400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ. "Абайтану ғылымының қалыптасуы" 9- сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
"Абайтану" курсын оқитындар үшін негізгі көмек. Абай шығармаларының танылуы, алғаш баспа бетіне қолжазба ретінде зерттегендер туралы айтылады. Абайтану ғылымының қалыптасуы 3 кезеңдерімен көрсетілген.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Күні:

26.11.2019ж

Пәні:

Абайтану

Пән мұғалімі:

Скакбаева Г.Р

Сыныбы:

9

Сабақ тақырыбы:

Абай мұрасын зерттеушілер және Абайтану ғылымының қалыптасуы

Сабақ мақсаты:

Ұлы ақын Абай Құнанбайұлының мұрасын зерттеушілер және Абайтану ғылымының қалыптасуы жайлы ақпарат беру. Оқушылардың өздігінен білім алуына жағдай туғызу. Топта және жеке жұмыс жасауға дағдыландыру, өз ойларын нақты жеткізе білу.

Күтілетін нәтиже:

Абайтану ғылымының қалыптасуы жайында ақпарат алады, өздігінен білім алады, ізденеді, топта жұмыс жасай алады.

Жоспарланған әдістер

Жоспарланған жаттығулар

Ұйымдастыру

Сыныпты түгелдеу. Сыныпта жағымды ахуал туғызу. Зерттеушілер, насихаттаушылар, танытушылар деп 3 топқа бөлу.

Топқа бөлінеді.

Білу

«Миға шабуыл» әдісі

1.Абай мұрасының орыс тілінде танылуы? Шығармасынан мысал келтіру.

2.Абай шығармасының өзге тілінде танылуы? Шығармасынан мысал келтіру.

3.Ақын шығармаларының аударылуы көбіне қай тіл арқылы жүзеге асты? Шығармасынан мысал келтіру.

Сұрақтарға жауап береді.

Түсіну




Бейне жазбатыңдату.Қазақ поэзиясының Абайдан кейінгі дәуіріне көз жіберсек, Абай шығармашылығы әсер етпеген қаламгер кемде – кем.

І топ.Абайдың шығармасын зерттеу не үшін қажет болды?

ІІ топ. Неліктен А.Байтұрсынұлы сөз жазатын адам әрі жазушы, әрі сыншы болу керек деп есептеді?

ІІІ топ. А.Байтұрсынұлы ақын өлеңінен қандай мін табады? Не себепті?

Өз ойларын кітапқа сүйеніп айтады.

Қолдану

«Еркін жазу» стратегиясы


Абай еңбектерінің зерттелуі

І топ. Баспа арқылы таралуы.

ІІ топ. Ауызша таралуы.

ІІІ топ. Қолжазба арқылы таралуы.

Дискриптор:

  1. Еңбектердің зерттелуін ашады.

  2. Өз ойларын анық жеткізеді.

  3. Көркемдік ерекшелігіне мән береді.

Постер қорғайды.

Талдау

«Swot» әдісі

Абайтану кезеңдері. Абайтану ғылымын М.Мырзахметұлы 3 кезеңге бөліп қарастырған.

1 топ.Абайтану – Әуезовке дейін

2 топ. Әуезовтен тәуелсіздікке дейін

3 топ. Абайтану – тәуелсіздік жылдарында

Дискриптор:

1.Әр кезеңді жылдарға сәйкес анықтайды.

2.Зерттеу жүргізген ақын –жазушылар жайында айтады.

3.Зерттеу нәтижесіне тоқталады.

Оқушының тақырып бойынша ойланады, талдайды.

Өз пікірін ашық айтады.

Жинақтау «Аргументативті эссе» әдісі.

Жеке жұмыс

М.Дулатұлының «Абайдың жоғалуы – қазақтың жоғалуы, қазақ атты халықтың ұмытылуымен бірдей» деген сөзін қатыстырып, аргументативті эссе жазыңдар.

Дискриптор:

1.Эссені 10 сөйлеммен жазады.

2.Ойын толық жеткізе алады.

3.Берілген сөйлемді қатыстырады.

Өз ойларын жазады.

Бағалау

Абайдың Қазақстан тарихында алатын орны?

Бағалап өз ойын айтады

Рефлексия

Бірін – бірі бағалау. Бағалау шкаласына қарап бағалау парақшасын толтырады.

Бүгінгі сабақта не істедіңіз? Неге қол жеткіздіңіз?

Сабақ жайлы пікірін білдіреді.

Үйге

Абайтану ғылымының қалыптасуы жайлы тың деректер жинап келу.




Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
19 желтоқсан
1084
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі