400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ Әбіш Кекілбайұлы

Материал туралы қысқаша түсінік
ұстаздарға
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақтың тақырыбы

Ә.Кекілбайұлы «Ең бақытты күн» әңгімесі

Сабақтың түрі

Білімді бекіту сабағы

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары

Т\Ж1. Әдеби шығарма сюжетінің құрамдас бөлшектерін талдау.

Т\Ж3. Көркем шығармадағы кейіпкерлердің типтерін жасалу тәсілдері тұрғысынан анықтау.

Б\С3. Шығарманы ұлттық құндылық тұрғысынан талдап, әдеби эссе жазу.


Сабақтың мақсаттары

Барлық оқушылар орындай алады:

  • Әңгіменің тақырыбы мен идеясын таба алады.

Көптеген оқушылар орындай алады:

  • Кейіпкерлерді суреттейді, мінездерін іс-әрекеттері арқылы аша алады.

Кейбір оқушылар орындай алады:

  • Өз ойларын нақты мысалдар арқылы дәлелдей алады.


Жетістік критерийлері

Шығарма тақырыбы мен идеясын таба алады.

Кейіпкерлердің негізгі мақсатын көрсете алады.

Кейіпкерлер бейнесін ашудағы автордың көркемдік тәсілдерін түсіндіре алады.

Әңгіменің тарихи және көркемдік құндылығына баға бере алады.


Тілдік мақсаттар

Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер: әңгіме, кейіпкер, композиция, кейіпкерге мінездеме, идея.

Диалог құруға\шығарма жазуға арналған пайдалы тіркестер

менің ойымша ..., автордың ойынша ..., мен ... ойлаймын т.б.


Талқылауға арналған сұрақтар:

  • Әңгімеде қай кезеңдегі оқиға суреттеледі?

  • Кейіпкерлері кімдер?

  • Әңгімеде қазақ ауылының тіршілігі қалай баяндалады?

Құндылықтарды дарыту

«Мәңгілік ел» идеясының маңызды құрамдас бөлігі болып табылатын

жас ұрпақты ұлттық рухта тәрбиелеу,

еліміздің сан ғасырлық дәстүрін, ата – баба салтын, әдебиеті мен өнерін өзінің бар болмысымен сақтауға жетелеу.

Сабақ мазмұны арқылы жеке/жұпта/топта жұмыс жасау, өзінің, өзгенің оқуына жауапкершілікпен қарау, сонымен бірге жалпыадамзаттық құндылықтар оқушы бойына сіңіріледі.


Пәнаралық байланыс

Қазақ тілі, тарих, көркемөнер

АКТ қолдану дағдылары

Интербелсенді тақта, аудиотаспа, PowerPoint, презентация

Алдыңғы оқу

«Ең бақытты күн» әңгімесін оқып келу


Жоспар

Жоспарла-натын уақыт

Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер

Дереккөздер


Сабақтың басы

3 минут

Ұйымдастыру

-оқушылардың сабаққа қатысын тексеру

Оқушыларды Ә.Кекілбайұлы шығармалары арқылы топқа бөлу.

1-топ «Өлең» (Тілек, Біздер, Біздің бала шағымыз, Сол жылдар әлі

жадымда)

2-топ «Әңгіме» («Ең бақытты күн», «Ауыз», «Галстук сатушы қыз»,

«Тасбақаның шөбі»)

3-топ «Роман» («Үркер», «Елең-алаң», «Аңыздың ақыры», «Шандоз»)

4-топ «Повесть» («Құс қанаты», «Бәсеке», «Шыңырау», «Күй»)

5-топ «Аударма» («Ромео мен Джульетта», «Ваня ағай», «Бүгін

мейрам, бүгін той», «Король Лир»)


- Психологиялық ахуал қалыптастыру

- Сәлем, достым! (амандасады)

- Сен қалайсың? (иықтарынан қағады)

- Қайда болдың? (құлақтарынан тартады)

- Мен сені сағындым! (қолдарын жүректеріне қояды)

- Сен келдің! (қолдарын жаяды)

- Жақсы болды! (құшақтайды)
















интербелсенді

тақта

Сабақтың ортасы


5 минут









5 минут











10 минут



























































2 минут




10 минут






















3 минут





«Қызығушылықты ояту» бөлімі

«Бақыт» дегенді қалай түсінесіңдер?

Әр топ өз жауабын «Топтастыру» стратегиясы бойынша жинақтайды.

Shape2 Shape1

Shape4

БАҚЫТ



Shape6 Shape5





«Микрофон» әдісі арқылы «Ең бақытты күн» әңгімесінің мазмұнына шолу жасау.

1. Әңгіме не туралы?

2. Шығарма кейіпкерлерін ата.

3. Әңгімеде қазақ ауылының тіршілігі қалай баяндалады?

4. Дәулет қайдан оралды?

5. Торғын қандай кейіпкер?

6. Шығарманың түйіні қандай?


І кезең

Оқушылар «Әдебиет үйірмесі» стратегиясы арқылы топта жұмыс істейді. Ол үшін әр топтың мақсаты мен міндеті түсіндіріліп, төмендегі тапсырмалар беріледі.


«Өлең» тобы – «Із кесушілер»

Тапсырма: «Ең бақытты күн» әңгімесінің композициялық құрылысын талдап, кестені толтырыңдар.


Эпикалық жанр түрі

Әңгіме

Шығарманың негізгі ойы

Соғыс жылдарындағы қарапайым жанұяның тіршілік әрекеті, азаматтарын күткен ана, асыл жардың үміті

Шығарманың композициялық құрылысы:

Басталуы. 

Ауылдың таңғы тірлігі

Байланысуы.

Берден мен Сақан арасындағы кикілжің

Шиеленісуі.

Майданнан оралған Дәулет

Шарықтау шегі. 

Ауыл қуанышы

Шығарманың шешімі. 

Бақытты күн


«Әңгіме» тобы – «Сөз тапқыштар»

Тапсырма: Салт-дәстүр мен наным-сенімге қатысты ұғымдарды, тұрмыстық бұйым атауларын табыңдар, мағынасын түсіндіріңдер.

Тұрмыстық бұйым атаулары: Метей, зерең, үш бұт мосы, кебеже, келі-келсап, күбі.


Әңгімеде кездескен салт-дәстүрлер мен наным-сенімге қатысты ұғымдар: сүйінші, құдайы нан, байғұздың айқайлауы, ат тергеу.


«Роман» тобы – «Ой тапқыштар»

Тапсырма: Шығарманың өн бойында автор кейіпкерлерді қалай сипаттады, олардың образын қалай ашты, нақты мысалдармен дәлелдеп көрсетіңдер, кейіпкерге мінездеме беріңдер.


Кейіпкерлер

Жазушының суреттеуі


Кейіпкерге мінездеме











«Повесть» тобы – «Дәнекерлер»

Тапсырма: Шығармадағы Торғын келін мен қазіргі замандағы келін образын ВЕЕН диаграммасы бойынша салыстырыңдар.

Shape8

«Аударма» тобы – «Суретшілер»

Тапсырма: Киіз үй бөліктерін теріп жазып, суретін салыңдар.

Әңгімеде кездесетін киіз үй бөліктері: шаңырақ, уық, маңдайша, кереге, туырлық.


Сергіту сәті

Б.Шадаеваның «Бақытты күн» әнін тыңдау


ІІ кезең

Топтар өз жұмыстарын таныстыру үшін «Галереяға саяхат» стратегиясы бойынша жұмыс жасайды.

Топтан бір спикерді жұмыспен таныстыру үшін орындарыңда қалдырыңдар және өздерің басқа топтардың жұмысымен танысып, оған кері байланыс беріңдер. Бір-бірінің жұмыстарыңмен танысып, «Ең бақытты күн» әлемін бір шарлап шығыңдар.

ҚБ

Ең ұтымды жауапқа – төрт шапалақ

Ең қызықты жауапқа – үш шапалақ

Ең дәлелді жауапқа – екі шапалақ



Дескрипторлар:

  1. Шығарманың сюжеттік-композициялық құрылымына талдау жасай алады;

  2. Оқиғалар желісінен салт-дәстүр мен тұрмыстық бұйым атауларын таба алады;

  3. Кейіпкерлердің сипатын аша алады;

  4. Эпизодтарды бүгінгі күнмен байланыстыра алады;

  5. Өзінің және өзгенің жұмысын ой елегінен өткізіп, қорытынды жасай алады.

Ой толғаныс (Жеке жұмыс)

Синквейн әдісін қолданып, «Бақыт. Ауыл. Келін. Сүйінші. Соғыс» сөздеріне бестармақ құрастыру.


Дескрипторлар:

  1. Тек 11 сөзді қолдану арқылы ойларын қорытындылайды.

  2. Өзіндік түсінікті нақты сөздермен келтіреді.























А3 форматты қағаз, бояулар

кесте








Ә.Кекілбаев

«Бір шөкім бұлт»






























диаграмма
















аудиотаспа


Сабақтың соңы

1 минут








Рефлексия:

Сауалнама толтырады

Сабақта мен -

белсенді жұмыс істедім\ белсенді болмадым

Мен өз жұмысыма -

қанағаттандым \ қанағаттанбадым

Маған сабақ -

қысқа болған сияқты \ ұзақ болған сияқты

Сабақтан мен -

шаршадым \ шаршамадым

Сабақта берілген материал маған -

түсінікті \ түсінікті емес

пайдалы \ пайдасыз

қызықты \ қызықты емес



Үйге тапсырма

1 минут

«Ең бақытты күнім» тақырыбына эссе жазу



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
6 ақпан
849
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі