400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ: Абайды оқы, таңырқа!

Материал туралы қысқаша түсінік
Ашық сабақ; Абайды оқы, таңырқа! 10 сынып Абайды шығармашылығын таныстыра отырып оқушылардың қызығушылығын арттыру
Материалдың қысқаша нұсқасы



Бөлім:

Өлең – сөздің патшасы

Педагогтіңаты-жөні

Шайнулла Н.С

Күні:

22.10.2021ж

Сынып: 10

Қатысушылар саны:15 Қатыспағандар саны

Сабақтың тақырыбы

Абайды оқы, таңырқа!

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары

10.1.4.1 - көркем шығармалардан алған үзінділерді шығармашылық жұмыстарда қолдану;

Сабақтың мақсаты

Оқушылар:

  • Ақын шығармаларын түсінеді және соны негізге ала отырып өз шығармашылықтарын шыңдайды

Бағалау критерийі:

Шығарма үзінділерін шығармашылық жұмыстарда қолданады

      Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі/ уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурс-тар

Сабақтың басы


10 мин

1.Сабақ тақырыбы мен мақсаты, бағалау критерийлері таныстырылады.

Әр сөзінде астарлы ой тұрады.

Оқысаңыз, ашылады ой тұманы.

Сүрініп,жығылмауға Абайды оқы,

Абай сөзі – қазақтың бойтұмары.


Абай туралы оқығанымызды еске түсіру мақсатында видеороликті тамашалайық.

Оқушылар сабақтың мақсатымен танысады. Ақын туралы оқығандарын еске түсіреді.



Интерактивті тақтадан видео көрсеті-леді

Сабақтың ортасы

20 мин

1-тапсырма.

Абайдың шығармаларындағы жанрлық, композициялық ерекшеліктерін тауып, өзіне тиісті ерекшеліктермен сәйкестендіріңіз.

1

«Он жетінші қарасөз»

А

Өлең сегіз тармақтан құралып, бір аяқталған синтаксистік түзілім жасайды. Әр шумақта бес және жеті-сегіз буыннан құралған тармақтар жүйелі түрде түзілген. Шумақтың үшінші және алтыншы тармақтары бір ұйқаспен келіп, қалған тармақтары жұптасқан егіз ұйқасқа құрылған. Әр шумақтың соңғы екі тармағының қорытынды ой ретінде нақыл сөзбен беріледі.

2

«Лай суға май бітпес қой өткенге»

В

Шағын көлемді поэзиялық шығарма. 11 буынды, қара өлең ұйқасына негізделген. Шығармада бірыңғай ұйқасым тапқан сөздермен халықты сынайды.

3

«Сегіз аяқ»

С

Өлең әрқайсысы 4 тармақты 7 шумақтан тұрады, көлемі 28 жол. Қара өлең ұйқасында, риторикалық сұрауларды көбірек қолдана отырып, терең философиялық мағынада жазылған.

4

«Қалың елім, қазағым»

Д

Шығарма кіріспеден, негізгі бөлімнен, қорытындыдан құралған, философиялық трактатқа ұқсайды.

Әр кейіпкерді оның атқаратын қызметімен байланысты полилогке түсіреді. Полилог барысындағы таласты әңгімеде әр кейіпкердің мінездемесін өзіне жасатты.


2-тапсырма

І топқа

Берілген үзіндіні қолдана отырып, «Мен Масғұт болсам...» тақырыбында қай жемісті таңдайтыныңыз туралы пайымдау мәтінін жазыңыз.

Ағын жесең, ақылың жаннан асар,

Сарыны алсаң, дәулетің судай тасар, Егерде қызыл жеміс алып жесең, Ұрғашыда жан болмас сенен қашар.


ІІ топқа

«Он жетінші қарасөзді» еске түсіріп, «Үш-ақ нәрсе адамның қасиеті...» тақырыбында толық адам бейнесі туралы ой толғаңыз.


ІІІ топқа

«Қалың елім, қазағым, қайран жұртым»

Шығармадағы ақынның айтқысы келген ойын жалғастырып, 4-8 жолдан тұратын арнау өлең құрастырыңыз. Буын саны, ұйқасына назар аударыңыз.










"Он жетінші қарасөзге" қатысты ерекшелікті табады



Лай суға май бітпес қой өткенге" өлеңіне тән ерекшелікті табады


"Сегіз аяқ" өлеңіне тән ерекшелікті табады


«Қалың елім, қазағым, қайран жұртым" өлеңіне тән ерекшелікті табады






Тақырыпты ашады,

Пайымдау мәтінін жазады,

Өзіндік көзқарасын білдіреді




Толық адам бейнесін ашады,

Өзіндік көзқарасын білдіреді

Құрылымын сақтайды


Ақын ойын жалғастырады,

Буын мен ұйқасын сақтайды











1





1





1





1








1


1


1





1


1


1



1


2

Слайд


Оқулық-хресто-матия

Сабақтың аяғы


10 мин











Үйге тапсырма

Рефлексия «Бір сөзбен» әдісі

  • Төзімсіздік

  • Ашу

  • Қуаныш

  • Немқұрайлылық

  • Қанағаттану

  • Шабыт

  • Зерігу

  • Алаңдау

  • Тыныштық

  • Сенімділік

  • Сенімсіздік

  • Рахаттану

«Сегіз аяқ» өлеңінің желісі бойынша жаңа ғасыр бейнесін толғау


Оқушылар өздеріне берілген 12 сөздің ішінен, өздерінің бүгінгі сабақтағы жағдайын сипатайтындай 3 сөзді таңдап, сабақтан алған әсерлерін сол сөздермен байланыстырып айтады.


Оқушы-лардың білімі берілген дискрип-торларға сәйкес 10 балдық жүйе бойынша бағалана-ды








Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
1 желтоқсан
492
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі