайдаланған ұстаздарға сәттілік, жұмыстарына шығармашылық табыс тілеймін.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сынып:

Пәні: Қазақ әдебиеті

Тақырып: Абай Құнанбайұлы «Шоқпардай кекілі қамыс құлақ»

Мақсаты:

Білімділік: Абай Құнанбайұлының өмірі мен шығармашылығы туралы түсіндіру. Ақын шығармаларының тақырыбы туралы мәліметтер беру. Өлеңдегі адамның, ер жігіттің сенімді серігі – бәйге атының сыны мен бағасының берілуі туралы түсіндіру.

Дамытушылық: Оқушылардың тапсырмалар арқылы ойлау қабілеттерін, тіл байлықтарын дамыту, шығармашылық ізденіске баулу;

Тәрбиелік: Ұлы ақынға деген құрмет, мақтаныш сезімдерін тәрбиелеуге ықпал ету. Ақын шығармалары арқылы балалар бойына адамгершілік, ізеттілік қасиеттерді тәрбиелеуге үлес қосу.

Сабақ түрі: Қалыпты сабақ.

Әдісі: түсіндіру, суреттеу, салыстыру, сұрақ-жауап, сөздікпен жүмыс, бағалау, бекіту, қорытындылау.

Көрнекілігі: ақын портреті, көркем әдебиеттер, бейнелі суреттер, рефераттар, бүктемелер.

Сабақтың формалары: жеке баламен, топпен, сынып ұжымымен жұмыс жүргізу.

Сабақтың типтері: ұйымдастыру кезеңі, үй тапсырмасын сұрау, жаңа сабақты түсіндіру, бағалау, қорытындылау.


САБАҚ БАРЫСЫ

І. Ұйымдастыру.

1. Сәлемдесу.

2. Кезекші мәлімдемесі.

3. Журнал бойынша түгелдеу.

4 Жаңа сабаққа дайындық.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

Өлеңнен жаман мен жақсы қасиеттерді жазып келу.

Жақсы адам қасиеттері – ешкімді жатсынбайды, сөзіне сақ, елдің ағасы, елдің басшы серкесі, жүзі жылы, сөзі майда, жүзі жақсы, үлкен-кішінің бәрі жақсы, жыл құсындай, алысты жақын етер

Жаман адам қасиеттері – көкірегі – көр, көзі – соқыр, жүрер жолдан тал түсте адасушы, өтірікші, өсегі көп, іріткі салушы, ел арасын сөзбен бықсытушы, ұрыншақ, тентек, сүйкімсіз, жылқының қотыр болған аласындай, жаман адам балтаның ұңғысындай, өсек-аяң айтып жүреді, кеудесі үлкен, сөзі кесек, ақылы ауысқан. Өз ойларын жазу.

  1. Қосымша сұрақтар қойып, өткен тақырыпты қорытындылаймын

  2. Оқушылардың берген жауаптарына қарай білімдерін бағалаймын.

ә) Үй тапсырмасын сұрау.

  1. Сүйінбай Аронұлының өмірі, шығармашылығы жайлы сұраймын.

  2. «Жақсы мен жаман адамның қасиеттері» өлеңін мәнерлеп оқытамын.

  3. Қосымша сұрақтар қойып, өткен тақырыпты қорытындылаймын

  4. Оқушылардың берген жауаптарына қарай білімдерін бағалаймын.

б) Жаңа сабақты түсіндіру.

Бүгінгі жаңа сабақта оқушыларға Абай Құнанбайұлының өмірі, шығармашылығы, «Шоқпардай кекілі қамыс құлақ» өлеңі жайлы толық түрде түсінік беру.

Асыл сөзді іздесең,

Абайды оқы, ерінбе.

Адамдықты іздесең,

Жат тоқып ал көңілге.

