Сынып: 8
Тақырыбы: Ағзаның ішкі ортасы және оның маңызы. Қан
құрамы, қан жасушалары.Эритроциттер.
Мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға организмнің ішкі ортасын құрайтын ұлпа
сұйықтығы, қан, лимфа және олардың атқаратын қызметі, құрамы,
ерекшеліктері туралы түсініктер беру.
Дамытушылық: Сабақта оқытудың педагогикалық технология
элементтерін қолданып, оқушы белсенділігін арттыру, ой-өрісін,
пәнге қызығушылығын, ойлау қабілетін
дамыту.
Тәрбиелік: Оқушылардың бойына ұлттық рухты сіңіріп, өз
ұлтының әдет-ғұрпын, салт-санасын құрметтеуге үйрету, салауатты
өмір сүруге тәрбиелеу, гигиеналық тәрбие
беру.
Сабақтың
типі: Жаңа білімді меңгерту
Әдісі: Түсіндіру, сұрақ-жауап, ой қозғау,
СТО
Көрнекілігі: интерактивті тақта, электрондық оқулық,
кесте, суреттер, білімланд сұстаздар
сайты
Пәнаралық
байланыс: математика, химия, тарих,
әдебиет
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру
кезеңі.
Топқа бөлу (тіліек жазылған қағаздарды бір
– бірлеріне беру арқылы топқа бөлу. Тілек жазылған қағаздарда түрлі
–түсті жұлдыздар жабыстырылған, сол арқылы топқа
бөлінеді.). Әр топтан топ басшысын және уақыт
белгілеуші,бағалаушы оқушыны таңдау.
ІІ. Үй тапсырмасын
сұрау (интерактивті тақтамен
жұмыс)
«Кім
жылдам?»
1.
Денедегі барлық сүйектердің жиынтығы қаңқа деп
аталады
2. Қаңқа
қорғаныштық қызмет атқарады
3. Ми
сауытының сүйектері қысқа сүйектерге
жатады
4. Адам
омыртқаларының саны 34-35
5.
Қабырғалардың алдыңғы жағы төссүйекпен
байланысқан
6. Буын
арқылы байланысқан сүйектер толық
қозғалады
7.
Бірыңғай салалы бұлшық ет адам ырқына
бағынады
8. Екі
басты бұлшықет қолда болады
9.
Мимикалық бұлшықеттер мойында
болады
10.Трапеция пішінді бұлшықеттер құрсақта
болады
«Сандар сырына саяхат» бинго
ойыны
ІІІ. Жаңа
сабақ
“Өзіне қуат беріп тұрған сыртқы
орта болмаса, организм тіршілік ете алмайды”
И. М. Сеченов
Мұғалім: Ағзаның ішкі
ортасына қан, ұлпа сұйықтығы,
лимфа жатады.
Қанның
қызметі:
-
Адам ағзасында қан әрбір мүшені, дененің әрбір
жасушасын бір-бірімен
өзара байланыстырады.
-
Оттекті өкпеден ұлпаларға жеткізіп, көмірқышқыл
газынан тазартады.
-
Қорек заттарды асқорыту мүшелерінен ұлпаларға
жеткізеді.
-
Ағзаның соңғы қажетсіз өнімдерін бүйрекке және
т.б. мүшелерге тасымалдайды.
-
Дене температурасының тұрақтылығын
сақтайды.
-
Ағзаны зиянды микроптардан
қорғайды
-
Ішкі секреция бездерінен бөлінетін гормондарды
тасымалдайды.
-
Жасушаларда қышқылдың, судың денгейін
реттейді.
-
Қорғаныштық қызмет атқарады (қанның ұю
қабілеті).
-
Қанның құрамы плазмадан, қан жасушаларынан
тұрады
Қанның
құрамы: плазмадан (55%),қан жасушаларынан (45%)
тұрады.
Қан
плазмасы – қанның сарғыштау түсті сұйық бөлімі.
Плазманың құрамында 90-92 % су, 7-8 % нәруыз, 0,12 % глюкоза,
0,7-0,8 % май, 0,9 % тұз болады.
Плазмадағы нәруыздар глобулиндер
(1,7-3,5%),
альбуминдер
(4,5%),
фибриногендер (0,4%)
Глюкоза – жасушалар үшін негізгі қуат
көзі.Плазмада глюкоза мөлшері 0,04%-дан аз болса, ми жасушалары
қатты қозып, бұлшықеттер жиырлып, тырысып
қалады.
Қан жасушалары лейкоциттер (қанның түссіз
жасушалары), эритроциттер (қанның қызыл
түсті жасушалары), тромбоциттер (қан
пластинкалары),
Топтық
жұмыс:
1 тапсырма: «Мағынаны тану»
әдісі (постер жасау, видео роликтер қанның жасушаларының
қызметі)
1 топ «Эритроциттер, құрылысы,
қызметі»
2 топ «Лейкоциттер, құрылысы,
қызметі»
3 топ «Тромбоциттер, құрылысы,
қызметі»
2 тапсырма:
«Функционалдық сауаттылыққа
байланысты есептер»
І- топ.Қалыпты жағдайда жүрек
1 минут ішінде орта есеппен 6 литр қанды тамырларға айдаса, 1
сағатта және 2 тәулікте қанша мөлшерде қан
айдайды?
ІІ – топ. 1 минут ішінде
денедегі қан жүрек арқылы екі рет өтеді, сонда 2 тәулікте қанша рет
өтеді?
ІІІ – топ. Салмағы 31 кг
адамдардың ағзасында неше литр қан болатынын анықтау. (қанның
мөлшеріне дене салмағының 7 пайызына сай келеді және қанның
меншікті салмағы 1,06 г/см3 тең есептеу
қажет)
3 тапсырма:
«Сандар
сыры»
1.
5
л – қанның жалпы қалыпты
мөлшері.
2.
40-45
% - қандағы формалы
элементтер.
3.
90 – 92
% - қан құрамындағы
су.
4.
7-8
% -
нәруыздар.
5.
2
% - глюкоза, майлар, минералды
тұздар.
6.
120
күн – эритроциттердің тіршілік
ұзақтығы.
7.
2-4
күн– лейкоциттердің тіршілік
ұзақтығы
8.
6-8мың – 1
м³ қандағы лейкоциттер
саны.
9.
55-60
% - қан флазмасының
көлемі.
10. 1809
жыл – И.И.Мечниковке Нобель
сиылығы берілген жыл
4-тапсырма: «Қан аруларын
білесіз бе?»
-
Гемофилия ауруы-
-
Қан аздық ауруы
–
-
Ақ қан ауруы
-
ІҮ. Қорытынды: Рефлексия
«Екі жұлдыз, бір тілек»
Ү. Үйге
тапсырма: “Қан
-өмір өзегі”
тақырыбына эссе
жазу
ҮІ.
Бағалау