жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Ашық сабақ "Ағаштар мен бұталар" жаратылыстану
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологилық картасы.
Білім салалары: Таным, Əлеумет
Бөлім: Жаратылыстану
Тақырып:Ағаштар мен бұталар.
Мақсат: табиғаттың жанды нысандары туралы түсініктерін жүйелеу. Балабақша аумағындағы
жəне жақын маңайдағы өсімдіктерді (ағаштар мен бұталар) ажырату жəне атай білу дағдыларын
дамыту. Өсімдіктер əлеміне қызығушылығын тəрбиелеу.
Алдын ала жүргізілетін жұмыстар: қолынан келетін еңбек əрекеті; иллюстрацияларды,
фотоларды қарастыру; бейнетүсірілімдерді, таныстырылымдарды қарау; аудиожазба тыңдау,
жұмбақтар шешу, қарапайым тəжірибе жұмысы, зерттеу серуендері, өлең жаттау.
Жабдықтар мен материалдар: ағаштардың, жапырақтардың иллюстрациялары, ағаштар мен
бұталардың суреттері, планшет (фотоаппарат).
Сөздік жұмыс:ағаш, бұта, шөп, тамыр, дің, сабақ, бұтақ, жапырақ.
Билингвалды компонент: ағаш – дерево
|
Әрекет кезеңдері. |
Тәрбиешінің іс-әрекеті. |
Балалардың іс-әрекеті. |
|
Мотивациялық қозғаушы. Ізденіс ұйымдастыру. Рефлексивтік- түзетушілік |
Педагог жұмбақ жасыру арқылы оқу қызметіне жағымды көңіл күй қалыптастырады. Өлең оқиды Бұрыннан бар білімдерін қайталау. Балабақша ауласында өсіп тұрған ағаштардың атауларын кімнің білетінін анықтайды. Табиғатта үлкен бір патшалық – өсімдіктер патшалығы бар екенін хабарлайды. Өсімдіктер патшалығында үш қала бар. Бірінші қала – ағаштар. Екінші қала – бұталар. Үшінші қала – шөптер. Балаларға балабақша ауласына саяхатқа шығуды ұсынады Өзекті сұрақ: Қайсысы ағаш, қайсысы бұта? Олардың ұқсастығы мен ерекшелігі неде? Педагог қорытынды жасайды: ағаштар – ең үлкен өсімдіктер. Олар көп жыл өмір сүреді. Ағаштардың діңі болады. Бұталардың бойы ағаштардан төмен болады. Олардың бірнеше жіңішке сабақтары болады. Діңі болмайды. Ең кішкентай өсімдіктер – шөптер. Олардың сабақтары жіңішке. Олар ұзақ өмір сүрмейді. Педагог балаларға ойын ұсынады: «Оның ... бар, бұл не?»: нысанның бөліктерін атайды. Педагог балаларды қайыңға əкеліп, оны зерттеуді ұсынады (дəл осы жоспар бойынша кез келген басқа ағашты зерттеуге болады). Жерге түскен қайың жапырақтарын көтеріп, оның жерде жатып, солып қалғанын анықтауды ұсынады Жылдың қай мезгілі? Ағаштарға күзде не болады? (Ол ұйықтайды, қысқа дайындалады). Ағаштар мен бұталардың атауларымен танысу. Педагогтің хабарламасы: Ағаштар – көптеген жануарлар үшін тұрақ, пана. Ағаштан жиһаз, қағаз, ағаш ойыншықтар, ыдыс, музыка аспаптарын жасайды. Ағаштар біз тыныс алатын ауаны зиянды заттардан тазартады, олар сонысымен пайдалы. Бұтақтарды сындырып, жапырақтарды жұлуға болмайды. Ағаштарды қорғап, жаңасын егу қажет. Жан-жағына қарап, балабақшада ағаштан жасалған заттарды атауды сұрайды. Сергіту сəт Əліппе-дəптердегі тапсырманы орындауды ұсынады Педагог қорытынды жасайды. Рефлексия: рефлексиянің əдістерінің бір тəсілін қолданады: Балалардың ҰОҚ-да қаншалықты өсіп жетілгендерін көру: отырып, тұрып, созылып. Ым-ишарамен көрсету: Міне, тамаша! Қол шапалақтаңдар! Аяқтарыңмен топылдатыңдар! |
Жұмбақ шешу Күн жылынса киінді, Суытса шешті киімді. (Ағаш) Бақшамызда көп ағаш, Өскен жақсы əр ағаш. Ең əдемі, меніңше, Құс ұясы бар ағаш. Аппақ қайың, қарағай – Қосылыпты табысып. Сұлу терек, жасыл желек, Құшақтасып қабысып. Қарағайым, жұпар майың Жібек желмен аңқиды. Егістікті көлемді Қоршай ектік еменді. Ескен желден егінді. Қорғап тұрар ол енді Көше бойы аралас Қаптап өскен қара ағаш. Жемісі жоқ болса да, Саясы көп дара ағаш. Гүлзар бақта мекені Көрген кезде жөкені Елтіп жұпар иісіне, Ара қаптап кетеді Педагогтің ағаштар мен бұталарды зерттеуге шақыруын қабыл алады Балалар ағаштарда тамыр, бір дің жəне жапырақтар бар екенін анықтап, дəлелдейді. Бұталарда тамырлар, көп сабақтар жəне жапырақтар бар. П: Оның тамыры бар, бұл не? Б: Шөп, ағаш, гүл, бұта. Ағаштарды, шөптерді, бұталарды көрсетеді. Мұның қандай ағаш екенін анықтайды, қайыңның діңін көрсетеді, оның жуан немесе жіңішке екенін анықтап, айтады. Бұтақтарын көрсетеді. Олар қандай – жуан ба, жіңішке ме? Түсі қандай? Қайыңны діңін сипайды, ол қандай (Жұмыр, майда). Түсі қандай? (Мұндай ақ-қара дің тек қайыңда ғана болатынын түсіндіру). Қайыңда қандай өзгерістер болған? Ағаштың жапырақтары қайда кеткен? Олар көп пе, аз ба? Жапырақтар қайда жатыр? Оларды кім жұлды? Ағаштың немесе бұталардың атауларын қайталайды, оларға тəн ерекшеліктерді айтады: биіктігі, діңінің жуандығы, жапырақтарының түсі. Кіре беріс қалқалар, əткеншек, орындықтар, құм алаңының қоршауы мен шатыры т.б. ағаштан жасалғанын айтады Ағаштар, міне, Мұныңда үні – ш-ш-ш. Кейде жұмсақ, кейде шу, шу (2 рет) Кейде дауыл – гу де гу. Ал, балалар, тұрайық. Алақанды ұрайық. Оңға қарай иiлiп, Солға қарай иiлiп, Бiр отырып, бiр тұрып, Бойымызды созайық. Белiмiздiжазайық. Оңға-оңға, түзу тұр, Солға-солға, түзу тұр, Жоғары-төмен қарайық, Қолымызды созайық, Бойымызға күш жинап, Бiр шынығып алайық. Ағаштар мен бұталардың бөліктерін көрсетіп, атайды. Ағаштан жасалған заттарды қоршап сызады Ағаш немесе бұтаның суретін салады Балалар ҰОҚ-да алған əсерлерін бөліседі. |
Күтілетін нəтиже:
айта алады: жергілікті жерде өсетін ағаштар мен бұталардың атауларын, ағаштар мен
бұталардың ортақ негізгі белгілерін (тамыр, жапырақ);
түсінеді: ағаштар мен бұталардың айырмашылықтарын (ағаштың діңі жалғыз, бұтада көп
сабақ), нысанның бөліктерін;
қолданады: ағаш немесе бұта туралы əңгіме құрастыру дағдыларын.
шағым қалдыра аласыз



Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген