Материалдар / Ашық сабақ: «Әдемі жазу»

Ашық сабақ: «Әдемі жазу»

Материал туралы қысқаша түсінік
Мақсаты: - Оқушылардың жазу дағдыларын қалыптастыру , - Әріп элементтерін дұрыс жазуын арттыру, - Грамматикалық мағлұматтарды меңгерту. Міндеті: - Әріптерді қосып, буын, сөз жазу машықтарын жетілдіріп, жазу жаттығуларын ұдайы жүргізу, - Зерделеу, еске сақтау, түсіну дағдыларын дамыту, - Өзіне деген сенімін арттыру.
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады

Қарағанды облысы білім басқармасының

Қарқаралы ауданының білім бөлімінің

«Оқушылар орталығы» КММ






Бекітемін: Келісемін: Қарастырды:

Директор: директордың оқу тәрбие Қосымша ББ

орынбасары: ісі жөніндегі орынбасары қауымдастық

Н.И.Енсебаев Г.К.Тауекелова Э.Р.Садуақас

____________ ______________ ___________

« »_____2024ж « »_____2024ж « » ___ 2024ж












«Әдемі жазу»

(ашық сабақ)












«Бастауыштағы баспалдақ»

үйірмесінің жетекшісі:

Темірғалиева А.Б







Егіндібұлақ- 2024ж

Тақырыбы: «Әдемі жазу»


Өтетін орны: Информатика кабинеті

Күні: 04.05.2024


Мақсаты:

  • Оқушылардың жазу дағдыларын қалыптастыру ,

  • Әріп элементтерін дұрыс жазуын арттыру,

  • Грамматикалық мағлұматтарды меңгерту.


Міндеті:

  • Әріптерді қосып, буын, сөз жазу машықтарын жетілдіріп, жазу жаттығуларын ұдайы жүргізу,

  • Зерделеу, еске сақтау, түсіну дағдыларын дамыту,

  • Өзіне деген сенімін арттыру.



Сабақ барысы

Уақыт

Ескерту

Сәлем – сөздің анасы

3-минут

Сыныпта тәртіп сақтау.

Негізгі бөлім

4-минут

Мұқият болу.

Әдемі жазу сабағында қойылатын талаптар

2-минут

Мұқият болу.

1-тапсырма: Қол маторикасын дамыту.


8-минут

Мұғаліммен бірге қайталау.

Оқушылар қаламды қалай дұрыс ұстауы қажет?


4-минут

Мұғаліммен бірге қайталау.

2-тапсырма: Басып жазу


2-минут

Топпен жұмыс.

3-тапсырма:4 элементтен 10 әріп жазу


7-минут

Жылдамды, ұқыптылық

Сергіту сәті: Бағдаршам жаттығуы


3-минут

Шапшаң және түсініп болу.

4-тапсырма:Мәтінді бастырып жазу


5-минут

Әдемі басып жазу




Қорытынды.

2-минут




Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Сабақтың көрнекілігі: презентация, дайын кітапшалар, сурет парақтары.



Сабақтың барысы:


1.Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылармен сәлемдесу. Балалардың көңіл-күйін сұрау. Бүгінгі өтетін тақырыбымыз «Әдемі жазу». Қалам ұстауды үйрену, элементтер арқылы әдемі,

жылдам жазу.

Психологиялық дайындық: Ұран

Қолымызды созайық.

Қағып – қағып алайық

Бойымызды жинайық

Көркеметіп жазайық!


2. Негізгі бөлім:

Əдемі жазу – аса жауапты да, күрделі жұмыс. Өйткені əліппе оқу барысында оқушылар дыбысты əріппен таңбалай білуге үйреніп қана қоймай, сонымен бірге каллиграфиялық талапқа сай жазуға дағдылануы тиіс. Демек, мұғалімнің алдында əріпті жаза білуге үйрету емес, оның əрбір элементін дұрыс сақтауға, дəптерге қалай болса солай жазбай, оңға қарай, біркелкі көлбеу, таза, анық жазуға машықтандыру міндеті тұр. Осы талаптарды орындау негізінде оқушының көркем жазу дағдысы (каллиграфия) қалыптасады.

Әдемі жазу – өнер. Таза, анық, әдемі жазуды оқуда жеңіл, ондай жазумен берілген ойды түсіну де оңай. Әріп таңбаларын әдемі, көркем етіп салуға жаттықтыру мақсатында жүргізілетін жұмыстардың оқушы бойында жақсы


Бүгінгі сабақ несімен пайдалы?

  • Оқушылардың жазуын қалай әдемі қылдым?

  • Қалай жылдам жаздырттым?

  • Дәптерді қалай рахаттанып тексеруге болады?

  • Бүгінгі сабақта сіздерге 4 элементтен қалай 10 әріпті жазуға болатыны үйретемін.


Оқушылардың жазуы неге әдемі болу керек?

  • Жеке оқушының шығармашылық қабілетінің дамуына кең жол ашады.

  • Ақыл-ой, жан-жақты қызығушылығын, білімге деген ынтасы артады.

  • Сауаттылығы, ұқыптылығы, шапшандығы, жұмысты тиянақты орындай білу, болжау қабілетінің дамуы көрсетіледі.



Көркем жазу сабағында қойылатын талаптар

  1. Отырғанда орындық партаға кіріп тұруы керек және оқушы тік отыруы шарт.

  2. Дәптерді сәл көлбеу қою.

  3. Көз бен дәптердің арасы 30 см болуы шарт.

  4. Оң қолымен жазса, жарық сол жақтан, сол қолымен жазса, жарық оң жақтан түсуі керек.

Жазу ұзақтаға 1-сынып оқушылары 5 минуттық құрайды. Одан ұзақ жазу баланы шаршатады,Арасында балаларды демалдырып, сергіту жаттығуларын жасаған жөн.

Ережелер түсінікті болса сабағымызды бастайық!!!


1-тапсырма: Қол маторикасын дамыту.

Ұсақ моториканы дамытудың маңыздылығы неде? Адамның бас миында саусақ қимылына және сөйлеуге жауап беретін орталықтар өте жақын орналасқан. Ұсақ моторикаға әсер ете  және оны белсендіре отырып, көрші орналасқан сөйлеуге жауап беретін орталықты да дамыта аламыз.

Ол үшін оқушыларға алдарына көрнектілік беріледі.Көрнектілікті пайдалана отырып екі қолмен суретті басып шығамыз.

Құрастырмақ: мұғалім алдарына әр түрлі пішіннен суреттер береді, соған қарап оқушы суреттегі пішінді құрастыруы шарт.


Оқушылар қаламды қалай дұрыс ұстауы қажет?

Ең бастысы- оқушыға қаламды қалай дұрыс ұстау керектігін көрсету.Жазу құралы (қалам) ортаңғы саусаққа, атап айтқанда, оның жоғарғы бунағына сүйенеді.Тұтқа екі жаққа бекітіледі: үстінгі жағында сұқ саусақпен, ал бүйірінде басбармақпен. Екі саусаққа- сақина мен кішкентай саусақтар жазу кезінде кедергі жасамау үшін қолды бүгу керек.

Егер оқушы қаламды дұрыс ұстауға дағдыланған болмаса, саусақтардың дұрыс орынға үйренуіне көмектесетін бірнеше әдіс бар:

1-әдіс:

Ортанғы саусақтың жоғарғы бунағына түсті нүкте салыңыз. Қаламды қолыңызға қойыныз, сонда ол сызылған нүктеге тіреледі.

Қағаз майлық

Қағаз майлықтын жартысын аламыз,содан кейін оны кішкетай саусаққа қыстырамыз.Ал қалған үш саусағымен (бас бармақ, сұқ саусақ және ортаңғы) майлық құлап кетпейтіндей етіп баладан қаламды алуын сұраңыз.

2-әдіс: Қаламды үстелге тігінен қойыңыз және қаламды үш саусақпен ұстаңыз.Содан кейін саусақтарды көтермей тұтқадан төмен сырғытыңыз, сонда олар қалаған күйде болады.

2-тапсырма: Басып жазу 1-сынып

Оқушыларға басып жазу кітапшасы беріледі.Ішіндегі тапсырмаларды орындап, үзік сызықтарды қосып шығу шарт.



3-тапсырма:4 элементтен 10 әріп жазу

4 элемент деп отырғанымыз (нүкте, көлбеу сызық, оң жақ ілмек, сол жақ ілмек) элементтерінен (і,и,й,ш,н,л,м,ь,ы,я) әріптерін жазуды үйренеміз.Оқушылардың алдына парақтар беріледі және сол парақтағы элементтерді пайдаланып он әріпті жазуы шарт.

Сергіту сәті: Бағдаршам жаттығуы

Мидың жұмысын жақсартуға арналған жаттығу – бағдаршам жаттығуы. Мақсаты – сөздерді оқымай,түстерді атау. Мысалы, «қызыл» деп жасыл түспен жазылған. «Көк» деп ақ түспен. Түстерді жылдам оқып, тез ажырата білу арқылы миымыздың екі жарты шарының жұмысын жақсарта аламыз.


4-тапсырма:Мәтінді бастырып жазу

Оқушыларға кітапша таратылады. Бірінші оқушы кітаптағы мәніді бастырып жазады, кейін сол мәтінді астына көшіріп жазып шығуы керек

Қорытынды бөлім:

Сабақты қорытындай келе біздің оқу тәсіліміз сабақтың бастапқы кезінде қойылған мақсатқа жету. Бұл әдіс- тәсілдер баланың әдемі, көркем,таза, сауатты жазуына бағытталды.

Ғылым қалғып кетсе, қараңғылық бас көтереді” дегендей, заман талабына сай жаңа технологиялармен жүмыс жүргізу бала тәрбиесіне зор ықпал ететіні белгілі.Көркем жазу емлесі, біз үшін болашақ жастарымыз үшін ешқашан қалыс қалмау қажет.




18 Ақпан 2025
186
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі