жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Ашық сабақ Адамның дене мүшелері ересек тобы
№7 «Еркетай» бөбекжай-балабақшасы
«Адамның дене мүшелері»
( Ересек «Самұрық» тобы )
Орындаған:Дүйсенбина.Б
2017-2018 оқу жылы
Білім беру саласы:Таным
Тақырыбы: «Адамның дене мүшелері»
Мақсаты:
Білімдік: Адам дене мүшелерін, олардың
атқаратын қызметтерін үйрету.
Дамытушылық: Тілдерін дамыту . Логикалық ойлау қабілетін
арттыру.
Тәрбиелік: Тазалыққа, ұқыптылыққа
үйрету.
Көрнекілік: Слайд адамның дене мүшелерінің
суреті,адам макеті,адам мүшелерінің
макеттері,планшеттер.
Сөздік
жұмыс: Дене
мүшелері
Қостілділік компоненті: Ағза-организм,
адам-человек.
Әдіс-
тәсілдері: Сұрақ –жауап,
әңгімелесу, көрсету, түсіндіру.
|
Әрекет кезендері |
Тәрбиешінің іс-әрекеті |
Балалардың іс-әрекеті |
|
|
|
. |
|
Ұйымдастырушылық -ізденушілік кезеңі |
1.Ұйымдастыру кезеңі. Қонақтармен амандасады. Біз әдепті баламыз Айтқан тілді аламыз. Келіп қалған қонақпен Амандасып аламыз Амандасу үлкенмен Тәрбиенің басы ғой Ал қанекей баріміз Салем дейік қонақпен.(үш тілде амандасады) -Саламатсыз ба! -Здрастауйте! -Hello! Шаттық шеңбері(үш тілде айтады). Қайырлы таң, ұстазым! Қайырлы таң, достарым! Шеңберге біз тұрайық, Жылулықты сыйлайық! Доброе утро ,учитель! Доброе утро,друзья! Посмотрите друг на друга, Пожелайте всем добра! Good morning. good morning. Good mor ning.to you. Good mor ning. good morning. We are glad to see you! Балалар бүгін ерекше күн.Бүгінгі тақырыбымызда ерекше,Адамның ішкі және сыртқы мүшелері деп аталады.Олай болса тақырыпқа байланысты сұрақтар қоямын ,топқа бөлініп орынға отыру үшін сұрақтарға жауап бересіңдер. 1-ші тапсырма сезім мүшелеріне не жатады? Олай болса сендер бірінші топ боласыңдар. 2-ші тапсырама жұмбақ. Екі тақта арасында Қимылдайды қызыл тақта. (Тіл) Жүректі емдейтін дәрігерді қалай аталады? Олай болса сендер екінші топ боласыңдар. 3-ші тапсырама жұмбақ. Қатар өскен дос құсап, Екi жақта қос бұтақ. Әрқайсысында Бiрi қысқа Бiрi ұзын Бес бұтақ. (Қол мен Саусақ) Олай болса сендер үшінші боласыңдар. Бір жылда неше мезгіл бар? Қазір қандай мезгіл? Көктем мезгілі неше айдан тұрады? Қазір қандай ай? Бір айда неше күн бар? Бір аптада неше күн бар? Апта күндерін айту және санамақ түрінде айту. Тақырыбы: «Анатомия әлемі». . Ендеше балалар мен сендерге бір жұмбақ жасырайын, тыңдыңыздар! Жер бетінде ең ақылды, ең күшті кім? Слайдпен көрсету. -Адамдар бір-біріне ұқсайма? -Жарайсыңдар балалар. Балалар, сендер қалай ойлайсыңдар адамның көңілді жүруі неге байланысты? Дұрыс, балалар адам баласының дұрыс өсіп жетілуіне табиғат та, соның ішінде күн, ауа, және судың адам үшін маңызды екенін біз білеміз Адам табиғаттың ең керемет бөлігі. Адам өз өмірін сақтау керек, сондықтанда ол өзін танып білуге міндетті. Тәрбиеші : Ендеше мына адам макетіне ішкі және сыртқы мүшелерін атап айтып орналастырамыз. Балалар қалай ойлайсыңдар?адамға бірінші не керек деп ойлайсыңдар?Қандай дене мүшелері керек? (суретпен көрсету) Дұрыс олай болса бізге 1-ші топтағы Назерке дәрігеріміз ми туралы айтатын болады. 2-ші топтағы дәрігеріміз не диді екен? Ми арқылы біз ойланамыз,сөйлейміз,жүреміз міне осының бірі мидың арқасы. Олай болса миымыз бен ойланып жұмыс жасап,тапсырма орындап көрейік.Миымызбен жұмыс жасаймыз. Ми-мозг-brain
Тәрбиеші: жақсы.Енді қандай дене мүшелері керек? « Көз – адамның айнасы». (Көз). (Суреті көрсетіледі). Олай болса 3-таптан үш окулисттер шығып айтып берсін. Олай болса әр топтан окулистер өз топтарымен жұмыс жасайды.
Көз-глаза-eyes Ми,көз енді не жетіспейді? (Құлақ). -Бұл қандай мүше? Есту мүшесі. (Музыка қою). Көрмей-ақ, жануарларды бір-бірінен қалай ажыратып, анықтауға болады? Олай болса үш топтан үш лор дәрігерлеріміз шықсын.
Құлақ-ушки-ears.
Балалар айтамыз енді тағы не жетіспейді?мұқият қараңдар?балалар (Мұрын). (Суретін шығару). Олай болса ортаға Азамат шығып айтып берсін біздің дәрігеріміз. Мұрын-нос-nose. -Ауыз,тіл. Тіл-язык-Tongue. Екінші топтағы кішкентай терапевттер айтыңдаршы кандай мүше керек? Айтыңдаршы енді кандай дене мүшесі керек? Олай болса бізге Алия дәрігеріміз айтып берсін.
Тәрбиеші:-Екі көзің не үшін қажет? -Екі құлағың не үшін қажет? -Екі қолың не үшін қажет? -Екі аяғың не үшін қажет? Жарайсыңдар балалар! Тәрбиеші;Балалар ауызбен,мұрынмен ауа ішке кіреді,сосын қайда барады?Түтікше арқылы ауа қайда барады?Олай болса бізге екінші топтың кішкентай терапевт дәрігеріміз айтсын. -Өкпе керек ба екен?(Өкпенің суреті көрсетеді) Фтизиатр дәрігеріміз өкпе туралы айтып беретін болады. Өкпе-легкие-lungs. Енді тағы кандай ішкі ағза бар?Кім айтады?Маған үшінші топтағы кішкентай кордиолог дәрігеріміз айтып берсін. Сурет көрсету.(Жүрек) Жүректі емдейтін дәрігерді кім деп айтамыз?-Кардиолог дәрігеріміз жанель айта ғой . Жүрек-сердце-a heart Жарайсыңдар,балалар түтікше арқылы жеген асымыз қайда барады? Олай болса асқазан жайлы Сағыныш дәрігеріміз айтып берсін. Ал мынау не ?Асқазанның қасында тұрған балалар! Бауыр қандай қызмет атқарады екен?Бізге кім айтады? Бауыр-печень-liver. Ия дұрыс айтасың.Өте дұрыс.Бізге бауырдыңда маңызы бар екен,балалар. Бауыр қасында тағы не бар балалар? Кішкентай терапевттер не дейді екен. Мынау қандай ішкі ағза?кішкентай терапевттер айтыңдар,сендер не дейсіңдер? Міне біз адамның сыртқы және ішкі ағзаларын құрастырдық. Адамдар денсаулығы жақсы болу үшін,дені сау болу үшін неістеу керек?Маған кім айтады? Сергіту сәті;Мультимедияны қолдану арқылы сергіту сәтін орындау. Жарайсың Арай. -Балалар, денсаулық дегеніміз не? -Ия, дұрыс айтасыңдар. Түгел мүшеміз бүтін, ауырмай-сырқамай жүрсек онда көңіл – күйімізде көтеріңкі болып өзімізді жақсы сезінеміз. Түрлі аурулардан сақтану үшін жеке басымыздың гигиенасы болу керектігін айту. Олар: қол орамалдар болу, химиялық заттарды мұрыңға тақап иіскемеу, бөлмені әрқашан желдетіп отыру, ауырып тұрған адаммен сөйлескенде бетімізге маска кию. Олай болса бізге денсаулық туралы мақал-мәтел айтып берсін. Ансар . Тәрбиеші;Адамның дене мүшелеріне байланысты 3 тілде тақпақ айтып береді.Айша,Жазира,Диана.
Планшетпен ойын: «Адам ағзалары» Адам дене мүшелерін,ағзаларын құрастыру.
|
- Балалар қонақтармен амандасады -Саламатсыз ба! -Здрастауйте! -Hello! -тапсырма орындап,орындарына отырады. -Балалар жауабы;көз,мұрын,ауыз,құлақ. Көз,мұрын,кұлақ,ауыз. Назерке,Сабина,Арай ,Алинұр,Мират,Ансар. -Тіл Жанель,Нұрай,Алия,Диана,Шыңтас, Азамат. - (Қол мен Саусақ) Жазира,Сағыныш,Диляра,Айша,Саян,Даулет. -Төрт мезгіл бар. -Көктем мезгілі -Үш айдан тұрады -сәуір айы -отыз және отыз бір күн бар -жеті күн бар Апта күндерін санамақ түрінде айту. Балалар : «Адамдар» -ұқсамайды;Олар біреуі кыз,біреуі ұл,біреуі үлкен адам енді біреуі толық адам,біреуі арық адамдар.Бірақ адамдардың бәрі жүреді,қозғалады,секіреді,сөйлей-ді. -Ауырмаса,сырқамаса адамдар көңілді болады. -Адамның миы - Назерке бірінші адамға ми керек. Назерке; -Ми-баста бас сүйек ішінде орналасқан.Адамның дарындылығы мен ақылдылығы мидың салмағына байланысты емес.Ми 20 жасқа дейін дамыйды.Ми арқылы адамдар қозғалады,сөйлейді,жүреді. -Ми ауруы минингит ол қатерлі ми ауруы,ол казірде адамадар көп ауырады.созылмалы және жедел түрі болады. 3-ші топтан Енді сол миымызды жұмысын жақсарту үшін енді логикалық тапсырма орындайық. Балалар тапсырма орындайды. Балалар; «Көз» -1-ші топтан окулист Сабина; Көз адамның негізгі мүшесі.Көз адамның көру жанары,адамдарда екі көз болады,Біз көзбен көреміз.көздің көмегімен айналадағы болып жатқан оқиғаларды көреміз,күнді,аспанды көреміз,кітап қараймыз,көшедегі машиналарды,бағдаршамдарды, жолды көреміз. Окулист Сабина , Көзге арналған жаттығулар:1-жаттығу.Көздерді оңға – солға, солдан оңға қарай қозғалту; Тез арада көзді ашып – жұму; 2-тапсырма әріптерді сұрайды. 2-ші топтан Алия;Көзді шаршаудан және зақымданудан сақтау керек.Қазір теледидар, компьютермен мультфильмдер қараймыз,бірақ ұзақ қарауға болмайды. Мақал-мәтел:Көз нұрдың ұясы, Көңіл сырдың ұясы. 2 -жаттығу Екі көзімізбен бірге мұрын ұшына қарап тұрамыз. 2-тапсырма;әріптерді сұрайды. 3-ші топтан Саян Есіңе сақта!-Жатып оқыма; көлікте және қараңғы жерде кітап оқуға болмайды. Мақал –мәтел айтады. Көз таразы, көңіл қазы. 3- жаттығу. Екі көзімізбен бірге оң жақ иығымызға қараймыз 2- тапсырма;Әріптерді сұрайды. Жұмбақ;Қатуды білмейтін ,қос қайнар.(Көз) -Балалар; «Құлақ» - Есту үшін керек. 