Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

ашық сабақ ағылшын 11 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
ашық сабақ ағылшын 11 сынып граматика және идомалар уйрену мен сду универыне тусуды коздейм 2022 тулегымын
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қаңтар ҰБТ 2021 1 поток 5000-5049 нұсқа аралығы ГЕОГРАФИЯ

  1. Солтүстік Америкадағы сарқырама : Ниагара

  2. Жапония климатының жылы әрі ылғалды болуына әсер ететін ағыс: Куросио

  3. Картаға түсірілген нысандар мен құбылыстарды іріктеу және олардың ортақ белгілеріне қарап топтау әдісі : Картографиялық сұрыптау

  4. Дала зонасында басым өсетін өсімдік: Селеу

  5. Халықтың санын , оның табиғи қозғалысын және құрылымын зерттейтін ғылым: демография

  6. Өндірістік салаға жатады: Энергетика

  7. Үндістанның оңтүстігінде орналасқан мемлекет: Шри-Ланка

  8. Дөң кен байыту комбинатында өндірілетін кен: хром

  9. Экватор сызығы мен бастапқы меридиан кесіп өтетін материк: Африка

  10. Мадагаскар аралының солтүстігін қамтитын климаттық белдеу: суюэкваторлық

  11. Африкада еуропалықтар мен негр тектестердің арасынан шыққан өтпелі нәсілдер мекендейтін аймақ: Эфиоптя таулы қыраты

  12. Ай мен Күннің тұтылу ұзақтығын есептеген ғалым: әл-Фараби

  13. Суэц каналы салынған түбек: Арабия

  14. ОПЕК-ке мүше ел: Венесуэла

  15. 1-санымен берілген мемлекет : Дания (сурет берілген)

  16. Отты шеңбер аймағындағы жанартаулар: Котопахи, Мауна-Лао, Паган

  17. Батыс Сібір жазығын Тұран ойпатымен байланыстырып тұрған нысан: Торғай қақпасы

  18. 1996 жылы Ақмола облысы аумағында ұйымдастырылған ұлттық табиғи саябақ: Көкшетау

  19. Түркіменстан және Өзбекстанмен ортақ шекарасы бар облыс: Маңғыстау

  20. Темпуратурасы -10С ауаның салыстырмалы ылғалдылығы 50 пайызды құраса, қанығу үшін қажетті су мөлшері: 1 г

  21. Үнді мұхиты алабының өзені: Лимпопо, Замбези

  22. Еуразияның оңтүстік-шығысындағы аралдарды қамтитын климаттық белдеу: экваторлық

  23. Қазақстанның ұлттық саябағы: Бурабай,Баянауыл, Алтынемел

  24. Алматы облысында орналасқан қалалар: Есік, Талғар, Жаркент

  25. Н.М.Пржевальскийдің зерттеген аймағы: Тибет жотасы, Гоби шөлі, Лобнор көлі

  26. Масштаб түріне қарай бөлінеді: атаулы,сызықтық,сандық

  27. Қазақстанның биік таулары: Алтай, Тарбағатай, Жетісу Алатауы

  28. Қатқыл жапырақты мәңгі жасыл ормандар мен бұталар зонасының белгілері: жапырақтары шағын өқсімдіктер суды аз буландырады, өсімдіктері жыл бойы жасыл қалпын сақтайды, жерорта теңіздік климатқа бейімделген өсімдіктерден тұрады.

  29. Орынбор-Ташкент теміржол бойындағы Қазақстан қаласы: Қызылорда, Ақтөбе.

  30. БЭР төбешіктері орналасқан аймақ: Каспий маңы ойпаты

  31. Магмалық тау жынысының ішіндегі кең тарағаны: базальт

  32. Жер шары бетінің жалпы ауданы: 510,2 млн км

  33. Ұрпақтың үздіксіз қайталанып отыруы: ұдайы өсу

  34. Сарыарқаның мыс кен орны: Саяқ

  35. Жапонияның ең ірі аралы: Хонсю

  36. «Түркістан» еңбегінің авторы: И.В.Мушкетов

  37. Қарағанды облысының жер ауданы: 428 мың км

  38. Кенсіз пайдалы қазбалар: калий тұздары

  39. Қазақстанда топырақтың құнарлылығы артатын бағыт: оңтүстіктен солтүстікке

  40. Биіктігі 7600-7800 м аралығындағы тау жүйелері: Памир,Гиндукуш

  41. Жетісу Алатауының солтүстік Жотасының құрамына кіретін жоталар: Тастау,Мыңшұңқыр

