№23 орта мектебі
Ашық сабақ
Әдебиет пәні
бойынша
Тақырыбы:
Толағай
5г
сыныбы
Өткізген: Қазақ тілі мен әдебиеті пәні
оқытушысы
Биғожаева Б.А.
2013-2014 оқу жылы
Сабақтың
тақырыбы: Толағай.
2-сағаты.
Сабақтың
мақсаты: Ертегі кейіпкерлерін талдау,
салыстыру арқылы бала ойын дамыту. Мультфильм көру арқылы бала
бойына түрлі тәрбие беру, салт-дәстүр, әдет-ғұрыптарды есте
сақтату.
Дамытушылығы: Әдеби дүниетанымын,
логикалық ойларын кеңейту, шығармашылыққа баулу, сөздік қорларын
дамыту.
Білімділігі: Толағайдың жанашырлық, елге
деген сүйіспеншілік сезімдерін баяндау.
Тәрбиелілігі: Жас ұрпақты шындыққа,
адалдыққа, адамгершілікке, мейірімділікке, батырлыққа, төзімділікке
тәрбиелеу. Әдет-ғұрып, салт-дәстүрді дәріптеу.
Сабақтың
түрі: ашық, дамыта оқу
сабағы.
Сабақтың
көрнекілігі: Ә.Тәжібаев суреті,
кесте-плакаттар, кітаптар көрмесі, интерактивті тақта,
слайдтар.
Сабақтың
әдісі: мазмұндау, сұрақ-жауап,
салыстыру, топтастыру,
Сабақтың
байланысы: география, сурет , қазақ
тілі.
Сабақтың
барысы: Ұйымдастыру
кезеңі.
Үй
тапсырмасын тексеру. Сыныпты үш топқа бөлемін.
Әбділда Тәжібаевтың өмірі
туралы сұрақтар:
- Туған
жері, қай жерде дүниеге келді?
- Әкесі,
анасы туралы кім айтады?
- Киммен
айтысады?
- Нағашы
атасының қандай қатысы бар?
-
Қарындасы кім?
- Өз
әкесі неше жасында қайтты?
- Нағашы
атасы ше?
- Анасы
туралы слайд. (көрсетіледі). Әбділдә Тәжібаев.
(слайд).
Үй тапсырмасын бүгінгі
сабақпен байланыстырып сұрап отырамын. Қазір мультфильм көруге
қалайсыңдар? Жақсы көресіңдер ме? Ендеше тақтаға назар салайық.
Мұқият, зейін қойып тыңдаймыз. Себебі артының сұрауы
бар.
I бөлімін көреміз. Ертегінің
басынан бастап Толағайдың дүниеге келген жерінен
дейін.
Сонан соң
қойылатын сұрақ:
-
Қандай салт, әдет-ғұрыпты байқадың? (Сүйінші, ат
қою, бата беру). Осы кезеңде ертегінің композициялық жоспары
құрылады.
II бөлімнен қойылатын
сұрақ:
-
Кейіпкердің іс-әрекетін ата. (аң аулады, садақ
тақты, жолбарысты құйрығынан ұстап лақтырды, әкесін аман алып
қалды).
III бөлім. Еліндегі құрғақшылық.
(мультфильм көрсетіледі).
Сұрақ: Осы көріністен не
байқадың? Аталарымыз алақандарын жайып отыр, анасы баласымен
қоштасты.
Тасаттық – араб сөзі, құрбандық «Тас
алды, ертеректе киіктің, тау-текенің ішінен шыққан қызыл тасты
ыдысқа салып, бұлт шақырып, жаңбыр жаудыртатын». Тарбағатай тауы
қай өңірде, кім картадан көрсетеді?
Кейіпкерлер әлемі. Үш топ өзіне берілген
кейіпкерлерге мінездеме береді. Толағай, Саржан,
Айсұлу.
Салыстыру. Осы ертегінің басты кейіпкері
кім? Қай ертегіге ұқсайды? Ұқсастық жағын ата.
Дүниеге келуінде, әкелеріне аң
аулауға көмектескені. Кендебай буаз биені жегелі жатқан қасқырды
құйрығынан ұстап лақтырғаны.Толағайдың әкесін жегелі жатқан
жолбарысты құйрығынан ұстап айналдырғаны. Екеуініңде жанашырлық,
елге деген сүйіспеншілік сезімдері бірдей.
Сергіту
ойыны. Кім? Қашан? Қайда? Қай
кейіпкердің қашан, қайда айтқанын табады.
-
Ұйықта қозым.
-
Көзімді іліп алайын
-
Өлдім, балам, Толағайжан.
-
Күшті болсаң келе қал.
-
Көп жауады қайда жауын?
Сабақты
қорыту. Әдеби ертегі дегеніміз не?
Толағай секілді ер болу қолыңнан келе ме? Етегі қалай аяқталды?
Жақсылыққа ма, жамандыққа ма?
Ал отанды сүю отбасынан, үй ішіңнен басталады.
Халқын қадірлеген сын сағаттан сүрінбей өтеді. Елін сүйген ер
атанады. Өйткені, ерлік білекте емес, елін сүйе білген адал
жүректе.
Үйге
тапсырма: «Отан үшін отқа түс
күймейсің». (ойтолғау). Ұнаған жерінен сурет
салу.
Бағалау.