1-ші топтың лор дәрігер Азамат;құлақ есту мүшесі,адамдарда құлақ екеу болады. Есіңе сақта: а) Құлақты аса қатты дыбыстан, шудан қорғау; ә) Желден қорғау; б) Дұрыс тазалау. Мақал-мәтел;Ел құлағы - елу. 2-ші топтың Шыңтас лор дәрігері;құлаққа салқын тигізбеу керек. Су кіргізіп алмау керек. Жұмбақ: 3-ші топтан лор дәрігері Нұрай; Құлақ ауырғанда дәрігерлерге барып ем алуымыз керек,уй жағдайында емделуге болмайды себебі бактерия,вирустар түсу мүмкін -Мұрын. Мұрын – иіс сезу мүшесі. Адам әр түрлі иісті мұрынымен сезіп, ажыратады. Сонымен қатар мұрын «тыныс алу» қызметін атқарады. Сарамандық жұмыс: (иіс су) шашырату, иісін сездіру. -Ауыз,тіл – сөйлеу мүшесі. Тіл арқылы адамдар бір-бірімен сөйлеседі. Сұрақ-жауап.Ауызбен тамақ жиміз,ас шайнаймыз тістің көмегімен. -Мен айтамын,енді адамға қол мен аяқ керек. -Адамның қол-аяғы жетіспейді.-Қол оң жақ қол және сол жақ қол болады.Қол бізге ойыншық алу үшін , ,сурет салуға,бір затты бір жерден екінші жерге апарып қою үшін керек.Қолымыздың көмегімен киімдер киеміз. Қасық алып ас ішу үшін керек қасық алып ас ішу үшін керек,ас ішіп болғасын қолымызды жуып тұруымыз керек.Дәретханадан шыққан соң да қолды жуып тұруымыз керек. -Аяқ –адамға жүру секіру ,қашу үшін керек.Адамдар да екі аяқ болады.Оң аяқ және сол аяқ.Аяқ сүйектері бір-бірімен қозғалмалы буын байланысты. - Жақсыларды көру үшін. - Ақыл кеңес тыңдау үшін. Елге көмек беру үшін. Балалабқшаға келу үшін. -Әрине өкпе адамдарға керек. Өкпе –адам қабырғаларының ішінде орналасқан.Адамда екі өкпе бар,оң жақ өкпе және сол жақ өкпе.Осы өкпе арқылы ауа ішімізге кіреді және сыртқа шығады. -жүрек -Кордиолог - кішкентай кардиологтар тобынан Жанель жүрек әрқашан өзімізбен бірге өсіп тұрады.Жүрек сол жақта орналасқан.Жүрек барлық мүшелерге қан шашып тұрады.жүрек адамның маторы,жүрек спортпен,жаттығулармен айналысқанды жақсы көреді.Әр адамның жүрегі өз жұдырықтарындай болады. Алинұр;Жүрек үздіксіз, үнемі соғып тұрады.Жаттығу жасасақ жүрегіміз жақсы жұмыс жасайды.Оны қазір байқауға болады. Әнмен жаттығу жасайды.Жаттығу жасағасын жүрегіміз қатты соқты. -Асқазанға Асқазанда сөл бар,ол асты қорытады.Қолымызға алманы алып тістиміз, жиміз ауызға салып шайнаймыз,сосын жұтамыз.жеген алмамыз түтікше арқылы асқазанға түседі.Асқазандағы сөл қорытады.Құнарлы тағамдар,дәрумендер басқа ағзаларға бөлінеді.Қалған керек емес қалдықтар бөлініп шығады,оны біз сыртқа шығарып тастаймыз.Тамақ көп жесек асқазан созылады.Асқазан да доп сияқты.Көзіміз тоймай көп жесек құсқымыз келетін болады сосын ауырамыз.Сондықтан да асты көп жеуге болмайды. -Бауыр. Шыңтас;Мен айтамын! -Бауыр-қанды тазартуға ,удан арылтуға көмектесетін,дененің оң жақ,қабырғалардың астында орналасқан ішкі мүше.Алкогольді ішімдіктер,вирустар мен майлы тағамдар бауырдың қас жауы.Сондықтан да ондай тағамдарды жеуге,ішуге болмайды. -Ол- бүйрек. Бүйрек-зәр түзейді,қаннан шығатын бөлінділерді бөледі,ол асбұршаққа ұқсайды.Адамның бүйрегінің салмағы 150 г.Адамда 2 бүйрек болады. -Ол ішек.Ішек-ол бұлшық етті мүше.Ұзындығы ересек адамдар да 5-6 м болады екен.Ішек ирелеңдеп орналасқан.Ішек арқылы жеген тағамдарымыз алға қарай жылжып отырады екен. Арай;Адамның денсаулығы жақсы болу үшін құнарлы тағамдар жеу керек.Көкөністер,жемістер көп жеу керек.сонымен бірге су көп ішіп тұру керек.Дүкендерден чипсы,кола алып жеуге ,ішуге болмайды.Адамның денесінде бес литр қан болады екен.Ішкі ағзаларға осы қанның көмегімен керекті заттар жетіп отырады екен.Қан тамырлармен үнемі тоқтамай айналып отырады екен. Дені сау болу үшін спортпен,жаттығулармен айналыу керек көбірек. Ансар ;Дені саудың ,жаны сау. Диана; Мынау – менің жүрегім, Бәрі осыдан басталады, Мынау – басым ақылды, Бәрін осы атқарады Мынау – менің оң қолым, Мынау менің – сол қолым Барлық істі атқарады. Мынау - менің оң аяғым, Мынау - менің сол аяғым Жақсылыққа апарады. Айша;Десять пальцев на руках, Десять пальцев на руках, Один нос,два уха, Один нос,два глаза. Жазира; I’ ve qot little finqers. I’ ve qot little toes. I’ve qot two ears I’ve qot two eyes. |
|
Рефлексиялық –түзетушілік. |
-Балалар, бүгінгі сабақ сендерге ұнады ма?Маған да ұнады.Балалар сендер өте жақсы қатысып ,өз ойларыңды айттыңдар,рахмет көр-көп.Тақтаға қараймыз бәріміз бүгін өз ойларымен бөліскен кішкентай неврологтар тобына қандай смайлик шығады екен. Екінші топтағы терапевттер де бүгін өз ойларымен бөлісті,жақсы қатысты кішкентай терапевт тобына қандай смайлик шығады екен. Үшінші топ кішкентай кордиологтар тобына қандай смайлик шығады екен. Сендерге өте күшті деген смайликтер беріп отыр. -Бүгінгі ашық ұйымдастырылған оқу қызметіне қатысқандарыңа рахмет!Сау болыңыздар! |
-Ия.
-Балалар сабақта алған білімдерімен бөліседі. Балалар қуанады,рахмет айтып апайлармен қоштасады. Сау болыңыздар! |
Күтілетін нәтиже:
Біледі: адамның сыртқы және ішкі мүшелерін біледі.
Игереді: Тыныс алу мүшелері өкпемен тура байланысты екенін игерді.
Меңгереді: Жеке басымыздың гигиенасы , дене шынықтырумен шұғылдану тыныс алу жолдарына жақсы әсер ететінін меңгерді.
шағым қалдыра аласыз



Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген