Оңтүстік Қазақстан
облысы
Шымкент қаласы
№38 Н.Д.Оңдасынов атындағы мектеп –
гимназиясы
Қазақ тілі және әдебиеті
мұғалімі
Абуова Гульжахон
Ермагамбетовна
Қазақ
әдебиеті Сабақ
жоспары 6 –
сынып
Сабақтың
тақырыбы: Әдеби ертегі туралы. Әбділда
Тәжібаев «Толағай»
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Әдеби ертегі туралы кең
көлемде мағлұмат беріп, Толағай әдеби
ертегісімен
оқушылардың білімдерін толықтыру. Жаңа сөздермен
таныстырып, мәтін
мазмұнын еркін түсінуге жағдай
жасау. Әбділда Тәжібаев туралы кең көлемде
мағлұмат беру
Дамытушылық: Мәтін мазмұны бойынша
сұрақтарға жауап алу арқылы оқушылардың
алған білімдерін тиянақтау,
ой-өрісін дамыту. Мәнерлеп оқу дағдысын
қалыптастыру
Тәрбиелік: Тақырыпты меңгерте отырып,
оқушыларды елін, жерін ойлайтын азамат
болып өсуге тәрбиелеу.
Сабақтың
түрі: жаңа
сабақ
Сабақтың
әдісі: сөздікпен жұмыс, тақырыпты
түсіндіру, мәтінмен жұмыс, сұрақ-жауап,
сұхбаттасу, сызбамен жұмыс, топтастыру,
венн диаграммасы, кластер құру. Сабақтың
көрнекілігі: тақырыпқа байланысты тіректі
сызба, суреттер.
Сабақтың
барысы:
І. Ұйымдастыру
кезеңі. 1. Қазақстан Республикасының
әнұранын айту
2. Сәлемдесу
3. Оқушыларды
түгелдеу
ІІ. Үй тапсырмасын
сұрау.
Қиял-ғажайып ертегілері.
«Алтын сақа» ертегісін әңгімелету. Сұрақ-жауап
алу.
ІІІ. Жаңа сабақ
1.Сөздікпен жұмыс
Меңгерілетін сөздер мен сөз
тіркестері: әдеби ертегі, кәдімгі ертегі,
аңыздар негізінде, белгісіз, қара сөз, белгілі аңыз
желісі, ел
аузында, даңқы шыққан мерген, ат
арылтып жетті бәрі, ерекше түлға,
пішін, шатқал, жай
оғы, ерте
солды, қурады
шөп, ел
күйзелді ем
таба алмай,
жабырқаған жарлы қауым, өркештенген түйін,
құйды жаңбыр, сел
боп ақты, күйген
жердің жаны кірді,
талған дене, жанған өкпе, нағашы атасы,
әңгімеші, ертекші, шебер.
2.Тақырыпты
түсіндіру
Әдеби ертегі
туралы
Ертегілердің әдеби
ертегі деп
аталатын түрі бар. Кәдімгі
ертегілердің авторы белгісіз болса, әдеби
ертегілердің авторы белгілі болады. Әдеби
ертегілер ел аузында сақталған әңгіме, аңыздар
негізінде пайда
болады. Әдеби ертегілерге
М.Жұмабаевтың «Жүсіп хан», «Өтірік ертегісі», Ж.Аймауытовтың «Көк
өгіз», «Жаман тымақ», Ө.Қанахиннің «Ақ бидай» ертегілерін жатқызуға
болады. Ә.Тәжібаевтың «Толағай» ертегісі де
Толағай батыр
туралы аңыздың желісіне құрылған.
Әдеби ертегілер өлеңмен де, қара сөзбен де айтыла
береді.

(Ерлік туралы аңыз)
Ә.Тәжібаев
Толағай
1) Ертегі аңызды
түсіндіру.
2) Оқушыларға
оқыту
3) Сызба бойынша
әңгімелету
*Ертіс жағасындағы Саржан
мерген мен ақ маралдай Айсұлу
*Алты жаста садақ атқан
Толағай
*Жазғытұрым жаңбырсыз қалған
ел
*Тарбағатай өңірінен келген
жаңбыр
*Сүрінгген Толағайдың «Апа»
деген даусы
* Толағай
тауы
4) Толағайдың бойындағы
қасиеттер (топтастыру)
еңбекқор
рақымшыл
батыр


күшті
алып



жанашыр
патриот
мейірбан
3.Венн
диаграммасы
Кәдімгі ертегі мен әдеби ертегіні салыстыру.
Топтық жұмыс.
4.Тапсырмалар
орындау:
1) Әдеби ертегіні
оқу.
2) Ертегі мазмұны бойынша
сұрақтар құрастыру.
3) Сұраққа жауап
алу.
4) «Толағайдың ерлік істері»
әңгіме құрастыру, сұхбаттасу.
5. Жазушы туралы
түсіндіру

Әбділда Тәжібаев ақын,
драматург, әдебиет зерттеуші ғалым. Филология ғылымының докторы,
профессор, Қазақстан Республикасының халық
жазушысы.
Ол – 1909 жылы, Қызылорда
облысы, Тереңөзек ауданында туылған. Жетім қалып, нағашысы
тәрбиелейді. Алғашқы өлеңдерін жеті жылдық мектепте
жазады.
1929-1931 жылдары
педагогикалық институтта оқиды. Республикалық баспасөздерде,
Жазушылар одағында қызмет істейді. Көптеген өлеңдер, поэмалар,
пьесалар жазған. Шығармалары орыс тіліне
аударылған.
Шығармалары: «Жаңа ырғақ», «Аралдар», «Кешеден бүгінге»,
«Жартас», «Жаңа өрімдер», «Құрдастар», «Толағай» және 5 томдық жыр
жинақтары жарық көрген. «Майра», «Жартас», «Жалғыз ағаш орман
емес», «Көңілдестер», «Той боларда», «Дубай Шубаевич» т. б.
пьесалары қойылған. «Өмір және поэзия», «Қазақ драматургиясының
дамуы мен қалыптасуы», «Жылдар, ойлар» т. б. зерттеу еңбектерін
жазған.
Әбділда Тәжібаев 1998 жылы қайтыс
болған.
6
. Кластер құру



ІҮ. Сабақты қорытындылау.
Оқушылардың білімін бағалау
Ү. Үйге тапсырма
беру.
«Әдеби ертегі туралы. Толағай.
Жазушы туралы» оқып келу