(С.Торайғыров)

а) Абай ХІХ ғасырдағы қазақтың данышпан, суреткер ақыны, өз ұрпағын өнер-білімге үндеген ойлы ағартушы екендігін түсіндіру. 1845-1904 жылдарда өмір сүрген, қазақ әдебиетінің атасы, қазақтың Ұлы ақыны Шығыс Қазақстан облысы, Шыңғыстау бөктерінде дүниеге келген.Әжесі -Зере, анасы- Ұлжан. Табиғат лирикасына байланысты өлеңдер жазған, сазгер, аудармашы (араб, парсы, түрік, орыс ақындарының шығармасын аударған)

Абай тегі: 1.Кішік.

2. Әйтек.

3.Олжай.

4.Қайдос.

5.Ырғызбай.

6.Өскенбай.

7.Құнанбай.

Аналары:1. Күңке-Құдайберді-Шәкәрім.

2. Ұлжан –Тәңірберді, Абай,Ысқақ, Оспан

3. Айқыз – Халиолла, Ысмағұл

4. Торғай (Нұрғаным) – бала жоқ

ә) Абай туралы не білеміз? тақырыбына сұхбаттасу

Дана ақынның өз халқынан және жалпы адам баласының өнер-ой байлығынан алған үш үлкен салалы түп-төркіні барын байқаймыз.

Мұның біріншісі - қазақ халқының есте жоқ ескі заманнан жиып, өсіріп келген өз даналығы - халықтың ауызша әдебиет қоры, ақын Абай осы қордан көп нәр алып, сол арқылы өз өлеңін көп көркейтті.

Екінші бір қол артқан қазынасы - араб, парсы, түрік тіліндегі Шығыстың көркем классик поэзиясы.

Үшіншісі – үлкен өнер, мол азық алған зор саласы – орыс халқының мәдениеті және сол арқылы Еуропа мәдениеті.

б) Өлеңнің тақырыбы, аттың сыны - жаратылыстың жанды бір бейнесі болған бәйге атқа арналған өлең. Ғасырлар бойында мал өсірумен, көшпелі күйде тірлік еткен елдің ақыны аттың бағасын өзгеше түсінеді. Соның ішінде бәйге аттың орны мүлде бөлек. Ол қазақтың бағзы заманнан бергі ауызша әдебиетінде де сан алуан «қиял пырағы» болып жырланып келген. Абай өмір кешкен кезде де ат – ер қанаты жүйрік ат, әсіресе, қазақ білген жануардың ішіндегі адамға ең ыстығы, қадірлісі екендігі.

б) «Шоқпардай кекілі бар қамыс құлақ» өлеңін барлық оқушылар оқулықтан дауыс ырғағымен мәнерлеп оқу, интерактивті тақтадан жылқының сыртқы мүшелерін көрсету, сондай-ақ, ақын суреттеуінен аттың түр-тұлғасы, жүріс-тұрысы, шабыс-желісі бейнелі сөздермен айшықталғаны жайлы оқушыларға мәліметтер беру.

в) Сөздікпен жұмыс: Сөзмаржан

Сағақ – жылқының сағалдырық тұратын тамағының астыңғы жағы.

Жерсоғар – ат тұяғының арт жағындағы қатты жері, өкшелігі.

Ашамайлы – ашамай салынған деген мағынада.

Ашамай – атқа мініп жүре алмайтын жас балалар үшін жасалған арнаулы мағынада: арса-арса болған, арбиған.

Шідерлік – аттың сирағының шідер салатын жері.

Шідер – аттың сирағының екі аяғы мен артқы бір аяғын қосып салатын тұсау.

г) Мұғалімнің түсіндірмесі: Жүйрік баптап, оны бәйгеге қосу қазақ баласы үшін үлкен өнер болған. Бұл өлеңде Абай бәйге атының мүсінін берген. Ат сипатын беретін әрбір сөзге тоқталатын болсақ, мысалы, «жауырыны етсіз тақтайдай-ақ» деген өлең жолына үңілейікші. Жүйрік атта артық ет болуы мүмкін емес. Сол себепті де жауырынды етсіз тақтайға теңеуі ақынның шындығы болып келеді. Немесе «арты талтақ» деген суреттеме бар. Бәйге артының қолтығы, саны ықшам болып, бір-біріне жабысып жатса, шапқан кезде адымы ашыла ма? «қоян жақ», «қой мойынды» деген суреттемелер қаз-қалпында алғанда тым қарапайым-ақ. Ал қоянның жағы – ол қураған етсіз жақ. Жүйріктің жағы майлы болып келмейтінін ақын осы «қоян жақпен» беріп отыр. Осылайша әрбір бейнелі сөзге түсінік беру керек.


- Енді балалар, айтыңдаршы, өзіміз қандай атақты бәйге аттарын білеміз?

- Иә, Ақанның Құлагері.

- Ол туралы қандай шығармалар бар?

- С.Жүнісовтің «Ақан сері» романы, І.Жансүгіровтің «Құлагер» поэмасы.

- Ендеше, осы шығармаларда Күреңбай сыншы Құлагер сипатын қалай берген екен, тыңдап көрейік.


д) Оқушыларға мысал ретінде романнан үзінді оқып беруге болады.

Сәкен Жүнісов «Ақан сері» романынан: Асқа келген жұрт аузына Ақан мен оның Құлагері түсті. Күреңбай сыншының Құлагерге берген бағасы: кез келген жылқыда 12 қабырға болады. Ал Құлагерде 1 қабырға артық, міне, қанат деген сол қабырға, көріктей өкпені қыспай, кең тыныстануына бірден-бір себеп сол. Терінде сықпа құрттың дәміндей дәм жоқ. Жеті тері алынған. Құмалағында қоянның көз жасауындай бір тамшы су жоқ. «Ат шаппайды, бап шабады» деген бар емес пе? Шіркін ат та ат екен, баптаушысы да сабаз екен.


е) Сұрақтар:

- Ақын қазақтың күнделікті пайдаланып жүрген ауызекі тілінен қандай бейнелі, айшықты оралымдар жасаған? Шоқпар деген не? Ол өлеңде қандай бейнелі сөзге айналған?

- Жүйрік атта артық ет болуы мүмкін бе?

- Жүйрік аттың аса биік болмайтынын қалай береді?

ІҮ Бекіту «Ойтолғаныс» кезеңі 3-топқа тапсырма беру.


Дәптермен жұмыс 1-кесте

Өлеңнің алғашқы шумағынан дене мүшелерін тіркескен сөзімен теріп жаз

Тіркескен сөздердің ішінен тасымалдауға болмайтын сөздерді тап

шоқпардай кекіл,

қамыс құлақ,

қой мойын,

қоян жақ,

бөкен қабақ,

ауыз омыртқа,

майда жал,

ой желке

Осы сөздерден омоним болатын сөздерді тап, мысал келтір

Қой

1.Қорада қой су ішіп тұр 2.Кітапты орнына қой

Ой

1.Оның ойы ұшқыр 2.Ауыл ойға қарай қоныс тепті

Жақ

1.От жақ 2.Адамның дене мүшесі

Ауыз

1.Үйдің кіреберісі 2.Адамның дене мүшесі


2-кесте

Өлеңнен жылқының дене мүшелерін теріп, жаз

Жауабы: кекіл, құлақ, мойын, жақ, қабақ, ауыз омыртқа, жал, желке, мұрын, ерін, тіс, қабырға, жота, омырау, төс, бақай, тұяқ, шынтақ, аяқ, жауырын, сауыр, мықын, құйрық, қыл, ұршық, сан, бауыр, тірсек (шідерлі), көз

Осы сөздерге сұрақ қой

Сұрағы: не?

Қай сөз табына жатады? Зат есім


3-кесте

«Бес жолды өлең» (жаңа сабаққа байланысты бес жолдан тұратын қорытынды шығару)

1. Кім? Не? Абай

2. Қандай? Ақылды, зерек

3. Не істеді? Оқыды, жазды, қалдырды

4. Сөйлем Абай қазақтың ұлы ақыны

5. Синоним Абай - ақын


Үйге тапсырма беру. Өлеңді мәнерлеп жатқа оқу, аттың суретін салу.

Оқушылар білімін бағалау кезеңі.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
22 желтоқсан
572
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі