|
Сабақтың
басы,
5
минут
|
Қызығушылықты
ояту
«Бар ... жейді
, ұятсыз ... жейді»
«Еңбек ...
ұзартады, ұят бетті
...»
«Бейнетің
қатты болса, ... ...
...»
Мақалдардың жалғасын
тауып ,көп нүктенің орнына қойып
жазыңыз.
Керекті
сөздер : өмірді, барын, қызартады ,
арын,татқаның тәтті болар.
-Мақал-мәтелдер
қандай сөздер ?
-Бүгінгі біздің
сабағымызға қандай байланысы болар деп
ойлайсыңдар?
Оқушыларды жаңа сабақ
тақырыбымен,мақсатымен және бағалау критерийлерімен
таныстырамын.
|
Оқушылар көп
нүктелердің орнына керекті сөздерді орналастырып, мақалдардың толық
нұсқасын оқиды.
Сұраққа жауап беру
арқылы жаңа тақырыпқа болжау
жасайды.
|
|
Сабақтың
ортасы,
35
минут
|
Назарын
шоғырландыру
-Қарасөз дегеніміз
қанадай сөздер? -Абайдың неше қарасөзі
бар?
-Қай қарасөзімен
таныссыздар?
1.Слайд. Абай
Құнанбайұлы. Мұғалімнің қосымша
түсіндірмесі.
2. Жиырма
тоғызыншы қарасөзі
(мәтіні). Қарасөз
мәтіні таратылады.
Абай.
Жиырматоғызыншы сөз.
Біздің қазақтың
мақалдарының көбінің іске татырлығы да бар, іске татымақ түгіл , не
Құдайшылыққа , не адамшылыққа жарамайтұғыны да бар.
Әуелі «Жарлы болсаң , арлы
болма» дейді. Ардан кеткен соң , тірі
болып жүрген құрысын.Егер онысы жалға жүргеніңде жаныңды қинап
еңбекпенен мал тап деген сөз болса , ол –ар кететұғын іс емес.
Тыныш жатып, көзін сатып,біреуден тіленбей,жанын қарманып,адал
еңбекпен мал іздемек-ол арлы адамның ісі.
«Қалауын тапса ,қар
жанады», «Сұрауын тапса , адам баласының бермейтіні
жоқ» деген-ең барып тұрған Құдай
ұрған сөз осы. Сұрауын табамын,қалауын табамын деп жүріп қорлықпен
өмір өткізгенше, малды не жерден сұрау керек, не аққан терден сұрау
керек қой.«Атың шықпаса,жер
өрте» дейді. Жер өртеп шығарған
атыңның несі мұрат? «Алтын көрсе ,періште
жолдан таяды» дейді. Періштеден садаға
кеткір-ай! Періште алтынды не қылсын,өзінің көрсеқызар сұмдығын
қостағалы айтқаны.«Ата-анадан мал тәтті,
алтынды үйден жан тәтті» дейді. Ата-анасынан мал тәтті
көрінетұғын антұрғанның тәтті дерлік не жаны бар. Бұлардың бәрінен
де қымбат ата-анасын малға сатпағы ең арсыздың ісі емес пе?Ата-ана
шамасы келсе ,михнаттанып мал жиса да , дүниелік жиса да , артымда
балаларыма қалсын дейді.Ол ата-ананы малға сатқан соң , Құдайға
дұшпандық іс емес пе ? Осындай білместікпен айтылған сөздеріне бек
сақ болу керек.
«Салыстырмалы
талдау» .
Оқушыларға
сұрақтарға жауап іздеу арқылы төмендегі кестені толтыруды
тапсырамын.Абай Құнанбайұлы мақалдарды
сынай отырып , қандай ғибратты ойлар ,өсиет сөздер айтады?Бүгінгі
күнгі өмір шындығымен салыстыра отырып,өз бағаларыңды
беріңдер.
|
Мақал
|
Ақынның
өсиеті
|
Мақалдың бүгінгі күндегі
қолданысы туралы
|
Өзіндік
баға
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Интербелсенді
тақтада берілген сұрақтарға жауаптарын ойша топшылайды
.
Слайд материалдарын
тамашалап, мұғалім түсіндірмесін тыңдап, конспект
жазады.
1.Қарасөз мәтінін
түсініп көркемдеп оқиды.
2.Қарасөз мәтінінен Абай
сынаған мақалдарға салыстырмалы талдау
жасайды.
|
|
Сабақтың
соңы,
5минут
|
Кері байланыс:
«Зерде»
Алған
ақпараттарымызды тұжырымдап,өз жетістігімізге баға
берейік.
Білім- тақырып бойынша алған
ақпараттарым
Эмоция- сабақтағы көңіл
күйім.
Идея-маған келген жаңа
ой.
Сын-өз бойымда нені дамытуым
керек?
Баға-жетістігіме беретін
баға.
|
Алған білімдері мен
ақпараттарын тұжырымдап , өз жетістіктеріне баға
береді
|