  42. Қазақстан мен Ресейдің мемлекеттік шекарасы өтетін географиялық нысандар: Солтүстік Қазақ жазығы, Шығыс Еуропа жазығы

  43. Қазақстан аумағында 68 градус бойлықты екі рет кесіп өтетін өзен : Есіл

  44. Картадағы арақашықтықты есептеуге қолайлы түзу сызық бойы бірнеше бөлікке бөлінген кесінді : сызықтық масштаб

  45. Жердің ішкі құрылысының қабаттары: ядро, мантия

  46. Аустралияның оңтүстік-шығысындағы арал: Тасмания

  47. Салыстырмалы ылғалдылықты өлшейтін құрал: шаш гигрометрі

  48. Қорғалжын қорығындағы көлдер: Қорғалжын,Теңіз

  49. Еуразиядағы ең ежелгі платформалар: Сібір, Шығыс Еуропа, Оңтүстік Қытай

  50. Қаазақстанның орталық бөлігінде таралған пайдалы қазба кен орындары: Саяқ,Қаңырат

  51. Сахараның жергілікті халқы тасты шөлдерді атайды: хамада

  52. Жер бетінің ¾ бөлігін алып жатыр: дүниежүзілік мұхит

  53. Жер бетіндегі салыстырмалы биіктіктерді өлшейтін құрал: деңгейлегіш

  54. Күннен алтыншы планета: Сатурн

  55. Солтүстік Еуропа құрамындағы елдер: Норвегия, Швеция

  56. Елге басқа мемлекет азаматтарының көшіп келуі : иммиграция

  57. Оқушылардың аралас орманнан бұлаққа бару азимуты : 225 градус( аралас орман солтүстік шығыста , бұлақ оңтүстік батыста орналасқан)

  58. Исландияда мұз басу дәуірінен бері сақталып қалған жануар: қойөгіз

  59. Халықтың механикалық қозғалысы: көші-қон

  60. Антропогендік табиғат кешендері: егістік, канал, бөгендер

  61. Құрлықтағы терең жарықтар орналасқан аймақ: Шығыс Африка

  62. Картада ерекше түспен боялған облыспен солтүстікте шектесетін мемлекет: Ресей ( картада Қостанай облысы шектелген)

  63. Отын өнеркәсібінің дамуына байланысты пайда болған агломерация қалалары: Абай,Саран.

  64. Қазақстанның экономикалық және әлекметтік географиясын зерттеуге үлес қосқан: М.Ш.Ярмухамедов, Б.Я.Двоскин

  65. Оңтүстік Америка өзендері: Амазонка, Ориноко, Парана

  66. Алтай тауында қорғауға алынған аймақ: Марқакөл

  67. Географияда экологиялық бағыттың дамуына жол ашқан ғалымдар: Н.А.Северцов

  68. Қазақстанның нарықтық экономикаға өте бастаған кезеңі: 1990 жылдан бастап

  69. Материк пен мұхит арасында соғатын тұрақты жел: муссон

  70. Нөлдік мернидиан кесіп өтетін мемлекет: Ұлыбритания

  71. Еуропа ғалымдарының Тянь-Шань тауының жанартау атқлауынан пайда болған деген жорамалын теріске шығарған ғалым: П.Семенов

  72. Атмосферада көмірқышқыл газының артуынан туындайтын экологиялық проблема: климаттың жылынуы

  73. Масштабы 1:100000 картаның атаулы масштабы: 1 см- 1 км

  74. Суретте ерекше түспен боялған Қазақстанның облыс орталығы: Атырау (суретте Атырау облысы боялған)

  75. Марал шаруашылығы бар экономикалық ауданның өзені: Бұқтырма

  76. Жерінің ауданы жөнінен Қазақстаннан кіші мемлекеттер: Мексика

  77. Кайнозой эрасында қайта қалыптаса бастаған биік таулы жүйелер: Жетісу Алатауы, Алтай

  78. Халықтың табиғи өсіміне әсер ететін факторлар: өлу, туу

  79. Ертіс өзені ағып өтетін аймақтар: Алтай, Солтүстік Қазақ жазығы

  80. Калий және ас тұзын өндіретін Атырау облысында орналасқан елді мекендер: Индер

  81. Кенді пайдалы қазбалар: темір, марганец

  82. Атлант мұхиты құрамына кіретін теңіз: Мәрмәр

  83. Батыс Қазақстан экономикалық ауданының облыстары: Маңғыстау, Ақтөбе, Атырау

  84. Қазақстанда цемент шығаратын зауыттар: Сазтөбе, Октябрский, Семей

  85. Африка материгінің ірі өзендері: Нигер, Конго,Ніл, замбези

  86. Қазақстанның 51 градус солтүстік ендікте орналасқан қаласының экватордан алынған қашықтығы: 5661 км

  87. Картада С әріпімен бейнеленген облыспен ортақ шекарасы бар мемлекет: Өзбекстан

  88. Метаморфтық тау жыныстары: кварцит, кристалды тақтатас, мәрмәр.

  89. Баянауыл ұлттық саябағы ашылған жыл: 1985 жыл

Қаңтар ҰБТ 2021 2 поток ГЕОГРАФИЯ 5050-5099 нұсқалар





  1. Жер шарындағы биік сарқырама: Анхель

  2. Орталық Американың аралдық бөлігіндегі ең үлкен ел: Куба

  3. Дүниежүзі мұхит суында беткі ағыстардың қалыптасуының негізгі себебі: тұрақты жел

  4. Жыл бойы ауа темпуратурасы біркелкі , жауын-шашын мөлшері мол жауатын белдеу: экваторлық

  5. 1887 жылы Верныйда (Алматы) болған жер сілкінісінің себептері мен зардаптарын зерттеген орыс ғалымы: И.В.Мушкетов

  6. Қазақстандық Алтай тауының жотасы: Қалба

  7. Жер шарында мұхит суының алып жатқан ауданы: 361 млн км

  8. Орталық Қазақстандағы марганецтің ірі кен орны: Жезді

  9. Биіктіктеріне қарай аласа таулар: Сарыарқа, Мұғалжар

  10. Ираннан келетін ауа массасының бағыты : 3 (оңтүстік-батыстан кіреді)

  11. Шығу тегі пішіні бойынша айырмашылық жасайтын тегіс емес жер бетінің жиынтығы: : жер бедері

  12. Әлеуметтік-экономикалық география зерттейді: адамзат қоғамы мен қоғамдық орналасуын

  13. Иран, Йемен, Ливан елдері орналасқан Азияның тарихи-географиялық ауданы: оңтүстік-батыс

  14. Қара металлургия комбинатының шикізаты: темір

  15. Кемедегі эхолотқа дыбыс 4 секундта оралса, теңіздің тереңдігі: 3000 м

  16. Ауыл шаруашылығына өзендер суын қарқынды пайдалану себебімен экологиялық жағдайы нашарлаған су айдыны: Арал

  17. Қазақстанның су көлігіне қатысты дұрыс мәліметтер: басты теңіз «қақпасы» - қатпайтын Ақтау сауда порты, Жайық пен Ертіс өзендерінде жүк тасымалданады,су көлігі арқылы Баку, Махачкала қалаларымен байланысады

  18. Қалалаық орналасудың тарихи қалыптасқан формасы: қала, агломерация, мегаполис

  19. Стротосфера қабатының шекаралары: 20-50 км

  20. XVIII ғасырда Солтүстік Американың солтүстік-батыс бөлігі мен Алеут аралдарын ашқан саяхатшылар: В.Беринг, И.Чириков

  21. Оңтүстік Америка материгінде ағаштардың аса бағалы түрі: гевея, бальс, хина

  22. Елімізде бидай өсіретін жетекші облыстар: Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қостанай

  23. Сарыарқада орналасқан ұлттық саябақтар: Баянауыл, Қарқаралы

  24. Оңтүстік-Шығыс Азия елі: Филиппин, Камбоджа, Бруней

  25. Палезой эрасының дәуірі: ордовик,девон

  26. Өлімнің туудан артық болып , халық санының табиғи азаюы: депопуляция

  27. Федеративті конституциялық монархия елі: Бельгия, Малайзия

  28. Оңтүстік Қазақстандағы суландыру жүйелері: Талас-Асы, Қаратал

  29. Сарыарқаның биік таулары: Қарқаралы, Шыңғыстау, Ұлытау

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
12.07.2021
789
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12